kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты. 

Мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани адамгершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Винное орта мектебі КММ Мерзімі: 18.09. 2019 жыл. №3 сабақ

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Мұғалім: Сугирбаева Г.Ж.

Сынып: 4 «а» Оқушылар саны: 6

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар

Сабақтың мақсаты:Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер, стикер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену

«Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Жасымда ғылым бар деп ескермеді» Абай Құнанбаев.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы

Қолымды дөп сермесем өстер ме едім?

Адамның бір қызығы - бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де шауып, төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.


3. Дәйексөз.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба. Абай.

- Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.


4. Әңгімелеу.Ұлықман Әбілдаұлы

Талаптыға нұр жауар

Болашақ ақынның балалық шағы қос ананың – әжесі Зере мен анасы Ұлжанның бауырында, тәрбиесінде өтті. Сүйікті немересінің азан айтып қойған Ибраһим деген атына тілі келмей, оны «ойлы болсын, аңдағыш болсын, абайлағыш болсын» деген тілекпен Абай атандырған да сол аяулы әжесі-тұғын. Өзара өте тату ене мен келін – екі ана жаратылысынан байсалды, мейір- бан, әділ адамдар болғандықтан, өздерінің мейірі қатты ауған бұл баланы бауырмал, адамгершіл, қайырымды да әділ етіп өсіруге тырысты. Абай өңі қараторы, екі көзі тостағандай әрі өткір, кең маңдайлы, дембелше бойлы бала болады. Мінез жағынан ширақ, өткір, аңқаулығы мен тентектігі де аралас болса керек. Әсіресе, ол аса ұғымтал, бір көргені мен естігенін ұмытпайтын зерделігімен айрықша көзге түсетін. Оның бала кезін білетіндерден қалған сөзге қарағанда, Абай ертегіаңыздар, ел ішінің өткен өмірінен қалған алуан түрлі әңгімелер, өлеңжырлар десе, ішкен асын жерге қояды екен. Мұндайда көп мазалайтыны, сондай әңгіме-хикаяларды, әсіресе, ертегілерді көп білетін әрі нақышына келтіріп, жалықпай айтатын өзінің әжесі еді. Шешесі Ұлжан да ара-тұра хикая құмар ұлына ел ішінің күлкілі оқиғаларын мысқыл, сықақ қоса отырып, қызықты етіп әңгіме леп беретін. Абай осы әдетін өмір бойы тастамаған. Көп жыл- дар оның қасында болған Кӛкбай ақын: «Өзі біреуге ұзақ әңгі -ме, жыр сияқты нәрселерді айтқызғанда, еш уақыт басқа, бөтен нәрселерге аумай, таза көңілмен, үлкен ықыласпен тыңдайтын», - деп жазған. Осындай сөзді баласы Тұрлығұл мен қызы Уәсила естеліктерінен де оқимыз. «Әкем Абай туралы» атты естелігін- де Тұрлығұл былай дейді: «Түн болғанда әмсе біреуге ертегі айтқызып, я өзі айтып отыратын әдеті бар еді. Біреуге айтқыз- ғанда, бұрын естімеген кісіше, ынтасын сала тыңдап, әбден айтып болған соң, айтушының адасқан жері болса, өзі айтып беретін. Қазақ ертегісінде естімеген, білмеген ертегісі кем шығар». Бұл кездерде бір елдің анасы атанған Зере әжеге, аға сұлтан Құнанбайға сәлем беруге, не маңызды бір шаруамен алыс-жақыннан бұл ауылға келуші ел ағалары, атақты билер мен ақын-жыршылар, әншікүйшілер, жат жұрттық жолаушылар үзілмейтін. Ол кездің әдеті бойынша олар жата-жастанып өткен-кеткенді, бұрынғының әр алуан қызықты да қайғылы оқиғаларын айтысып, келген шаруаларын тек кетерде сөз ететін. Ал Абай сол қонақ отырған үйдің ең ынталы да жалық- пайтын тыңдаушысы-тұғын. Болайын деп тұрған ерекше зерек бала үшін мұның бәрі туған халқының әдет-салтын, сөз өнері мен тарихын, игі жақсыларының үлгі-өнегесі мен мінез-машықтарын білудің, танудың өзінше бір тамаша мектебі еді. Оның үстіне солардың арасындағы атақты ақын-жазушылар, әңгімеші-ертекшілер Зере мен Ұлжан аналардың өтінішімен апталап, айлап жатып, жас абайды әңгіме-жырға қандыратын. Ауыздан-ауызға көшіп, «ғажап-ай» дегізіп келе жатқан шешендік үлгілері, ақындар айтысы, билер дауы, неше түрлі күлдіргі сөз, тапқыр әзіл-сықақтар ынталы ұланның жадында өшпестей қалып отырды. Абайдың еңбекқор, төзімділігі, аз ұйықтайтын сергектігі, тамақты тарта ішетіндігі де бала шағынан бойына мықтап жұққан мінезі болыпты.

  • Қос ана Абайға қандай тәрбие беруді көздеген еді?

  • Абайдың мінезінде қандай ерекшелік болды?

  • Жас Абайдың ауыз әдебиетін сүюі неден байқалады?

  • Ел тарихына қызығушылық Абайға қалай әсер етті?

  • «Ұлы Абай» деп неліктен айтылған?

  • Өзің Абай ата туралы не білесің?


5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма Абай атаның даналық сөздерін оқып, көкейлеріңе түйіп алыңдар. Дәптерлеріңе жазыңдар.

  • Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол.

  • Адам баласына адам баласының бәрі – дос.

  • Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

  • Кімде-кім әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ.

  • Пайда ойлама, ар ойла.

2-тапсырма Абай атаның қара сөздерінен алынған үзінділерді оқыңдар. Өздеріңе ұнаған тұстарын дәптерлеріңе жазып алыңдар.

Он төртінші сөз

Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі. Асықтық та – жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.

Он тоғызыншы сөз

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады.


3-тапсырма Болашақ ұлы ақын Абай он жасқа келгенше небір ертегілер мен аңыздарды, батырлар жырын, ақын-жыраулардың толғауларын, шешендік сөз үлгілерін біліп, жадына сақтап қалған. Адам жас кезінде бас алмай оқып, жаттаған өлеңі мен әнін ұмытпай, өміріне серік етіп өтеді. Сол себепті сен де қызығып оқитын, оқыған сайын құмарта түсетін, түсінетін боласың.

  • Өздерің жатқа білетін Абай аталарыңның өлеңдерін ортаға салып айтыңдар.

Қорытынды:Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай елге танымал, көргенді отбасында өсіп, тәрбие алды. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да атақты би әрі батыр болған. Оның әкесі Құнанбай өте ықпалды би болды. Абай әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, сосын медреседе оқып білім алады. Ол бала жасынан кітапқа құмар болды. Абай қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын терең меңгерді. Абай халық ауыз әдебиетінің үлгілерін өте жақсы білді. Мектеп қабыр- ғасында оқып жүрген кезінде-ақ өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастады.



6. Топпен өлең айту.

«Жасымда ғылым бар деп ескермеді» Абай

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы

Қолымды дөп сермесем өстер ме едім?

Адамның бір қызығы - бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де шауып, төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.


7. Үй тапсырмасы.

1. Шәкәрімнің өмірі және бір әңгімесін оқып, айту.


8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиевтің іліміндегі өмірдің мақсаты

Автор: Сугирбаева Гульнар Женисхановна

Дата: 17.10.2019

Номер свидетельства: 522970


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства