Сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту. Санның құрамы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушыларға 9 саны, оның шығуы, сандарындағы орны туралы түсініктерді, 9 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру. 9 санының құрамымен таныстыру.
Дамытушылық : Оқушылардың танымдық қабілетін, ойлау деңгейін арттыру.
Тәрбиелік : Ұқыптылыққа, шапшандыққа баулу.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденіс ,ойын элементтері
Көрнекілігі: жұмбақтар, үлестірмелік кестелер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық.
1, 2, 3 Сынып іші тып – тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ал, қанекей, балалар, Бері таман қараңдар,
Жаңа сабақ бастайық, Есептерді қиналмай
Лезде шешіп тастайық.
9 – санының құрамы?
« Блиц – турнир»
1+1, 1+3, 1+5, 2+3, 2+4, 2+6, 3+2, 3+4, 3+5, 4+4,
7-2, 8-2, 7-5, 6-3, 5-4.
Жаңа сабақты меңгеру. (гүлдер суреті)
- Алқапта қанша гүл өсіп тұр? /8/
Тағы бір гүл бой көтеріпті, сонда қанша гүл болады?
8 + 1=9 немесе 1 + 8= 9
Қанекей, жұмбақтың жауабын табындаршы.
Шомылып жүр үшеуі, Жағалауда алтауы.
Балалардың барлығың,
Санап берші, сен тауып? /9/
9 9 9 9
1). Үйлерге орналастыр.
Балалар, 9 саны туралы не білеміз? 3, 5, 7, 9 қасиетті сандар.
9 құмалақ 9 мамыр
9 құмалақ – ұлттық ойын 9 мамыр - Жеңіс күн
Сөзжұмбақ.
1 - Қыстың бірінші айы. / қаңтар /
2 - Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. / қой /
3 - Одан балтаның сабы жасалады. / ағаш /
4 - Сөз неге бөлінеді? / буын /
5 - Оқушы құралы. / сызғыш /
Қайталау, санамақ.
1,2,3,4,5,..... Бесті бие құлынын
Белдеуден тез шеш.
6,7,8, ..... Семіріп алған ақ ешкі
Лақтады егіз. Семіздің аяғы - сегіз!
4) Дәптерде жұмыс
- Балалар, не байқадындар?
- 9 саны тағы қандай санға ұқсайды ?
- 6 саны етпесіне құлап қалғанда 9 санына айналды.
« Кім шапшаң?» ойыны. Аулада 5 үйрек Табақта 5 өрік Қорада 3 үйрек Қолымда 4 өрік
1 үйрек тығылды Қосқанда барлығын
1 үйрек жығылды Болады неше өрік ? /9/
Қалғаны неше үйрек? /6/
Қөлден ұшты 7 қаз Қайтып қонды 2 қаз
Қонады оның нешеуі Қәне, кім шешеді? /5/
5) Ойын «Жоғалған санды тап».
1 .. 3 .. .. 6 .. .. 9 .. 8 .. 6 .. 4 .. 2 .. 1 .. .. .. 5 .. .. .. 9
8+ *=9 7+ * = 9 6+ * = 9 5+ *=9 9- * = ..
*+8=9 *+ 7 =9 9- *= .. * +5=9 9- * = ..
6) Сергіту сәті 1,2,3 қарлығаштай боп ұш,
4, 5, 6 қарлығаш боп қалқы. 7,8,9,10 қайта орныңа қон.
7) №4. Қолға қарындаш пен сызғышты алдық, кесіндіні тауып, өлшеп, дәптерге сызамыз және оны салыстырамыз.
ІV. Қорытынды.
Бағалау. Мадақтау. Ынтамен қатысқандарға сыйлық тарату.