kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамның мүмкіндіктері өзін-өзі тану пәнінен 6 сыныпка арналған ҚМЖ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: Өмірдегі орныңды анықтауда талаппен талпынудың мәнін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері: 

Білімділік:  - Шындықпен кез-келген шыңға апаратынын үйрету;

Дамытушылық:    - уәдені орындауға, берген сөзде тұруға  дағдыландыру;   

Тәрбиелік:   - батылдыққа, тілалғыштыққа тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамның мүмкіндіктері өзін-өзі тану пәнінен 6 сыныпка арналған ҚМЖ»

Мектеп: Күні: 4 сабақ Сабақ тақырыбы: Адамның мүмкіндіктері Құндылық : Қиянат жасамау Қасиеттер: басқа мәдениеттің құндылығын түсіну; толеранттылық (кеңпейілділік); ақжарқындылық; татулық. Мәдени мұраны құрметтеу; қоғам меншігін қамқорлау; қоршаған ортаны қорғау

Мұғалім : Сынып: 6

Сабақтың мақсаты: Өмірдегі орныңды анықтауда талаппен талпынудың мәнін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: - Шындықпен кез-келген шыңға апаратынын үйрету;

Дамытушылық: - уәдені орындауға, берген сөзде тұруға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - батылдыққа, тілалғыштыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: дәйексөз,

стикер қағазы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап. Жағымды көңіл-күйге ену.

«Орманға саяхат»

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

«Адамның мүмкіндіктері шексіз» тақырыбына жазып келген эсселерін оқу.







  1. Дәйексөз

«Век живи, век учис» халық мақалы


  1. Әңгімелеу Ерлан Сыдықов

Мәдениет пен билік салмағы

  • Шәкәрімнің орыс тілін үйрену, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрену, халықтың тарихын жазу мақсатына қандай қажеттілік болды?

  • Абайдың өзбетінше білімін көтеруіне бойындағы қандай қасиеттер көмектесті деп санайсыңдар?

  • Абай «жан азығым» деп жүрген жалғыз кіітабын шәкірті Шәкәрімге тарту етеді. Ал сенің жан азығың не?

  • Автор «Шәкәрім өзін білім жемісі өсетін мәуелі жеміс ағашының көлеңкесінде отырғандай сезінетін» дегенде нені айтқысы келді?

  • Шәкәрімнің ақсатына жетуіне адамның адами қасиеттері, «ыстық қайрат», «нұрлы ақыл», «жылы жүрек» қалай әсер етті деп ойлайсыңдар?

  • Бойыңдағы мүмкіндіктеріңді толығымен пайдаланып жүрсің бе?Мысал келтіріп ойыңды ортаға сал.


  1. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Түсіндірме сөздіктен (136-бет) «қабілет», «дарын», «парасат», «ақыл» - мағынасын тауып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.


2-тапсырма: Буриме әдісі: көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып өлең жолдарын аяқтау.

Адам болғым келеді С.Дәуітов

Ойы терең мұхиттай ... болғым келеді,

Көңілі аппақ сүттен де ... болғым келеді.

Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,

Бал бұлақтай мөп-мөлдір ... болғым келеді.

Отты, ойлы жыры бар ... болғым келеді,

Қиындықтан қайтпайтын ... болғым келеді,

Адамдардың бәрінен ... болғым келеді,

Ең бастысы өмірде ... болғым келеді.

Керекті сөздер: таза, дана, бала, кіші, асыл, ақын, кісі.

3-тапсырма: Төмендегі рольдерді сахналау:

  • Дәнекер (өмірмен байланыстырады)

  • Сөз тапқыш (мәтіннен жүрекке жылы сөздер тауып оқиды)

  • Сұрақ қоюшы (сұрақ қояды)

  • Реттеуші (реттеп отырады)

4-тапсырма:

Таным тағылымы

  • Өзің қандай жолды таңдар едің? Неліктен?

  • Досыңның бойындағы мүмкіндіктерін ашуға қандай кеңес берер едің?

  • Бойыңдағы мүмкіндіктеріңді ашуға, қабілеттер- іңді шыңдауға қандай қасиеттерің көмектеседі?

  • Күнделікті өмірде бастаған не нәрсең сәтті және сәтсіз шығуда? Оның себептері неде деп ойлайсың?


  1. Үйге тапсырма

Жобаны жазып келу, төмендегі сұрақтарды басшылыққа аламыз.

  • Менің қандай қабілеттерім бар?

  • Мен мүмкіндіктерімді пайдалана аламын ба?

  • Мен не істегенді ұнатамын?


  1. Топпен ән айту.

Өсіп келе жатырмын

Төлеген Айбергенов

Кеудесінде таулардың, Қиындықтың көк тасын

Кемесінде арманның Кесіп келе жатырмын.

Жалау етіп өрлікті, Кейде Күнмен теңесем

Ескек етіп ерлікті Таласып күнмен мен өсем.

Есіп келе жатырмын! Гүл теремін жерімнен

Адал терін әрдайым Бірге туған елімнен

Моншақтатып маңдайым... Өсіп келе жатырмын

Соқсын дауыл соқпасын.


Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде. Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Адамның мүмкіндіктері өзін-өзі тану пәнінен 6 сыныпка арналған ҚМЖ

Автор: Нурахметова Назым Турсынбековна

Дата: 20.10.2019

Номер свидетельства: 523352


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства