kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

7-ге к?бейту ж?не б?лу кестесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен,1968  жылы  Т?рыш  ауылында  д?ниеге келдім. 1975 жылы Сам орта мектебіні?  1-сыныбына  о?у?а  ?абылданып, 1985 жылы Жанкелдин  орта мектебін  бітіріп шы?тым. 1987 жылы Гурьев педучилищесіні? мектепке дейінгі б?ліміне о?у?а  т?сіп, 1990  жылы  т?рбиеші маманды?ын  алып  шы?тым. 1989-1996  жылдар  арасында  Т?рыш ауылында?ы «Балд?урен»  балаба?шасында т?рбиеші,кейіннен ме?геруші болып  ?ызмет  ат?ардым  2001 жылы Х.Досмухамедов  атында?ы  Атырау  мемлекеттік  университетіні? бастауыш  сынып  м??алімі  маманды?ы  бойынша  о?у?а  ?абылданып, 2006  жылы бітіріп  шы?тым.

Е?бек  жолымды2003 жылы Сам орта  мектебінде  даярлы?  сыныбына  саба?  берумен жал?астырдым. О?ытуды  ?мірмен  байланыстыра  отырып, жас?спірімдерді  е?бекке, адамгершілікке  т?рбиелеу м?селелерін басты назарда ?стаймын.

Ата-аналармен кездесіп, бала т?рбиесі  жайында  а?ыл –ке?естерді  орта?а  салып отырамын.  Бастауыш  сыныптарда  мектепішілік  семинар  саба?тар ?ткіздім.Ана тілінен  2-сыныпта  ?ткізген  «Бала Абай»  атты  семинар  саба?ымда  ?аза?ты?  дана а?ыны  Абай  ??нанбаев?а  деген  ??рмет  к?рсете  отырып, Абай  шы?армашылы?ымен таныстырдым. Абайды?  ?ле?-?ндерін ?йретіп,Абай  ?мірін  о?ушылар?а  ?лгі  еттім.

3-сыныпта математикадан ?ткізген « 7 санын к?бейту ж?не б?лу»атты ашы? саба?ымда о?ушыларды? логикалы? ойлау, есте са?тау ?аблеттерін дамыта отырып,?лтты? т?рбие беруді к?здедім,осысаба?ымда халы?ты? педагогиканы  ?олдану ар?ылы 7 ?азына, 7 ата, 7 нан,  7к?н, 7 жо?,  7 ?ара?шы  та?ы   да  бас?а  7 санына байланысты  т?сініктер  бере  отырып  7 саныны?  ?аза?  хал?ы  ?шін  ?асиетті, киелі сан екендігін  жаддарында  ?стау, ?з хал?ыны?  ?згеге  ??самайтын  ерекшелігін танытуды  ма?сат  ете  отырып, 7 санын  к?бейту  ж?не  б?лу  кестесіне  байланысты тапсырмаларды  7 ата  ауылына  саяхат  т?рінде  орындаттым, ?р ауылды?  атауларын ?мытпастай  есте  са?тай  алады  деп  ойлаймын. Б?л  саба?ты о?ушылар  ?ызы?ушылы?  пен  белсенділік  танытты  ж?не   ?жым  м?шелер і тарапынан да жо?ары ба?а?а ие болды.

Хал?ымызды? бай м?раларыны? бірі- ауыз ?дебиетін саба?тарымда пайдаланып отырамын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«7-ге к?бейту ж?не б?лу кестесі »

Сабақтың тақырыбы: 7-ге көбейту және бөлу кестесі

Сабақтың мақсаты: 1 .Оқушыларға 7-ге көбейту және бөлуге байланысты

есептеулерді меңгерту,есеп шығару дағдыларын

қалыптастыру.

2.Оқушылардың кестелік көбейту және бөлуге

байланысты білімдерін толықтыру,шапшаң есептеуге

дағдыландыру.

3.Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге, имандылыққа,

ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: саяхат сабақ

Көрнекілігі:көбейту кестесі, киіз үйлер, Жеті ата ауылы

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, ойын

Пайдаланылған әдебиеттер: әдістеме, Бастауыш білім журналы , Бастауыш сыныпта оқыту барлық пәндер бойынша журналы, Қызықты сабақтар кітабы

Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен амандасу,

ә) түгендеу; оқушылар назарын сабаққа аудару,

б) оқу-құралдарын тексеру

II.Үй тапсырмасын тексеру

1. 2-3 оқушыға үйге берілген тапсырманы оқыту

2. Өткен сабақтағы 6-ға көбейту ,бөлу кестесін сұрау.

III.Жаңа сабақ

Күннің жады, сабақ тақырыбы, көркем жазу.

-Көбейту дегеніміз не? Оқушылар жауабы.

-Жеті бірдей өренбіз,

-Жеті шумақ өлеңбіз,

-Жеті түрлі бояумыз

-Жеті түрлі әуенбіз.

-Жеті атаны қастерлеп,

-Саяхатқа шығамыз.

Бүгін біз сабақтақырыбына байланысты 7санына тоқталамыз.Біздің қазақ халқы үшін киелі деп саналатын сандар бар ,соның ішінде 7санының алатын орны ерекше,7санына байланысты көптеген атаулар бар.

-Ал ,балалар осы киелі сандар деп тағы да қандай сандарды айтамыз?( Б ж)

-Кім жеті атасын айтады?

-Олай болса балалар «Жеті атасын білген ер ,жеті жұрттың қамын жер» дегендей ,бүгінгі сабағымызды осы жеті ата ауылына саяхат түрінде өткіземіз.Жеті атаны білмегендеріміз ойымызғ сақтап отырамыз

1. «Ата ауылына саяхат» №1 тапсырма

7-ні көбейтуді қарастыру.Көбейтінділердің мәндерінің қалай табылғанын түсіндіру

7*6 = 7+7+7+7+7+7 =42

7*7 =7+7+7+7+7+7+7 =49неліктен алдыңғы өрнектің мәніне қарағанда келесі өрнектің мәні

7-ге артық? Бұл -7-ні көбейту кестесі

2. «Әке ауылына саяхат» № 4 тапсырма

Неліктен 7-ге бөлу кестесін құрғанда ,7- көбейту кестесін пайдалануға болады,себебі бөлу мен көбейту кері амалдар(кестемен жұмыс істеу)

49:7 = 7 себебі: 7*7 = 49

56:7 =8 себебі: 8*7 = 56

63:7 = 9 себебі: 9*7 = 63

3. «Бала ауылына саяхат» № 5 тапсырманы оқушылар тақтаға орындайды.Бос орынға тиісті санды қой.


7* =49; :7 = 9 ; 49: = 7; 8* = 56 ; *9 = 63 ; 63: = 7 ;

4. «Немере ауылына саяхат»

Теңдеу құр және оларды шеш



а) Белгісіз санды 253- ке арттырғанда 609 шығады

х + 253 609

х = 609 – 253

х = 356

356 + 253 =609

ә) 63- ті белгісіз санға бөлгенде 9 шығады

63 : х = 9 х = 7

х = 63 : 9 63 : 7 = 9

Сергіту сәті

Дүйсенбіде доп ойнадық далада,

Сейсенбіде серуендедік қалада.

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп,

Жұма күні кино көрдік клубтан,

Сенбі күні су тасыдық бұлақтан,

Жексенбіде үйде болдық, дем алдық

Осылайша өте шықты бір апта.

5. «Шөбере ауылына саяхат» № 7 тапсырма

Тиісті санды орнына қой

7 2*6 +2 ; 56: 4*2 ; 5*9+18 9*7

6. « Шөпшек ауылына саяхат» № 8 тапсырма ауызша

1) 35 өрік пен 49 шие 7 тәрелкеге тең бөлініп салынды.Бір тәрелкеде өріктер шиелерге қарағанда қанша кем?

35 :7 ; 49: 7 ;Ж:өріктердің шиелерден екеуі кем

2 ) 7 банкаға 3 килограмнан және 6 банкаға 2 кг-дан тосап құйылды.Барлығы неше

кг тосап дайындалды?

7 * 3 + 6* 2 33 ; Ж: 33 кг тосап дайындалды

7. «Немене ауылына саяхат» № 10

Қалдықпен бөлуді орында және тексер

8 : 7 = 1 қалд 1 7*1+1 = 8 9:7 = 1 қалд 2 7*1+2= 9

15:7 = 2қалд 1 7*2+1 =15 16:7 = 2қалд 2 7*2+2 = 16

10: 7= 1қалд 3 7*1+3= 10 11:7 = 1 қалд4 7*1+4 = 11

17: 7 = 2қалд 3 7*2+3= 17 18:7 = 2қалд 4 7*2+4 = 18

12:7 =1қалд 5 7*1+5 = 12 13:7 = 1қалд 5 7*1+5 = 13

19:7 =2қалд5 7*2+5=19 20:7 = 2қалд 6 7*2+6 = 20

IV.«Ойлан ,тап!» ойыны

№ 12-есеп бойынша. 7 –ге көбейту және бөлу кестесін пайдаланып, нәтижесін ата:

7 ∙ 7 = 49 7 ∙ 4 = 28 3 ∙ 7 = 21 56 : 7 = 8

8 ∙ 7 = 56 28 : 7 = 4 5 ∙ 7 = 35 7 ∙ 6 = 42

7 ∙ 6 = 42 7 ∙ 9 = 63 14 : 7 = 2 2 ∙ 7 = 14

Жұптық жұмыс № 9

V.Сабақты қорытындылау:

«Кім жылдам ?» ойыны

Сонымен ,балаларбіз бүгін 7-ге көбейту ,бөлу амалын өттік.7 санына байланысты «Жеті ата» ауылына саяхат жасадық,шыққан тегін,ата-бабасын білген оқушы өскенде туған-туысқанына мейірімді ,жақсы азамат болып өседі.Ендеше саяхатымыз аяқталды, мектебімізге оралайық. (өмірмен байланыс)

1991жылы16 желтоқсандаҚазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.Биыл 2012жыл Тәуелсіздік алғанымызғанеше жыл толғаны 7 мен 3-тің көбейтіндісіне және 10 мен 11-дің қосындысына тең .Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толды? ( 21 жыл)

VI.Үйге тапсырма : № 11 шығармашылық тапсырма

VII.Бағалау








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
7-ге к?бейту ж?не б?лу кестесі

Автор: Досжанова Гулнар Койбаковна

Дата: 19.04.2015

Номер свидетельства: 203115


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства