kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамның басты байлығы-денсаулық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Денсаулық-адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі.Денсаулықтың арқасында адамеңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамның басты байлығы-денсаулық»

№5мектеп-лицей







Адамның басты байлығы- денсаулық

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» атты онкүндік





Өткізген:Сатаева Б.А

Сынып: 4 «Б»









2020-2021жыл











Тақырыбы: Адамның басты байлығы-денсаулық

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау,оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.

 Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.

Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу.

Түрі: ашық сынып сағаты

Әдісі: ойын, жұмбақ шешу, мақал-мәтел айту, сұрақ-жауап, плакаттар.

Көрнекілігі: Суреттер, дәрігер салауат

Тәрбие сағатының барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылардың дайындығын қадағалау.

-назарын сабаққа аудару.

Мұғалім: Күндей жарқырап,

Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі  тәрбие сабағымызды бастайық.(Оқушылар орнынан тұрады)

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос

Міне, менің қолым.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан -2030 »

стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал –ахаулы жақсы болуы тиіс » деп атап көрсеткен.

  Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізіліп отырған « Салауатты өмір біздің болашағымыз »атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Бүгінгі тәрбие сағатында екі топқа бөліну  арқылы өз білімдерімізді ортаға саламыз.

1-топ: Алма

2-топ Алмұрт

Бүгінгі сайысымыздың мақсаты-« Бірінші байлық-денсаулық » деп

дана  халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру.Зиянды әрекеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.

Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көптің жүзін білненше,

Бірдің атын біл.

1.   Таныстыру.  Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

2.   «Бірінші байлық –денсаулық » сұрақ жауап кезеңі.

1 –топқа     1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.

Денсулық салауатты өмір  салты туралы ғылым.

3.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?

 Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.

4.Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?

5. Денсаулыққа  не зиян?/ Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу /

6. Сезім мүшелеріне не жатады? Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері.

2-топқа    1.  Денсаулықтың достарына, қастарына нелерді жатқызамыз?

2.Біз не үшін тамақтанамыз?  Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз.

3.Өздерін қандай спорт түрлерін жақсы көресіндер

4. Кандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

5. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?

6.Үстел басында өзіңді қалай ұстауың керек?

 3.   Дені саудың –жаны сау

Жігерің бар, талабың бар қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар әлі алда солмайтын-дей отырып, мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру.

Дене қимылы-дәрісіз ем,

Шыныға жүріп дертті жең.

Таза болса- табиғат,

     Аман болар –адамзат.

    Жалқаулық-жаман ауру.

    Шынықсаң, шымыр боласың.

4  Білігіңе сенбе, біліміне сен! Жұмбақ шешу

Оң жағымда бес сарбаз,

Сол жағымда бес сарбаз.  ( он саусақ)

Асқар тауда қара орман (шаш)

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады? (күн)

Жеп көріп ем мен,

Жас шығарды көзімнен / пияз /

Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, сүті тәтті. / қарбыз/

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.  / алма /

Тәтті жемістердің бірі,

Қауақтың кішкентай түрі.

Ай бұтаққа ілінді,

Айтыңдаршы, кім біледі.  / алмұрт /

Дәмі де жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ. / су/

  Суық қардан онша қорқа қоймасаң,

Шынығасың таза ауада ойнасаң.

 Осы кезде спортпен шұғылданып,

Сұлулық пен денсаулықты ойлайсың.

Нұрай: Дені сау адам ақжарқын, көңілді және іскер болады. Оның жұмысы алға, өнері биікке көтеріліп, отбасында тыныштық орнайды.

Берік:  Денсаулық-адамға табиғаттың берген құндылығы. Денсаулықты әртүрлі тәсілмен сақтап, нығайтуға болады.




Біз өмірді таңдаймйз,

Біз өмірді қолдаймыз. 

Әрқашан бар ынтамен,

Салауатты қолдаймыз.

Денсаулық табиғаттың адамға берген ең үлкен байлығы.

Денсаулықты сақтайық.

Шынығайық баптайық

Сынып сағатын қорыту:

Салауатты өмір салты біздің болашағымыз тақырыбында газет шығару.

Сабақ сонында екі топты мадақтау. Денсаулығымыз мықты болу  үшін аурудан алдын-ала сақтану керектігін, спорт шұғылдану, сонымен қатар қоршаған ортамен біздің денсаулығымызға берері көп екенін білдік














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Адамның басты байлығы-денсаулық

Автор: Сатаева Бағдат Алексеевна

Дата: 15.01.2021

Номер свидетельства: 570151


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства