Дүниетану | Уақыты: 21.01.16 ж | Мұғалім:Макишева.К. Д |
Сабақтың тақырыбы | Адамдардың қысқы еңбегі |
Сабақтың жалпы мақсаты | адамдардың қысқы еңбегінің ауылдағы және қаладағы түрлерімен таныстыру; оқушыларды еңбекке баулуға жағдай жасау; адам мен қоғам арасындағы байланысты ұғынуға мүмкіндік туғызу. |
Әдіс-тәсілдер | түсіндіру, әңгіме, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, |
Көрнекіліктер | тақырып мазмұнына слайд, бақылау күнделігі. |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | Тәулiк бойы тынбайтын, Жауайықшы қар болып (Ақырын жауған қарды көрсетеді ) Астан-кестен шығарып Соғайықшы боран боп (Боранды көрсетеді ) |
Топқа бөлу | – Қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс - Дұрыс - Қыс мезгілінінің айларын атаңдар? - Желтоқсан, қаңтар, ақпан. - Желтоқсан, қаңтар, ақпан айларына топқа бөлініп отырамыз. |
Үй тапсырмасын сұрау | «Қалпақ» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру. Аю қайда қыстайды? Апанда. Апан іші қандай? Жылы және жайлы. Аналық аю, жылдың қай мезгілінде балалайды? Қыста. Қыс бойына ұйқыға кететін тышқандар бар ма? Бар. Аламан, саршұнақ жаз бойы не істейді? Ініне азық-түлік жинайды. Не себептен жаз бойы қорегін жинайды? Қар астынан азық-түлік табу қиын болғандықтан. Шыбын, құмырсқа, көбелектер қалай қыстайды? Інге, қуыстарға тығылып ұйқыға кетеді. Қоян өз қорегін қалай табады? Күнде жасырынып, түнде жорыққа шығып қорегін іздейді. Тоқылдақты неге «орман дәрігері» деп атайды? Ағаштарды зиянкестерден қорғағандықтан. Ағаш қабығының арасына тығылатын не? Қоңыз және оның дернәсілі. Үй жануарлары мен төлдерін ата? Сиыр, қой, жылқы, ешкі түйе. Төлдері: бұзау, қозы, құлын, лақ, бота. Үй жануарлары қыста қалай қыстап шығады ? Жылы қорада, адамдар бағып күтеді. Адам үй жануарларын не үшін өсіреді? Жесе тамағы сатса ақшасы, мінсе көлігі, кисе киімі, ішсе сусыны т.б Адам үй жануарларын қыста қалай күтеді? Жем, су, шөп береді. |
Қызығушылықты ояту | «Кім жылдам?» ойыны. 1-топ . Қысқы ойындарға қажетті заттарды ата 2-топ. Қысқы мезгіліндегі адамдардың еңбегін ата. 3-топ . Қоймада сақталатын көкөністерді ата. |
Топтық жұмыс | Берілген сұрақтар бойынша суреттерді жинақтау |
Жаңа материалмен жұмыс. Сергіту сәті Дәптермен жұмыс | Кіріспе әңгіме. Оқушылардың бұрын алған білімдерін қайталау. -Адамдар күзде ауылды жерде қандай жұмыстармен айналысады? -Күзде егіс даласында қандай жұмыстар жүргізіледі? Оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс. Сурет бойынша қысқы еңбек түрлерін айту. Қар тоқтату жайында әңгімелесу. -Қандай жерлерде қар көп болады? Қысқы жөндеу жұмыстары туралы әңгімелесу. Қыста адамдарға жұмыс көп. Жер бетін жапқан қалың қар адамдардың жұмысын көбейте түседі. Олар аулаларды, көшелерді қардан тазартады. Қарды ағаштың түбіне үйеді. ал егістіктерде қар тоқтату жұмысы жүргізіледі. Қыста адамдар көкөніс сақтайтын қоймаларда жұмысістейді. Ауа райы ашық, жылы күндері малдарды далаға, таза ауаға шығарады. Жылқы мен қой қарды теуіп, оның астындағы шөпті ашып жейді. Көктемде үй жануарлары төлдейді. Сиыр бұзаулайды, бие құлындайды, түйе боталайды, ешкі лақтайды, қой қоздайды. Олар енесінен сүтін еміп, өседі. «Қыс қимылдары Адамдардың қысқы еңбегі 1. Егістікте қар тоқтату 2. Ауланы көшені қардан тазарту 3.Көкөніс қоймасында жұмыс істеу 4.Уй жануарларына қамқор
|
Ой толғаныс | Біз не білдік? Қардың пайдасы мол. Егістікте қар тоқтату жұмысы жүргізіледі. Қыста адамдар көкөніс қоймада жұмыс істейді. Қыста адамдар жұмыссыз отырмайды. |
Үйге тапсырма беру. | 1.Мәтінді оқып, түсініп айтуға дайындалып келу. |
Бағалау | Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап,смайлик таратып баға қою. |
Кері байланыс | Сабақ қаншалықты түсінікті екенін саусақ арқылы көрсетеді. |