- Сөзге қосымша жалғанғанда сөз мағынасы өзгереді. Қосымша екіге бөлінеді: жұрнақ пен жалғау.
Жалғау сөз бен сөзді байланыстырса, жұрнақ сөздің мағынасын өзгертіп тұрады.
2) Оқулыкпен жұмыс.
1 – жаттығу
Аңшылық, таулы, ерлік, өжеттілік, қайраттылықтың.
Түбірі – аң, тау, ер, өжет, қайрат.
Жұрнағы – шы, -лық, -лы, -ті, -лік, -ты, -лық.
Жалғауы – тың.
– жаттығу
Ағатай, кітапша, құлыншақ, балапан.
- Ағатай, қашан келдіңіз?
- Қойын кітапшаға жазып алдың ба, Айжан?
- Аулада қара торы құлыншақ шауып жүр.
- Қаздың екі балапаны адасып қалыпты.
3– жаттығу
- Доп, С, жастық.
Достық.
Түбірі – дос, -тық – жұрнақ.
Достық – әлемдегі ерекше бағаланатын сезімдердің бірі.
4 – жаттығу
Конькиге де, шаңғыға да, шанаға да
Жоқ бүгін бір тыныштық.
Өңкей жүйрік қара бала
Төмен қарай өрден ұштық.
Түбірі мен қосымшасын ажыратып белгілеу.
ІІІ Толғаныс:
Бекіту.
а) Сызбамен жеке жұмыстану
ә) Топшамамен жеке жұмыс
Қорытындылау.
1.Қарама-қарсы мағыналы сөздерге мысал келтір.
2. Түбір дегеніміз не?
3. Жалғаудың жұрнақтан айырмашылығы неде?
Бағалап мадақтау
Үйгетапсырма
7 - беттегі 3 -жаттығу және ережені жаттау.
3
2 сынып
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Адам тіршілігінің бәрін табиғаттан алады
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды өздерін табиғаттың және қоғамның бір бөлігі екенін сезінуге үйрету.Адамның табиғаттан не алатынын түсіндіру.Жер бетінде адамдар әртүрлі және оларға тірішілікке қатысты заттың бәрінің ортақ екенін түсіндіру.
Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлауын,бақылауын дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту
«Өзім туралы бір ауыз сөз» тіл дамыту жаттығуы. Мысалы: «Мен адаммын. Шашым қара, ұзын, көзім қой көзді, бойым орташа, тәттіні жақсы көремін».
«Мен анама тартқанмын. Менім шашым анамдікіндей қара, арықпын, жануарларды жақсы көремін».
Біз өзіміз туралы айттық. Жер бетінде өсімдік, жануарлар әлемі бар. Ал жалпы тіршілік атаулының ішіндегі саналысы – адам.
ІІ Мағынаны тану
1. Адам туралы айтыңдар. Оның қандай жақсы және қандай жаман қасиеттері бар?
2. Адам қоршаған әлемге қалай қарайды?
3. Адам өсімдіксіз және жануарларсыз өмір сүре алмайды?
«Адам. Өсімдіктер. Жануарлар» деген сызбаны толықтыру.
«Адам - табиғаттың бір бөлігі» деген түсініктерін қорытындылау.
Адам ауамен тыныс алады, тамақтанады, өседі, ақыл- ойы дамиды, ұрпақ қалдырады. Сондықтан адамға да ауа, жарық, жылу, қорек қажет. Енді адам жануарлардан несімен ерекшеленетіні жөнінде айтайық (адам ойлайды, сөйлейді, еңбек етеді).
Оқулықпен жұмыс.
Адамға қол, аяқ, бас не үшін керек?
Олар қандай қызмет атқарады?
3. Адам мен жануарды салыстыру. «Венн»диаграммасын» толтыру.
«Венн»диаграммасы»
4. Қорытынды жасау.
Адам – ақылды. Ол табиғатты зерттеп, оны қорғайды. Жер бетінде болып жатқан өзгеріс жаңалықтардың бәріне жауап береді.
5. «Білімпаздар үшін» рубрикасы.
Біз өзімізге қажеттінің бәрін Жерден аламыз. Бағбан жеміс ағашын өсірсе, егінші егіншілікпен айналысады. Жеміс- жидек, дәнді дақыл, көкөністер –азық . Адамдар сонымен қатар мал шаруашылығымен де айналысады. Қазақ халқы үй жануарларын төрт түлік мал деп атайды. Оларға түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі жатады. Төрт түлік малдың ауыл шаруашылығына тигізер пайдасы мол.
Бақылау күнделігімен жұмыс.
1. Ұжымдық жұмыс. Ережелер құрастырып, дәптерлеріне жазады.
2.өзіндік жұмыс.
ІІІ Толғаныс:
Адам ақылды болғандықтан, ол қоршаған әлемде өзін қалай ұстау қажет?
Үйге тапсырма беру.
Адамның табиғатта өзін ұстауы туралы ереже құрастыр.
4
Сабақтың тақырыбы: Кенді пайдалы қазбалар
Сабақтың мақсаты:
Кенді пайдалы қазбалар туралы түсінігін қалыптастыру. Кенді пайдалы қазбалардың қасиеттерімен, оны игеру жолдарымен таныстыру.
Балаларды кенді пайдалы қазбалармен, оның қасиеттерімен, өндіру, пайдалану жолдарымен таныстырып, танымдық белсенділігін, Қазақстан картасымен жұмыс істеу білігін жетілдіру.
Балалардың сөйлеу, логикалық ойлау, салыстыру, қорытынды жасау қабілетін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап,әңгімелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: пайдалы қазбалар картасы, слайдтар
Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту
Сұрақ-жауап
Пайдалы қазбалар деген не?
Олардың кен орындарын картадан көрсетіңдер.
Пайдалы қазбалар қандай үш топқа бөлінеді?
Қандай кенді пайдалы қазбаларды білесіңдер?
Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады ?
Кестемен жұмыс
Пайдалы қазбалар
Кенді
Темір, алюминий, мыс, күміс, алтын
Кенге жатпайтын
Жанғыш
Гранит, әктас, құм, сазбалшық
Таскөмір, мұнай, табиғи газ
Сөздік диктант
Пайдалы қазбалардың атын жазу.
1. Жеңіл, ылғалды сіңіріп алады, жақсы жанады, тыңайтқыш ретінде қолданады. (шымтезек)
3. Қара түсті, қатты, жылтыр, суға батып кетеді, жанғыш зат (таскөмір)
(Оқушылар бір-бірінің дәптерін тексереді)
Сергіту сәті.
ІІ. Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс
1. Мәтінді оқу. Пайдалы қазбаларды негізгі топтарға бөлу, кенді, кенге жатпайтын,жанғыш пайдалы қазбалар.
Кенді пайдалы қазбалармен таныстыру.
2. Кел, ойланайық!
Неге бұлар осылай аталған?
Жоспар бойынша пайдалы қазбаларды әңгімелеу:
А) аты
ә) Қасиеті
б) Игеру тәсілі
в) маңызы мен қолдануы
Сарамандық жұмыс
Картамен жұмыс. Оқушылар картадан пайдалы қазбалардың кен орындарын тауып көрсетеді және оларды кескін картаға шартты белгілермен бегілейді.
Өтілген материалды қайталау
Сөзжұмбақ шешу.
1
қ
ұ
М
2
қ
о
л
а
3
т
ұ
з
4
б
у
5
г
а
з
6
б
е
д
е
р
7
г
р
а
н
и
т
8
м
ұ
н
а
й
9
с
а
з
б
а
л
ш
ы
қ
10
м
ы
с
11
қ
ұ
б
ы
л
н
а
м
а
Қатты тау жыныстарының үгілуі салдарынан түзілетін тас түйіршіктері
Мысты басқа металдарға қосу арқылы алатын металл
Тағам дайындауға пайдаланылатын зат
Су қайнағанда неге айналады ?
Картада ақ мұнара таңбасымен белгіленетін қазба байлық атауы.
Жердің беткі бетінің қабатының пішіні.
Қатты тау жынысы
Жанармай алынатын майлы, қоймалжың зат.
Керамикалық ыдыстар жасауға қолданылатын жұмсақ тау жынысы.
Қызғылт түсті жұмсақ металл.
Көкжиек тұстарын анықтауға арналған құрал
ІІІ Толғаныс:
Сабақты қорытындылау
Табиғат пен адам арасындағы байланыс жайлы пікірталас өткіземін.
Үйге тапсырма
5
Сабақтың тақырыбы:Қобыланды батыр (жырдан үзінді)
Сабақтың мақсаты:
Қобыланды батырдың ерлігі мен атының жігер күшін, жазушы суреттегендей түр - келбетін көре білуге, сомдап қағаз бетіне түсіре білу шеберліктерінің оянуына жол ашу.
Өлеңнің идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру. Жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.
Батырдың өмірлік ұстанған принциптері мен биік мұраттары -болашақтың қамы екеніне тоқтала келіп, елі мен Отан алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қобыланды батыр мен атының суреттері. Қобыланды батыр жырынан үзінді.
Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту
- Қазақ батырларынан кімдерді танисыңдар, кімдердің атын айта алар едіңдер?
- Олардың Қазақстан тарихына қосқан қандай үлестері бар?
Сонымен бірге орайластыру арқылы кластер жасаймыз. Сабақ барысында әрі қарай толықтырып отырамыз.
ІІ. Мағынаны тану.
Бүгінгі тақырыппен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс: «Түртіп алу» стратегиясы.
Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы. Мәнерлеп оқу, тыныс белгілерін қойып шығу.
Оқушылардың мәнерлеп оқуы.
Өлеңді үш бөлікке бөліп алу.
а) 1-шумақты бәсең дауыспен оқимыз
ә) 2-шумақты Тайбурылдың шапқан желісін бейнелейтіндей дауыс ырғағын келтіре оқу.