Оқушылардың қатысын түгелдеу, оқу құралдарын түгелдеу, бағалаумен
таныстыру.
2. Үй жұмысы.
Бәйшешек, жауқазын өлеңдерін жатқа айту.
3. Өтілген тақырыпты пысықтау.
1. Көктем айларын атау
2. Қазір қай мезгіл?
3. Көктемде қандай гүлдер ерте гүлдейді?
4.Тақырыптық байланыс.
Өтілген тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыру.
5. Жаңа сабақ.
Наурыз айында ең алдыңғы мереке 8 наурыз. Бұл аналарымызың
мерекесі болып саналады.
Бұл кім?
Ана.
Ана не істеп отыр?
Ана бесік тербетіп отыр.
Адам баласы үшін ең аяулы, ең қадірлі сөз- ана.Дүниеде анасыз адам
болмайды. Мына отырған сендердіде, мені де, сабағымызға қатысып отырған апайларды да дүниеге әкелген ана.Өмірге келген нәресте ең алғашқы әнді анасынан естиді. Бала өмірге келгеннен үш күннен кейін анасын таниды деген халқымызда сөз бар.Балаға ең жақын адам-ана. «Ана»сөзі барлық адамды елең еткізбей қоймайды.Онда жылы, мейірімді адамкөз алдымызға елестейді.Барлық аналарымыздың тілегі балаларым аман болса,дені сау, білімді,тәрбиелі болса екен деген оймен тыным таппайды.Сондықтан аналарымыздың айтқанын екі етпей тыңдап,көңіл-күйін түсірмеуге тырысуымыз керек.
Балалар сіздердің үйлеріңде әжелерің барма?
Әже-дегеніміз кім?
Ол анамыздың,әкеміздің анасы.Ол да мейірімді,ақылды,тілекші жан.
Оқулықтағы суретпен жұмыс.Сурет бойынша әңгіме құрау.
Аналар мерекесіне Айжан кесте тікті.Ол орамалға «8 наурыз» деп кестелеп жазып қойды.Айжан орамалмен бірге анасына гүл шоғын сыйлады. Анасы риза болды.
Біздің Бейнеуде мерекелік шаралар көбіне Әли Балта балуан стадионында өтеді,немесе Абыл мәдениет үйінде концерттер өтеді.
Апама
Бұл өлеңнің авторы Мариям Хакимжанова 1906 жылы 15 қарашада
Қостанай облысы,Қостанай ауданы,Қобыланды селосында туған.Ол көптеген өлеңдер,әңгімелер жазған.1995 жылы дүниеден өткен.
Анаға сыйлаймыз
Ақұштап Бахтыгереева 1994 жылы 28 тамызда Батыс Қазақстан облысы,Ақжайық ауданы,Ақжайық ауылында туған.Бұл апамыз да балаларға арнап көптеген өлеңдер жазған.
Өлеңдерді оқып беріп,түсіндіру,салыстыру.
Оқушыларға тізбектеп оқыту.
6. Сергіту сәті
«Әр қашан күн сөнбесін» әнін хормен айту.
7.Көркем жазу.
Дәптермен жұмыс
92-жаттығу
Көктем болды.Ағаштар бүршік жарды.Мал көкке жайылатын болды.