kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

5 саны және цифры. Бесбұрыш. Күз кереметі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Интегрированный урок по математике и познанию мира во 2-ом классе. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«5 саны және цифры. Бесбұрыш. Күз кереметі.»

Кіріктірілген сабақ (математика+дүниетану)

Сабақтың тақырыбы: 5 саны және цифры. Бесбұрыш. Күз кереметі.

Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларды 5 санының құрылуымен және құрамымен таныстыру; бесбұрыш және оның белгілері туралы түсінік қалыптастыру;

Дамытушылық мақсаты: сандарға өзара амал қолдануға үйретуде ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: ұйымшылдыққа,еңбекқор болуына тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс: түсіндіру, көрсету

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілік: суреттер, сандар жазулары, күз мезгіліне байланысты суреттер, жұлдызшалар, суреттері, геометриялық фигуралар, сызба.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық:

Күннің көзі ашылып

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой,

Ал кәнеки бәріміз.

Сәлем дейік үлкенге.

Бәрі: -Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Мақсат қою:

Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарға білімімізді көрсете білуге тырысайық.

ІІ. Пысықтау.

  1. Ең үлкен бір таңбалы санды ата (9)

  2. Ең кіші бір таңбалы санды ата (0)

  3. Қосу амалындағы сандардың компоненттерін ата (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)

  4. Азайту амалындағы сандардың компоненттерін ата (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)

  5. 1 мен 3-тің арасында қандай сан тұрады? (2)

  6. 4-тің алдында тұратын сан (3)

  7. Апта күндері нешеу? (7)

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

  1. Жұмбақты шешу:

Жауып жаңбыр, жер сабыр,

Шөп, жапырақ солады.

Бұл қай кезде болады? (күзде)

  1. -Ендеше, күз мезгілінің әдемілігін тамашалап, білгендерімізді ортаға салайық.

Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер? Барлығы нешеу? (4)

Күз несімен ерекшелінеді? Оның қандай байлықтары бар?

Жұмбақ шешу:

Ағайынды бәрі,

Шықса – жасыл,

Түссе – сары. (жапырақ)

-Дұрыс айтасыңдар! Айнала түгел сары алтындай болып алуан түстерге боялды.

Шөптер сарғайып, жапырақтар түсе бастайды. Сондықтан, сендер түскен жапырақтарды жинап алыңдар. (жапырақтарда амалдар берілген)

  1. «Жапырақтарды жинап ал» ойыны.

Мақсаты: ондықтармен есептеуді орындау дағдыларын дамыту.

3+4= 6-1= 8-2= 9-5=

2-1= 4-3= 1+4= 7+2=

  1. Күзде не піседі? (астық)

Мынадай тапсырманы орындап көрейік.

«Цифрмен көрсет» ойыны.

Мақсаты: заттар мен санның ара қатысы туралы білімдерін бекіту.

Әрбір суретке қандай цифр сәйкес келетінін табу. Мына сандарды реті бойынша ең үлкенінен бастап атау.

Карточкалардың сыртында астықты егіп өсіру жайлы суреттер берілген.

  1. жерді жырту;

  2. дәндерді себу;

  3. егінді баптап күту;

  4. астықты жинап, қырманға апару.

Суреттерді ретімен орналастырып қою керек.

ІV. Жаңа тақырыпты енгізу.

  1. Жұмбақ:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Сұрақ: қандай жемістерді білесіңдер?

Жұмбақ шешу:

Көктемде

Ақ гүлге оранады,

Күзде

Қолға доп боп оралады. (алма)

  1. Түсіндіру. Бес санымен таныстыру.

Алма ағашының жемістерін жинап алайық.

Неше алма бар? (төрт)

Тағы біреуін алайық. Қанша болады? (бес)

5

Қандай сан пайда болды? Бес саны қалай шықты?

Төрттен кейін бесті,

Білу оңай десті.

Санашы бір қолынның саусағын

Оңай табасын бесті.


3. Дәптермен жұмыс.

5 санының жазылуын дәстүрлі түрде алдымен тақтада, сосын ауада, кейін дәптерде әр оқушының дәптеріне жазғызу.

Тапсырма: Беске дейін санайық. Кері санап шығайық.

1

2

3

4

5

«Жүзімдерді санайық»

4+1 2+3

1+4 3+2

4. Пысықтау. Сандар құрамын анықтау.

Қандай көкөністерді білесіңдер?

Жұмбақ шешу:

Әр желінің асты толған көк қоян.

Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. (қияр)

Қанша қияр бар? Қиярларды 2 ыдысқа бөліп салайық.

3 3 4 4 5 5 5


1 2 2 3 3 2 4

5. «Фигураны сипаттап бер» ойыны.

Мақсаты: оқушыларды берілген фигураны сипаттап беруге баулу.

6.Бесбұрышпен таныстыру.

Сұрақтар: мына фигураның неше бұрышы бар? Неше қабырғасы бар? Неше төбесі бар?

Бес бұрышы бар фигураны қалай атауға болады?

  1. Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Суреттерге талдау жұмысын жүргізу.

Тапсырма: фигуралар арасынан тек бесбұрыштарды табу.

Бекіту. 1. Ой қозғау. Бес санына байланысты қандай ойлар келеді?




5


баға теңге

саусақ

  1. Санамақты жаттайық:

Бес дегенім – бесік,

Келеді сәби өсіп.

Бабамыздан қалған,

Бақыт және несіп.

V. Қорытындылау.

Күз- еңбек қайнайтын кез. Адамдар күні бойы жалықпай еңбек етеді. Еңбектің арқасында ғана дастархандары мол болып, қарындары тоқ болады.

Еңбек туралы қандай мақал—мәтелдерді білесіңдер?

Бүгін қандай санмен таныстық? Ол қалай пайда болады?

Қандай фигурамен таныстық?

Жұлдызшалар арқылы оқушыларды бағалау.

Рефлексия.

Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Сабақ ұнаса күнге сары сәулелерін жапсырамыз, егер ұнамаса жасыл сәулелерді жапсырамыз.

Сабақтағы көңіл-күйлерін қандай? (стикерлерді жапсырады)

Үйге тапсырмасын беру.

Бағалау.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
5 саны және цифры. Бесбұрыш. Күз кереметі.

Автор: Абдрахманова Гульсара Сергеевна

Дата: 07.11.2017

Номер свидетельства: 437371

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) ""5 саны ж?не цифры. Бесб?рыш. К?з кереметі.""
    ["seo_title"] => string(40) "5sanyzhnietsifrybiesburyshkuzkieriemieti"
    ["file_id"] => string(6) "321894"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1461431558"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства