Абай «?ыс» М.Ж?мабаев «А??ала» Т. Айбергенов «Аппа? ?ыс»
Абай «?ыс» М.Ж?мабаев «А??ала» Т. Айбергенов «Аппа? ?ыс»
Саба?ты? ма?саты: 1Т?рбиелік. О?ушылар?а ?ыс мезгіліні? кереметтері жайлы айта отырып, саба?ты? та?ырыбын ашу О?ушылар?а «?ыс», «А??ала», «Аппа? ?ыс» жайлы толы? м?лімет беру. О?ушылар?а авторлар жайлы айта келіп, о?у?а, ойын жеткізе білуге ?йрету.
Просмотр содержимого документа
«Абай «?ыс» М.Ж?мабаев «А??ала» Т. Айбергенов «Аппа? ?ыс» »
Ана тілі
Тақырыбы: Абай «Қыс» 1 класс
М.Жұмабаев «Аққала» 3 класс
Т. Айбергенов «Аппақ қыс» 4 класс
Сабақтың мақсаты: 1Тәрбиелік. Оқушыларға қыс мезгілінің кереметтері жайлы айта отырып, сабақтың тақырыбын ашу Оқушыларға «Қыс», «Аққала», «Аппақ қыс» жайлы толық мәлімет беру. Оқушыларға авторлар жайлы айта келіп, оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету.
2.Дамытушылық. Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауың қалыптастырып, сөздік қорын дамыту. Оқушылардың қызығушылығын арттыру.
3Тәрбиелік. Жыл мезгілдеріне деге сүйіспеншіліктерін қаллыптастыру.Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтаға жазылған сөздер, мазмұнды суреттер, слайдтар
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
-Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Өйткені біз топқа бөлінеміз.
Класты топқа бөлу
1 класс – қыс
2 класс-аққала
3 класс –аппақ қыс
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
-Үйге не берілді?
- Сурет салу, кысқы кеш, суықторғайды оқып келу
Жақсы онда қазір «Қыс» тобы аналарын бейнелеген суреттерінді қорғайсындар.
Оқушылар үйден салып келген аналарының суретіне сипаттама беру.
«Аққала» мен «Аппақ қыс» тобынан сұрақ-жауап арқылы сұрау.
Боран қалай суреттелген?
Кешкі адам тіршілігі ?
Суықторғайды тауып алған адам оны қайда алып келді?
Қардың үстінде ненің ізі айқын көрінді?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІV. Жаңа сабақ.
Бір жылда неше мезгіл бар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыста көз алдымызға нелер елестейді?
«Қыс» тобына тапсырмалар беру. Қысқа мезгіліне байланысты суреттерді топтастыру.
Оқушылардың жауабы
Қыс мезгіліндегі қандай ойын түрлерін білесіңдер?
Оқушылардың жауабы
Ендеше біз қазір аққала туралы шағын әңгіме құраймыз.
«Аққала» тобы аққала туралы шағын аңгіме жазу.
Міне, балалар қазір қыс мезгілі екенін білдік. Осы қыс мезгілінде сендердің көздеріңе не елестейді.
қар аяз
Қыс
адамдар қалың киіну
боран
«Аппақ қыс» тобына сурет беріледі сол суретке қыстың белгілерін жазу
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
Абай Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Абай ақын,жазушы.
Бүгін біз Абай атамыздың «Қыс» өленімен танысамыз
1 класс Абайдың «Қыс» өленің түсіндіру
Оқушылар іштей оқып отырғанда 3 кластын тақырыбын түсіндіру
Мағжан Жұмабаев 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.
3 класс Мағжан Жұмабаевтың «Аққала» өленің үн таспадан тындатқызып түсіндіру.
«Аққала» тобы өленді іштей оқып отырғанда 4 кластың тақырыбын түсіндіру.
Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қаракалпақ елінің Қонырат деген жерінде дүниеге келген.
4 класс «Аппақ қыс» өленің үнтаспадан тындатқызып түсіндіру. Оқушылар іштен оқу
Тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс оқушыларға сөздік жұмысты жаздыру
V. Сабақты қорытындылау:
Слайдтан суреттер көрсету арқылы сабақты қорытындылау.
Міне, балалар, қыс дегенде көзімізге аппақ қар, балалардың шыңғы тепкені, қармен атысып ойнағаны, аққала жасағаны елестейді.