kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай Құнанбаев "Сабырсыз,арсыз,еріншек"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтің шығармашылығымен танысу.

Өлеңді түсініп оқу,өлеңнің негізгі ойын ашу.

Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу,адамгершілік құндылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай Құнанбаев "Сабырсыз,арсыз,еріншек"»

Мектеп : А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Мұғалімнің аты – жөні :Лебаева Р.А

Қатысқандар саны :

Күні : 17.11.2017 Қатыспағандар саны :

Сынып : 4 «А»

Сабақ тақырыбы

Абай Құнанбаев.Сабырсыз,арсыз,еріншек.

Сабақ мақсаттары

1.Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысу.

2. Өлеңді түсініп оқу,өлеңнің негізгі ойын ашу.

Жетістік критерийлері

1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысады .

2. Өлеңді түсініп оқиды,өлеңнің негізгі ойын ашады.

Құндылықтарды дарыту

Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу,адамгершілік құндылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Музыка сабағымен байланыстыру.Абай Құнанбаевтың өлеңі

"Көзімнің қарасы","Желсіз түнде жарық ай"тыңдату,айту.

АКТ қолдану дағдылары

Электронды оқулықтан Абай туралы мәлімет тыңдату.Слайд көрсету.

Алдыңғы білім

Абай Құнанбаевтың өлеңдерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин









7мин












7мин




1.Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал

"Жақсы сөз -жан азығы"-дейді қазақ.Мына жүрекшені бір-бірімізге бере отырып, қандай адам болу керектігін білдіретін тілегімізді айтайық.

-Осындай жүрекке жылы тиер жұмсақ сөздермен өз-өзімізге деген сүйіспеншілігіміз бен сенімімізді арттыра отырып сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын тексеру

-Өткен сабақта кімнің әңгімесімен танысқан едік?

-Әңгіме кім туралы?

-Ал енді үй тапсырмасына дайындықтарыңды тыңдап көрейік.Ол үшін "Ыстық орындық"әдісі арқылы үй тапсырмасын тексерейік.

Үнтаспадан Абайдың әнін тыңдату

-Балалар мынау қандай ән?Кімнің әні?

Тақтаға назар аударамыз

-Талап,еңбек,терең ой,

Қанағат,рахым ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз

Мына бір шумақ қай өлеңнің үзіндісі?Авторы кім?

-Осы "Ғылым таппай мақтанба"өлеңі кімнің есінде?Кім жатқа оқып бере алады?

Абай әлеміне саяхат

-Енді Абай әлеміне аздап саяхат жасап көрейік.

-Өткен сабақта Динаға Абай өмірінен ізденіс жұмысын тапсырған болатынмын.Қане назар аударайық(Дина слайдпен айтып шығады)

Олай болса, бүгін біз,балалар,ұлы ақын Абай Құнанбаевтың"Сабырсыз,арсыз,еріншек"өлеңімен танысамыз.

Оқушылар сабақтың мақсатын өздері анықтайды.

1. Ұлы ақын Абай Құнанбаев туралы мағлұмат ала отырып, өлеңнің өлеңнің негізгі ойын ашу.

1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысамыз .

2. Өлеңді түсініп оқып,өлеңнің негізгі ойын ашамыз.





























Слайд


Сабақтың ортасы



5 мин












2 мин


10 мин








Мәтінді таныстыру.

"Сабырсыз,арсыз,еріншек"өлеңі.Кітаптарын аштырмай тұрып ,бір оқушыға мәнерлеп оқыту.

-Енді балалар қолымызға қарындаш алып,"Түртіп алу"әдісі арқылы ,оқи отырып қандай сөздердің мағынасын түсіну қиын болып тұр сол сөзді белгілейміз.

Өлеңнің идеясын ашу.Сұрақ жауап арқылы

Оқушылар сұрақтар құрастырады.

-Өлеңде ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді сынап тұр?

-Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?

-Олай болса,бұл өлеңнің негізгі ойы не туралы деп ойлайсыңдар

Сергіту сәті .

"Желсіз түнде жарық ай "әнін орындайды .

Топтық жұмыс

Сыныпты 3 топқа бөлу

Топтың ережесін еске түсіру

1-топ Талап

2-топ Еңбек

3-топ Қанағат

Тапсырма

1-топ -Абай Құнанбаевтың"Сабырсыз,арсыз,еріншек"

өлеңінен адам бойындағы жағымды және

жағымсыз мінез -құлықтарды жіктеп жазу.Венн диаграммасы арқылы жүзеге асады.

Дескриптор: Абай Құнанбаевтың"Сабырсыз,арсыз,еріншек"

өлеңінен адам бойындағы жағымды және

жағымсыз мінез -құлықтарды жіктеп жаза отырып,өлеңнің негізгі ойын ашады.

2-топ Адам бойындағы қасиеттерге байланысты мақал-мәтелдер жазу. Оқушылар стикерге жазып,ватманға жапсырады

Дескриптор: Адам бойындағы қасиеттерге байланысты мақал-мәтелдер жаза отырып,өлеңнің негізгі ойын ашады.

3-топ Абай кім? деген сұрақ аясында Абай Құнанбаевты топтастырайық.Кластер құрамыз.

Дескриптор:Абай Құнанбаев жайлы мағлұмат алды.

Кері байланыс

-Енді топтар бір-біріне сұрақтар дайындаймыз тақырып бойынша.Әр топ екі сұрақтан.

"Екі жұлдыз,бір ұсыныс "арқылы топтар бір -бірін бағалайды.

Оқулық

Дәптер









Сабақтың соңы

4 мин

-Абай рухы-туған тілдің тірегі.

Абай рухы-қазағымның жүрегі.

Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,

Намысыңды қамшылас үнемі.-деп Абай аталарыңның шығармашылығына арналған сабағымыз аяқталды.

Бағалау

Сабаққа белсене араласқан балаларды сигналды карталардағы баллдарын санау арқылы бағалау.

Бұл жерде алдын ала тақтаға "Баллдар критериі"ілінеді .


Үйге тапсырма 3 сыныпқа арналған "Әдебиеттік оқу"оқулығынан Абай өлеңдерінің аттарын тауып жазу.Өлеңді жаттау.

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетеді жоспарлайсыз ? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз ?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз ?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысады Өлеңді түсініп оқиды,өлеңнің негізгі идеясын ашады.


Оқушыларды әр тапсырма сайын "От шашу", "Бас бармақ", тәсілдері арқылы бағалап отырдым.Әр тапсырманы орындаған сайын қандай мақсатқа жеткенімізді сұрап отырдым. Сабақ соңында

"Екі жұлдыз,бір ұсыныс"арқылы кері байланыс жасадым.





Сабақ ортасында оқушылардың денсаулық сақтауына байланысты сергіту сәті орындалды.

Сабақ бойынша рефлексия





17.11.2017




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Абай Құнанбаев "Сабырсыз,арсыз,еріншек"

Автор: Лебаева Райхан Абдиканатовна

Дата: 12.02.2018

Номер свидетельства: 456764


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства