kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

4- сынып?а арнал?ан ?аза? тілі п?нінен "Біріккен с?здер" саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

4-сынып о?ушылары ?аза? тілі п?ні бойынша с?з таптарын ?теді С?з таптарыны? т?рлерін ажырата білу ма?сатында к?рделі с?здерді? т.рлеріне саба? жоспарын енгізіп отырмын. Саба? барысында о?ушылар топтар?а б?ліну ар?ылы біріккен с?здерді тауып, оларды ажыратып, білімдерін бекіте т?седі. К?рделі с?здерді? т?рлері ?ос с?з, ?осарлама ?ос с?з, біріккен с?з, ?ыс?ар?ан с?здер, т.б.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«4- сынып?а арнал?ан ?аза? тілі п?нінен "Біріккен с?здер" саба? жоспары»

Қазақ тілі 4-сынып

Тақырыбы: Біріккен сөздер

Мақсаты: Күрделі сөздер ұғымын бекіте отырып, біріккен сөздер туралы түсінік беру.

Сөздік қорларын байыту.

Ұқыптылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үлестірмелі карточка, плакат

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру

«Қысқы тіршілік» тақырыбында жазған шығармаларын оқыту. Шығарма құрамындағы күрделі сөздерді тапқызу, олардың жолдарына тоқталу. Жаттауға берілген ережені жатқа сұрау.

224 – жаттығуды дәптерді жинап алып тексеру

3. Жаңа сабақ

1. «Фигураны тап» ойыны (берілген фигурамен жұмыс жасайды)



Фигура атауларын тақтаға тізіп жазып шығады.

Шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш, түзу, бұрыш

Сол сөздердің ішінен күрделі сөздерді табу. Жасалу жолына тоқталу.

төрт + бұрыш, үш + бұрыш, көп + бұрыш,

Осы мысал арқылы ережені балалар өздері құрап шығарады.

2. Жұмбақ шешу

Алғашқы буыным,

Көшті бастар ұлымын.

Сосын тоғай нуының

Жыртқышының бірімін.

Екеуін қоссаң ірімін,

Көп аңдардың дүрімін.

Жол + барыс

Бір ақынның атында,

2 түбір, 4 буын.

Мұны тауып қанекей,

Айтар екен кім бұрын?

Сұлтан + махмұт

Әкесі тышқан,

Шешесі құстан.

Жар + қанат

Сауыттан мықты шапаны,

Жәндіктің нағыз шабаны.

Тас + бақа

3. Оқулықпен жұмыс

226-жаттығу (ауызша)

227-жаттығу (кезектесіп тақтада орындайды)

Қос+құдық, Қара+жол, Ақ+теңіз, көк+жиек, Ай+дос, ақ+сақал, Ақ+қу, Бір+жан, әлде+қалай

228-жаттығу (орындарында орындау)

Біргу арқылы жасалған жер-су атауларын теріп жазу.

Кітаптағыдан басқа да бірігу арқылы жасалған жер су атауларымен таныстыра кету. Таулар: Ақшұнақ, Мыңшұқыр, Амантекше, Қалмақасу, Қаражырық, Салқынбел, Үшбүйен, Күреңбел, Мұзбалақ, Көкжамбас, Көкбұлақ, Көктөбе, Торыайғыр, Қызылауыз.

Өз өлкемізге қатысты жер – су атаулары : Қызылту, Сарыжал, Ақбұлақ, Шетбай, Сарыөзек, Бәдутұсаған т.б.

Тапсырманы бұрын орындап болған оқушыларға берілетін қосымша деңгейлік тапсырмалар:

№1.

Біріккен сөзді тап.

Жетісуда жүрмесең,

Тауды қайдан білесің?

Алма теріп көрмесең,

Бауды қайдан білесің?

№2

Төмендегі сөздерден біріккен сөз жаса

Бөрі, жол, басар, барыс, дос, гүл, ай, жан.

№3

Біріккен сөздерге сөйлем құра.

Қосаяқ, асқабақ, ақбөкен.

4. «Сандар сыр шертеді» ойыны

1+қазан 1+неше 6+бақан 6+атар

7+қарақшы 7+су 3+бүйен

8+аяқ 9+құмалақ 40+құлақ 80+көл

40+аяқ 1000+тамыр 1000+шұқыр



Қорытынды: «Ақ» түбірі арқылы жасалған біріккен сөздерді табу (схема бойынша жұмыс)

Ортадағы сөзден "ақ" жан жаққа осындай сөздер кетеді: сақал, тоғай, су, марал, бөкен, дана, қу, жарқын, бөпе, ерке, бота, жайық, нұр, төбе, адыр , су, бауыр

«Аққа құдай жақ» деген нақылды басшылыққа ала отырып, сабақ соңында оқушылар келген қонақтарға бір – бір ауыз ақ тілектерін айтады.

Үйге тапсырма: 229-жаттығу.

Біріккен сөздерді қатыстыра отырып «Біздің жанұя» тақырыбында ойтолғау жазуға беру.

Бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
4- сынып?а арнал?ан ?аза? тілі п?нінен "Біріккен с?здер" саба? жоспары

Автор: Карбозова Сайранкуль Туяковна

Дата: 05.04.2016

Номер свидетельства: 315150


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства