kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

5 сынып Сабақ тақырыбы"Шаңырақ"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа форматта сабақ жоспары. Тәжірибе алмасу мақсатында жас мамандарға көмек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«5 сынып Сабақ тақырыбы"Шаңырақ"»

Қазақ тілі

Қысқа мерзімді жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: «Сырдария» жалпы орта мектебі

І тоқсан, 3-бөлім. Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер

Сыныбы: 5-сынып

Тақырыбы: Қара шаңырақ

Мұғалімнің есімі:

Каримбаева Айсулу

Қатысушылар саны:20


Қатыспағандар:0


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

( 5.Т/А1.)Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ұсынылған бейнелер арқылы тақырыпты болжай алады.

Кейбір оқушылар: Тірек сөздер бойынша өз ойын білдіре алады, ұсынылған иллюстрациялар арқылы ақпаратты өмірмен байланыстырады.

Бағалау критерийі

-Тірек сөздер бойынша жұмыс жасай алады.

- Иллюстрациялар яғни бейне суреттер арқылы тақырыпты болжай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Тақырыпты болжай алады. Тірек сөздермен жұмыс жасай алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Шаңырақ, түндік, отбасы.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Қара шаңырақ, қасиетті шаңырақ.

- Шаңырақ суретін елтаңбадан көруге бола ма?

-түндік дегеніміз не?

Не себепті... деп ойлайсыз?

Түндік туралы қысқаша мәлімет.

Түндік – киіз үй шаңырағын жабатын киіз. Төртбұрышты пішіліп, шаңырақ диаметірінен 50-60 сантиметрдей молдау жасалады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Шаңырақ деген не?

-Шаңырақ деген не? - деген сұраққа жауап беріп жаңа тың мәліметтер алады.

Бүгінгі сабаққа қатысты терминдер, жаңа сөздер:

-шаңырақ

-отбасы

- қасиетті шаңырақ

Ишара:

Қол -дене қимылдары арқылы.

Тақырып бойынша алдыңғы тақырып

(меңгерген дағдылар)

Киімқұмарлық.


Сабақ барысы

Жоспар-

ланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған

жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

8 минут

«Шаттық» шеңбері

Бір шаңырақ астында,

Қазақстанда тұрамыз.

Бірге сайран құрамыз,

Бір үйде біз тұрамыз.



Құт, береке-шаңырақ,

Орын алған ол төрде.

Билігіміз өз қолымда-

Еркіндігім - Елімнің!



1.Топқа бөліну.1топ «Шаңырақ» «Шаңырағың биік болсын!»

  1. 2 топ «Кереге» «Керегең кең болсын, терезең тең болсын!»

  2. 3 топ

  3. «Түндік» «Түндігің түтінді болсын!» деген сөздер арқылы топқа бөлінеді.



  1. Алдыңғы білімді «Миға шабуыл» әдісі арқылы пысықтау.

  1. Киімқұмарлық деген сөздің мағынасы қандай?

  2. Киімқұмарлық сөзі қалай жасалған?

  3. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерге мысал келтір.

(Ұ) 1.Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

Өлеңді  оқушылармен бірге қимылмен көрсету, мазмұнын талдау. Жаңа тақырыппен байланыстыру.

- Сендер күлімдеген күндей жайдары, әрі уайым-қайғысыз өмір сүріп жатырсыңдар. Не себепті деп ойлайсыңдар?

- Оқушылардың ойлары тыңдалады.

















Флипчарт, маркер










Микрафон








Суреттер

Ортасы:

35 минут


«Ойлан тап!» әдіс-тәсілі арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды.

Сурет беріледі. Суретте қандай бейне көрсетіліп тұр. Шаңырақ туралы оқушылардың ойларын білу. Бұл қандай мағына білдіреді. Оқушылар шаңырақ туралы не білетіндігін айтады.

Осы шаңырақ қарай отырып, оқушылар бүгінгі тақырыбымыз «Шаңырақ» туралы екенін біле алады.

Қара шаңырақ үлкен үй



Шаңырақ

Отбасы

Қасиетті қара шаңырақ Киелі шаңырақ

«Мәлімет жинау» ойынын ойнау барысында « Шаңырақ» тақырыбында тірек сөздер жинақталады. Тірек сөздерді жинақтай отырып, әр оқушы өз пікірін білдіреді. Жеке түсінік қалыптастырады.

Ендігі тапсырма: «Қара шаңырақ» тақырыбында мәтін оқылады, ақпаратты тыңдайды.

Ақпарат тыңдай отырып, «Сұқбат» әдісі бойынша топтардан «Қара шаңырақ» туралы топтар бір-бірінен мәлімет алады.

«Қара шаңырақ» туралы.

Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөз бар. Мұндағы
«шаңырақтың» киіз үйдің қақ төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені
белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан киіз үйді құрып шаңырақ көтерерде шаңырақты бірінші көтереді. Шаңырақты сол үйдің үлкені, яғни үй иесі көтереді. Сол үйдің атасы немесе отағасы көтереді. Жаңадан отбасын
құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп
бата береді. Бұл — құрған отбасыңның мәртебесі жоғары болсын
деген сөз.

Дескрипторлар

1.Тірек сөздерге өз пікірін білдіре алады. 1балл

2.Тақырыпқа сай сұхбат мазмұнын дайындайды.2 балл


Соңы

2 минут


Кері байланыс:

«Желкенді бояу» әдісі арқылы, кері байланыс жасау.



Саралау –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?




Бағалау - оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс.

Денсаулық және қауіпсіздік.

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

( тәрбие элемент).

Оқушы білімін саралау мақсатында деңгейлік тапсырмалар беремін. Оқушы білімін саралау:

Жоғары: Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

1.Отбасы құрғанда айтылатын тілек?

2. Киіз үйдің бөліктері қандай?

3. Шаңырақ қай тілден шыққан сөз?

4. Шаңырақ қайда сатылады?

Орта. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты табыңыз

1. Шаңырақ киіз үйдің бір бөлігі.

2. Жастар отбасы құрған кезде шаңырақ сатып алады.

3. Аталарымыз шаңырақты қасиетті деп санаған.

4. Отбасы деген сөз шаңырақ деген сөз.

Төмен: Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

1. Шаңырақ – қасиетті бөлік.

2. Жас отбасыға жақсы тілектер айтылады.

3. Киіз үйдің қасиетті бөлігі жоқ.

4. Туған жеріміздің мәртебесі жоғары.

2 топқа

Жоғары. Ненің? деген сұрағына жауап беретін сөйлемді көрсетіңіз.

1.Жаңадан отбасын құрған.

2.Мәртебесі жоғары болсын!

3.Үйдің қасиетті бөлігі болып саналады.

4.Үлкендер жақсы бата берген.

Орта. Қасиетті қара шаңырақ қандай мағынаны білдіреді?

Төмен.Отбасы дегеніміз не?

ІІІ топқа.

Жоғары. Қазақ халқы «Шаңырақ» деген сөзге көптеген ұғымдарды сыйғызған. Ол қандай ұғымдар?

Орта. Қазақ халқы шаңырақты қалай қастерлеген?

Төмен. Шаңырақ туралы қандай бата берген?

Бағалау критерийлері арқылы бағалаймын.

Әр тапсырмалардан соң қалыптастырушы бағалау қойылып отырды. «Қол сигнал» әдісі




Ғаламтор,интербелсенді тақта.


Рефлексия

1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

2.Бүгін оқушылар не үйренді?

3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

5.Уақытты қалай пайдаландым?

6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


1.Сабақ мақсаттары шынайы қолжетімді болды және оқу мақсаттары орындалды.

2.Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті.

3.Сабақта саралау тапсырмалары тиімді болды.

4.Уақыт тиімді пайдаланылды, сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.

5.Сабақ жоспарларынан ауытқулар болған жоқ.

6.Әрбір тапсырманы тиянақты орындап отырды.

Жалпы бағалау.

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

  1. «Мәлімет жинау» ойыны арқылы.

  2. «Сұхбат» әдісі бойынша алынған интервью

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

  1. АКТ түрлерінің көп болуы

Оқушылардың белсенділігі








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
5 сынып Сабақ тақырыбы"Шаңырақ"

Автор: Каримбаева Айсулу Джаксыбаевна

Дата: 10.03.2018

Номер свидетельства: 461236


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства