kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай «Жаз?ыт?ры»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Абай «Жаз?ыт?ры»

Ма?саты:

Б)О?ыл?ан ?ле?ні? м?нін т?сініп айту?а ?йрету. К?ктемгі таби?ат к?рінісін бейнелейтін Абайды? «Жаз?ыт?ры» ?ле?інен ?зінді талдау, жа?а с?здерге м?н бере отырып, с?з ма?ынасын балалар?а ??ындыру.

Д)С?здік ?орын жетілдіру, байланыстыра с?йлеуге ?йрету.

Т) Абай ?ле?індегі таби?ат с?лулы?ын сезіне отырып, балаларды таби?атты? ?семдігін сезінуге, таби?атты аялау?а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі:жа?а саба?

Саба?ты? ?дісі: т?сіндіру, ??гімелесу, с?ра?-жауап.

К?рнекілігі: Абайды? портреті, к?ктем мезгіліні? суреті, дидактикалы? ойын ??ралдары.

Жа?а с?здер: масатыдай, анталаса, сыбдыр ?а?ып, б?ла?дап.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай «Жаз?ыт?ры»»


Тақырыбы: Абай «Жазғытұры»

Мақсаты:

Б)Оқылған өлеңнің мәнін түсініп айтуға үйрету. Көктемгі табиғат көрінісін бейнелейтін Абайдың «Жазғытұры» өлеңінен үзінді талдау, жаңа сөздерге мән бере отырып, сөз мағынасын балаларға ұғындыру.

Д)Сөздік қорын жетілдіру, байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Т) Абай өлеңіндегі табиғат сұлулығын сезіне отырып, балаларды табиғаттың әсемдігін сезінуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Абайдың портреті, көктем мезгілінің суреті, дидактикалық ойын құралдары.

Жаңа сөздер: масатыдай, анталаса, сыбдыр қағып, бұлаңдап.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

2.Қызығушылықты ояту.

Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай салаға толады,

Ағаш басы бүршік ашып,

Гүл, бәйшешек толады,

Балаларым, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар жауабы:

  • Көктемде. – Дұрыс айтасыңдар.

Суретпен жұмыс:

-Суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген? Оны неден аңғардың?

-Сурет бойынша әңгіме құра.

  • Көктем екенін қалай білдіңдер? – Көктемде қар ериді, гүлдер шығады.

  • Көктемде неше ай бар? – Көктемде үш ай бар (наурыз, сәуір, мамыр).

  • Көктем қай айдан басталады? – Наурыз айынан басталады.

  • Наурыз айында қандай мерекелер бар? – Наурыз айында

8-наурыз Аналар мерекесі, 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні – жаңа жыл мерекесі бар...

  • Көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады? – Ағаштар оянады, бүршік жарады.

  • Жердегі қар қандай күйде болады? – Қар еріп, суға айналады.

  • Көктем мезгілі туралы кім тақпақ біледі? – Балалардың тақпақтары тыңдалады.

  • Көктемде күннің көзі қандай болады? – Күннің көзі жылы болады.

  • Құстар қайдан келеді? – Жылы жақтан келеді.

  • Қандай құстарды білесіңдер? – Аққу, көкек, үйрек, тырна, бұлбұл, қарлығаш, қараторғай.

  • Құстарды қалай қарсы алу керек? – Ұя жасап, қарсы алу керек.

  • Құстар нені қорғайды? – Ағаштарды қорғайды.

  • Дұрыс, балалар. Құстар – біздің досымыз.

  • Енді, балалар, «Көктем» деген сөздің басында қандай дыбыс естіледі?

  • К – дыбысын естіп тұрамыз. К дыбысы - дауыссыз дыбыс.

  • Қане, бәріміз айтамыз. К – к – к. Енді К – дыбысына сөз ойластырайық. – Көкек, үйрек, кірпі.

  • Жарайсыңдар, балалар.

  • Енді К дыбысынан басталатын сөздерден сөйлем құрастырып көрейік. Көктем келді, Көк көйлегін киді жер. Көк шөп шықты.

Балалар Абай туралы не білеміз?


Ғұлама ойшыл


Абай


ақын





ағартушы философ





  • Енді, балалар, Абай атамыздың «Жазғытұры» деген өлеңімен танысайық (нақышына келтіріп, мәнерлеп оқылады).

1.Мұғалім оқу

2.Іштей оқу

3.Тізбектеп оқу

4.Талдау

  • Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі

  • Балалар, жазғытұры деп қай жыл мезгілін айтқан.

  • Көктем мезгілін айтқан.

  • Дұрыс.

  • Көктем келгенде, қыс мезгілінің аязы білінбейді, яғни аязы азаяды дейді.

  • Сонымен қатар жерде қандай өзгерістер болады дейді?

  • Жер гүл мен көк шөпке толып, әдеміленіп кетеді дейді.

  • Дұрыс айтасыңдар.

  • Масатыдай құлпырған деген сөз сол мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бала-шаға, аңдар мен құстар қуана шаттана қараса, күн көзі мол шуағын төгіп, жер бетін жылытады дейді.

  • Ата-анадай елжірер күннің көзі дегенді түсіндіріп көр

1.Мұғалім оқу

2.Іштей оқу

3.Тізбектеп оқу

4.Талдау

-Түйе боздап, қой қоздап – қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су.

  • Балалар, көктемде нелер төлдейді?

  • Төрт түлік мал төлдейді.

  • Дұрыс, яғни, түйе боталап, қой қоздап, барлық жан-жануарлар төлдейді екен. Ал көктем келгенде құстар не істейді?

  • Шаттана, қуанып, сайрап өлең айтады. – Дұрыс айтасыңдар.

  • Ағаштар мен гүлдерде не өзгеріс болады?

  • Олар әдеміленіп, құлпырады. – Жарайсыңдар, балалар.

  • Көктем келгенде сай-саладан не ағады?

  • Су ағады.

  • Су қалай ағады? – Сыбдырлап, сыңғырлап ағады.

  • Міне, көрдіңдер ме, балалар. Абай атамыз көктем көрінісінің табиғатын қалай жырлаған? Әдемі, сұлу көріністі көз алдымызға елестетіп жіберді емес пе? Көктемгі табиғаттың сұлу көрінісін көркем сөзбен суреттеп отыр. (Көктемді бейнелейтін сурет көрінісі көрсетіледі.) Жан-жануарлардың көктемгі тіршілігі. Жан-жануарлар көктемде төлдей бастайды өріске шығады.Жылқылар жайлауға жайылып кетеді. Міне, мына көріністе көктемді суретші сурет арқылы суреттеген болса, ал Абай атамыз «Жазғытұры» өлеңінде көктемді, сөзбен, жан бітіріп суреттеп отыр. Абай атамыздың табиғат лирикаларында осыны байқауға болады. Міне, көрдіңдер ме, Абай атамыздың Ұлылығын.

  • Түсініп оқы.

Сәуір болса,күн күркірер,

Күн күркіресе, көк дүркірер.

5.Ой қозғау.

  • Енді сабағымызды ойын түрінде жалғастырамыз. Дидактикалық – сөздік ойындар:

    1. «Көктемде не жақсы, не жаман?» Көктемде күн жылынады (жақсы жағы) т.б. жер батпақ болады (жаман жағы) т.б.

    2. Сөз тіркесін тап.

Күн ................... (жылынды),

Қар ................. (еріді).

Құстар ................ (келді).

Жаңбыр .................. (жауды).

Малдар......................(төлдейді)

Су................(ағады)

    1. Жаңбыр қалай жауады? (анықтама беру).

  • Жаңбыр құйып жауады, - Жаңбыр сіркіреп жауады.

  • Жаңбыр майдалап жауады, - Жаңбыр нөсерлетіп жауады.

4.Су қандай? (анықтама беру).

Су – таза, түссіз, дәмсіз, иіссіз.

5.Жаттығу – ойындар, (қарама-қарсы сөздерді тауып айт).

Қыз – (ұл), кішкентай – (үлкен), тәтті – (ащы), жұмсақ – (қатты).

6. Сөздерді көпше түрде айту.

Бала – (балалар), гүл – (гүлдер), торғай – (торғайлар), құс – (құстар).

  1. Ұқсасын тауып айт:

Ра-ра-ра, та-та-та, да-да-да

ра-ра-ра – шағып алды ..... (ара)

да-да-да – ойнаймыз біз......... (далада.)

Бекіту

Шығармашылық тапсырма 5 жолды өлең құрастыру

Не? Көктем

Қайтті? Шықты,жауды.төлді

Қандай? Шуақты,

Сөйлем! Көктем

Синонимы:Мезгіл қыс Көктем 6.Сабақты қорытындылау.

Жаңбыр жауады,жан-жануарлар төлдейді,көк шығады,құстар келеді,күн жылыйды.

Венндиаграмма толтыру

Күн суытады,қар жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

мезгіл






Оқушыларды бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

Үйге тапсырма беру.Жаттау




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Абай «Жаз?ыт?ры»

Автор: Мухамедкалиева Мерует Канатхановна

Дата: 16.06.2016

Номер свидетельства: 334856


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства