Просмотр содержимого документа
«5 саны ж?не цифрымен таныстыру»
«Надек орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Балапан» қысқа мерзімді орта тобы
5 саны және цифрымен таныстыру
(ашық сабақ)
Тәрбиеші: Есимкулова.Г.А
2014-2015 оқу жылы
Ашық сабақ
Тақырыбы: «5 саны және цифрымен таныстыру»
Мақсаты:
5 саны және цифрымен таныстыру;
Реттік санау туралы балалардың алған білімдерін бекіту;
Жыл мезгілдері және оның айларымен таныстыруды жалғастыру;
Апта күндері, тәулік бөліктері туралы білімдерін нақтылау;
Геометриялық пішіндер, оларды қоршаған орта заттарының арасынан көре білу дағдыларын бекіту; реттік санау;
Өз білімдерін көрсетуге деген қызығушылықтарын арттыру;
зейіндерін, қиялдарын дамыту.
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Аптаның қай күні?
Ауа-райы қандай?
Бүгін бізге қонаққа Поезд вагондарымен келіпті.
Олар біздің қандай екенімізді, білімімізді көргісі келеді екен.
Біз 5-ке дейін санауды білеміз.
Енді, осы 5 саны және цифрының таңбасымен танысамыз.
Қайсы? Нешінші? – деген сұрақтарға жауап беруді үйренеміз.
Поаезд вагондары нешеу екен санайық.
1,2,3,4,5
Поездің 5 вагоны бар.
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау.
Кеңістікті бағдарлау; қарама қарсы мәндес сөздерді атау (ақ-қара; үлкен-кіші; биік-аласа; жуан-жіңішке; ұзын-қысқа; жылдам-баяу);
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Қолымызды жаяйық,
Құс боп қанат қағайық!
Дидактикалық ойын: «Өз орныңды тап».
Мақсаты:
Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдері көзделеді.
Балаларға 0-ден 5-ке дейінгі цифрларды таратып беру. «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтағанда балалар тез бір қатарға тұра қалады. «Цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексеріледі. Содан кейін бірнеше балалардан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрау.
Геометриялық пішіндерді атау және қоршаған ортадағы заттармен салыстыру.
Мысалы: сопақша (қияр), дөңгелек (тәрелке), шаршы (терезе), үш бұрыш (үй шатыры), тіктөртбұрыш (есік).
Заттарды ретімен санау және айту. Мысалы: үш бұрыш нешінші – төртінші, сопақша нешінші – бірінші және т.б.
Дидактикалық ойын.: «Суреттегі цифрларды тап».
Мақсаты: әр жерде орналасқан цифрларды тауып, тани білу дағдыларын бекіту.
Суреттің сюжетін сандар құрайтын картиналарды кезекпен бір-бірден көрсету. Сұрақ қою:
- Суретте қандай сандарды көріп тұрсың?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Сұрақ-жауап қою арқылы бүгінгі оқу іс-әрекетін қорытындылаймын.