kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

5-ке к?бейту ж?не б?лу кестесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Кестелік к?бейту ж?не б?лу ережелерін ?айталай отырып 5-ке к?бейту ж?не б?луді ?йрету. Есетер шы?арту ар?ылы ??ындыру, ме?герту.

Дамытушылы?: О?ушыларды? ойлау ?абілеттерін, ?здігінен іздену да?дыларын дамыту. Жазбаша ж?не ауызша есептеу да?дыларын жетілдіру.

Т?рбиелік: Отанс?йгіштікке т?рбиелеу. О?ушыларды ?згені ты?дап, ?з ойын еркін айту?а баулу, белсенділікке, ??ыптылы??а т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекіліктері: о?улы?, дидактикалы? материалдар, ?аза? ?й макеті, ?оржын, асы?тар.

Саба? т?рі: аралас саба?

Саба? ?дісі: с?ра?-жауап, т?сіндіру, іздендіру

П?наралы? байланыс: ана тілі, ?аза? тілі, дене шыны?тыру

Саба? жоспары:

І. ?йымдастыру б?лімі. 1,5

ІІ. ?й тапсырмасын тексеру. 1

ІІІ. ?ткенді ?айталау. 3

IV. Жа?а білімді ме?герту. 10

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«5-ке к?бейту ж?не б?лу кестесі»

Сынып: 3 «Ә»

Пән: математика

Тақырыбы: 5-ке көбейту және бөлу кестесі.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кестелік көбейту және бөлу ережелерін қайталай отырып 5-ке көбейту және бөлуді үйрету. Есетер шығарту арқылы ұғындыру, меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, өздігінен іздену дағдыларын дамыту. Жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу, белсенділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, дидактикалық материалдар, қазақ үй макеті, қоржын, асықтар.


Сабақ түрі: аралас сабақ


Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру


Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, дене шынықтыру


Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі. 1,5

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1

ІІІ. Өткенді қайталау. 3

IV. Жаңа білімді меңгерту. 10

VІ. Сергіту сәті. 1

VІІ. Қорытынды. 5

VІІІ. Бекіту. 5

ІХ. Бағалау. 3

Х. Үйге тапсырма. 1,5

















Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру.

Бүгін бізде ереше сабақ. Біз сендермен саяхатқа аттанамыз. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік.

Саяхатқа қандай көлік түрімен шығуға болады?

(әуе, су, темір жол, машина, ұшақ, тікұшақ, машина, т.б.)

Ерте заманда ата-бабаларымыз көлік ретінде нелерді пайдаланған?

(жануарларды, түей, жылқы, өгіз, есек)

Осы жануарлардың қандай көмектері тиді?

(жауға шапты, көшіп қонғанда жүк артты)

Техника қанша дамып, жаңарып жатса да біз ата-бабаларымыз мінген, көлік еткен жануарларды естен шығармауымыз керек. Біз бүгін түйеге міңгесіп батырлардың ауылдарын аралаймыз?

Түйенің пайдасы қандай?

Қандай батырларды білеміз?


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: - Түйелер дайын болғанша үй тапсырмасын қайталап алайық. (бір оқушы оқиды, қалғандары орындарында тексереді).


ІІІ. Өткенді қайталау: - Өткен сабақта біз баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділікті өткен болатынбыз, қане қайталайық.


а) заттың құнын табу үшін не істейміз?

ә) заттың бағасын табу үшін не істейміз?

б) заттың санын табу үшін не істейміз?



ҚҰНЫ


БАҒАСЫ


САНЫ


















IV. Жаңа білімді меңгерту:

Үй тапсырмасын пысықтадық, барып түйелерге міңгесейік (әр оқушы өз фотосын түйелердің үстіне апарып жабыстырады). Саяхат барысында бізді қызықты тапсырмалар күтеді, олар былай бағаланады:

Қылыш-өте жақсы

Найза- жақсы

Қалқан - қанағаттанарлық

Бұлар қандай заттар? (батыр қаруы)


Іздену жұмыс тапсырмалары:

1. 15 асық жатыр 3 дорбаға тең бөліп сал. Неше асықтан салдың? (5)

2. 10 торсықты 2 қалташаға орналастыр. Бір қалташаға неше торсықтан келді? (5 )

3. 20 түйені 4 қалташаға орналастыр. Бір қалташаға неше түйеден салдың? (5)

- Үш тапсырмада да қай сан шықты?

(5 саны)


Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 5-ке көбейту және бөлу кестесі, масаты 5-ке көбейту мен бөлуді меңгеру.

Барлығымыз дәптерімізді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын жазып қояйық.

Бірінші аялдама Қабанбай батыр ауылы.

5-ке көбейтулерді қарастырайық, мәндерінің қалай табылғанын қарайық:

5*5=5+5+5+5+5 5*5=25 25:5=5

5*6=5+5+5+5+5+5 5*6=30 30:5=6

5*7=5+5+5+5+5+5+5 5*7=35 35:5=7

Көбейтуге кері амал қай мал?

(бөлу)

Олай болса кім 5-ке бөлу кестесін құруға дайын?

(1-2 оқушыға құрату)


Мына өрнекке қарайық:

6*5=5*6

7*5=5*7

8*5=5*8


-Не байқауға болады?

(көбейткіштердің орнының ауысқанын)

-Қандай ереже бар?

(көбейткіштердің орындарын ауыстырғанымен көбейтіндінің мәні өзгермейді)


V.  Кітаппен жұмыс:

Осы ауылдың келесі тапсырмасы «Орнын тап» ойыны. Белгісіз санды дөңгелектің ішіне орналастыр.





Келесі тапсырма кестені толтырамыз:


Бағасы

Саны

Құны

5 кг

7

35 кг

5

5

25

5

8

40 тг



Саяхатымыз ары жалғасады, келесі тоқтайтын ауыл Бөгенбай батыр ауылы.

Бұл ауылда білек күресі өтіп жатыр екен, білекті жігіттер ақылмен кұш сынасып жатыр екен, біздің арамызда бар ма сондай жігіттер?

40*7 - 40*5

70*3 + 70*2

80 *3 + 30*2

720 – (384 + 216)


Келесі тапсырма 103 бет №9

4*b өрнегінің мәнін тап:

4*b b=1,2,5,8,9,0


Шаршадық па балалар аулға келген қонақтар міндетті тұрде ауылдың алты ауызын айту керек екен, біз де айтайық.


Сергіту сәті «Еркема-ай» әнінің желісімен ән айту.


Саяхатымыз жалғасады, түйемізбен ары қозғаламыз. Алдымызда қай ауыл тұр екен?

Махамбет ауылы.

Бұл ауылдың тапсырмасы 103б. №10 есеп


  1. Есепте не туралы айтылған?

  2. не белгілі?

  3. тағы не белгілі?

  4. Есеп неше амалмен шығарылады?

  5. Нені табу керек№


Т.д. – 6 о.

Т.к. -4 о.

әр орын. – 2 ш.

(6+4)*2=20

Ж. 20 шұңқыр


Келесі тапсырма 103 беттегі №11 қалдықты бөлуді орындап, тексерейік.

6 : 5 = 1 ( қалдық 1) 1*5 + 1 = 6

7 : 5 = 1 ( қалдық 2) 1*5 + 2 = 7

12 : 5 = 2 ( қалдық 2) 2*5 + 2 = 12

Балалар саяхатымыз да аяқталып қалды, шығармашылық тапсырманы орындап елімізге қайтайық (оқушыларға 2 мин беріледі, орындарында отырып ойланып дайын болған оқушы жауап береді)


ҚОРЫТЫНДЫ:

Саяхат барысында қандай жаңа тақырыппен таныстық? (5-ке көбейту және бөлу кестесі).

Осы сабақта не білдік? Не үйрендік? Қиын болған тапсырмалар бар ма?

5-ке көбейтуді қайталап көрейік.


БЕКІТУ:

  • Абай атамыздың ғылым таппай мақтанба өлеңіндегі 5 асыл істі атаңдар.

  1. Талап.

  2. Еңбек.

  3. Терең ой.

  4. Қанағат.

  5. Рақым.


  • 5 нәрседен қашық бол дейді, олар нелер?

Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ.

Олай болса жоғарыдағы саяхаттап қайтқан батырлар тәуелсіздігімізге қол жеткізгелі 21 жыл толыпты. Осы елімізді 21 жыл үздіксіз басқарған президентіміз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев).

  • Дұрыс, жуық арада қандай мейрам қосылмақшы?

  • Тұңғыш президент күні.


Бағалау.

  • Өте жақсы. Бүгінгі сабаққа қатысқандарың маған өте қатты ұнады. Рахмет.

Үйге: 103 б. №10-2, 14, көбейту кестесін жаттау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
5-ке к?бейту ж?не б?лу кестесі

Автор: Алпысбаева Ануар Кайрхановна

Дата: 25.06.2016

Номер свидетельства: 336097


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства