kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Адамды? борышы?» ана тілі п?нінен саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: О?ушыларды?  Ш?к?рім  шы?армашылы?ы  бойынша

білімдерін ке?ейту. «Борыш» ??ымына  талдау ар?ылы  жете  т?сінік беру. ?ле?ні? негізгі  та?ырыбы мен идеясын ашу.

Дамытушылы?: Балаларды? ?з ойын на?ты, к?ркем с?здерді  ?олданып жеткізе білу да?дыларын  ?алыптастыру.  Есте са?тау ж?не ойлау ?абілеттерін дамыту. С?здік ?орын молайту.

Т?рбиелік. На?ыз адам?а т?н міндеттерді д?ріптей отырып,

о?ушыларды?  бойына сі?іру. ?з еліні?, жеріні? ?амын ойлайтын,?з ісіне жауап бере алатын,адал ?ызмет ат?аратын б?секеге ?абілетті т?л?а т?рбиелеу.

Саба? т?рі: Ашы? ойлар.

Саба?та ?олданыл?ан ?діс-т?сілдер: Ойтол?ау, салыстыру, ??гімелесу, с?ра?-жауап, о?ыту.

Саба?ты? к?рнекілігі: Ш?к?рім портреті, хронологиялы? карта, ?Р картасы, к?рме, техникалы? ??рал, ?има ?а?аздар.

П?наралы? байланыс: ?аза? тілі, тарих, география, орыс ?дебиеті п?ндерімен, ?мірмен байланыс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Адамды? борышы?» ана тілі п?нінен саба?»

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім шығармашылығы бойынша

білімдерін кеңейту. «Борыш» ұғымына талдау арқылы жете түсінік беру. Өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын ашу.

Дамытушылық: Балалардың өз ойын нақты, көркем сөздерді қолданып жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік. Нағыз адамға тән міндеттерді дәріптей отырып,

оқушылардың бойына сіңіру. Өз елінің, жерінің қамын ойлайтын ,өз ісіне жауап бере алатын,адал қызмет атқаратын бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Ашық ойлар.

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Ойтолғау, салыстыру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім портреті, хронологиялық карта, ҚР картасы, көрме, техникалық құрал, қима қағаздар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, география, орыс әдебиеті пәндерімен, өмірмен байланыс.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен сәлемдесемін.

2.Кезекшімен сұхбат. (Оқушыларды түгендеу,күнді анықтау)

3.Сабақ барысымен,мақсатымен таныстырамын.

Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылар алдын-ала бөлінген сала бойынша Шәкәрім Құдайбердұлы туралы деректер жайында ой толғайды.

Тарихшылар. Шәкәрім Құдайбердіұлына байланысты даталар мен оқиғалар туралы жазады..

Мәдениет саласы.

Әдебиетшілер. Шәкәрім кім? сұрағы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлын жан-жақты таныта отырып дәлелдейді.

(Шәкәрім — Абайдың немере інісі. Ұлы Абайдың жеті ағайынды болғаны белгілі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол жетеудің үлкені. Шәкәрімнің жеті жасында әкесі қайтыс болады. Бұдан соңғы жерде ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады.

Шәкәрім-ақын.Шәкәрімнің ақын жүрегі өзінің айналасындағы құбылыстарды сырттаай ғана саралап құрғақ беәнелеуші болып қалған жоқ. Ол құбылыстар мен заттардың әрқайсысына терең мән берді. Жақсылығына қуанып,кемшілігіне езілді. Осыдан келіп Шәкәрімнің ақындық болмыс бітімі, азаматтық үні қалыптасты. Халық тағдыры — Шәкәрімнің жырындағы көкейтесті тақырып. Өз өлеңдерінде ол әрдайым халық басындағы жағдайларды баяндады.

Шәкәрім батыс әдебиетінен көп мағұлмат алған.

Шәкәрім шығармашылығы туралы көрмемен танысу (кітапханашы).

Жаңа сабақ . Шәкәрім шығармаларының тақырыбы — адамгершілік. «Борыш» сөзіне түсінік (міндет, парыз, қарыз). Әрбір адамның Отан алдында, халық алдында, ата-ана алдындағы борышы туралы түсінік.

«Адамдық борышың» өлеңі мәнерлеп оқылады.

«Адамдық борышың»

Адамдық борышың-

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта оны біл.

Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз,

Болады ақын –тұл.

Мақтанға салынба

Мансаптың тағы үшін,

Нәпсіңе билетпе

Басыңның бағы үшін.

Өміріңді сарп қыл

Өлгеніңше,

Жоба тап ,

Жол көрсет,

Келешек қамы үшін.

Қайтадан қайырылып ,

Қауымға келмейсің,

Барыңды,

Нәріңді

Тірлікте бергейсің.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,

Шын бақыт-осыны ұқ,

Мәңгілік өлмейсің!

Негізгі тақырыбы-адамзат міндеті.

Идеясы-артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.

Түсіндірме сөздік.

Мансап-атақ

Нәпсі-жаман іс

Тұл-ешнәрсесі жоқ

Ғибрат-үлгі

Өлең мазмұнын түсіндіремін. Адамның борышы-халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтарданаулақ болу.

Өлеңді тізбекпен оқимыз.

Авторы- Ш. Құдайбердіұлы

Негізгі тақырыбы- адамзат міндеті

Идеясы-артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.

Дәптермен жұмыс.

Адамдық борыштарды жазамыз.

1.адал еңбек ету

2.білім мен өнер үйрену

3.келешекке жол көрсету

4.үлгі болатын іс қалдыру

Тақтада сөздер берілген. Білімді, мақтаншақ, арлы, білімсіз, еңбекқор, мансапқор, айлакер, жалқау, өсекші, шыншыл, өнерлі, өтірікші, жомарт, сараң, қайырымсыз, ата-ананы сыйлайды.

Балалар, адамға тән жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бөліп жазайықшы.

Адамның жақсы қасиеттері / Адамның жаман қасиеттері

Білімді мақтаншақ

арлы білімсіз

еңбекқор мансапқор

шыншыл айлакер

өнерлі жалқау

жомарт өсекші

ата ананы сыйлайды өтірікші

сараң

Қазақтың өлеңінің пірі болған,

Халқының сөзін айтар ұлы болған.

Абайдың аманат қып беріп кеткен.

Шәкәрім түсірмеген туын қолдан

(С. Мәуленов)

Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті – Абай болды. Ұстазының «Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» – деген өсиетін бойына сіңіріп, санасына тоқып өскен Шәкәрім ғылым-білім жолында бар өмірін сарп етті.

Ақындық өнер жолына түскенде он тоғыз жасында жазған өлеңі көбінесе жастарға арналған.

Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам айда, зорлықсыз мал табалық,

Өтпес өмір, таусылмас мал берелік,

Бір білімді данышпан жан табалық… деп, жастарды Абайдан үлгі-өнеге алып, тәлім алуға шақырады

– Тақырыбы жағынан, идеясы жағынан Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңі Абайдың сендер білетін қай өлеңдеріне ұқсайды?

– «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба?» өлеңдеріне.

Өлеңді білетін оқушыларға жатқа оқытып,өлең сөздеріне талдау жасату.

-Осы өлеңдері арқылы Абай мен Шәкәрім жұртты қандай қасиеттерге үндейді?

– Адамгершілікке , халыққа қызмет етуге, өнер -білім үйренуге, арлы болуға,т.б.

– Адам бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыңдар?



Кестемен жұмыс

Абай

Шәкәрім

«Әсемпаз болма әрнеге»

«Адамдық борышың»

Пайда көрсең бас ұрып,

Мақтанды іздеп қайғы алма.

Мақтанға салынба,

Мансаптың тағы үшін.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кеігін тап та бар қалан.

Жоба тап, жол көрсет,

Келешек қамы үшін.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,

Шын бақыт-осыны ұқ,

Мәңгілік өлмейсің!

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл.

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйге алма.

Білімсіз, өнерсіз,

Болады ақын –тұл.

Сабақты бекіту

Деңгейлік сұрақтар

Жоғары деңгей сұрақтары

1. «Адамдық борышың » өлеңі туралы өз пікірің?

2. «Менің борышым» өлең жазу

Орта деңгей сұрақтары

1. «Ақ жолдан айныма»сөз тіркесінің мағынасы қандай?

2.Ақын «шын бақыт» деп нені көрсетті?

Төмен деңгейдің сұрақтары

1.Адамдық борыштарды ата.

2.Қандай істерден аулақ болу керек?

Қорытындылау.

1.Үйге тапсырма. «Адамдық борышың» өлеңін жаттау.

«Менің борышым»тақырыбына шығарма жазу.























































Тақырыбы: Халық қорғаны

Білімділік мақсаты: ел қорғаны хас батырлардың ерлігін білу

Дамытушылық мақсаты: - шығармашылыққа баулу, әңгімені көрген білгендерімен байланыстырып еркін баяндау;

Тәрбиелік мақсаты: - батылдыққа, елін, Отанын қорғай білуге, халқын сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жеке суреттер, альбомдар, әдеби кітаптар, мақалдар жазбалар, теледидар, бейне таспалар, батырлар киімдері.

Жүрісі

I. Ұйымдастыру бөлімі:

«Қ.Р. Мемлекеттік Әнұранын» тыңдау, көру.

-Міне, балалар, бабаларымыздың, батырларымыздың арманы елімізді, Отанымызды ұрпақтан ұрпаққа аман алып қалу, тәуелсіздік пен егемендік орнату еді. Қазір біз егемендік тәуелсіз ел болдық. Өз алдына бөлек республика болдық, өз рәміздеріміз бар, оны сендер білесіңдер. Болашақ ұрпақтарын осындай бақытты күнге жеткізуге олар қанша қиындықтар, азапты өмірлер көрді... Қаншама хас батырларымыз көкіректерін жауға тосты, берілмеді...

-Қандай батырларды білесіңдер?

(оқушылар жауабы)

Бейнетаспамен жұмыс

II. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Мәтін бойынша мазмұнын айту

2.Елшілікпен келген төрт кісіге ерекше тоқталу, өз сөздерімен айтқызу.

3.Мәтіннен Абылай ханның ақылдылығын көрсететін тұсты тауып оқу.

4.Абылай хан туралы қорыту.

III. Жаңа сабақ: «Халық қорғаны»

Абылай ханмен (байланыстыру) қатар Ерасыл да қазақ халқының тағдырын ойлады. Қабанбай шұбырынды болған жұрттың басын қосты, алғашқы қазақ жасағын құрды, бұны барлығы халықты қорғау еді.

Сол заманда қазақтың аса көрнекті жырауы Бұқар Қалқаманұлы өмірдегі күрделі мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарып жыр шығарып жүрді.

IV. а) Оқулықпен жұмыс:

1.Баянмен «Елім-ай» әуені тартылып тұрады. Оқушылар әңгімені мәнерлеп оқып шығады.

2.Қиын сөздердің мағынасы түсіндіріледі.

3.Сұрақтарға жауап алу:

-Кімдер қазақ жеріне шапқыншылық жасады?

-Жұрттың басын кім біріктірді? т.б.

•Ой қозғау: Мәтіннің тақырыбын тағы басқаша қалай атар едің?

(оқушы ойы)

-Ерасылды «Қабанбай» деп жездесі атаған, жеңгелері «нар бала» деген. Ал Абылай хан оған «Дарабоз» деп ат қойған. Оны қазір Қабдеш Жұмаділовің әңгімесінен білеміз.

ә) «Дарабоз» әңгімесін жүргізіп оқу

1.Оқушыларға әр абзац сайын тізбектетіп оқыту, түсіндіріп өту.

2.Сұрақ – жауап әдісі.

3.«Нар бала» «Қабан батыр» «Дарабоз» деген бөліктерге бөлу, сол бойынша әңгімелеу.

4.Қиын сөздердің мағынасын түсіндіру.

•Ой толғаныс: Әңгіме неліктен «Дарабоз» деп аталған? Сурет бойынша әңгімелету.

V. Дәптермен жұмыс:

а) қара күш, желі бас, соғыс өнері, ақбоз ат, ойсырата жеңу деген тіркестерді қарастырып сөйлем құраңдар.

ә) сөйлемдерін оқыту, дәптерлерін қатысқан мұғалімдерге жалғап жіберу.

VI. Қорыту: Сұрақ – жауап әдісі.

а) буклет бойынша түсінік беру.

ә) – Абылай ханның көздеген мақсаты не?

Ол неше жасынан хан атанды?

-Дарабозды не үшін осылай атады?

-«Халық қорғаны» деп аталу себебі неде?

-Бұқар жырау деп неге айтамыз?

б) – Маған сұрақтарың бар ма?

в) Барлығымыз орнымыздан тұрып кешегі сабақтағы өлеңді айталық

Батырға берек керек

Ақынға өлең керек

Екеуі біріккенде

Ел күші кемелденбек

Сол үшін талмау керек

Биікке самғау керек

Бойында бар жақсыны

Халыққа арнау керек (қимыл – қозғалыспен)

VI. а) Бағалау:

ә) Үйге тапсырма: әңгімені мәнерлеп оқу, мазмұнын көрген кинолармен, естіген әңгімелерімен, оқыған кітаптарымен байланыстырып әңгімелеу, кейбір қалып қойған сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрау.

VII. Жүректен жүрекке

Еліміздің байлығын қорғайтын,

Тыныштығын сақтайтын,

Жан-жақты, білімді азамат

Болатындарыңа сенемін.

Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін рахмет!















































Тақырыбы: Жақсылардың жақсысы Р. Босилек (болгар жазушысы)

Мақсаты: 1. Халық ауыз әдебиетінің бір үлгісі-ертегілерді таныстыра

отырып, еңбек пен білім ұғымдарын терең меңгерту.

2.Ертегілер арқылы көркем тіл шұрайлығын, сөздік қорын дамыту,

өз ойын тез,әрі жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.

3. Оқушыларды еңбек сүйгіштіккетәрбиелеу. Қасиетті нәрселерді

қадір тұтуға және қастерлеп сақтауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, сызба, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

Бес болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Мақсатымыз – білім алу,

Міндетіміз еңбектену.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Жатқа айту. Қ.Аманжолов. «Ұшқышболғым келеді» (Қалаған шумақтарын жаттап келу)

2.Ұшақтың қандай түрлерін білесің? (сладтан көрсету)

3.Сен үлкейгенде кім болғың келеді?

4.Ұшаққа мінгендерің бар ма?

Мұғалім

Ертеде адамдар құсқа ұқсап ұшуды, отынсыз тамақ пісіруді, теңіздердің үстімен жүруді қиялдапты. Сол қиялдар бүгінгі таңда адамның білімі, еңбегі арқылы шындыққа айналып отырғанын біз білеміз.

*Өздеріңіздің армандарың туралы ұшақ жасап соған жазайық.

ІІІ.Сергіту сәті



ІҮ.Жұмбақ шешкілерің келе ме?

Әжемнің қолында шыр айналар,

Шыр айналса, өзіне шыр байланар.

(Ұршық)

Сөзі –дана, үні жоқ,

Сөйлемейді тілі жоқ.

Қолыңа алсаң –шешен,

Ақылы асқан көсем.

(Кітап).

Қылмаң –қылмаң етеді,

Қаға берсең жарасар.

Екі жағын жапырып,

Ұра берсең жарасар.

(Өрмек)

ү. Жаңа сабақ: Өрмек, ұршық және кітап жайлы болмақ.

- Ендеше, балалар, мұқият көңіл бөліп «Жақсылардың жақсысы» деген ертегіні тыңдап көрейік.

Сұрақ-жауап арқылы

-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

-Ертегі кімдер туралы екен?

-Қызы әкесінен не туралы сұрапты?

-Қыз үнемі жабық тұрған бөлмені ашқанда нелерді көреді?

-Көрген заттары қызға ұнады ма?

-Тақырып неге «Жақсылардың жақсысы»деп аталған?

ҮІ. Оқулықпен жұмыс

Ендеше осы ертегіні оқып көрейік

Оқулығымыздың бетін ашайық.

Мәтінді оқимыз. (оқушылар іштей оқып шығады) Жалғастырып оқу.

Ертегіні жақсы оқып шықтыңдар.

Енді мәтін соңындағысуреттерге қарайық. Бұл суреттер ненің белгісі ретінде алынған деп ойлайсыңдар?(Еңбек пен білім)

-Ендеше еңбек пен білім сызбасына көңіл бөлейік.

-Еңбек дегенді қалай түсінесіңдер?

Еңбектену,іздену,жұмыс жасау,ерінбеу т.б.

-Білім деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Оқу, үйрену, іздену т.б.

-Осы күн көздерін қандай түспен бояр едіңдер?

-Неліктен?

Қызу еңбек арқасында еңбек етіледі.

Сары жылылық, жан-жаққа шуағын шашады.

«Еңбек пен білім егіз» демекші еңбек арқылы білімге жетуге болады, білімді болсаң еңбегіңде өнімді болады.

Ойын: Кім шапшаң?

1-қатар 2-қатар

Еңбек туралы мақал-мәтел Білім туралы мақал-мәтел

ҮІІ. Дәптермен жұмыс

Ойымызды қорыта келе мына кестені толтырып көрейік.



Мәтінде жақсылардың жақсысы ретінде нелераталған? Өзің тағы не қосар едің?

1.Ұршық

2.Өрмек

3.Кітап 1.Ара

2.Күрек

3.Қалам

ҮІІІ. Сабақты қорыту.

-Бұл заттар туралы неге айтып жатырмыз?

-Өйткені бұлар «жақсылардың жақсысы»

Адам өмірінден өз орнын табу үшінбілімді, еңбекқор,ізденгіш болу керек,Еңбекқорлық адамдышыдамдылыққа, төзімділікке әкеледі,қуанышқа бөлейді.Ал білім адамды жоғарғы жетістіктерге жетуге жетелейді.

Балалар, әр нәрсенің қадір қасиетін біліп қастерлеп сақтауға үйренейік.Болашақта сендерден де еңбекқор, білімді азамат шығады деп сенемін

ІХ. Үйге тапсырма:

1. Түсініп оқу, құмырсқа сызбасын толтыр.

2.Бағалау.











Пән: Әдебиеттік оқу.

Тақырып: Алмас қылышты ардагер. (Ел аузынан)

Ақжолтай Ағыбай батыр. М.Әбсембет.

Мақсаты: Елінің жақсы өмір сүруі үшін өз өмірін құрбан еткен батырлар өмірін дәріптеу, түсіндіру;

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсетуді оқушылар бойына сіңдіру.

Оқушылардың сөздік қорын, логикалық, шығармашылық ойлауын жетілдіру;

Әдіс – тәсілдері: Баяндау, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ – жауап т.б.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Көрнекілігі: Батырлар суреті.

Сабақ барысы:

Бағдарлау – мотивациялық кезең.

1.Ұйымдастыру.

2.Психологиялық дайындық.

3.Үй тапсырмасын тексеру,бекіту.

Операциялық – орындаушылық кезең.

1.Ой шақыру.

2.Еркін жазу стратегиясы.

3.Оқулықпен жұмыс

4.Сөздікпен жұмыс.

5.Сұраққа – жауап.

6.Сергіту сәті.

Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

1.Венн диаграммасы.

2.Үйге тапсырма.

3.Бағалау.

4.Қорытынды.

Бағдарлау – мотивациялық кезең.

1.Ұйымдастыру.

2.Психологиялық дайындық.

Бет – пішінге қарап көңіл – күй туралы айту.

3.Үй тапсырмасын тексеру,бекіту.

Операциялық – орындаушылық кезең.

1.Ой шақыру.

Ердің сыншысы – елі.

Ел күйінгенде күйінген – батыр,

Ел сүйінгенде сүйінген – батыр,

Ерегесте мыңға татар.

2.Еркін жазу стратегиясы

М: Олай болса, балалар дәптерімізді ашып, күннің жадын және бүгінгі тақырып «Алмас қылышты ардагер. (Ел аузынан) Ақжолтай Ағыбай батыр. М.Әбсембет.»деп жазып алайық.

3.Оқулықпен жұмыс

«Алмас қылышты ардагер. (Ел аузынан)

Қиядан қиқу төгілсе,

Аттың басын тартпаған,

Қисапсыз қол көрінсе,

Қорқып жаудан қайтпаған.

Қазақ деген халқының,

Батыр шыққан даңқынан

Қарсыласқан асылдар

Қорғасындай балқыған.

Еңбек қылған ел үшін,

Жауда кеткен кек үшін,

Қазақтың абырой,арына

Сарп қылған бар күшін......

қазақ батыры қолбасшы

кіші жүз батыры Бөгенбай қазақ күшін біріктіруші

Исатайдың серігі

Ағыбай -Ұлытауда туған

-Шешесі Қайсона тәрбиеснде болады

-2 жасында әкеден жетім қалады

-Қоңырбай батырдың ұлы

-13 жасында атқа мініп жорыққа шығады

-Кенесарының құрдасы,1-ші әскер кеңесшісі болады

-Ұрыстың бәрінде жеңіспен келетіндіктен халық Ақжолтай атайды

4.Сөздікпен жұмыс.

Мәміле - келісім.

Тоқырау – қиын жағыдайға тап болу.

Уәж – сөз,пікір.

Ірігенді ширату – есі шыққан шұбырған елгеақыл, бағыт беру.

Буырқану – батылдану.

Кәрі құлақ – естігені,білгені көп.

5.Сұраққа – жауап.

- Бөгенбай кім?

- Бөгенбай неше жасында басшы болған?

- Бөгенбайдың қайдан байқадыңдар?

-Бөгенбайдың ерлігін жырлаған кім?

-Ағыбай батыр туралы не білдіңдер?

-Кенесары кім болған?

- Патша үкіметі қазақтарға қандай қысым көрсетті?

- Ағыбайдың даңқын, ерлігін халқы қалай шығарды?

6.Сергіту сәті.

Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

1.Венн диаграммасы.

2.Үйге тапсырма.

3.Бағалау.

4.Қорытынды

Ақжолтай Ағыбай батыр. (мазмұндау)

Халық қорғаны Алмас қылышты ардагер

Алмас қылышты ардагер. (жаттау.)

Сабақтың тақырыбы: Ақжолтай Ағыбай батыр.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Мәтіннің мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Автор туралы мағлұмат беру. Дамытушылығы. Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелілігі: отансүйгіштікке, елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу. Оқушы бойына адалдық, шыншылдық, батырлық сынды ізгі қасиеттерді сіңіру. Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, топпен жұмыс, талдау, сұрақ - жауап, стратегиялар, шығармашылық жұмыстар. Көрнекілігі. Интерактивті тақта, слайд, кесте. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Түрі: жаңа сабақ. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. 2. Үй тапсырмасы.

Өткен сабақты бекіту сұрақтары: Миға шабуыл. « Елі үшін туған ерлерім» 1. Мәтінде ел басынан өткізген қандай кезең туралы айтылады? 2. Мәтіндегі аты аталған батыр кім, ол туралы не білдік? 3. Мәтіндегі негізгі ой?

Проблемалық сұрақ: Қазақ батырлары не үшін атқа қонды? Елжандылық дегенді қалай түсінесіңдер? Ендеше, бүгінгі сабағымызда да елі, жері үшін атқа қонған, ерлігімен ел аузында аты аңызға айналған тағы бір қазақ батыры туралы оқып білеміз. Күннің жады. Тақырып: Ақжолтай Ағыбай батыр.

Мағынаны тану. «Білгенге маржан»

Сөздікпен жұмыс. Жасақ - әскер. Кеңесші - ақылшы. Жәбір - қиындық, қорлық

Автор туралы мағлұмат.

Мәтінді оқу, түсіндіру.

«Рольдегі оқушылар» 1 - топ. Мәнерлеп оқу. 2 - топ. Мазмұнын айту.

Түсіну стратегиясы. «Қаһарлы ел қамал бұзар» Сұрақтардың жауабын мәтіннен тауып оқу, сол бойынша жоспар құру. 1 - топ сұрақтардың жауабын тауып оқиды. 2 - топ сол бойынша жоспар құрады.

1 - топ: Сұрақтар: 1. Мәтіндегі патша үкіметінің саясаты туралы айтылған жерлерді тауып оқы. 2. Кенесары кім? Мәтінде ол туралы не айтылған? ( тауып оқы) 3. Неліктен Ағыбай батыр есімі Кенесары ханның есімімен қатар айтылады? ( тауып оқы) 4. Ағыбай батырды халық қалай бағалады? Оны неліктен Ақжолтай батыр атаған? ( тауып оқы)

2 - топ. Жоспар: 1. Патша үкіметінің саясаты. 2. Кенесары – ел қорғаны. 3. Ағыбай батыр - әскери кеңесші. 4. Ақжолтай батыр.

Ағыбай батыр - (1802 - 1885), Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылдығына қарсы көтерілісі басшыларының бірі, қолбасшы. Жорықта жолы болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр» атанған. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырған. Ағыбай батыр 1824ж. Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. 1847 ж. Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен ұрысында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып еткен. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізген. Ағыбай батырдың мазары Сарыарқа мен Бетпақдаланың Тайатқан – Шұнақ деген жерінде жерленген.

Сергіту сәті.

«Деректерге үңілсек..

Мәтінде қандай хандардың аты аталады?

Кенесары Қасымұлы (1802 - 1847) - мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 - 1847 жылғы ұлт - азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ хандығының соңғы ханы. Атақты Шыңғыс ханның 27 - інші ұрпағы, Абылай ханның немересі. Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан. Кенесары Қасымұлы өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы - қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бір беттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш - жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.

Абылай хан - Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Үш жүздің басын қосқан хан.

Шығармашылық тапсырма:

1 - топ: Х дыбысы бар сөзді тауып, дыбыстық талдау жаса. 2 - топ: Ағыбай сөзіне 5 жолды өлең құрастыру.

Поэзия минуты: «Атыңнан айналайын, ата - жұртым!» Сұрақ: соғыс деген сөздің антонимі қандай? ( бейбітшілік) Тапсырма: 1 - топ. Соғыс деген сөзді топтастыру.

ашаршылық, қару - жарақ, адам шығыны, желтоқсан, батырлар

2 - топ: Бейбітшілік сөзін топтастыру:

Ашық аспан, күн шуағы, достық, тәуелсіздік

Тәуелсіздігімізге қашан, қалай қол жеткіздік?

Желтоқсан қаһармандарын ата.

( Желтоқсан оқиғасы туралы )

«Мәтін» кестесін құру.

Мәтіннің аты: Ақжолтай Ағыбай батыр

Авторы: Марат Әбсемет

Тақырыбы: Азаттық жолындағы ерлік пен күрес

Идеясы: Ел тыныш болу үшін, басшысы мықты болу керек

Түйін: Отанды сүю, елжанды болу.

Қорытынды мұғалімнің сөзі. Бағалау. Үйге тапсырма: мазмұнын айту, эссе жазу. Қорыту.



Ана тілі



Тақырыбы: Махамбет пен Жақия.

Мақсаты: а) Халқымыздың тарихынан тағылым беру.

ә) Патриоттық сезімін ояту.

б) Батырлар туралы білетіндерін жетілдіру, кеңейту.

Міндеттері:

1.Мазмұнына байланысты Махамбет пен Жақия ерлігі туралы жетістік қалыптасады. Бөлімдерге ат қояды.

2.Дамыта оқыту.

3.Топтық жұмыс.

Көрнекілігі: Әдеби кітаптар, сандар, парақшалар

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

1Қызығушылығын ояту.

«Жұмыр қылыш» күйі орындалады. Үзінді.

2Жаңа сабақ. Тақырыпты мұғалім түсіндіреді.

а) Махамбет пен Исатай кім болған?

ә) Жақия кім?

Тайманнан – Исатай

Исатайдан – Жақия, Ақай, Оспан, Досмағамбет, Дінбаян, Дүлзада, Әлпияр.

Махамбет – көтеріліс басшысы, ақын, компазитор, күйші.

3Оқушыларды топқа бөлу.

Оқыту түрлері: 1 Іштей көз жүгірте оқу, түсініп оқу.

2 Мазмұнын айту.

I-II-III топ мәтімен жұмыс жасайды.

IV –топ шығармашылық жұмыс жасайды.

III- топ жұмысын қорғайды.

«Сергіту» Поэзия минуты. Көркем сөз оқу.

Шығармашылық жұмыс жоспары.

а) Исатай мен Махамбет туралы

ә) Батырлар туралы қосымша мағлұмат беру

«ЭССЕ» жазу.

Қорытындылау.

«Кубизм» әдісін пайдалану.

Бағалау.





Ана тілі 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Амангелді батырым» Н. Байғанин

Жалпы мақсаттар: Ежелгі қазақ жеріндегі өткен шапқыншылықтар жайында Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Наурызбай батырлардың ерліктерін баяндап, халқымыздың тарихынан тағылым бере отырып, баланың бойындағы патриоттық сезімін оятуға баулу. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ерлікке, елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу. Ұлт намысын қорғаған ерлерді құрметтеуге үйрету.

Оқыту нәтижесі: Амангелді батырдың қандай болғанын білу.

Батыр қазақ елінің бағы үшін туған ер екенін түсіну.

Өлеңнің мазмұнын түсіну. Өлеңді жаттап алу.

Негізгі идеялар: Амангелді батыр езілген қазақ елінің бағы үшін туған ер. Дұшпандармен шайқасқанда қалың қазақ елінің кегін қанмен жуған. Күміс балдақ қылышы көкті тіле суырылып, жауды жерге кіргізген. Арам, қара жүректі, пасық, обыр ниетті дұшпандарды қазақ жеріне жақындатпай, найзасын жерге тығып жанышқан.

Тапсырмалар: 1. Тірек сөздер

2. Қайта бағыттау сұрақтары

3. Ойлан - жұптас - талқыла

4. Өлеңді түсініп оқу.

Кейінгі тапсырмалар: Өзгерістерді бағалау;

Басқа әріптестермен ақылдасу;

Тәжірибе негізінде өзгерістерді сипаттау.



Мұғалімнің іс - әрекеті:

Сыныппен сәлемдесу.

Сыныптың оқушыларын 3 топ бойынша отырғызу.

Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

Тренинг «Визиттік карточка»

Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерімен таныстыру.

Бағалау критерийлері:

1. Үй тапсырмасын орындап келу.

2. Өлеңді мәнерлеп оқу.

3. Өлеңнің мазмұнын түсіну.

4. Қосымша сұрақтарға жауап беру.

Үй тапсырмасын тексеру. Слайд.

1 - топ: Жақия туралы не білесің?

2 - топ: Махамбет туралы не білесің?

3 - топ: Исатай туралы не білесің?

«Ой қозғау» сөзжұмбақ шешу. Шешімі «Амангелді» Слайд.

“Ой шақыру” Слайд.

Торкөздегі сөзді оқы. Ол туралы не білесің?

Амангелді батыр туралы мағлұмат беріледі.

АМАНГЕЛДІ БАТЫР Үдербайұлы Иманов (1873 - 1919 жж.), халық батыры, Қазақ халқының 1916 ж. ұлт - азаттық көтерілісі басшыларының бірі, Қазақстандағы Азамат соғысынын қаһарманы. Торғай уезінің Қайдауыл болысында (қазір Торғай облысы Амангелді ауданы) кедей малшының отбасында туған. 1908 - 1909 ж. Торғайда қарауыл солдаттармен қақтығысқа қатысқаны үшін сотқа тартылды. Қазақстанда ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюіне байланысты ұлт - азаттық және революциялық қозғалыс өріс алды.

Оқулықпен жұмыс. Слайд.

“Амангелді батырым” өлеңі үнтаспадан тыңдалады.

Өлеңнің авторы Н. Байғанин туралы слайд көрсету арқылы мәлімет беріледі.

Байғанин Нұрпейіс (1860 - 1945) - халық ақыны, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ақтөбе облысының Темір ауданында (қазіргі Байғанин ауданы) туған. Нұрпейістің анасы Үміт тамаша әнші, домбырашы және ақын болған. Ол суырып салма ақындар айтыстарында көзге түскен. Ән айтуды анасынан үйренеді, жастайынан домбыра тартуға, жанынан суырып салып, өлең шығаруға талпынған. Көп кешікпей - ақ ол «бала жыршы» деген атқа ие болады. Нұрпейіс өз кезіндегі белгілі ақындардың жырларын тыңдайды, олардың шығармаларын жаттап алады. Жас кезінде - ақ оның репертуарына Батыс Қазақстанның ақындары Абыл Тілеуұлының, Алаша Байтоқтың, Шернияз Жарылғасұлының, Нұрым Шыршығұлұлының өлеңдері мен жырлары енген.

Дәптермен жұмыс

Сөз тіркестері:

езілген - шұбырынды халық, қалың - көп, кегін – кек сақтау - жасалған жамандықты ұмытпау, жасындай - кіші, балдақ - қылыштың сабы мен болаты түйіскен жерінде қолды тіреп тұруға арналған бөлігі, пасық - абыройсыз, арсыз, адамшылықтан безген, обыр - көзі тоймайтын, ашқарақ, жебір, қомағай, жанышқан – қадаған,

түйреген.

Сергіту сәті.

Шығармашылық жұмыс. Слайд

Суретті салған кім?

Сурет қалай аталады?

Сурет бойынша әңгіме құра.

«Ойлан - жұптас - талқыла» Слайд

«Бір айналым сөйлесу»

1 - топ Амангелдінің батыр болуына әсер еткен жағдайларды ата.

2 – топ Батырға тән қасиеттерді ата.

3 - топ Батыр туралы мақал – мәтел жаз.

«Галереяны шарлау»

Тақтада ілулі тұрған оқушылардың суреттері бойынша әңгіме.

Қорытынды.

“Батыр” сөзіне бес жол өлең құрастыру.

Батыр

Қайратты, жігерлі, намысшыл.

Кегін қанмен жуған ер.

Ержүрек.

Бағалау.

Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық.

Үйге тапсырма: «Амангелді батырым» өлеңін жаттау.

Мұғалім: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!





Тақырыбы: «Менің отбасым»

Мақсаты: Отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, еліміздің жақсы азаматы болып өсуге, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

Жүру барысы: І. Психологиялық дайындық

Қайырлы күн!

Армысыз, мейірімді Жер - Ана

Бәріміз дос болайық!

Бәріміз тату болайық!

- Біз бүгін бір ғажайып бір әлемге саяхатқа шыққалы отырмыз. Ол қандай әлем болуы мүмкін? Ол бір кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, мемлекеттің аты «Отбасы» деп аталады.

- Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?

Жауаптары: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі...

Мұғалім: Сенің отбасындағы орның қандай?

Мұғалім: - Енді мына әңгімеге құлақ салайық:

« Саябақта баласы мен әкесі серуендеп жүреді. Әкесі баласынан:

- Балам, мынау ненің даусы? - деп сұрайды.

- Ол құстың даусы, - деп жауап береді.

Сәлден кейін әкесі тағы сұрайды. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі сұрағын тағы да қайталағанда, баласы:

- Ол - құс, құс! Өзім шаршап келе жатырғанда, нег сұрай бересің - деп баласы ренжіпті. Сонда әкесі:

- Балам, кішкене кезіңде ауыр тірліктен шаршап келгенде сенің «Анау не Мынау не « деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын деп үнемі жауап беретінмін»

Мұғалім: 1. Әке баласына неге ренжіді?

2. Сен әкеңе не деп жауап берер едің?

3. Әкемді ренжітіп алған жоқпын ба деген ой мазалайды ма?

Сонда отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі - әке. «Әке - асқар тау» дейді халқымыз.

Әке туралы мақал - мәтелдер айту.

Енді зейінімізді бері аударып, мына бір әңгімеге назар аударайық:

Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:

«- Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай бойы абақтыға жауып қойса, одан соң аузыңа өкпе тықса, арқаңды ағашқа таңып қойса, сол адамға не істер едің?»

Болжау: Өз ойларын айтады. Талқылау жұмысы жүргізіледі.

Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім.

Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атар едім.

Үшінші баласы: Оның мұрнын бұзар едім.

Ал кенже баласы: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, жарық дүние сыйладыңыз. Таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз. Бұл жұмбақтың шешуі - ана.

Ана туралы мақал - мәтел айту.

Мұғалім: «Ана - сая бағың,

Әке - асқар тауың»,- дейді халқымыз. Сондықтан да жанұяның екі тірегі - әлпештеген әе мен аялаған ана. Сондықтан да оларды құрметтеуіміз керек.

Қорытынды.

Жанұяның қуанышы - бала. Ал жанұяның бәйтерегі - ата, әже, әке, ана. Бала - одан тәлім - тәрбие, өнеге алушы ұрпақ.

«Жүректен жүрекке» шеңбері.

Шеңберге тұрып, өз отбасыларының жақсы қасиеттері жайлы айтып, шеңбер ішімен жүрейік.

Осындай айтылған жақсы тілектер сендердің отбасыларыңа дарысын. Отбасыларының шамшырағы болып жана беріңдер.











Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: Күлпаш Б. Майлин.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Б. Майлин туралы мағлұмат беру. Ел басынан өткен қиын кезеңдер туралы түсінік

бере отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра баяндай білуге үйрету.

Дамытушылығы: Сөздік қорын молайта отырып, ауызша баяндап беру дағдысын қалыптастыру, ой - өрісін, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, ізденімпаздыққа, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, тест, суреттер.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың зейінін, ынтасын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық.

Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да.

Күлімдеп күн бүгін

Қарады баршаға

Үй тапсырмасын тексеру.

1. мазмұны

2. сахналық көрініс

3. тест

Жаңа сабақ.

Автор туралы мағлұмат беру.

Ата - бабам тарихым менің тарихым.

Қостанай облысының Тобыл ауданында дүниеге келген.

Ауыл мектебінде сауат ашқан.

Уфа қаласында «Ғалия» медресесінде білім алған.

Медресе суреті.

Кітаптары.

Өлең жолдары.

Жырлағаным - кедейдің жыры,

Сырлағаным - кедейдің сыры.

Сырым да бір, жырым да бір -

Мендағы сол кедейдің бірі.

Сұрақ.

«Кедей» деген сөзді қалай түсінесің?

Қазақ шаруаларын күштеп ұжымдастырудың барысында өкімет халықтың күн көрісінің жалғыз ғана жолы қолындағы малын зорлық пен жинап алып, қоғамдық мемлекеттік меншікке айналдырады. Одан қалған жарым малдарын ет, май астық жоспарларын дайындап тағы тартып алды. Сөйтіп негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған қазақ шаруалары төрт – түлік малдан түгел жұрдай болып, ашыға бастады. Табысы жоқ колхоздан, жергілікті үкіметтен жәрдем ала алмаған халқымыз ендігі жерде ашаршылыққа ұшырады.

1921 - 1922 жылдары және 1931 - 1933 жылдар Қазақтың тіпті адамзат тарихында бұрын - соңды естіп білмеген қасіретке толы жылдар. Кейбір деректер бойынша 4 млн 100 мың қазақ баласы қайтыс болды.

Мәтінмен жұмыс.

Күлпаш.

Тақырыпты жоспар бойынша түсіндіру.

Күлпаштың баласы Қалидың, күйеуі Мақтымның, үйінің болмысын сипаттау.

Күлпаш пен Қалидың әңгімесі.

Мақтымның бос оралуы.

Мәтінді мәнерлеп оқыту. (екі бөлімді екі оқушыға)

Дәптермен жұмыс.

Сөздік жұмыс.

Өрім - өрім – тозған, жыртылған.

Бөкебай - басқа жамылатын шәлі.

Ызғырық – суық жел.

Өлмем кедей – өте кедей.

Сергіту сәті.

Сабақты қорыту.

Сұрақтар:

1. Ел басынан немесе Күлпаштың басынан өткен әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған?

2. Күлпашты сипаттау.

3. Күлпаштың үйін сипаттау.

4. Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге күтеді?

5. Бәрі де шықпа жаным шықпа деп отырған секілді дегенді қалай түсінесің?

6. Мақтыммен Күлпаш неге жылады?

7. Бұл оқаға бүгінгі күні болса, сендер Күлпашпен Қалиға қалай көмектесер едіңіз?

8. Суретпен жұмыс.

Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсыз?

Мәтіндегі қарамен ерекшеленген сөздерді пайдаланып сурет бойынша әңгіме құра.

Қорытындылау.

Бағалау

Үй тапсырмасы.



Сабақтың тақырыбы:С.Торайғыровтың «Кедей» өлеңі.

Мақсаты: Автордың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, «Керей» өлеңіндегі сол замманның тынысын, кедейлердің ауыр тұрмысын байланыстыра отырып түсіндіру.

Білімділігі: Мәнерлеп оқу дағдысын жетәлдіру, өлеңнің мазмұнын сөзбен айта білу, әдеби тілін жетілдіру.

Дамытушылығы: Сұраққа толық жауап беру, өз ойын еркін айту дағдыларын дамыта отырып сөйлеуін, сөздік қорын байыту.

Тәрбиелілігі: қиыншылыққа мойынсынбауға,төзімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:мінездеме беруге арналған карточкалар. Техникалық құрал – жабдықтар: мультимедиа

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі. Балаларды сабаққа әзірлеу.

2.Аутотренинг.1.Менің денсаулығым жақсы.

2.менің көңіл – күйім де жақсы.

3. Мен ертең де жақсы оқимын.

3.Ұй тапсырмасын тексеру,бағалау.

- Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?- Б.Майлиннің «Күлпаш» әңгімесімен таныстық.

-Мультимедиа. «Күлпаш» әңгімесінің мазмұнына байланысты сурет. 3 оқушыдан сұрау.

- Сұрақтар арқылы қорытындылау.

Осы әңгіме қалай аяқталады?

- Өте жақсы балалар. Бұл әңгімеде бір сөзбен айтқанда не суреттелген?

- Сол замандағы қарапайым кедейлердің ауыр тұрмысы бейнеленген.

4. Жаңа сабақ.

- Дұрыс балалар. Ендеше, біз бүгін осы тақырыпты әрі қарай өрбіп, «Кедей» өлеңімен танысамыз. Авторы: С.Торайғыров.

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс. Дәптерлеріңізді ашып, күннің жадын,бүгінгі тақырыпты жазып қойыңыздар.

-Енді балалар, мына портретке көз салайық. Бұл С.Торайғыров.( Автор туралы айту) С.Торайғыров 1893 жылы Солтүстік Қазақстан обылысы Уәлиханов аудандарда туған. Шешесі 3 жасында қайтыс болып, 6 жасынан кейін әжесінің тәрбиесінде болған.т.б

Топтастыру:

Жазушы Ақын

С.Торайғыров

Ағартушы Шыншыл

Ел қамқоршысы

Өлеңдері Поэмалары Прозасы

«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы», «Бір адамға», «Жарлау», «Бұлар кім» «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», «Қайғы»

«Қамар сұлу», «Кім жазықты?», «Ауырмай есімнен жаңылғаным»

- Бүгін біз осы С.Торайғыровтың «Кедей» өлеңімен танысамыз. Суретті тақтаға ілу.

(Өлеңді жақсы айту(мұғалім))

Түсіндіру. Бұл өлеңде кедейдің аянышты халі, ауыр өмірі, тауқыметі, көп тұрмысы туралы суреттелген.

6. Сөздік жұмысы.

Сол заманда адамдар бай – болыс және қарапайым шаруа немесе кедей болып бөлінген. Кедей деп қорасында малы жоқ, ішетін тамағы, киетін киімі жоқ адамды айтады. Ал байлар болса қора – қора қой, жылқы, сиыры бар, жалшылары бар, ішкені алдында, ішпегені артында болған. Қара басынан басқаға қайырымы жоқ адам.

7.мінездеме

1) тақтаға бай, кедей дегеген екі сөз жазылған карточка ілінеді.

- Оқушылар мына үстелдің үстінде қызыл, сара,жасыл,қара, қоңыр түстермен боялған дөңгелектер жатыр.

Сіздер баймен кедейдің қандай түстермен белгілеген болар едіңдер?

2)Біздер баймен кедейдің тұрмысын түстермен белгілідік.

Енді мына жерде осы баймен кедейдің мінезін ашықтайтын сөздер жазылған карточкылар тұр. Сол карточкаларды өз орындарына қойып көрейік. Сонда:

Бай Кедей

Қызыл қатыгез сұр қонақжай

Сары өзімшіл қара мейірімді

Жасыл сараң қоңыр көпшіл

Қорытынды.

1. Ой толғау.

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы кестеге толтырады.

1 ТОП 2 ТОП 3 ТОП

Қазір кедей адам жоқ.

Қазіргі кезде кедей адамдар бар.

Аштық,кедейлік болмас үшін не істеуге болады?

2. Ой тұжырым.

Венн диаграммасы арқылы екі мәтіннің ортақ қасиетін табу.

Б.Майлин «Күлпаш» Ұқсастығы С.Торайғыров «Кедей»

Кедей деген кім? Осы сұраққа жауап беру. Кедей бұл ішер тамағы, киер киімі болмаса да, қонақжай,мейірімді адам.

8.Оқушыларға өлеңді оқыту.

9.1)Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған?

2) Кедей деп кімдерді атайды?

3)Өлеңнен кедейдің ауыр тұрмысын бейнелейтін ақын сөздерін тауып оқыңдар.(Оқу)

10.Салыстыру.

Рухани бай адам Рухани кедей адам ішкі жан дүниесі тар адам,

Жан дүниесі кең, өзімшіл, адамгершілігі жоқ адам.

Көпті көрген көп

Білетін адам

11.Қорытындылау.

1)С.Торайғыров кім?

2)Ол қай жерде туған?

3)Оның шығармалары қандай тақытыпты көтереді?

4) «Кедей» өлеңі не туралы әңгімелейді:

Үй тапсырма. Оқушыларға «Кедей» поэмасын толық оқу, өз бетімен іздену.

Бағалау.





Ана тілі. Ашық сабақ

Тақырыбы: Интернат қоймасы. Шерхан Мұртаза

Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға Тұрар Рысқұлов өмірі жайлы 2 класта оқығанды еске түсіре отырып, Шерхан Мұртазаның Интернат қоймасы әңгімесін түсініп оқуға, жеткізе білуге үйрету;

Дамытушылығы: сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік мәні: шыншылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Сабаққа дайындық:

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан - жағым.

- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. С. Торайғыров.(1893 - 1920 ж) Кедей.

С.. Торайғыров - қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны, ғажап ақыл - ойшысы. Ол - ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы. Ол - қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тұлғасы.

1. Мәнерлеп оқу. 2. Жатқа айту 3. шығармашылық тапсырма. Қазір кедей адам барма?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Үй тапсырмасын пысықтау үшін сиқырлы қораптың ішінде берілген тапсырманы орындауымыз керек.

- Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған?

- Кедей деп кімдерді атаған? Жыртылған, тозған бүтін киімі жоқ, қара судан басқа ішер асы жоқ,

- Кедейдің ауыр өмірін қалай бейнелеген? қараңғыда итпен бірге қой күзеткен, ел ұйқыда жатса мен ояумын делінген, бүтін, кірсіз киім кимесем де талай жасқа шыққаны туралы айтылған

- Бұл оқиға қай кезде болған?

- Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады? Мысалы: менің ойымша еңбек ету керек.

- кедейдің қандай құқығы қорғалмады? бай еңбек ақысын төлемеді, кемсітті, менсінбеді.

«Атадан асыл ұл туса, елінің қамын жейді»,- деп халық даналығында айтылғандай, қазақ халқы тарихында елі үшін еңіреген, халқы үшін күңіренген ұлдар аз болған жоқ. Солардың бірі Тұрар Рысқұлов Мінекей балалар кедейшілік болмасын деп

Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғашқы адам Тұрар Рысқұлов еді. Тұрардың хатында былай делінген:

Осы мақсатпен мен ВКП (б) Орталық Комитетіне осы баяндау хатты жаздым. Ондағы мақсат – бұл мәселеге басшы жолдастардың назарын жете аударып, Қазақстанға көмектесу. Сіз мені Қазақстанның ішкі істеріне қол сұққысы келеді екен деп ойлап қалмаңыз, мен қойылып отырған мәселе тек Қазақстан тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге жалпы мемлекеттік тұрғыдан да айрықша маңызды болғандықтан, бұл мәселе жөнінде ВКП (б) Орталық Комитетіне жазып отырмын.

Сіз осы баяндау хатпен танысып, онда айтылған ой - пікірлерді ескереді деп үміт етемін.

Коммунистік сәлеммен Т. Рысқұлов

Т. Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысы дүниеге келген. Т. Рысқұлов революционер, көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері. Т. Рысқұлов халқын шексіз сүйген патриот.

1918 жылдан 1937 жылдарға дейін әр түрлі мемлекеттік басшылық қызметте болды.

1937 - 1938 жылдары Т. Рысқұлов қуғын - сүргінге ұшырады. 1937 жылы мамыр айында Кисловодскіде әйелі Әзизамен демалып жатқан жерінде «Халық жауы» деген жаламен қамалады.

1938 жылы 10 ақпанда Т. Рысқұлов ату жазасына кесілді.

Т. Рысқұловтың отбасы жайында айтатын болсақ: 2 қызы қалған. Үлкені Софья, кішісі Майя.

София Тұрарқызы1923 жылы туған. Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. Софья апамыз 1998 жылы қайтыс болған. Майя Тұрарқызы 1929 жылы туған. Қазір жасы 84 - те.

ІҮ. Ой – қозғау: Есіңе түсір. «Қызыл жебе» романы жайлы 2 класта қандай үзінді оқыдық?

Ендеше осы романның «Бала Тұрар» тарауы бойынша Тұрар бейнесін ашу мақсатында білімімізді ортаға салайық. (« Бала Тұрар» Шерхан Мұртаза) «Қызыл жебе» мәтінін талдау.

Мәтіннің кейіпкерлерін ата: Рысқұл Тұрардың әкесі,

Тұрар Рысқұлдың баласы,

И. Владимирович – мұғалім

Атамырза – Айбар мырзаның ұлы

Берілген сұрақтар бойынша шығарма мазмұнын еске түсіру:

- Мұғалім тұрардың дәптерінен нені байқады?

- Тұрар дәптеріне не деп жазды?

- Тұрарды тақтаға не үшін шығарды?

- Күлкі шақырған не нәрсе?

- Тұрардан соң тақтаға кімді шығарды?

- Мұғалімнің бағасы қандай?

Ү. Мақсат қою кезеңі:

1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық.

ҮІ. Жаңа сабақ: Жаңа материалмен жұмыс: Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:

Интернат қоймасы. Шерхан Мұртаза

Енді Шерхан Мұртаза туралы айтамын: 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ топырағында туған. Әкесі Мұртаза 1937 ж. сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті.

1955ж. Мәскеудің мемлекеттік Ломоносов атындағы университетін бітіріп шығады.

Қ Жазушының әр жылдары “Табылған теңіз”,“Белгісіз солдаттың баласы”,“Ахметжанның анты”,“Мылтықсыз майдан”повестері,“ Интернат наны”әңгімелері, “ Қара маржан”, бес кітаптан тұратын “ Қызыл жебе”, “ Ай мен Айша ” романдары, шығармаларының төрт томдығы жарық көрген. Қазақ КСР - нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Халық жазушысы

ҮІ. Оқулықпен жұмыс: Мәтінді түсініп оқу, оқушыларға оқыту, тізбектей оқыту

Ой – қозғау: - Әңгіме кім туралы?

- Тұрар неліктен Серікті сұраққа алды?

- Серік неліктен шындықты айтты?

- Тұрар мен Қабылбек қандай шешімге келді?

- Сен олардың орнында болсаң не істер едің?

ҮІІ. Түсініксіз сөздермен жұмыс.

Интернат - алыстан қатынап оқитын балалар жататын үй.

Қойма - азық - түлік сақтайтын жер

Мүсәпір – қорқып

Қағілез бала – шапшаң, кек сақтамайтын,

ҮІІІ. Сергіту сәті: Күн болып жанайық,

Мөлдір су болып ағайық,

Гүл болып жайнайық

Терең - терең дем алып,

Жүгіріп-жүгіріп алайық.

ІХ. Жаңа сабақты пысықтау: а) Мәтіннің соңғы жолын қайталап оқы.

Шайқас – бұл жұдырықтасып төбелесу емес, ұрмай - соқпай, адамның жүрегін жарлайтын сүйектен өтетін ауыр сөз соққы болады екен. Кімнің әділ екенін, кімнің арам ойы бар екенін Тұрар енді түсінгендей болды. Тұрар елі үшін еңіреген, халқы үшін күңіренген қаза халқының баласы болған екен.

ә) Балаларға сипаттама бер.

Тұрар: кедей, жақсы оқитын оқушы, ақылды

Серік: ақ көңіл, шапшаң, Атамырзаның айтағында жүрген адам

Қабылбек: кедей, Тұрардың қасындағы бала

б) Іс - әрекетіне баға бер.

в) Әңгімеге басқаша ат қой.

г) Неге олай ат қойдың дәлелде.

Х. «Туған жер, Отан, еңбек туралы мақал - мәтелдер»

- Балалар, сендер туған жер, Отан, еңбек туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?

ХІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. Мәтінді оқы, Тұрар неге Сталинге хат жазды деп ойлайсың? Ойланып кел.

ХІІ. Бағалау











Сабақтың тақырыбы: «Мәңгі жасар өмір»

Сабақтың мақсаты: Сәкен Сейфуллин туралы оқушылардың білімін толықтыру.

Әңгіменің негізгі ойын, идеясын ашу.

Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау, көру, сезініп қабылдауын дамыту.

Халық жүрегінен мәңгі орын алған адамдарды құрметтеуге елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру

Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта бейне таспа

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сабағыңа жөндеп,

Әзірленсең – еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

2. Үй тапсырмасын тексеру

Әңгіме кім туралы?

Тұрар Серікті неліктен сұраққа алды?

Серік неліктен шындықты айтуға мәжбүр болды?

Тұрар мен Қабылбай қандай шешім қабылдады?

Сен олардың орында болсаң не істер едің?

Мәтіндегі соңғы азат жолын қайталап оқу. Өз сөзіңмен түсіндіріп көр.

«Оқушының жауабы» Өз сөзімен түсіндіру.

-- Әңгімеге қатысушы балаларды сипатта Іс - әрекетіне баға бер

Әңгімеге басқаша тағы қандай ат қояр едің? Неге солай атағаныңды дәлелдеу.

3. Жаңа сабақ

Сол кездерде көптеген халық зиялы өкілдері репрессия деп халық жауы деп тұтқынға алды. Солардың бірінің өмірі бүгінгі сабағымызда арқау болмақ болады.

1937 - 1938 жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үгіт насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. 105 мың адам қамауға алынып, оның 22 мыңы атылды.

Репрессия - мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шарасы

- Оқиға қай кездері болған?

Ол кездерде ол кісілік қарым – қатынас жасау түгелі атын айтуға қорқатын болған. Мәтіннің авторы туралы мәлімет беру.

Тұрсынбек Кәкішев - 1927 жылы 15 тамызда Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Берлі аулында туған. Әдебиет зерттеуші ғылымының докторы 1972 ж профессоры. Қазақ Қеңестік Социалистік республикалар одағының еңбек сіңірген ғылым қайраткері 1944 - 1945 жылдары Ақмола облыстық Қазақ драма театрында актер болған. С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізген.

Оқулықпен жұмыс:

1. Мәтінмен жұмыс.

2. Іштей оқу.

3. Мұғалім оқиды.

4. Тізбектеп оқыту.

5. Сөздік жұмыс. Оқушыларға мәтінді тізбектеп оқыта отырып талдау (сұраққа жауап беру)

Сөздік жұмыс:

Ақталу – қылмысты емес деп есептелу.

Елгезек – тіл алғыш

Шамалы жер – жақын жер

Біртуар – сирек туатын, ерекше адам

Мәтіннің 1 - 2 - ші бөлімі бойынша топтау стратегиясы құрылады.

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 - жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстауында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер. 1916жылы ұлт азаттық көтеріліске тілектес өлеңдерін жазған. 1918 жылдың 4 маусымында ақтардың көтерілісі болып Ақмола Совдегі тұтқындалған. Атаман Анкенковтың азап вагонында 47 күн ажалмен араласып Сәкен 1919 жылы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады. 1939 жылы дүниеден озады. « Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы бар. «Бақыт жолында» пьесасын жазған. 1920 жылы 7 мамырда Ақмолаға қайтып оралып атқару комитеті мүшесі болып сайланады.

Әңгімеде қандай өлең туралы айтылған.

Сергіту сәті.

Тау ішінде өлеңін тыңдату.

Мәтін неліктен «Мәңгі жасар өмір» деп атайды.

Суретпен жұмыс:

- Суретті қалай атар едің?

-«Халық жауы» деген жаламен атылып кеткен кімдерді білесің?

- Оларды атқан адамдарға өз көзқарасыңды білдір.

Берілген сурет пен мәтіннің арасында байланыс бар ма? Болса қандай?

- Оларды атқан адамдарға өз көзқарасыңды білдір.

Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын жазғызу. Тақырыптың аты.

Репрессия - мемлекеттің өз адамдарына қолданылатын қатаң жазалау шарасы.

Ақталу - қылмысты емес деп есептелу.

Елгезек - тіл алғыш.

Шамалы жер - жақын жер.

Біртуар - сирек туатын, ерекше адам.

Халқымыз көптеген соғыс, ауыр кезеңдерде басынан көп өткізген халық. Олар осы тәуелсіз болу үшін де басынан көптеген ауыртпашылықты өткізуі.

Ел болып өз мерекелерін тойлауда осы аптада 1 – ші президент күні. 16 – желтоқсан.

Тәуелсіздік егеменді ел болуды еңбегі сіңген азаматтарды ұлықтап олардың аттары мәңгі тарихта алтын әріптермен жазылған. Мәңгі тарихта сақтау үшін ескерткіштер ашылуда: Астана қаласында елбасымыз ескерткіші ашылды. Аштықта қаза тапқан қазақтың зиялы қауым өкілдеріне арналған ескерткіш.

Өз қаламыз Жаңаөзенде де осындай ескерткіш ашылды. Оған себеп болған Маңғыстау халқы аштықты қуғын сүргінді бастан өткізген. Солардың рухына арнап гүлшоқтарын қоямыз.

1 минут үнсіздік жариялаймыз.











Тақырыбы: «Батыр Бауыржан».

Мақсаты: Қазақ халқының батыры Бауыржан Момышұлы туралы мағлұмат беру. Мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу.

Міндеттері:

1.Түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

2.Талдау қабілеттерін дамыту.

3. Отанын қорғауға жас ұрпақтар өсиетіне адал болуға, Бауыржан Момышұлының өсиет сөздері мен батасын біліп өсуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: слайд,видиоролик

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау;

Сабақ барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Жоғары қарап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім,

Оңға ,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

•Н.Айтов «Нұркен» жаттау

•Ізденіс жұмыстарын жүргізу

Н.Әбдіров туралы не білдік?

ІІІ Жаңа сабақ

•Ой қозғау

Отан— халықтың өткені, бүгінгі келешегі. Отансыз бақыт жоқ, бұл тамыр жайған жеріміз.Отан басына қиын жағдай туғанда жанын пида қылған адамдар да аз емес.

«Сен біліесің бе?» (көрсетілім)

— Қаһарман батырымыз сұрапыл соғыста не үшін соғысқан?

Балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін.

— Ол қандай адам болған?

Ол әскери адам болған.

— Балаларына немере — шөберелеріне қандай тілек айтқан?

Сабақтың ұраны: Отанды сүйер Ұлан болыңдар!

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр, аты аңызға ,сөзі нақылға айналған қаһарман тұлға – Бауыржан Момышұлының өмірінен мағұлмат аламыз.

Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.

Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.

04.12.1910, қазіргі Жамбыл обл., Жуалы ауд., Көлбастау аулы,—10.6.1982, Алматы) - қазақ совет жазушысы. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Панфиловшы, даңқты жауынгер, гвардия полковнигі. Шымкенттегі жетіжылдық интернатты бітірген (1928 ж.) соң, бастауыш мектеп мұғалімі, ауаткомның хатшысы, милиция бастығы болды. 1932 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылды. Қызметін өтеп қайтқаннан кейін, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істеді. 1936 ж. Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітірген соң Қызыл Армия қатарына қайта алынып, взвод, рота, командирі, полк штабы бастығының көмекшісі.

1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады

Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады.

Шығармалары: «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья» ,«Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы, «Генерал Панфилов»,«Ұшқан ұя», «Адам қайраты» т.б.

Бауыржанның ұрыс жүргізудегі шеберлігі, жеке басының ерлігі Ұлы Отан соғысы кезінде аңызға айналады.

«Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Ел басына күн туса» көркем фильмі-батыр рухына қойылған ескерткіш.

Режиссер Ақан Сатаев Бауыржан Момышұлы туралы фильм түсіре бастады. Көпсериялы фильмде 1941 жылы аға лейтенант Бауыржан Момышұлы өзінің ұстазы генерал Панфиловпен танысады. Генерал оған тұтастай батальон тапсырып, майданға аттандырады. 30 жастағы Бауыржан Момышұлын Әуезов атындағы академиялық драма театрдың актеры 27 жастағы Еркебұлан Дайыров сомдайды.

Кеңес Одағының Батыры ,Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалінің иесі Мәлік Ғабдулин жазған деректі әңгіме «Батыр Бауыржан» деп аталады .

Оқулық бойынша жұмыс: «Батыр Бауыржан»

үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

тізбек бойынша оқу

Сөздік жұмыс:

деректі әңгіме - нақты болған оқиға

фашизм - дүние жүзіне үстемдік орнату көксейтін басқыншы топ.

біртуар - сирек туатын,ерекше адам

шейт - қаза болу ,өлу

мәтінде кім туралы айтылған?

1941жылы қандай оқиға болды?

Полк командирлері не үшін жиналды?

Бауыржан жігіттерге не айтты?

Сергіту сәті

ІҮ Жаңа білімді бекіту:

- Мәтінді мәнерлеп тұтас оқу

- Мәтіндегі тірек сөздерді ата.

- Мәтіндегі мақалдарды оқы,мағынысын түсіндір.

Дәптермен жұмыс: Мақалдарды теріп жаз:

«Төртеуі түгел болса, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер»

«Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді»

«Ел намысы-ер намысы»

«Қазақ баласы- ар мен намыс иесі»

•Топтастыру «Бауыржан Момышұлы»

•М.Шаханов «Желтоқсан алауы »

•Тәуелсіздікке 22 жыл

Ү Рефлексия:

ҮІ Үйге тапсырма: 1. 131-132 бет оқу,әңгімелеу.

2. Б.Момышұлы туралы материалдар жинақтау.

ҮІІ Бағалау







Сабақтың тақырыбы: М. Тәнекеев. Қажымұқан

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушыларға күш иесі Қажымұқан атамыз жайлы түсінік беру, оның өмірі, спорттағы жетістіктері туралы білімдерін кеңейту. Мәтіннің мазмұнын ашып түсіндіру.

2. Дамытушылығы: Оқушының әр ойын жинақтап айта білуін және тарихи танымын дамыту.

3. Тәрбиелігі: Шыдамдылыққа, ел намысын қорғайтын азамат болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дамытпалы сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, сызба, слайдтар, шығармашылық тапсырма.

Сабақтың барысы:

I. Бағдарлау – мотивациялық кезең.

1. Оқушы қызығушылығын ояту.

Сабаққа әркез қатысып

Білімді шыңдап көрейік

Әрбір атқан таңменен

Бөленіп нұрға жүрейік.

2. Үй тапсырмасын тексеру;

А) Комбаттың әңгімесінің мазмұнын айту

Ә) Әлия кім? Оның ұқыптылығы неден байқалды?

3. Бекіту;

Ерлік, батырлық туралы мақал - мәтелден «Әлия» тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру және шешу.

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.

4. Жаңа сабақ: Бейнесөз шешу: Қажымұқан

Бұл кім? Ол жөнінде не білесіңдер?

2 кл «Алып бала» әңгімесімен таныстық.

Ірі денелі, балуан, дәу, қайратты,төзімді, күрескер

Қ. Мұңайтпасов – тұңғыш қазақ балуаны, кәсіби күрескер, әлем чемпионы. Ақмола облысы Қараөткел аймағы Қоспа аулында дүниеге келген. Бала кезінен ол қайратты, алып болып өседі. Ол 28 мемлекетте күресіп, 48 алтын, күміс, қола медальдарын әйгілі сигизмунд белбеуін алған. Ұлы Отан соғысы жылдарында көшпелі циркпен өнер көрсетіп, өзі жинаған 100 мың сом қаражатын қорғаныс қорына жіберді.

1978 жылы «Қажымұқан» атты екі бөлімді көркем фильм түсірілді. Қ. Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» кітаптары бар. «Қазақ даласының батыры» атағы берілді. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданы Ленин туы колхозында қайтыс болды.



5. Оқулықпен жұмыс:

1. Оқушыларға тізбектей оқыту

2. Сұрақтарға жауап беру

3. Мәтіннің әр бөлігіне ат қою

а) Күрес алаңында

ә) Батыл шабуыл

6. Суретпен жұмыс: Сурет бойынша әңгіме жазу.

- Суретте кімдер бейнеленген?

- Осы сурет мәтіндегі қандай оқиғаға сәйкес келеді?

7. Сергіту сәті: Спорт туралы өз ойларын ортаға салу.

Денсаулық, өнер, ептілік, сұлулық, батырлық, шымырлық күштілік, шапшаңдық

8. Слайдпен жұмыс:

1. Қажымұқанның жетістігі

2. Қажымұқанның ескерткіші

3. Қажымұқан атындағы стадион

4. Лондон олимпиадасының чемпиондарымен таныстыру

5. Жерлесіміз Б. Қисықов туралы айту

9. Шығармашылық тапсырма:

Кім?

Қандай?

Не істеді?

III. Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

Салауатты өмір салтын ұстану. Денің сау болу үшін не істеу керек?

- Ерте тұру

- Спортпен шұғылдану

- Денені таза ұстау керек

- Таза ауада серуендеу.

10. Сабақты бекіту: Қажымұқан туралы не білдік?

11. Үйге тапсырма: Қажымұқан мәтінін оқу, баяндау

«Спорт әлемі» тақырыбына әңгіме жазу.

12. Бағалау







Сабақтың тақырыбы: Ту тіккен Рақымжан.

Мақсаты: Р. Қошқарбаевтың ерлігі жайында мағлұмат беру. Ұлы отан соғысы жылдарындағы батырларымыздың ерлігімен танысу.

Мақсаты: 1. Батырлардың ерлігімен танысу.

2. батыр аталарының ерлігіне, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

3. Елін, жерін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, тірек сөздер.

Әдіс – тісілі: сұрақ – жауап, БжС технологиясы.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

1 Ұйымдастыру кезеңі мотивация

Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс.

2 Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру.

Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі - қарсылы сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі

1. Қажымұқан жайлы не білесің?

2. Халық қайда жиналды? ипподромға

3. Трибуна алдына не жайылды.? Кілем

4. Алаңға кімдер келді? Түрік солдаттары.

5. Төреші алаңға кімді алып келді? Мұқанды.

6. Трибунадағы халық қалай айқайлады?

7. Аренаға қандай балуан шықты? Нұрлы.

8. Нұрлы қай балуанның орнын басып еді? Қара Ахметтің.

9. Балуандар күреске қандай киіммен шықты? шапан

10. Екі балуанның сыртқы бейнесі қандай?

11. Олар бірі – біріне қалай қарады?

12. Түрік салты бойынша балуандар күреске қалай шығады?

13. Күрес барысында Нұрлының қандай екені көрінді? Салмағы басым.

14 Нұрлы қалай күш көрсеткісі келді? Күшінің басым екенін сездіргісі келді.

15. Мұқанның тәсілі қандай? Титықтатып, шаршату.

16. Нұрлы неге шаршап қалды? Бірден шабуыл жасады.

17. Мұқан түрік балуанын қалай құлатты?

18. Түрік балуанын қандай дәрежеге жеткізді? Қара терге түсті.

19. Жерде тұра алмаса да Нұрлы қандай әрекет жасады?

20. Мұқан Нұрлының жауырынын жерге қалай тигізді? көтеріп алып ұрды.

21. Оны қалай орындады? Фото суретке түсіріп алатындай етіп,

22. Мұқан еліне қалай оралды?

23. Күрес қай жерде болды?

Біріншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

3 Қабылдауды ұйымдастыру. 2 сөзден тұратын түсінік екі сөз ретінде саналады. Жады бойынша рұқсат: бір сөз шегеріледі

Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабақта Кәкімжан Қазыбаевтың «Ту тіккен Рақымжан» әңгімесімен танысамыз. Бұл әңгіме Ұлы Отан соғысының батыры Р. Қошқарбаевтың ерлігі жайында. Кәкімжан Қазыбаев қазақ жазушысы. Р. Қошқарбаевтың ерлігін, батырлығын дәлелдеу үшін, батыр атағын беру үшін көп еңбектеніп, ізденген жан. Р. Қошқарбаевқа кезінде Кеңес Одағының батыры атағы берілмеген болатын, қазақ жазушыларының ат салысуымен 1999 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді.

Р. Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысындағы Тайтөбе ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Алматы қаласында дүниеден өткен.

1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысының болғанын білеміз. Бұл оқиғада соғыстың соңғы уақыттары баяндалады.

Мәтін бойынша қысқаша түсінік беру.

Тірек сөздер: Берлинде, Рақымжанды, Рейхстаг, тапсырмаңызды, барлаушылар, Гриша, жауынгерлер

Тірек сөздерді есте сақтау 30 секунд.

Дәптерге жазу. Дәптер алмасу, тексеру. ООМ бойынша бағалау.

Екіншілік белгілеу. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек.



4 Ұғынуды ұйымдастыру.

Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді 4минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ - жауап алатыны жайында ескертуі тиіс.

3 - 4 сыныптар: мәтіннің бір бетіне 4 минут;.

5 Түсінудің біріншілік тексеруі

Қарама - қарсы сұрақ қою.

1. Соғыс қай жерде жүріп жатты? Берлинде

2. Рақымжанды кім шақырып алды? Батальон командирі Давыдов

3. Батальон командирі не айтты? Рейхстагқа ту тігуді тапсырды.

4. Рейхстаг деген не? Жаудың соңғы ұясы.

5. Рақымжанға қандай жауынгерлік тапсырма берілді?

6. Командир Рақымжанды неге таңдады? Ержүректілігімен көзге түскен

7. Рақымжан қалай қоштасты? Өз әкесімен қоштасып тұрғандай тебіренді.

8. Рақымжанмен берге кімдер бармақ? Барлаушылар тобы.

9. Рақымжан бастаған топ қалай шықты? Оқ нөсері бәсеңдеген кезде.

10. Ту кімнің қолында еді? Рақымжанның

11. Туды көрген жау не істеді? Подвалға шүйлігіп оқ боратты.

12. Рақымжанның қасында кім қалды? Григорий Булатов.

13. Басқалары қайда қалды? Подвал ішінен шыға алмай қалды.

14. Олардың алдарынан не көрінді? Канал үстінен салынған көпір.

15. Темір көпірге оқ қалай тиеді? Оқ шыр – пыр етіп кейін ұшады. Тыз – тыз етіп суға түседі.

16. Рақымжан тудың бұрышына не деп жазды? 647 полк, Г Булатов, Р. Қошқарбаев.

17. Қамалып отырған екеуіне жігер берген не? Біздің жауынгерлердің зеңбірекпен оқ атуы.

18. Рейхстагты неге теңейді? Құзғын жаудың ұясы.

19. Рейхстаг баспалдағында Рақымжан Гришаға не айтты? Шық иығыма! Туды тік.

20. Гриша туды қалай қадады? Бітелген терезенің кірпішін түсіріп, жеңіс туын қадады.

21. Жау ұясының алдынан не көрінді? Жауынгерлерді шабуылға шақырған қызыл ту.

22. Рақымжан тапсырманы орындады ма?

23. Бұл оқиға қай мезгілде болды? 1945 жылы 30 сәуірде.

24. Туды тіккен кімдер?

Үшіншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

6 Біріншілік бекітуді ұйымдастыру Сыни сұрақ.

1. Соғыс Берлинде жүріп жатты. ия

2. Рақымжанды батальон командирі шақырып алды ия

3. Батальон командирі ақ үйді көрсетті. Жоқ.

4. Рейхстаг жаудың ең соңғы ұясы. Ия.

5. Рақымжанға жауынгерлік тапсырма берілді ия.

6. Командир Рақымжанды таңдаған жоқ. Жоқ.

7. Рақымжан өз әкесімен қоштасқандай тебіренді ия.

8. Рақымжан тапсырманы орындауға жалғыз бармақ жоқ

9. Рақымжан бастаған топ оқ нөсері бәсеңдеген соң шықпады. Жоқ.

10. Ту Гришаның қолында еді. Жоқ.

11. Туды көрген жау қашты. жоқ

12. Рақымжанның қасында Гриша қалды ия.

13. Басқалары подвал терезесінен шыға алмады. ия

14. Рақымжан мен Гришаның алдарынан көпір көрінді. Ия.

15. Олар суға түспей өтті. Жоқ.

16. Рақымжан тудың бұрышына өз туған жылдарын жазды. Жоқ.

17. Қала тынышталып, жарқырай түсті. Жоқ.

18. Рейхстаг терезелері ашық тұр. жоқ

19. Гриша Рақымжанның иығына шығып, туды қадаған жоқ. Жоқ.

20. Жер қайысқан әскер «ағалап» жүгірді. Жоқ. Уралап.

21. Жау ұясының алдынан жауынгерлерді шабуылға шақырған қызыл ту көрінді. Ия.

22. Рақымжан тапсырманы орындады. Ия.

23. Бұл оқиға 1945 жылы болды ия. Төртінші белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.



7 Талдау. Уақыт 5 минут. Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Бесінші белгілеу.

8 Түйсіну 1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады.

2. Сабақтың нәтижесін ескере отырып сол тақырып бойынша жұмыс уақыты болжанады. Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталуын болжап, «Ауызша сабақ 3» картасындағы ойын ережелерінің мүмкіндіктерін айтады.

9 4 - 5 белгі – 5 ұпай. 3 белгі – 4 ұпай. 2 белгі – 3 ұпай. 1 белгі – 2 ұпай. Сапа нормативі: оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс.

10. Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.





Ана тілі 3 - сынып

Тақырыбы: К. Табей «Ол ақын болар ма еді?»

Мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға мәтінді негізге ала отырып «Желтоқсан оқиғасының» тарихын, маңызын түсіндіру. Сол көтеріліске қатысқан күрескер жас Қайрат Рысқұлбековтың ерлігін, жақсы қасиеттерін үлгі тұту.

2. Дамытушылық. Балаларды байланыстырып, жүйелі, мәнді сөйлеуге дағдыландыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік. Оқушылардың елі үшін құрбан болған батырларымыздың ерлігін дәріптеп, еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып патриоттық тәрбие беру.

Сабақ әдісі: ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау сабағының элементтері.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек!

Психологиялық дайындық

(Релаксация түрінде үнтаспадан А. Еңсеповтің «Көк байрақ» күйі орындалады)

- Қане балалар, көзімізді жұмайық!

- Өзіңді көк аспанның төрінде самғап ұшып келе жатқан қыран құстың бейнесінде елестет. Сен көк аспанды жарып ұшқан, желіне де дауылына қарамайтын қырансың. Қане көзіңе елестет! Анау тұрған биік тауды көрдің бе? Оның ар жағында өз алдына дербес, еркін де тәуелсіз ел бар. (Көшпенділер фильмінен үзінді)

ІІ Өткенді қайталау

- Балалар қай ел екен?

- Қазақстан!!!

- Қазақстан қандай мемлекет?

- Еркін, дербес, ұланғайыр, бейбітшілік орнаған, азатты, ең бастысы «тәуелсіз»!

Тәуелсіздікті алмас бұрын еліміз қандай қиын заманды басынан өткізді?

- Жоңғар шапқыншылығы, 1937 - 38жылдардағы репрессия, 1930 - 32 аштық жылдары, 1941 - 45ж ҰОС

- Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?

- Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Нүркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев.

Ендеше алдыларыңдағы ноутбуктың пернетақтасын бассаңдар сендерге арнайы сұрақтар беріледі, қане жылдам жауап берейік.

• Рақымжан Қошқарбаев кім?

• Рейхстаг деген не?

• Рақымжан өз командирінен қандай тапсырма алды?

• Ту тігу үшін командир Рақымжанды неге таңдап алды?

• Тапсырма қалай орындалды?

• Рақымжан Қошқарбаев туралы қосымша не біліп келдің?(экраннан Р. Қошқарбаевтың суреттері)

Көрініс: «Ту тіккен Рақымжан»

Ой түйіндеу.

Сонымен осы ер батырларымыз не үшін, кім үшін, не себепті соғысқан?

- Ұлы жеңістің неше жылдығын атап өттік?

- Келер жылы қандай үлкен шара болғалы тұр?

Қазақстанымыздың тәуелсіздігіне 20 жыл

Тәуелсіз мемлекет дегенді қалай түсінесіңдер?

• Өз алдына дербес;

• Халқы бар, белгілі аумақты иеленеді

• Мемлекеттік рәміздері, Ата заңы, мемлекеттік тілі;

• Ұлттық салт - дәстүр, ұлттық ойыны, биі бар

ІІІ Сергіту сәті.

Қазақтың ұлттық биі «Қара жорға»

ІҮ Жаңа сабақ

- Қазақстан республикасы қай жылы тәуелсіздігін жариялады?

- 1991ж 16 желтоқсан

Тәуелсіздіктің бастамасы қай жылы болды? Өздерің желтоқсан оқиғасы туралы білесіңдер ме?

- 16 желтоқсан 1986 жыл

(Тақтадан желтоқсан оқиғасына арналған слайд, үнтаспадан «Желтоқсан желі» әні)

Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.

Желтоқсан айы... Желтоқсан мен қараша сол бір, екі ай. Кешегі дүркіреп өткен 1986 жылдың желтоқсанында қазақ халқы ұлтаннан сұлтан болып, тар жол, тайғақ кешуден өтті.

16 желтоқсан Қазақстан тарихында өзінің жаңғырығымен өшпес із қалдырған небәрі 18 минутқа созылған Республика Орталық пленумда Республикамызды басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Колбин сайланды.

17 желтоқсан Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп шеруге шықты. Олар «Тәуелсіздік керек. Қазақ елінің көсемі сайлансын!» - деген тілек білдірді. Ұлт намысын жыртып алаңға шыққан жастардың арасында Л. Асанова, Е. Сыпатаев, С. Мұхамеджанова болды. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайраты Рысқұлбеков те бар еді.

- Ендеше бүгінгі сабағымызды желтоқсан құрбаны болған Қ. Рысқұлбеков ағамызға арнаймыз.

Кітаппен жұмыс.

• Мұғалімнің оқуы

Оқушылар іштей оқиды

• Сөздік жұмыс: Пешене – жазмыш, тағдыр

Он екіде бір гүлі ашылмаған – жас

• Сұрақ - жауап:

1. Әңгіме кім туралы?

2. Мәтіннен Қайрат Рысқұлбеков жөнінде не білдің?

3. Әңгімеде Қайраттан басқа тағы қандай «Желтоқсан құрбандарының» аттары аталған?

4. Желтоқсан оқиғасы қашан болды? Желтоқсан қозғалысына қатысушылардың арман - тілектері не еді?

5. Қазақстан қай жылы өз тәуелсіздігін жариялады?

• Тауып оқу:

1) Мәтіннен Қ. Рысқұлбековтің өз шығармаларынан келтірілген үзінділерді тауып, мәнерлеп оқы.

2) Қайраттың әке - шешесінің есімдерін ата, олардың сөздерін тауып оқы

• Бөлімге бөлу, ат қою

(Экранда әр бөлімге сай келетін атаулар шығады, оқушылар әр бөлімнің тақырыбын таңдап алудың себебін түсіндіреді)

Боздақтар арманы орындалды

Білімге ұмтылған Қайрат

Қайрат мәңгі есімізде

Балаң жүректің жан сыры



- Балалар, қазақта қасиетті сандар бар, сол сияқты 21 санының Қайраттың өмірінде қандай із қалдырды?

• 21 жасында тұтқындалды

• 21 күн сот алдында тергелді

• Семейдегі абақтыдағы 21 камерасында тұтқында отырды

• 1988 жылдың 21 мамырында қайтыс болды

• Бес жыл өткен соң, 21 - ақпанда ақталды

Дәптермен жұмыс: деңгейлік тапсырма

Жазушылар аймағы – ЭССЕ “Мен Қайрат ағамыздың ерлігін мақтан тұтамын”

Ақындар аймағы – 4 жол өлең

Зерттеушілер аймағы – Қайратқа мінездеме беріп сипаттау және Венн диаграммасын құрып, Р.Қошқарбаев пен Қ. Рысқұлбековті салыстыру

Шығармашылық тапсырма (компьютермен орындайды)

Оқушылар тінтуірдің көмегімен көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып орнын табады.

1. Болат... шынығады,

Батыр... шынығады.

2. Жүк ауырын... көтереді,

Ел ауырын... көтереді.

3.... жер көгерер,

... ер көгерер

Бұл мақал – мәтелдер жалпы не туралы?

- Батырлық, ерлік туралы

- Алайда, қазіргі заманда ерлік немесе батыл іс дегенді қалай ұғасыңдар? Сендер ерлік жасадыңдар ма?

ІV Қорытынды

Білемін

Білдім

Білгім келеді

V Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VІ Үйге тапсырма

Жазушылар аймағы – эссе “Ер есімі – ел есінде”.

Ақындар аймағы – Қайрат ағаның өлеңін жаттау.

Зерттеушілер аймағы – Л. Асанова, Е. Сыпатаев, С. Мұхаметжанова туралы деректер жинау.





Сабақтың тақырыбы: М. Шаханов Төрт ана

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ата - баба тарихы – қазақ елінің болашағы, тағдыры үшін болған күрес. Оны қастерлеу ұрпақ борышы екенін ұғындыру.

Дамытушылық: Ақын сезіміне өз сезімімен жауап беретін, үндестіре жалғайтын тұлғаның дамуы.

Тәрбиелілік: Өзіне тірек, айбын болатын тілін, салт - дәстүрін құрметтеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд: «Ата - баба тарихы - менің тарихым»

«Ер есімі – ел есінде»

«М. Шаханов Төрт ана»; сызба, сұрақ бетшелері

«Қазақтың салт - дәстүрлері», «Туған жер»

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сто “әлемді шарлау”; дамыта оқыту; проблемалық оқыту; топтық жұмыс;

Сабақтың жүрісі: І Қызығушылықты ояту

«Әлемді шарлау»

1. «Ата - бабам тарихы – менің тарихым»

(тарау материалдарын қайталау)

- Суреттегі бейнелер мен тақырып бізге қандай оқиғаларды еске түсіреді?

2. Оқушылардың жауабы тыңдалады.

- Тарау материалдарын қандай тақырыптарға топтастырар едіңдер?

3. Топқа тапсырма: Тапсырма түрлері:

- деректі әңгіме

- өлең оқу, - көрініс қою

І - топ: Халық қорғаны

ІІ - топ: Желтоқсан оқиғасы

ІІІ - топ: Кедейшілік

ІV - топ: Басқыншы топ

ІІ. Мағынаны түсіну

Жаңа сабақ

1. Мұхтар Шаханов – жазушы

2. Өлең «Төрт ана» мәнерлеп оқу

3. Өлеңді сызбаға сүйеніп талдау

- ақын атаған төрт ананы ата?

4. Жаңа топ құру:

Топқа тапсырма: - деректі әңгіме

- өлең арнау

- эссе жазу

- көрініс

І - топ: Салт - дәстүр

ІІ - топ: Туған тіл

ІІІ - топ: Туған жер

ІV - топ: Туған тарих

ІІІ. Ой қорыту

Оқушылар қазақтың салт - дәстүрлерінен көрініс көрсету, тілге арнап өлең оқу, ата - бабамыздан қалған кең байтақ жеріміздің адам танымастай өзгергенін фото суреттер көре отырып өз пікірлерін айту

Үйге тапсырма: - өлеңді жаттау

- шығарма жазу

- сурет салу







Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев өмірбаяны

(1925 - 1998)

Сабақтың мақсаты: Н. Тілендиев өмірбаянымен таныстыру. Оқушылардың қазақ композиторлары, аспаптық музыкасы жайлы білімдерін толықтыру. Композитордың шығармаларына көзін қанықтыру, таныстыру.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Өнерді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылық мәні: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ойлауға,

Қиялдай білу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: Композитордың суреті, интерактивті тақта.

Слайдтар, баян аспабы, сөзжұмбақ шешу.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Мұқан Төлебаевтың өмірбаяны және шығармасы.

М. Төлебаевтың ең атақты шығармасы қандай?

Қандай ән - романстар жазды?

Қазақтың қандай кәсіби композиторларын білесің?

3. Оқушыларды бағалау.

4. Жаңа сабақ. Нұрғиса Тілендиев /1925 - 1998/

Қазақ домбырасының Құрманғазы мен Тәттімбеттен кейінгі тарландарының бірі, туған халқы үшін барынша еңбек еткен, шың дарын иесі, ойлы да сезімтал, білімді, қазақ халқының рухани музыка мәдениетін көтеруге атсалысқан атақты, талантты композитор атақты домбырашы, әрі дирижер

Н. Тілендиев 1925 жылы сәуірдің 1 - і күні Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы.

Алматы ұлттық консерваториясымен Мәскеу консерваториясында білім алған. 1981 жылы белгілі «Отырар сазы» фольклорлық - этнографиялық оркестрін құрып, өмірінің соңына дейін оның бас дирижері болды.

Оның «Көш керуені», «Ата толғауы», «Аққу», «Әлқиса», «Махамбет» т. б күйлері халыққа кең тараған.

50 - ден астам драмалық спектакльдер мен 19 кинофильмдерге музыка жазды. Соның ішінде «Қыз - Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа» фильмдерге, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» сияқты 17 мультфильмге музыка жазды.

2000 жылы «Отырар сазы фольклорлық - этнографиялық оркестріне

Н. Тілендиев есімі берілді. Суреттен көріп отырғанымыздай әкесінен қалған оркестрді қайта жаңғыртып, Динара Нұрғисақызы дирижерлық етіп, болашақ ұрпаққа жеткізіп отыр. Әндері: «Саржайлау», «Әке туралы жыр», «Құстар қайтып барады» т. б



5. Музыка тыңдау: «Ата толғауы», «Көш керуен» күйлерін тыңдау.

Күйлерді тыңдай отырып, қазақтың аспаптарының орындалуын ажыратамыз. Орындалу ретіне қарай орналастырып, дәптерімізге жазамыз.

5. Ән үйрену. «Жан анам» әні. Музыка: Е. Өміров Сөзі: Қ. Жәленова

Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?

- Дұрыс айтасыңдар.

Алдымызда 8 - ші наурыз халықаралық аналр мен апаларымыздың, апайларымыздың мерекесі келе жатыр. Осы ретті пайдалана отырып, барлық аналарымызды, апайларымызды құттықтаймыз!

Бүгінгі үйренетін әніміздің негізгі мазмұны осы аналарымызға арналған. Сондықтан әркім өз анасын құрметтеп, сыйлауы керек.

Алдымен әнді өзім айтып көрсетем. «Жан анам» әні жұмсақ тембрлі, асықпай, ашық орындалады. Балаллар әнді жұмсақ сазды әуенмен жеткізеді.

Мақал - мәтелдер

Ананың сүті - бал,

Баланың тілі - бал.

Ана алдында - құрмет,

Ата алдында - қызмет.

Даусымызға жаттығу жасату: До мажор гаммасы.

Әнді 2 - 3 рет айтқызу, қиындық келтіретін жерлермен жұмыс жасау.

Парта - парта бойынша айтқызу, баян аспабымен қосылып айтқызу.

6. Қазақстандық кәсіби композиторлар мен олардың шығармалары:

А. Жұбанов «Абай» операсы

Е. Брусиловский «Қыз Жібек» операсы

Н. Тілендиев «Ата толғауы»

М. Төлебаев «Біржан - Сара» операсы

7. Сабақты қорытындылау:

1. Н. Тілендиев кім?

2. Ол қандай шығармалар жазды?

3. «Ата толғауы» күйінде қазақтың қандай аспаптары бар?

4. «Көш керуен» күйінде жылдың қай мезгілін суреттейді?

5. Нұрғиса қандай өнер ұжымын құрды?

6 «Жан анам» әннің негізгі мазмұны кім туралы айтылады?

8. Үйге тапсырма:

1. Нұрғисаның өмірбаянын оқып келу.

2. «Жан анам» әнін сөзін жаттау.

3. Тыңдаған күйлеріміздің мазмұнына қарай шығарма жазып келу.









Сабақтың тақырыбы: Қыс

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушылардың «Қыс» тақырыбына байланысты сөздік қорын байыту, сөздерді дұрыс айтуын талап ету.

2) Дамытушылық: тез ойлау, сауатты жазуды дағдыландыру, сөздерді өзара дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.

3) Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың көрнектілігі: Саяхат картасы, «Күз», «Қыс»

Тақырыптарына байланысты суреттер, автобус (қағаз).

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі: Ойын әдісі, автобуспен саяхат жасау, сөйлеу.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

Фонетикалық жаттығу: Алға бір адым, артқа бір адым

Отырамыз, тұрамыз .

Сабақта «бес» аламыз.

Ал енді балалар, мына жұмбақты шешімін табыңдар.

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Кейде ұлып, кейде жұлып,

Ұйтқып боран соғады.

Айтыңдаршы бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?

Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Қыс», мақсатымыз «Қыс» тақырыбына байланысты сөздерді білу, ол сөздерді дұрыс оқып, айта білу.

Балалар, біз бүгін «Қысқы әлемге саяхат» жасаймыз. На этом автобусе по путешествуем. Аялдамаларда тоқтап, білімдерімізді тексереміз. Балалар саяхатқа дайынсыңдар ма?

Бұл саяхатқа кімдер барады екен? Танысып қоялық.

Сенің атың кім?

Сен нешінші сыныпта оқисың?

Сен қайда тұрасың?

Ал енді автобусқа мінелік, дұрыс отырыңдар.

Сөздік жұмысы.

1- аялдама «Сөздік алқабы».

Оқушылар «Қыс» тақырыбына байланысты сөздерді мұғалімнен кейін қайталайды (хормен бір-бірден).

2-аялдама «Күз».

а) Күз айларын атаңдар.

б) Күзде не болады?

Жаңбыр жауады. Жапырақ сарғаяды. Күн салқындайды.

Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қауын, қарбыз, алма, алмұрт піседі.

Кім «Күз» туралы өлең оқиды?

3-аялдама «Қыс».

Оқулықтың 67 бетіндегі «Қыс» мәтінін оқу, аудару.

«Қыс» туралы өлең, жұмбақ айту.

4-аялдама «Киім дүкені». Балалар, дүкенде қысқы жылы киімдер бар екен. Суреттерді көрсету, балалар киімдерді атап береді.

Сергіту сәті: Бала, бала, балақан

Кәне, қайсы алақан.

Саусақтарың әйбәт

Былай-былай ойнат.

5-аялдама «Орфография мұражайы».Мұражай қызметкерлері мынадай тапсырма дайындап қойыпты. Сөйлемдерге қажетті сөздерді тауып, дұрыс қойыңдар.

Қыс айлары: желтоқсан,......, ақпан.

Адамдар үстіне… киеді.

Адамдар қолына……… киеді.

Адамдар аяғына… киеді.

Қыста…… жауады.

Қыста…… қатады.

6-аялдама «Құттықтау алаңы». Оқушылар мерекелерді атап, қонақтарды құттықтайды.

Сабақты бекіту.

Оқушылармен бірге сабақта жасалған жұмысты қорыту. Оқушылардың еңбегін бағалау.







Сабақтың тақырыбы: «Боран» М.Әуезов.

Сабақтың мақсаты:

• М.Әуезов өмірімен таныстыру, «Абай жолы» роман эпопеясынан алынған «Боран» мәтінін оқып, негізгі ойды, идеяны ұғынады.

• Мәтін бойынша тапсырмалар беріп,өз ойларын тұжырымдап жеке,топта жұмыс жасап, шығармашылықпен жұмыс жасауға, танымдық қабілетті дамытуда, ой өрісін арттыруда ізденіс жұмыстарын жүргізу.

• Ұлы адамдар өмірінен үлгі алуға, табиғаттағы өзгерістерді байқай білуге тәрбиеленеді.

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас абақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, топпен жұмыс, топтастыру, сиқырлы қалам, ДЖИКСО әдісі, әңгіме кестесі, Т кестесі, бес жолды өлең.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, География.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау. «Сиқырлы қалам» әдісімен сұралады.

1. Абай «Қыс» өлеңін жатқа айту.

2. Сұрақтарға жауап беру.

3. Ақын қысты кімге теңейді?

4. Қыстың күйін қалай бейнелеген?

5. Малшы жайында не айтылған?

6. Өлеңдегі адам кейпіндегі қысты көз алдыңа елестетіп көр.

ІІІ. «Өткен өмірден» тарауынан балалар бір біріне сұрақтар қою.

ІV Абай кім сұрағына жауап ала отырып үй тапсырмасын қорыту.

Мына төмендегі кесте бойынша талдау:

Абай ақын,

Жаз

Күз

Сазгер композитор,

Желсіз түнде жарық ай

Көзімнің қарасы

Аудармашы.

ІІ.Жаңа сабақ: Қызығушылықты ояту.

• Бұл кім?

• Мұхтар Әуезов суреті.

Мағынаны тану «Боран» сөзіне ассоциация құру.

1. «Боран» суреті

Суретте кімді көріп тұрсыңдар?

Олар неге қарсы жүріп келе жатыр?

Жылдың қай мезгілі?

Оны қайдан біліп отырсыңдар?

2. Сөз сыры

Боран қатты ұйытқып соққан жел.

3.ДЖИКСО әдісімен мәтінді оқыту.

А)Тақырып материалдарын бөлімдерге бөлу.

Ә)Тақырыпты топтарға бөлімдер бойынша беру.

1 топ «...суық қатайғаннан .... шыдатарлық емес»

2 топ «Ығы кетіп,... шыдап болмады»

3 топ «.....Қанша екені белгісіз ... азан салады»

Б)Топта оқу (5 минут)

В)Талқылау

Г)Тезис жазу.

Д)Ұжымдық талқылау. Әр топтан бір оқушыдан шығып, өзі оқыған бөліктерінің түсінігін айтады.

Ж) Кезектестіріп сұрақ қою. Мұғалім ақпараты.

4.Тапсырмалар.

1 топ Әңгімеге сүйеніп үсінуден қалай сақтануға болатынын айт.

2 топ Мәтіннен Абайдың мазасы кеткені жөнінде айтылатын жолдары тауып оқу.

3 топ Әңгімеден жазушының боранды неге теңегенін тауып оқыту.

Қорытындылау. Талапты табады, табанды жеңеді. М.Әуезов.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу,мазмұнын айту.

М.Әуезов туралы реферат жазу.







Сабақтың тақырыбы: Қыс. Қар (Абай)



Сабақтың мақсаты:

А)Абай өлеңдерінің шеберлігін таныту. Оқушылардың танымдық біліктілігін ажырату.

Ә)Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын оқу мен жазу арқылы дамыту.

Б)Қоршаған ортаның сырларына қызықтыру арқылы табиғатты сүюге баулу, табиғатты қорғау

Әдісі: Ой шақыру, INSERT(белгі қою)

Венн диаграммасы

Көрнекілігі: Қыс суреті, буклеттер, оқулық кітабы, маркер, қағаз

Жүрісі: Қызығушылықты ояту

1. «Қыс» тақырыбына сынып оқушыларын топқа бөлу. Әр топқа қыс туралы не біледі соны қағазға түсіру, ол суретте, ол шығарма ма, ол оқушы шеберлігі 4-5 минут уақыт бөлу. Жұптасу, топтасу, әр топ өз ойларын тақтаға шығып, қорғап айту.

2. Қыс суретін ілемін. Оқушы сурет бойынша ой шақыру, әңгімелеу. Мұнда да жаңағы топ өз пікірлерін ортаға салады. Олай болса біз бүгін Абай атамыздың табиғат туралы жазған өлеңдерімен танысамыз деп бұл жолы да Абай туралы не білеміз, еске түсіру.

композитор

т.б.әңгіме ауызша айтылады.

- Олай болса енді мына сурет туралы әңгіме айтамыз. Суреттерге қарап ортақ пікірге келу, тани білу. Мағынаны тани білу. Мәтінді немесе өлеңді әрбір оқушы өздігінен оқып танысады. (4-5 мин.)

INSERT – инцерт (белгі қою)

Өздеріне бұрын таныс емес жаңа сөздерге оқушылар белгі қояды. МысалыҮ долданғанда, шидем.

Ой толғаныс:

Оқушылар қыс, қар жайында білетіндерін берілген суреттерді пайдалана, салыстырып, тұжырым жасай алады.

Дәптермен жұмыс

1. Долданғанда – ашу, ыза

Шидем – қой жүнінен тоқылған сырт киім

2. Абай суреттеген адам кейпіндегі қыстың суретін бейнелеп тұрған сөздерді туып дәптерге жазу.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы,

Бет қарауға шыдамай, теріс айналды

3. Тақырыпты пысықтау, қорытындылау

Венн диаграммасы

Қыс Қар

Үйге тапсырма:

1. «Қыс» тақырыбына шағын шығарма жазып келу

2. «Қыс» өлеңін жаттау

3. «Қар» мәнерлеп оқу

Пікір:

Балалардың ойларын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген: Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан әр оқушының ерекшелігіне байланысты танымдық оймен, сақтықпен басқыштап іс істеу қажет.

Дегенмен СТО да оқушыларға, соның ішінде бастауыш сынып оқушылары үшін жеңілден ауырға, оңайдан қиынға өрмелеген жөн деп санаймын.

Мысалы:

Балаларды таңда

Ел алдына шығып өз ойын айту әр түрлі әдістерді қолдану

Қарым-қатынас жасауға Қызығушылықты ояту

үйрету Өз ойын тұжырымдай білу

Оқушы белсенділігі

Авторы:

Ұқсас ашық сабақтар:

Қыс

Қыс

Қыс. Сын есім

Қыс

Көптік жалғау. Жыл мезгілдері. Күз. Қыс

Қыс. Сын есімнен өткенді қайталау

Міржақып Дулатов Қыс

Абай Құнанбаев. «Қыс»












































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
«Адамды? борышы?» ана тілі п?нінен саба?

Автор: Ж?манова Кенжег?л ?айыржан?ызы

Дата: 24.02.2016

Номер свидетельства: 298345


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства