kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"5 санын қосу және азайту" Мектепалды даярлық

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 сынып математика.

математика пәніне арналған сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"5 санын қосу және азайту" Мектепалды даярлық»

Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен қосудың және азайтудың кестелік жағдайларын, екі амалдан тұратын есептеулермен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың ізденуін, ойлауын оқығанын іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру. Ойын есептер арқылы оқушылардың логикалық ой - өрісін ойлау қабілеттерін дамыту. Математикаға қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту сабағы
Сабақтың тегі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың байланысы: ана тілі, бейнелеу өнері, қоршаған орта, халық педагогикасы.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кадаскоп, карточка, венн диаграммасы, фишка.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Математика сабағын
Мен меңгеріп аламын
Қазір есеп шығарып
Ата – анамды қуантып
Бес деген баға алып барамын
(қолдарынан ұстап оқушылар, бір - біріне жақсы тілектер тілейді)

Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырманы аралап тексеру, қосу және азайту амалдарының атауларын ауызша сұрау.
Карточкамен жұмыс
Жарайсыңдар балалар барлығың өткен сабақты жақсы меңгеріпсіңдер. Олай болса балалар мына ойын арқылы үй тапсырмасын қорытындылайық

Кадаскоппен жұмыс
Кел, ойнайық! Бос орынға белгілерінің тиістісін қой
Жаңа сабақ
Түсіндіру
Оқушылар мен жаңа сабақты мына санамақ жолдарымен бастағым келіп тұр. Осы санамақ арқылы бүгінгі өтетін сабағымызды анықтап алайық.
Бас бармағым - әкем
Балан үйрек - анам
Ортан терек - ағам
Шылдыр шүмек - әпкем
Кішкене бөбек - сен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз
Сұрақ – жауап әдісі
Сендер бәрін 5 санын білесіңдер ме?
Енді балалар мен сендерге мынандай жұмбақ жасырайын.

Атамда менің 5 алма
Апамда менің 5 алма
Бәрін қосып санасақ
Болады сонда қанша алма (10)

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтап алдық, сабағымыздың тақырыбы 5 санын қосу және азайту.
Сұрақ - жауап
5 саны қандай сан?
Оқушыларға осы тақырыпқа байланысты киелі сандардың бірі 5 санының құдіреті жайлы таныстырып өту.

5 саны
5 парыз: Құдайдың бірлігі мен Мұхамедтің пайғамбарлық қасиетін мойындау, намаз оқу, ораза тұту, қайыр садақа беру, қажылыққа бару.
5 қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
5 намаз: таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ақшам намазы, жамшық намызы
5 жақсы: қара нар, жүйрік ат, қалың кілем, алмас қылыш, бұлғын ішік
5 қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз
5 өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма.

Сергіту сәті:
Оқулықпен жұмыс:
«Теңге алу ойыны»
5+1
5 - 2
5+5
5 - 4
5 - 3
5+4
5 - 1
5+2

2 - тапсырма. Слайд арқылы түсіндіру.
Төрт сан аттай отырып, алдымен сандарды өсу ретімен, содан соң кему ретімен, содан соң кему ретімен атау.

Кел, ойнайық! Бұлттардың арасынан есептің шешуін табайық.

Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Екі қолды жинасам
Болады сонда он саусақ
(қимылмен көрсету)

«Кім тапқыр» ойыны
Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане кім тез шешеді (5)

Беспайда бар бес іні
Естайда бар екі іні
Қоссаң 5 пен 2 - ні
Неше екен шешуі (7)

Шығармашылық жұмыс
Асқардың, Талғаттың, және Дәулеттің әкелері – дәрігер, мұғалім, ұшқыш. Асқардың әкесі ұшқыш емес, Талғаттың әкесі мұғалім де, дәрігер де емес. Дәулеттің әкесі дәрігер емес. Кімнің әкесі қандай қызмет істейді?
Сабақты қорыту
Венн диаграммасы бойынша сабақты қорытындылау
Бағалау: Жинаған фишкаларын санату арқылы бағалау
Үйге тапсырма


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"5 санын қосу және азайту" Мектепалды даярлық

Автор: Мырзагулова Актолкын

Дата: 22.05.2017

Номер свидетельства: 417800

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "План открытого урока по математике на тему "9 санын ?осу ж?не азайту""
    ["seo_title"] => string(74) "plan-otkrytogho-uroka-po-matiematikie-na-tiemu-9-sanyn-k-osu-zh-nie-azaitu"
    ["file_id"] => string(6) "302707"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1457280368"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства