kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

9 санын б?лу ж?не к?бейту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: 9 - ?а  к?бейту ж?не б?лу кестесі

Ма?саты: 9 - ?а к?бейту ж?не б?лу кестесін ??ру, кестелік жа?дайларды ??ыну, логикалы? ойлау ж?не салыстыру ?абілетін дамыту.

?дісі: т?сіндіру,с?ра?-жауап, талдау,  іздену. К?рнекілігі:  сызба, суреттер

Саба?ты? барысы:   І. ?йымдастыру кезе?і:  Мен б?гін к??ілді келдім. К?не, ше?бер ??райы?, ?зімізді? жа?сы к??іл к?йімімізді бір- бірімізге берейік. ?йткені к??іл к?йіміз жа?сы болса ?иынды?тарды о?ай же?еміз ?ой.

ІІ.  ?й тапсырмасын тексеру:  №  4, 9. ІІІ. Пысы?тау:  ауызша ж?мыс.

 а)  ?р т?рлі   т?сілмен о?у ж?не «тізбек бойымен» шешу:

29 + 8 = 37                 51 – 7 = 44               38 + 27 = 65             80 – 34 = 46

37 + 7 = 44                 63 – 8 = 55               74 + 10 = 84             50 – 27 = 23

46 + 5 = 51                 92 – 5 = 87               13 + 88 = 101           90 – 62 = 28

  ?) «Кім жылдам?»  - 2 мысы?ты? неше ая?ы бар? 5 тыш?анны? неше ??ла?ы бар?

7 тор?айды? неше ?анаты бар?

І?.   Ма?сат ?ою кезе?і: саба?ты? та?ырыбы мен ма?сатын  хабарлау.

?.  Жа?а саба?. 1.?жымды? ж?мыс. № 1.

9 ? 9 = 9 + 9 + 9 + 9 + 9 + 9 + 9 + 9 + 9

 9 ? 9 =  81

 81 : 9 =  9

(9 к?бейту ж?не б?лу кестелік жа?дайын толы? ?айталау ж?н. О?ушы білімін тияна?тау ма?сатында.)

№ 2  Ауызша есептеу. ?ай кесеге ?ымыз ??йыл?ан? ?аысысына ш?бат ??йыл?ан?

?ымыз ??йыл?ан.                                                Ш?бат.

72 : 8 = 9                                                           4 ? 2 = 8

3 ? 3 =   9                                                          56 : 7 = 8

 81 : 9 = 9

2. Ж?пты? ж?мыс. № 2 Кестені толтыр:

а

6

5

4

1

0

10

а + 9

15

14

13

10

9

19

а ? 9

54

45

36

9

0

90

Сергіту с?ті: м??алім сандарды атайды: 10, 15, 12, 14, 11, 13, 18, 19, 8, 17.

Егер сан екіге б?лінсе – о?ушылар екі рет секіреді, ал егер б?лінбесе – бір рет орнында адымдайды.

?І.  ?ткен материалды  бекіту.  1.   ?жыммен. Есеп шы?ару.  № 4

Раушан – 30 ж?не 40 ?алампыр          Шешуі:   (30 + 40) – 5 ? 9 = 70 – 45 = 25

Сатылды – 5 г?лден -9 г?лшо?ы         Жауабы: 25 г?л ?алды.

?алды - ?

№ 5

К?ктікен – 36 г?л – 9г. г?лшо?.               Шешуі: 36 : 9 ? 7 = 4 ? 7 = 28

Т?ймеда? - ? г?л      - 7 г. г?лшо?            Жауабы: 28 т?ймеда? г?лі болды.

 № 6

Т?ске дейін – 9 г?л – жетіден бірі.           Шешуі: 9 ? 7 = 63

Барлы?ы -?                                              Жауабы: барлы?ы 63 г?л бол?ан.

2.   Топты? ж?мыс. № 7. ?алды?пен б?луді орында ж?не тексер:

  1. топ. (1 – 2 ба?ан),   2 топ (3 – 4 ба?ан),     3 топ (5 – 6 ба?анды орындайды.)

3.  ?здік ж?мыс. № 8.

№9 Тік т?ртб?рышты? ені 4 см, ал периметрі 18см болса, оны? ?зынды?ын тап. Осы тік т?ртб?рышты сыз ж?не ауданын тап.

а = 4 см                    в = 18 – 4 ? 2 = 10 (см)

Р = 18 см                  S = 4 ? 10 = 40 (см2)

 в = ?

S = ?

  1. Шы?армашылы? ж?мыс. № 10. Есепті кестені? к?мегімен шы?ар?ан ?олайлы.

?йге  тапсырма: №8,11 108 бет.      Ба?алау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«9 санын б?лу ж?не к?бейту»

77. Сабақтың тақырыбы: 9 - ға көбейту және бөлу кестесі

Мақсаты: 9 - ға көбейту және бөлу кестесін құру, кестелік жағдайларды ұғыну, логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту.

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: сызба, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 4, 9. ІІІ. Пысықтау: ауызша жұмыс.

а) Әр түрлі тәсілмен оқу және «тізбек бойымен» шешу:

29 + 8 = 37 51 – 7 = 44 38 + 27 = 65 80 – 34 = 46

37 + 7 = 44 63 – 8 = 55 74 + 10 = 84 50 – 27 = 23

46 + 5 = 51 92 – 5 = 87 13 + 88 = 101 90 – 62 = 28

ә) «Кім жылдам?» - 2 мысықтың неше аяғы бар? 5 тышқанның неше құлағы бар?

7 торғайдың неше қанаты бар?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ . 1.Ұжымдық жұмыс. № 1 .

9 ∙ 9 = 9 + 9 + 9 + 9 + 9 + 9 + 9 + 9 + 9

81 : 9 = 9

9 ∙ 9 = 81





(9 көбейту және бөлу кестелік жағдайын толық қайталау жөн. Оқушы білімін тиянақтау мақсатында.)

№ 2 Ауызша есептеу. Қай кесеге қымыз құйылған? Қаысысына шұбат құйылған?

Қымыз құйылған. Шұбат.

72 : 8 = 9 4 ∙ 2 = 8

3 ∙ 3 = 9 56 : 7 = 8

81 : 9 = 9









2. Жұптық жұмыс. № 2 Кестені толтыр:

а

6

5

4

1

0

10

а + 9

15

14

13

10

9

19

а ∙ 9

54

45

36

9

0

90



Сергіту сәті: мұғалім сандарды атайды: 10, 15, 12, 14, 11, 13, 18, 19, 8, 17.

Егер сан екіге бөлінсе – оқушылар екі рет секіреді, ал егер бөлінбесе – бір рет орнында адымдайды.

ҮІ. Өткен материалды бекіту. 1. Ұжыммен. Есеп шығару. № 4

Раушан – 30 және 40 қалампыр Шешуі: (30 + 40) – 5 ∙ 9 = 70 – 45 = 25

Сатылды – 5 гүлден -9 гүлшоғы Жауабы: 25 гүл қалды.

Қалды - ?

№ 5

Көктікен – 36 гүл – 9г. гүлшоқ. Шешуі: 36 : 9 ∙ 7 = 4 ∙ 7 = 28

Түймедақ - ? гүл - 7 г. гүлшоқ Жауабы: 28 түймедақ гүлі болды.

№ 6

Түске дейін – 9 гүл – жетіден бірі. Шешуі: 9 ∙ 7 = 63

Барлығы -? Жауабы: барлығы 63 гүл болған.

2. Топтық жұмыс. № 7. Қалдықпен бөлуді орында және тексер:

  1. топ. (1 – 2 баған), 2 топ (3 – 4 баған), 3 топ (5 – 6 бағанды орындайды.)

3. Өздік жұмыс. № 8.

№9 Тік төртбұрыштың ені 4 см, ал периметрі 18см болса, оның ұзындығын тап. Осы тік төртбұрышты сыз және ауданын тап.

а = 4 см в = 18 – 4 ∙ 2 = 10 (см)

Р = 18 см S = 4 ∙ 10 = 40 (см2)

в = ?

S = ?

  1. Шығармашылық жұмыс. № 10. Есепті кестенің көмегімен шығарған қолайлы.

Үйге тапсырма: №8,11 108 бет. Бағалау.


Математика

Тақырыбы: Аудан бірлігі – квадрат сантиметр

Мақсаты: Аудан бірлігі – квадрат сантиметрмен таныстыру; есептерді шығара білу және есептеуге дағдыландыру; өздігінен жұмыс істеуге, зерделі болуға үйрету.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: кестелер, суреттер, сызбалар.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 8 талдау, салыстыру. ІІІ. Білімдерін тексеру: Ауызша жұмыс. 4-ке, 5- ке көбейту кестесін сұрау.

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Үлгі бойынша түсіндіру. 1 см

  1. Квадрат сантиметр - аудан бірлігі.

    1см2

Квадрат сантиметр – қабырғасының ұзындығы 1 см

1 см-ге тең шаршының ауданы.

  1. № 2. Ауызша талдау.

а) үшеуінің ауданы 1 см2

ә) 1 › 2, 1 › 3; 2 = 3

3. Есеп шығару: № 3. Сұрақ қойып шығар

Түске дейін – 36 адам Шешуі: (36 + 15) + 36 = 51 + 36 = 87

? Жауабы: барлығы 87 адам.

Түстен кейін ?, 15 артық


Ү. Түсінгенін тексеру:

1. Есеп шығару. № 6.

а) Шешуі: 32 : 4 ∙ 5 = 8 ∙ 5 = 40 Жауабы: 5 күнде 40 көшет сатылды.

ә) Шешуі: 100 : (18 : 9) = 100 : 2 = 50 (кг) Жауабы: 50 кг тыңайтқыш керек.

2. Өздік жұмыс: № 7. Тік төрбұрыш сыз. Тік төртбұрышта неше см2 бар ?

6 см ∙ 3 см = 18 см2

  1. Топтық жұмыс. № 8 Қалдықпен бөлудің дұрыстығын тексер:

  2. Шығармашылық жұмыс № 9. (Жауабы: әуелі Тастау шыңын, ең соңында Хантәңірі шыңын бағындырған.)

Сергіту сәті

ҮІ. Бекіту. Бүгінгі сабақта не істедік? Неге үйрендік? Сабақтан қандай жаңа нәрсені білдіңдер?

№ 10 .

Дұрыс жауаптың нөмірін ата: (1, 2 фигуралардың ауданы = 1 см2)

Квадрат сантиметр – бұл ауданның бірлігі болады.

жалғастыр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 5, 112 бет 2 . Бағалау












55. Тақырыбы: Баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік.

Мақсаты: Баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік жайлы таныстырып өту; көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалану біліктігін тиянақтау; өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасай білуге баулу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, өздігінен жұмыс істеу. Көрнекілігі: арнайы суреттер, кестелер,схемалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық,амандасу, түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6, 10. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

ІІІ. Өткенді қорыту: 1. Компоненттер атауын атау, дұрыс оқу. ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Ұжымдық талдау № 1.

Жапалақ 4 шар сатып алды. 1 шардың бағасы 2 тг. Жапалақтың сатып алған шарларының құны қанша?

Шешуі: 2 ∙ 4 = 8 (тг) Жауабы: 8 теңге.



Заттардың құнын табу үшін, бір заттың бағасын заттардың санына көбейту керек.







№ 2. Қонжық 3 шар үшін 6 тг төледі. Бір шардың бағасы қанша?

Шешуі: 6 : 3 = 2(тг.) Жауабы: 2 теңге.

Заттың бағасын табу үшін, олардың құнын заттардың санына бөлу керек





:



№ 3. Қоянда 3 тг. Бар. Бір шардың бағасы 2 тг. Қоян 12 тг. Неше шар сатып алады?

Шешуі: 12 : 2 = 6 (ш.) Жауабы: 6 шар.

Заттардың санын табу үшін, құнын бір заттың бағасына бөлу керек.







  1. Түсіндіріп шығару. а) № 4 Кестені пайдаланып, есептер құрастыр және оларды шығар:

а) Ш: 90 2 = 180 (тг.) Жауабы: 180 теңге.

ә) Ш: 360 :4 = 90 (тг.) Ж: 1 бағасы 90 тг.

б) Ш: 320 : 80 = 4 (л) Ж: 4 л.

ә) Сурет бойынша есеп құрастыр және оны шығар.

1) Ш: 40 + 40 = 80 (тг.) жауабы: барлығы 80 тг.

2) Ш: 60 : 3 = 20 (тг.) жауабы: 1 дәптер 20 тг.

ҮІ. Өткен материалды пысықтау: Ауызша есептеулер. № 7.

  1. 5 3 = 15 (тг.) 2) 15 : 3 = 5 (тг) 3) 15 : 5 = 3 (конверт)

  1. Жұптық жұмыс. № 8. Тура теңдік шығу үшін «+», «-» таңбасын және жақшалар қой:

(46 + 9) – 5 = 50 (39 + 8) + 53 = 100

(91 + 9) - 32 = 68 65 +( 6 – 2) = 69

  1. Өздік жұмыс. № 10. Р = (3 + 1) 2 = 8 (см) Р = 3 + 1 + 3 + 1 = 8 (см)

ҮІІ. Бүгін не білдік? 1) Шығармашылық жұмыс: № 12. (Жауабы: 180 теңге екінші

құрбыға берілуі керек.) 2). № 13. Ауызша.

а) 9 : 3 = 3 (тг) ә )12 : 3 = 4(сіріңке) б) 70 4 = 280 (тг) в )300 : 3 = 100 (тг)

ҮІІІ. Үйге тапрсыма: № 6, 11. 100 бет. Бағалау


Тақырыбы: Баға, сан, кұн шамалары

Мақсаты: Баға, сан, құн шамалары жайлы түсінік беріп және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету; талдап, қорытынды жасай білуін дамыту; ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сызба, суреттер.Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап. Сабақтың типі: аралас сабақ. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы.

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. № 6,9,12. 2. Көбейтудің компоненттерін атау. Көбейтуді немен тексереміз? Көбейткіштердің орны ауысқаннан ... ?

ІІІ. Білімді бекіту: Ауызша жұмыс. а) Ойын: «Сыңарын тап».

- Жауаптары бірдей мысалдарды ата және оларды меңзермен біріктір.

22 + 58

64 + 30

2 ∙ 7

8 + 72

4 + 46





7 +7 + 7

25 + 25

7 ∙ 2

100 - 6





- Қандай өрнек сыңарсыз қалды? Оған сыңар болатын өрнек ойлап табыңдар.

(4+46 = 25+25; 8+72 = 22+58; 2 ∙ 7 = 7 ∙ 2; 64 +30 = 100-6; 7+7 + 7 = 7 ∙ 3)

ә) – Қандай қосындыны көбейтіндімен алмастыруға болады?



5 + 5 + 5

9 + 9

4 + 4

3 + 3 + 3

4 +8

3 + 3 + 3





3 + 4 + 4 +4

2 + 4 + 3

3 + 2

6 + 6

ІҮ. Жаңа сабақ: № 1. Ұжыммен талдау. (ауызша)

Дүкенде ойыншықтар сатылады. Суреттегі ойыншықтар саны нешеу? Әр ойыншықтың бағасы қандай? а) бірдей; ( 150 тг); ә) әр түрлі екі ойыншықты ата. (250 тг, 200тг)

№ 2 , № 3, № 4 ауызша талдау.

  1. Кестені толтыр:

Бағасы

Саны

Құны

60 теңге

3 банан

180 теңге

40 теңге

5 апельсин

200 теңге

50 теңге

7 алмұрт

350 теңге

150 теңге

а шар

300 теңгеге

шшв теңге

5 альбом

1000 теңгеге

Ү. Сергіту сәті. ҮІ .Түсінгендерін тексеру:

  1. Есеп шығару. № 5.

Қара сарбаз – 143 о. Шешуі: 143 + (143 + 168) – 72 = 143 + 311 -72 = 382

Ақ сарбаз - ?, 168 артық жауабы: 382 сарбаз ойынды жалғастырды.

Шығып қалды- 72 с.о.

Нешеуі жалғастырды?

  1. Жұптық жұмыс. № 8. Қалдықпен бөлуді орында және тексер:

19 : 2 = 9 (қалд. 1) 21 :2 = 10( қалд. 1) 28 : 3 = 9(қалд.1) 31 : 3= 10( қалд. 1)

9 ∙ 2 +1 = 18+1= 19 10 ∙ 2 + 1 = 21 9 ∙ 3 + 1 = 28 10 ∙ 3 + 1 = 31

ҮІІ. Бүгін не білдік? Шығармашылық жұмыс. № 9. (ауданы ең үлкен көл – Балқаш, ауданы ең кішкене көл –Марқакөл) ҮІІІ .Үйге тапрсыма: № 4, 6,

137 бет. Бағалау





11.01.2016ж Әдебиеттік оқу

ҮІ бөлім. Жақсыдан үйрен

Тақырыбы: Баланың айласы. Ыбырай Алтынсарин

Мақсаты: Оқушыларға білімділік,тапқырлық жайында айта келе, мәнерлеп түсініп оқуға үйрету; тілін , сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Берілген сызбаның сол жағындағы мақал-мәтелдерге мән бере отырып, оң жағындағы негізгі ой болатын сөз тіркетерін тұсына жаз.



Мақал- мәтелдер

Түйін сөздер


1

2

1







2

Басыңа іс түссе,

Жақсы дос көмек етеді,

Жаман дос күліп өтеді.



Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда сорны іледі.



адал достық





тәрбиелі, өнегелі болу.



т.с.с.









Ү. Жаңа сабақ: 1. Бөлімнің атына мән беріп,тақырыптың мазмұнын аш.











Мақтаншақ үлкенді

болмауды сыйлау



2.мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. 3. Сөздік жұмыс: Төре (төрелік)-бұл жерде: шешім, Әйдік-үлкен. 4. Әңгіменің авторы кім? Ол туралы не білесің? Ғалым не істеді? Неге тасты көтерді? Астынан не шықты? Ол не деді? (Шағамын.) Олар біреуге жүгінелік, төреші болсын деді. Кімдерге, нелерге барды? Төрешілер не деді? (түйе, жеміс ағашы, итке, балаға).

Сергіту сәті.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1.Суретпен жұмыс: Берілген сурет әңгімедегі қандай оқиғаны

бейнелейді? Әңгімелеп көр. 2. Топтық жұмыс. Берілген пікірге нақты дәлелдер келтіріңдер.

І топ

ІІ топ

Жақсылыққа жамандық бар

Жақсылыққа тек жақсылық бар

3.Іздену. Мәтіндегі қызыл бояумен ерекшеленген сөзді оқы. «Жақсылыққа жамандық бар ма?» Осы сұраққа жауап іздеп көр.

ҮІІ .Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Егер сен көшеде келе жатып сандық тауып алсаң, не істер едің? ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұнын айту. Бағалау.







12.01.2016ж

Математика

Тақырыбы: Ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу

Мақсаты: Ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлумен таныстыру; өрнектің мәнін табу, есептерді шығара білуге дағдыландыру; есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру,талдау, сұрақ-жауап, іздену. Көрнекілігі: үлестірмелер, кестелер, сызбалар. Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлумен танысу;

ІІІ. Жаңа сабақ: ауызша жұмыс. 1.

4 ∙ 2 =8 8 : 4 = 2 3*3=9 9 : 3 =3 2∙ 5=10 10 : 5 = 2

40*2 =80 80:4 =20 30*3=90 90:3=30 20∙ 5=100 100 : 5 = 20

400*2=800 800:4=200 300*3=900 900 : 3 =300 200∙ 5=1000 1000 : 5 = 200

2. Ұжыммен: № 1. Үлгіні қолдана отырып, есепте.


Үлгі:

3 ∙ 2 =6 6 : 2 = 3

30 ∙ 2 = 3 онд. ∙ 2 = 6 онд. = 60 60 : 2 = 6 онд. : 2 = 3 онд. = 30

300 ∙ 2 = 3жүзд. ∙ 2= 6 жүзд. = 600 600 : 2 = 6 жүзд.: 2 = 3 жүзд. = 300












Өздік жұмыс. № 2.

2 сағ = 120 мин 2 м = 200 см 2 ц = 200 кг 2 ғасыр = 200 жыл

3 сағ = 180 мин 3 м = 300 см 3 ц = 300 кг 3 ғасыр = 300 жыл

4 сағ = 240 мин 4 м = 400 см 5 ц = 500 кг

  1. Ойланып, ауызша есептеу. № 3.(1)

1 вагонда – 40 т көмір

8 вагонда - ? 40 ∙ 8 = 320 Жауабы: 320 т көмір.

№ 8(2).

Жүгері – 20 кг, 40 кг кем Шешуі: 20 + 40 = 60 Жауабы: 60 кг күріш

Күріш - ?

1. Есеп шығару. № 4

Айжан – 16 қызыл қ. , 14 сары қ. Шешуі: ( 16 + 14 ) : 3 = 30 : 3 = 10

1 қатарға – 3 тұқым Жауабы: 10 қатар

Неше қатар - ?

№ 5 Кестені толтыр.

а

6

3

5

4

1

30*а

180

90

150

120

30

100*а

600

300

500

400

100


№6 Өрнекті жаз және оның мәнін тап:

  1. (256+44): 3=100

  2. (726-126): 2=300

  3. (85+115)* 4=800

  4. (300*2): 3=200


ІҮ. Түсінгендерін тексеру:. № 7. Есепте.

635 + 165 = 800 (563+348)-634=277

532- 346=186 932- (565+ 257)=110

697+315=1012 900- (385+ 327)=188

547-169=378 720- (236+ 276)=208

№8 Бос орынға тиісті сандарды қой:

492см= 4 м 9дм 2 см 354см= 35дм 4 см

956 см = 9 м 5 дм 6 см 234 см= 23дм 4 см

  1. Шығармашылық жұмыс. Сандар қосындысының мәнін ыңғайлы тәсілмен тап:

22 + 24 + 26 + 28 + 30 + 32 + 34 + 36 + 38 = (22 + 38) +(24 + 36) + (26 + 34) + (28 + 32) = 60 + 60 + 60 + 60 = 240 немесе 60 ∙ 4 = 240

Ү. Бекіту. Бүгінгі сабақта не білдік? ҮІ .Үйге тапсырма: № 8 ,12 82 бет.Бағалау.





Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика

Уақыты:01.02.2016

Кабинет: 2

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Бақылау жұмысы №4

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпы мақсаттар

Мақсаты: көбейту мен бөлудің өзара байланысының мәнін ашатын өрнектердің мәнін таба білудағдыларын жетілдіру, жақшалы және жақшасыз өрнектерді есептей алу,1 және 0 сандарымен көбейту және бөлу амалдары туралы білімдерін бекіту.

Білу:

Жазбаша кестелік көбейту және бөлу тәсілдері;

Жақша арқылы берілген жай есептердің негізгі түрлерін шығару;

Құрылымы күрделі теңдеуді шешу.

Қолдану:

Кестелік көбейту және бөлу амалдарын қолдану;

Амалдар таңбасын дұрыс қоя білу.

Фигураны сызып, оның периметрін тауып , жауабын (мм) өрнектеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Жаңа сабақ


Парақшаларды оқушыларға үлестіру

1 нұсқа

  1. нұсқа

1. Есепте.

250-50+120 800-(350-300) 7∙1 19:19

560+200-160 200+(370+30) 0∙6 0:12

250-50+120 (800-350)-300 8∙1 15:15

560+200-160 (200+370)+30 0∙7 0:16


2.Есепті шығар.

Тігін фабрикасына 165 м жібек мата және 145 м жүн мата әкелінді.Оның 218 метрі пайдаланылды. Тігін фабрикасында қанша метр мата қалды?

Баспаханашыға 360 оқулық түптеп шығару керек болды. Ол 98 математика, 84 қазақ тілі оқулығын түптеді. Түптелмеген қанша оқулық қалды?

3.Теңдеулерді шеш.

45+х=255-140

х-98=312+317

595-х=114+216

х+120=900-540

4.Шаршы сал, периметрін тап, жауабын (мм) өрнекте.

Қабырғалары 4 см болатын шаршы сал, периметрін тап, жауабын миллиметрмен өрнекте.

Қабырғалары 6 см болатын шаршы сал, периметрін тап, жауабын миллиметрмен өрнекте.

5. Амалдар таңбасын қой.

9 120 = 29

0817 = 17

81 16 = 24

03 12 = 12

6*Логикалық тапсырма.

Себеттегі алмалар саны екі таңбалы санға тең. Алмаларды екі, үш немесе бес балаға тең бөліп беруге болады. Себетте неше алма бар?

10 велосипедтің 27 доңғалағы бар. Олардың нешеуі екі доңғалақты және нешеуі үш доңғалақты велосипед?


Үй тапсырмасы

Қайталау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.































Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты Әдебиеттік оқу

Уақыты:01.02.2016

Кабинет:2

МұғалімАйтжанова Ж

Сабақтың атауы

Ә. Сәрсенбаев. Халыққа жеткiз күйiмдi

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты мен міндеттер: мәтінді, өлеңді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық: талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: мақал-мәтелдер жинтығы, ана мен бала суреттері

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Бүгін сабақта Ә.Сәрсенов «Халыққа жеткіз күйімді.» шығармаларымен танысамыз.

- үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

  • -тізбек бойынша оқу

  • тұтас оқу

  • іштей оқу

  • мәтін неге олай аталады?

  • мәтінде кім туралы айтылған?

  • «Қолғанат» деген сөзді қалай түсіндіңдер?

  • мәтіннін негізгі ойын ата

  • Құрманғазы деген кім?

  • Ол кіммен алғаш кездесті?

  • Дина қандай қыз болып шықты?

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

-суреттерде не бейнеленген? Оқыған мәтіннің қай бөлігіне сәйкес келеді?

- Сурет бойынша Дина мен Құрманғазының кездесуі туралы әңгімеле.

Өзің қандай музыкалық аспапты ұнатасың? Әнші болғын келе ме?

Қандай атақты өнер адамдарын білесің?

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






























Пәннің аты Қазақ тілі

Уақыты:02.02.2016

Кабинет:2

МұғалімАйтжанова Ж

Сабақтың атауы

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты : Білімділік Оқушылардыдың түбір мен қосымшаның жазылуы туралы түсінік қалыптастыру және оны меңгеру қосымшалардың жазылу ережесін білу меңгеру.
Дамытушылық : Оқушыларды ойын арқылы ой-өрісін , логикалық ойлауы мен дүние танымын , есте сақтау қабіліттерін , жалпы оқуға деген қызығушылығын іскерлігін дамыту .
Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты , әдемі, жазуға , тиянақтылыққа , ұжымдыққа, әдептілікке , қазақ тілін қастерлеуге , өз білімін көпшілік алдында көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : ойын -сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілі : Сұрақ –жауап , ой жинақтау , ереже айту, мақал- мәтел , таза жазу минуты, сурет бойынша жұмыс , көрініс.

Психологиялық ахуал

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру

а) писихологиялық дайындық
Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте .
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте. Ана тілімізді құрметеп , тілімізді білуіміз біздің басты міндетіміз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

 Қосымша дегенiмiз не? Мысал келтiр.
- Сөз құpaмына не жатады?
- Қосымша мен түбiр сөздi салыстыр.
- Түбiр сөз дегенiмiз не?
- Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
- Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Сергіту сәті

Түбір болып жасаймыз,
Қосымшасы мынадай.
Екі түрге бөлініп,
Шығып алды осылай,
Жұрнақ ,жалғау кәнекей,
Жасап көрші қайталай.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Топтық тапсырма Әр топқа жеке – жеке тапсырма беріледі.
І топ Түбір сөзге тиісті қосымшаны қосып жаз.
Тарақ ----- і
Кәсіп -----ы
күрек ----ы
Қалақ -----і
ІІ топ Берілген түбір сөзден бірнеше туынды сөздер жасап жаз.
Бала -лық,-(қай)
Оқу -лық,-(шы)
ІІІ топ Сызба бойынша сөздер тауып жаз.
Түбір + жұрнақ
Түбір +жұрнақ + жалғау
Түбір +жалғау +жалғау
Әр топ басшысы қорытынды жасайды.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


































Математика 02.02.2016

Тақырыбы: Қосындыны санға көбейту – көбейтудің үлестірімділік қасиеті

Мақсаты: Оқушыларды көбейту амалының үлестірімділік қасиетімен таныстыру; білімі мен білігін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай отырып өздігінен жұмыс істеуге баулу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік, жұппен

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Ұжымдық жұмыс. № 1. Кестені толтыр.



42



30

24



24 : 6 = 4 8 ∙ 8 = 64

: 6

30 : 6 = 5 8 ∙ 9 = 72

4

5



8

5 ∙ 6 = 30 24 : 8 = 3

42 : 6 = 7 4 ∙ 8 = 32

8 ∙ 6 = 48 0 ∙ 8 = 0



∙ 8



0

24

64



4



9

8





№ 2. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есепте:

(9 + 4) ∙ 6 = 9 ∙ 6 + 4 ∙ 6 = 54 + 24 = 78 (5 + 8) ∙ 2 = 5 ∙ 2 + 8 ∙ 2 = 10 + 16 = 26

№ 4. Есепте.

384 см + 5дм = 384см +50см = 434 см 112см - 6дм = 112см – 60см = 52см

№ 5. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығар.

а) Шешуі: (2 + 3) ∙ 3 = 5 ∙ 3 = 15 Жауабы: 15 әшекейлік зат бар.

ә) Шешуі: (4 + 5 ) ∙ 7 9 ∙ 7 63 Жауабы: 1 аптада 63 орындық жасайды.

б) Шешуі: 10 ∙ 3 + 10 ∙ 4 = 30 + 40 = 70 Жауабы: барлығы 70 сәбіз.

ІҮ.Түсінгендерін тексеру:

  1. Есеп шығару. № 6.

12 май ш. – 10 шамшырақ Шешуі: 12 ∙ 10 + 5 ∙ 100 = 120 + 500 = 620

? Жауабы: барлығы 620 шам жанып тұрды.

5май ш. – 100 канделябр

№ 7.

2 алқа - 20 жақұты Шешуі: 20 ∙ 2 + 10 ∙ 4 = 40 + 40 = 80

? Жауабы: барлығы 80 асыл тас.

4 салпыншақ - 10 меруерт тас

  1. Жұптық жұмыс. № 9. Қалдықпен орында және тексер:

21 : 10 = 2(қалд.1) 65 :10 = 6(қалд.5) 32 : 10 = 3(қалд.2)

Ү. Сабақты қорыту. Біз бүгін сабақта немен таныстық?

Шығармашылық жұмыс. № 10.

Егер бірінші көбейткішті 7 санына кемітсе, 40 ∙ 36 көбейтіндісінің мәні қанша кемиді?

(40 – 7) ∙ 36 = 40 ∙ 36 – 7 ∙ 36 деп аламыз, 7 ∙ 36, яғни 252ге кемиді, өйткені 7 ∙ 36 252

Жауабы: 252-ге.

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. № 3,11. 173 бет 2. Бағалау.






Тақырыбы: Бақылау диктанты

Мақсаты: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Диктантты жазып болған оқушылар іштерінен оқып, мұғалімнің оқуы бойынша тексереді.

Шахтада

Біз қалада тұрамыз. Әкем шахтада істейді. Шахтер болуды мен де ұнатамын. Шахтаны көргім келді. Оның қайда екенін білемін. Анау биік қара таудың қасында. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер есік сол жерде.Ақыры шыдамадым. Әкем сыйлаған фонарымды алдым да тура шахтаға тарттым. Шахтаның ішін араладым. Шахтада жұмыс істеу маған ұнайды (48 сөз)

Тапсырма

1. Фонарь сөзіне дыбыстық талдау жаса. Сөзде қанша дыбыс, қанша әріп бар, жазып қой.

2. Алдыңдағы екі сөйлемнен қимылды білдіретін сөздердің астын сыз.

ІҮ. Үйге тапсырма: пысықтау.

Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.





Математика

Тақырыбы: Тура теңдіктер қасиеттері негізінде қарапайым теңдеулерді шешу

Мақсаты: Оқушыларды тура теңдіктер қасиеттері негізінде қарапайым теңдеулерді шешу біліктігін қалыптастыру; есеп шығару, есептеу дағдыларын жетілдіру; салыстырып, талдай білуге баулу. Әдісі: қайталау, талдау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегіосындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 4. ІІІ. Оқушы білімін жан – жақты тексеру.

Ауызша жұмыс. (1)

6 + 7 = 13 8 ∙ 7 = 56 14 – 7 = 7 14 : 7 = 2

9 + 7 = 16 6 ∙ 7 = 42 23 – 7 = 16 7 : 7 = 1

5 + 7 = 12 5 ∙ 7 = 35 35 - 7 = 28 21 : 7 = 3

8 ∙ 8 = 64 3 ∙ 7 = 21 72 : 8 = 9 42 : 7 = 6

64 : 8 = 9 9 ∙ 7 = 63 8 ∙ 9 = 72 35 : 7 = 5

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру:

15: 3 ∙ 3= 15

9 ∙ 4 : 4 = 9

27 : 9 ∙ 9 = 27

8 : 2 ∙ 2 = 8

х : 4 ∙ 4 = х

у ∙ 5 : 5= у



Қорытынды: Егер кез келген санды бір санға көбейтіп, содан кейін дәл сол санға бөлсе, алғашқы санның өзі шығады.

№ 2. Теңдеулерді шешу тәсілін түсіндір:

Х ∙ 3 = 27 х : 9 = 4

Х ∙ 3 : 3 = 27 : 3 х : 9 ∙ 9 = 4 ∙ 9

Х = 27 : 3 х = 4 ∙ 9

Х = 9 х = 36

9 ∙ 3 = 27 36 : 9 = 4

Тура теңдіктер қасиеттері қолданылды.

Жұптық жұмыс. № 3. Тура теңдіктер қасиеттерін пайдаланып,теңдеулерді шеш:

Сергіту сәті: Ү. Өткен материалды бекіту.

1. Өздік жұмыс. № 6 . Қосындылар мен айырмалардың мәндерін тап:

2. Есеп шығару. № 7.

40 кг – 6 жәшік ? Шешуі: 40 ∙ 6 + 100 ∙ 2 = 240 + 200 = 440

100 кг – 2 контейнер жауабы: жалпы салмағы 440 кг

№ 8.

5 корпус – 16 ұл ? Шешуі: 16 ∙ 5 + (16 ∙ 5 : 4 ∙ 4) = 80 + 80 = 160

4 корпус – сонша қыз Жауабы: барлығы 160 бала.

№ 9.

Ұзындығы – 18м бұл периметрінің бестен бірі

Р = ? Р = 18 ∙ 5 = 90

№ 10. Ш: ( 2 ∙ 2 + 4) ∙ 2 = 16 Жауабы: периметрі 16 см

Ү. Сабақты қорыту: Ұжымдық жұмыс. № 11. № 12 № 4.

ҮІ. Үйге : № 4, 13.187 - 188 Бағалау.









Математика

Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлу

Мақсаты: Қосындыны санға бөлу ережесімен таныстыру; дұрыс есептеу және есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кестелер, сызбалар. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік, жұптық жұмыс.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. «Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй жұмысын тексеру: № 8.

ІІІ. Өткенді пысықтау: ауызша жұмыс. (1)

4 8 = 32 9 ∙ 2 = 18 4 ∙ 9 = 36 3 ∙ 4 = 12

32 : 8 = 4 18 : 2 = 9 36 : 9 = 4 12 : 4 = 3

32 : 4 = 8 18 : 9 = 2 36 : 4 = 9 12 : 3 = 4

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Қосындыны санға бөлу ережесімен таныстыру.

Ү. Жаңа материалды түсіндіру:

  1. Оқулықпен жұмыс. № 1.Өрнектерді және олардың мәндерін салыстыр:

(6 + 9) : 3 = 6 : 3 + 9 : 3 (14 + 21) : 7 = 14 : 7 + 21 : 7 (12 + 18) : 6 = 12 : 6+ 18 : 6

5 = 5 5 = 5 5 = 5

Қорытынды жаса.

Қосындыны санға бөлу үшін,

әр қосылғышты осы санға бөліп, нәтижелерін қосуға;

қосындының мәнін тауып, оны осы санға бөліге болады.











  1. Жұптық жұмыс. № 2. Бөлуді қалай орындалғанын түсіндір:

  1. (10 + 6) : 2 = 16 : 2 = 8

  2. (10 + 6) : 2 = 10 : 2 + 6 : 2 = 5 + 3 = 8

  1. Өздік жұмыс. № 3. Әр өрнектің мәнін екі тәсілмен тап.

ҮІ. Білімдерін тексеру.

  1. Ауызша. Дымбілмеске көмектес. № 4, Суретте салынған фигуралардың көлемдерін тап.

  2. Есептерді екі тәсілмен шығар: № 7.

Әкелінді - 24 пиранья, 36 тұтасқанат Шешуі: (24 + 36) : 6 = 60 : 6 = 10 немесе

6 аквариумға - ? балықтан (24 + 36) : 6 = 24 : 6 + 36 : 6 = 4 + 6 = 10

Жауабы: әр аквариумда 10 балықтан.

№ 7(2).

Келді – 40 бала, 16 е. адам Шешуі: (40 + 16) : 8 = 56 : 8 = 7

8 топқа бөлінді - ? адамнан (40 + 16) : 8 = 40 : 8 + 16 : 8 = 5 + 2 = 7

Жауабы: әр топта 7 адамнан

№ 8.

Көрмеге – 14 натюрморт Шешуі: (14 + (14 3)) : 7 = 56 : 7 = 8

? портрет 7-ден бір Ж: 8 портрет қойылған.

Пейзаж - ?, 3 есе көп



  1. Өздік жұмыс. № 9. Салыстыр:

30 дм 2см = 302 см 1 сағ 10мин ‹ 80 мин

5м 5см ‹ 550см 3 тәул. 24 сағ = 96 сағ

32 см ‹ 30дм 2см 2 м 3дм › 203см

ҮІІ. Сабақты қорыту:

  1. Шығармашылық жұмыс. № 10. (Жауабы: 15 + 45 + 12 = 72(см) сынық сызық ұзындығы) ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 6, 11. 199 – 200



























Көркем жазу 16.03.2016

Тақырыбы: Буындар жазу

Сабақтың мақсаты: оқушыларға буында туралы алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: Буындар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Үлестірмелі қима қағазбен жұмыс ұйымдастыру:

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу, буындар туралы түсінік беру.

Ант, жаңа, бата, жаңалық сөздерін көркем жазу.





ҮІ. Бекіту: Буын түрлері мен өзіндік жұмыс ретінде орындау.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Буын дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: жұмбақты оқу, ребусты шешімі арқылы жауабын табу: шағала. Көркем жазу

ІХ. Оқушыларды бағалау

















Математика

Тақырыбы: Үш амалмен шығарылатын қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарына берілген есептер.

Мақсаты: Үш амалмен шығарылатын қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарына берілген есептер шығару, біліктігін тиянақтау; өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасай білуге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, өздігінен жұмыс істеу.

Көрнекілігі: арнайы суреттер, кестелер,схемалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық,амандасу, түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

ІІІ. Өткенді бекіту: (ауызша)

4 8 = 32 9 ∙ 2 = 18 4 ∙ 9 = 36 3 ∙ 4 = 12

32 : 8 = 4 18 : 2 = 9 36 : 9 = 4 12 : 4 = 3

72 : 9 = 8 64 : 8 = 8 36 : 4 = 9 81 : 9 = 9

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Ү. Жаңа сабақ:

Есептің шығарылуын түсіндір.

?

Шешуі: (3 9 + 8) : 5 = 35 : 5 = 7

?

5

Жауабы: 7 қорап қажет.

8

?



9

3


№ 2. Есептер құрастыр және оларды шығар.

Болды – 400 кг.

Жұмсалды – 3қап 50кг және Шешуі: 400 – (3 ∙ 50 + 4 ∙ 25) = 400 – 250 = 15 4 қап 25кг Жауабы: 150 кг ұн қалды.

Қалды - ?



№ 2(2).

Жиналды - ? Шешуі: 8 ∙ 12 + 56 = 96 + 56 = 152

Жіберілді – 8 қорап 12 кг Жауабы: барлығы 152 кг кәмпит

Қалды – 56 кг







ҮІ. Өткен материалды пысықтау:

  1. № 4.

Барлығы - ? , 3 құмыраға бөлінді шешуі. (4 ∙ 2 + 7) ∙ 3 = 15 : 3 = 5(л )

2 құмырадан - 4 л алынды Жауабы: басында 5 л- ден құйылды.

қалды – 7 л.

№ 5.

Жинады - 140 кг қызанақ пен баклажан Шешуі: (140 – (20 + 32)) : 2= 88 : 2 = 44

Сатты – 20кг қызанақ пен 32 кг баклажан 44 + 20 = 64 (кг қызанақ)

Болған - ? кг қызанақ пен баклажан 44 + 32 = 76 (кг баклажан)

Жауабы: 64 кг қызанақ пен 76 кг баклажан болған.

  1. Топтық жұмыс. № 6. Теңдеуді шеш.

  2. Жұптық жұмыс. № 7. Кестені толтыр.

Ұзындығы – 5 см

Ені – 2 см Р = (5 + 2) ∙ 2 = 10 2= 20 (см)

Р = ? S = 5 ∙ 2 = 10 (см2)

S = ?

  1. Өздік жұмыс. № 8. Өрнектердің мәнін тап.

(608 – 125) + (547 – 398) = 483 + 149 = 632

ҮІІ. Бүгін не білдік? 1)Шығармашылық жұмыс.№ 9.(жауабы: жеуге жарамды 16 саңырауқұлақ) ҮІІІ. Үйге тапрсыма: № 3, 10. 214 бет. Бағалау












Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Бұлбұлдың әні. Мәдіхат Төрежанов

Сабақтың мақсаты: Мәдіхат Төрежановтың « Бұлбұлдың әні» әңгімесін түсініп оқу, бөліктерге бөле отырып ойын жеткізіп әңгімелеуге үйрету; сөздік қорын дамыту; адамгершілікке, бақылағыштыққа баулу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Құрал-жабдықтар: оқылық, құстар суреті, үлестірме қима қағаздар (сыртында құстар суреті).

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.»

ІІ.Үй жұмысын тексеру: Өлеңді жатқа айту. Жаңбыр неге жауады, қалай, қашан көп жауады? Жаңбырдың пайдасы бар ма?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Табиғатта қандай жыл мезгілдері болады? Онда қандай өзгерістерді байқадың? Саған қай жыл мезгілі ұнайды? Әңгімелеп бер.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: : 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қазір қандай жыл мезгілі? Мына жаңылтпашты жаңылмай айтып көр.

«Көктем жауын-шашынсыз болмас,

Жауын-шашынсыз болмаса,

Жасылсыз болмас.»

Сергіту сәті.


Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Рөлге бөліп оқу. Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қою.(Тоғай ішінде. Бұлбұлдың ұясын қоруы. Бұлбұлдың сайрауы.)

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Медіхат пен Әбдеш қайда келе жатты? Олар неге көп сөз таластырады екен, мақсаты неде? Қалай ойлайсың автор дұрыс істеді ме? Неге бұлбұл сұңқылдапты, себебі неде екен? Көңілденген бұлбұл не істеді?


ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Бұлбұл қандай «ана» деп ойлайсың? Сенің пікірің.

ҮІІІ. Үйге: оқу,әңгімелеу, құстар жайлы жұмбақ тауып жаттау. Бағалау.

Қазақ тілі

Тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға етістіктің сөйлем ішінде қай сөзбен байланысты болып келетіні туралы білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.5-жаттығу.Бие құлындайды, сиыр бұзаулайды, қой қоздайды, түйе боталайды, ешкі лақтайды. Не істейді? сұрақтарына жауап беретін сөздерді ата.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 7-жаттығу. Жұмбақпен жұмыс: жұмбақтың шешуін табу, етістіктерді табу, олардың байланысып тұрған сөзін табу. 8-жаттығу. Етістіктерді қойылған сұрақтарына қарай екі топқа бөліп жазу.

Ұшады, жазады, сауады, байқайды, тарқатады

Келді, оқыды, көрді, жинады, сүртті.

9-жаттығу. өлеңді жатқа жазу. 10-жаттығу. Ұйқасын табу:

Тастан тасқа секіріп, Жем тереді кекілік.

Айбат шегер алыстан, Аң патшасы арыстан.

ҮІ. Бекіту: Толықтыру тестін ұйымдастыру:



Лақ




Сәуле

Берілген сызбаны етістіктермен толықтыр.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін не үйрендік? Етістік қандай сөздермен байланысып тұрады? Етістік дегеніміз не? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 11-жаттығу, 167-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Еңбек

Тақырыбы: Шеберлер жасаған заттармен танысу.

Мақсаты: Оқушыларға кепкен өсімдіктер туралы түсінік беру. Білімін, ой – өрісін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: Суреттер, кепкен өсімдіктер. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Құрастыру реті: 1. Ағаш саңырауқұлағын, фезалис гүлін, кепкен өсімдік сыпыртқысын, қандағаш бүрін, ермексаз, лак, пышақ дайында. 2. Саңырауқұлақты жу, құрғатып, лакты жақ. 3. Ағаш саңырауқұлағының ішін кеуле. 4.Кеуекті ермексазбен не көк шөппен толтыр. 5. Кеуекке өсімдіктің сабағы орнатылады. Оқулық бойынша жұмыс 148 – 149 бет. Сергіту сәті.

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу. - Бұйым жасаудың технологиясы дегеніміз не? – Жерде жатқан жапырақтарды не үшін жинаймыз?

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 148– 149 бет оқу. Бағалау



61. Тақырыбы: Гүл шоғын дайындау технологиясы.

Мақсаты: Гүл шоғын дайындау тәсілін түсіндіру. Білімін, ой – өрісін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: Суреттер, ермексаз, гүл шоғы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Гүл шоғын дайындау технологиясы.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Гүл шоғын дайындау технологиясы. 1. Құрамақ дайындау мақсатын анықтау. 2. Материал дайындау. 3. Құрал – сайман мен жабдықтарды таңдап алу. 4.Бұйымның композициясы мен құрылымын құру. 5. Құрылымның жекелеген бөліктерін орындау: себет қатырма қағаздан жасалады. 6. Бөліктерді біріктіру: себеттің түбіндегі көк шөпке не ермексазға өсімдік орнықтыру. Себеттің құлағын оның негізіне желімдеп бекіту (құлақты сабаннан өрілген таспадан не қағаз жолағына желімдеп жапсырылған қатырма қағаздан жасауға болады).

Сурет бойынша гүл шоғын құрастыр. Сергіту сәті.

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқулық бойынша жұмыс

- оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 150 бет оқу. Бағалау







Қазақ тілі 15.03.2016ж

Тақырыбы:Бақылау диктанты

Мақсаты: Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз.Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып, есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады? Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

ІІІ.Білімдерін тексеру:Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Диктантты жазып болған оқушылар іштерінен оқып, мұғалімнің оқуы бойынша тексереді.

Нөсерде

Бүгін Болат ерте оянды. Терезе ашық. Салқын жел есіп тұр. Перделер желмен ойнап, желп-желп етеді. Болат терезе алдына келді. Жаңбыр жауғалы тұр. Аспанды қара бұлт қаптапты.

Ауыз үйдегі әжесі ыдыстарды жинап жүр.

Болат киініп далаға шықты. Кенет найзағай жарқ ете қалды. Ізінше нөсер жаңбыр төгіп кетті. Болат үйге қайтып кірді. (50сөз)


Тапсырма.

1. Күрделі етістіктердің астын сыз.

2. 1,2 сөйлемдегі зат есімдерге сұрақ қой.

3. 1,3 сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты теріп жаз. Сұрақ қой.

ІҮ.Үйге тапсырма: пысықтау.Ү.Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.





















Әдебиеттік оқу 16.03.2016

Тақырыбы: Бүркіт. Б.Емельянов (орыс жазушысы)

Мақсаты: Оқушыларға Б.Емельяновтың «Бүркіт» әңгімесін оқыта отырып, түсініп оқуға үйрету; тілін , сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; қайрымдылыққа, мейрімділікке баулу

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, сызба, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Киік қай жерді мекендейді екен? Ақын киікті атқан адамдарға қандай назасын білдіреді? Неге деп ойлайсың? Қазақ киікті басқаша қалай атайды екен? (бөкен). Бөкеннің сұлулығын ақын қалай суреттейді? Бөкенді ақын кімге теңейді? Сөзінің соңын ақын қалай аяқтап отыр?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың табиғатты қорғау керек пе? Онда қандай қазақтың тиым сөздерін таптың?( «.Қойдың сүті қорғасын, Қойды ұрған оңбасын», «Көтерем деп түйеден безбе, Салтанатың емес пе, Тебеген деп биеден безбе, Қос қанатың емес пе.», «Итті тепкен ырысты тебеді.», ...)

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Бүркіт қандай құс? Оны суреті қайда кездеседі? Мағынасы неде? (мемлекеттік туда, дала бүркіті – қазақстандықтар ұғымынды – дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.)

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді жалғастыру арқылы түсініп оқу. (алдын ала ескерту, оқыған кезде кітапта берілген суреттерді ойша ретімен орналастырып отыр.) Мәтіннің әр бөлігіне ат қой.(Қонақты қарсы алу. Бүркіттің қайырымдылығы. т.б. ...) Мәтінге сүйеніп, қазақ ауылы тұрған жерді суретте. Бүркітті сипаттап көр. Бүркіттің әрекетін жауыз адамдар әрекетімен салыстыр. Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі ең соңғы сөйлемді оқып, дәптеріңе жазып ал.Бұл кімге байланысты айтылған?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Қазақ ауылына кімдер келді? Гайдар нені байқады? Қария оларға не білдірді? (ілтипат). Екі қарт дегені кімдер еді? Неге? Бүркітті ауылға кім әкелді? Оба ауруын қайдан әкелді? Оны қалай емдеді? Неге оларды әскермен қоршады? Қалай бүркіт адамдарға тамақ тасыды? Бүркіт қалай соқыр боп қалды? Гайдар нені үйрен деді?

ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақтан не өттік? Не жайлы білдік? Суретпен жұмыс. Кітаптағы сурет бойынша мультфильм құрастыр. Ретімен орналастыр. Өзің қандай сурет қосар едің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2.Бағалау.









Математика 16.03.2016

Тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту.

Мақсаты: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді үйрету, жылдам есептеу дағдысын қалыптастыру; ұқыптылыққа баулу,танымдылық қабілетін, математикалық тілін дамыту.

Түрі: аралас. Көрнекілігі: сызба, суреттер, кесте. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сендерге табыс тілеймін, Жарық пен жылу, денсаулық! Бір – біріңе сендер де, тілеңдер біраз жақсылық.

ІІ. Білімдерін тексеру: ауызша жұмыс.

6 ∙ 6 = 36 36 : 6 = 6 6 ∙ 6 = 36

6 ∙ 7 = 42 42 : 6 = 7 7 ∙ 6 = 42

6 ∙ 8 = 48 48 : 6 = 8 8 ∙ 6 = 48

6 ∙ 9 = 54 54 : 6 = 9 9 ∙ 6 = 54

ІІІ. Өткен материалды пысықтау:

  1. 2 есе арттыр: 423, 433, 421, 413, 43, 134, 424, 334.

423 ∙ 2 = 846 421 ∙ 2 = 842 43 ∙ 2 = 86 424 ∙ 2 = 848

433 ∙ 2 = 866 413 ∙ 2 = 826 134 ∙ 2 = 268 334 ∙ 2 = 668

  1. Ұжымдық жұмыс. № 2. Кестені толтыр:



а

121

242

112

312

132

а ∙ 2 – 40

202

444

184

584

224

а ∙ 2 + 60

302

544

284

684

324

  1. Жұптық жұмыс. № 3. Өрнектер құрып, мәндерін тап:

24 ∙ 2 = 48 36 ∙ 2 = 72 31 ∙ 3 = 93 23 ∙ 3 = 69

112 ∙ 2 = 224 244 ∙ 2 = 488 132 ∙ 3 = 396 322 ∙ 3 = 966

№ 4.

Қошақан – 8 кг Шешуі: 8кг + (223г ∙ 3) = 8000г + 669 = 8669г= 8 кг 669г

3 күнде 223г –нан қосса-? Жауабы: қошақанның 3 күнде салмағы 8кг 669г



№ 5.

С. көмекшісі -124л сүт Шешуі: 124 + 124 ∙ 2 = 124 + 248 = 372

Сауыншы - ?, 2есе көп ? л сүт Жауабы: екеуі бірге 372 л сүт сауды.

  1. Жұптық жұмыс. № 6 . Теңдеулерді шеш.

№ 7.

Ұзындығы - 32см Шешуі: 32 ∙ 2 ∙ 2 = 128

Ені – 2 см ? отырғызды Жауабы: 128 дән отырғызды

Әр см2 – 2 дәннен

№ 8. Ұз. – 8 см ұз. = 8 : 4 = 2 см

Ені - ?, 4 есе кем Р = 8 + 2 + 8 + 2 = (8 + 2) ∙ 2 = 10 ∙ 2 = 20(см)

Р = ? S = ? S = 8 2 = 16 (см2 )

ІҮ. Қорыту: Шығармашылық жұмыс. № 9. (ауызша)

Ү. Үйге тапсырма: № 10. 232 бет 2. бағалау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
9 санын б?лу ж?не к?бейту

Автор: Айтжанова Жансулу Комековна

Дата: 12.04.2016

Номер свидетельства: 317738


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства