kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай ??нанбаевты? ?мірбаяны мен шы?армашылы?ы туралы т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л сынып са?атында ?аза?ты? ?лы а?ыны, а?артушысы, философы Абай ??нанбаевты? ?мірбаяны мен шы?армашылы?ы туралы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай ??нанбаевты? ?мірбаяны мен шы?армашылы?ы туралы т?рбие са?аты»

Ақтөбе қаласы

Благодар орта мектебі

Еспамбетова Айгуль Бартаевна

Бастауыш класс мұғалімі

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.

Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту.

Сабақтың  көрнекілігі:  Абай портреті,  шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.

Топқа бөлу ( түстермен топқа бөлу)

Әр топқа жыл мезгілдеріне байланысты сурет-мозайка ұсыну.


- Балалар, қазақтың қай ақыны төрт жыл мезгіліне байланысты өлеңдер жазған? (Абай Құнанбайұлы)

(Әр топ өлеңдерін оқиды)

Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.

Жаз
Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.

Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.

Жазғытұры
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен

Мұғалім сөзі:

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.

Ол бірақ қайтіп келіп ойнап-күлмес.

Мені мен, менікінің аыйрылғанын,

"Өлді" деп ат қойыпты өңкей білмес.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған - дегендей, бүгінгі сынып сағатымызды артында өлмейтұғын сөз қалдырған қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығына арнағалы отырмыз. 

ІІ. Негізгі бөлім

Экранға назар аударайық....

Абай туралы слайд. Өмірбаян. (видео)

Сұрақтарға жауап беру

- Балалар, мына фильмде Абайдың әкесінің аты кім болған?

- Құнанбай кандай түс көрді?

- Түсіне кім кірді? Не айтты?

- Әнет баба қай рудан болған?

- Абайдың Анасы кім? Әжесі кім?

- Бала Абайды қос анасы қалай өсірді?

- Құнанбай баласының бойынан не байқады?



Топтық жұмыс

І топ Абай туралы (топтау)

ІІ топ Абай туралы 5 жолды өлең жазу (Синквейн)

ІІІ топ Абайдың шығармалары (атап жазу)

ІҮ топ Бес асыл іс, Бес дұшпан сөздері (жазу, әрқайсысына тоқталу,

өлеңін оқып беру)

1 топ

Ұлы ақын, ағартушы, кемеңгер ұстаз, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында 1845 жылы дүниеге келді.Ол ауыл молдасынан білім алған. Семей қаласында 3 жылдық медреседе оқыған. ол араб, парсы, шағатай, түрік, орыс тілдерін үйренген. Абай өлеңдері халықты білімге, өнерге, ғылымға шақырады.

2 топ

Бес жолды өлең (Синквейн)

1. Кім? Абай

2. Қандай? білімді, ойшыл

3. Не істеді? үйретті, жазды, қалдырды

4. Сөйлем. Абай - қазақтың ұлы ақыны.

5. Синоним Ибраһим

3 топ Абайдың шығармалары

Жаз, Күз, Қыс, Жазғытұры, Айттым сәлем Қаламқас, Көзімнің қарасы, Желсіз түнде жарық ай, Сегіз аяқ, Ғылым таппай мақтанба, Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Интернатта оқып жүр, Ескендір, Әзім әңгімесі поэмалары, қара сөздері.

4 топ

Бес асыл іс, Бес дұшпан

Талап Өсек

Еңбек Өтірік

Терең ой Мақтаншақ

Қанағат Ерішек

Рахым Бекер мал шашпақ

Бес асыл іс:

Талап - ынта дегенді, білмегенді білуге құмарлық дегенді білдіреді.

Еңбек - ерінбей еңбек ету керек, еңбек ету арқылы арманына жетеді.

Терең ой - адамды адам еткен еңбек болса, жануарлардан адамның

ерекшелігі ойлай білетіні, соның ішінде Абай терең ойлайтын,

ақылды адамдарды бағалаған.

Қанағат - барға риза болу дегенді білдіреді

Рахым - адамға мейірім, шапағат, қамқорлық, жақсылық жасау дегенді

білдіреді.

Бес дұшпан:

Өсек- біреудің сыртынан даттау, жала жабу, кіналау. жалған сөз айту.

Өтірік - екіжүзділік, арамдық жексұрын адамды айтады

Мақтаншақ - өзін дәріптеп сүйетін адамдар, басқа адамдар алдында өзін

білімді, керемет болып көрсету.

Еріншек - Жаман қылық талапсыздық, жігерсіздік деген сөз.

Бекер мал шашпақ - қолда бар затып дұрыс пайдалана алмайтын, өз

пайдасын білмейтін адамдар.

ІІІ. Рефлексия

- Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, жүректен шыққан сөздеріңізді мына қағазға жазыңыздар.

Қорытынды. Ән "Желсіз түнде жарық ай"

- Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туган елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны соншама құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені , бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың "Атаңның баласы болма, адамның баласы бол" деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.


Бүгінгі сынып сағатымыз осымен аяқталды.

Сау болыңыз




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Абай ??нанбаевты? ?мірбаяны мен шы?армашылы?ы туралы т?рбие са?аты

Автор: Еспамбетова Айгуль Бартаевна

Дата: 09.05.2016

Номер свидетельства: 325019


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства