I-Патриотты? сананы ?алыптастыру ба?ыты бойынша ?ткізілген іс - шаралар
«?аза?стан-2050 бір халы?, бір ел, бір та?дыр», «Мені? ?аза?станым-мені? ма?танышым», «Т?уелсіздік - т??ырым», «Мы? бір ма?ал, ж?з бір ж?мба?», «Желто?сан жа??ыры?тары», «Мен ж?не мені? ережем»
Н?тижесінде
О?ушылар бойында патриотты? сана сезімдері ?алыптасып ту?ан жерге деген с?йіспеншілігі мен ?ам?орлы? сезімдері оянды, р?міздерге деген ??рмет, ?аза? хал?ыны? ма?ал-м?телдерін жат?а айта алатын т?л?а болып ?алыптасты. О?ушылар «Т?уелсіздік -т??ырым», «Мені? ?аза?станым-мені? ма?танышым», «Мен ж?не мені? ережем», «Желто?сан жа??ыры?тары» атты шы?арма, ?ле?дер жазып, Астананы?, р?міздерді? суреттерін салды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«4 «?» сыныбыны? 2014-2015 о?у жылында?ы жылды? ?ортынды бойынша т?рбие ж?мысыны? ?ортындысы. »
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі КММ
4 «Ә» сыныбының 2014-2015 оқу жылындағы жылдық қортынды бойынша тәрбие жұмысының қортындысы.
Тәрбие бағдарламасындағы мақсат шығармашылық баспалдағы бойынша тақырыбы: «Бізді қоршаған әлем»
Мақсаты:Жақсы істердің бастаушыларын дамыту, жаңалыққа бастау
4 «Ә» сынып оқушыларымен жүргізілген тәрбие іс-шаралары мынандай
6-бағытта жүргізілді.
I-Патриоттық сананы қалыптастыру бағыты бойынша өткізілген іс - шаралар
«Қазақстан-2050 бір халық, бір ел, бір тағдыр» , «Менің Қазақстаным-менің мақтанышым», «Тәуелсіздік - тұғырым», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Желтоқсан жаңғырықтары», «Мен және менің ережем»
Нәтижесінде
Оқушылар бойында патриоттық сана сезімдері қалыптасып туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қамқорлық сезімдері оянды, рәміздерге деген құрмет, қазақ халқының мақал-мәтелдерін жатқа айта алатын тұлға болып қалыптасты. Оқушылар «Тәуелсіздік -тұғырым», «Менің Қазақстаным-менің мақтанышым», «Мен және менің ережем», «Желтоқсан жаңғырықтары» атты шығарма , өлеңдер жазып, Астананың, рәміздердің суреттерін салды.
II-Рухани – адамгершілік даму бағыты бойынша өткізілген іс-шаралар
«Жақсылық жасау адамның әдептісі», «Досы көпті жау алмайды», «Үлкенге құрмет-кішіге ізет», «Мен соғысты көрген жоқпын...», «Егер мен ақын болсам», «Адамдық-азаматтық белгісі» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Нәтижесінде
Оқушылар адамгершілікке, рухани тазалықты сақтау, әр істе сабырлы, салмақты, ізденімпаз жауапты болуға үйренді.
III-Этносаралық толеранттық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеу бағыты бойынша өткізілген іс-шаралар
«Табиғатты сүйемін сұлулыққа бас иемін!», «Тәні сұлудың жаны сұлу», «Қыз өссе елдің көркі», «Жігітке жеті өнер де аз», «Табиғатты қорғайық», «Алтын қақпа» атты іс-шаралар өткізілді
Нәтижесінде
Оқушылар «Табиғатты қорғайық» атты іс-шарада табиғатты қорғауды,
аялауды үйренді.Тіршілік атауына жанашырлықпен қарауды үйренді. Оқушылар қысқы табиғат келбетінің суреттерін салып, «Табиғат аясындағы қызқты оқиғалар» тақырыбында бірнеше шығарма, өлеңдер жазды.
Оқушы бойында дүние танымы, танымы кеңейіп, рухани құндылықтары әсемдік арқылы, қоғамдық істерге белсене атсалысатын тұлға қалыптасты.
IV-Құқықтық тәрбие бағыты бойынша өткізілдген іс-шаралар
«Үлкенге құрмет-кішіге ізет», «Жүзден жүйрік», «Достық бәрінен де қымбат», «Адамгершілік әліппесі», «Қамқор бола білейік», «Менің сыныбым, менің ұжымым» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Нәтижесінде
Оқушылар әлеуметтік өзгерістерді ұғыну, соған орай белсенді өмір ұстанымда болуға ыңғайланды. Маңызды кәсіби қасиеттерді меңгеруге деген ұмтылысы қалыптасады. Сыныпта өткізілген тәрбие сағттарының нәтижесінде оқушылар үлкенді сыйлауды, кішіге ізет көрсете отырып, адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңірді.Оқушылар өз өмірлеріне не құқылы, неге құқылы екендерін біледі. «Қамқор бола білейік» атты сынып сағатында оқушылардың бойынан мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сезімдерін аңғардым. Оқушылар жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне (жан-жануар, өсімдіктер, аң-құс. т.б.) бәрінің өз орны мен қажеттіліктері болатындықтарын айта отырып, қамқор болу керектігін айтты.
V-Салауатты өмір салты бағыты бойынша өткізілген іс-шаралар
«Спорт- денсаулық кепілі», «Мен өмірді сүйемін», «Денім сау болсын десең!» , «Жеке бас гигиенасын сақтау дегенді қалай түсінесің?», «Менің жанұям, менің байлығым» атты сыныптан тыс өткізілген іс –шаралар
Нәтижесінде
Оқушылар адам денсаулығының қымбаттығын түсінді. Денсаулықлықты сақтаудың адам өміріне маңызын түсінді. Адам күн тәртібін сақтап, таза жүру керектігін білді. «Жеке бас гигиенасын сақтау дегенді қалай түсінесің?» атты тәрбие сағатында мектебіміздің медбике апайын шақырып денсаулық туралы, тазалық туралы, тамақ ішудің маңызын , таңерең ерте тұрып дене шынықтыру керектігі айтылды. Денсаулықты сақтаудың өмірлік дағдысымен тәртібіне дағдыланды.
VI- Ата-анамен жұмыс бағыты бойынша өткізілген іс-шаралар
«Мен және менің отбасым», «жанұямның шеберханасы Ата-әжелер арқылы», «Әкелер мен балалар», «Ана-отбасы тірегі» атты тәрбие сағаттары және де тоқсан сайын ата-аналар жиналысы өткізілді.
Нәтижесінде
Жалпы сыныпта ата аналар жиналысы 4- рет өткізілді. Жиналыста қарастырылатын мәселелер ата-ана комитетімен ақылдасып, бірлесе отырып шешіліп отырды.
4 «Ә» сыныпта жыл басында 19 оқушы болса, жыл соңында 17 оқушы 4 –сыныпты аяқтады. 4-сынып оқушылары мектепішілік өткізілген барлық дерлік іс-шараларға қатысып, өз үлестерін қосып отырды. 4- сыныптар арасында сыныптан тыс эстафеталық жарысқа қатысып 1-орынға ие болды; «Білімді бірді жығады, білекті –мыңды жығады» 3-4 сынып оқушылары арасында өткізілген білімділер сайысында Ирсултан Мақсат қатысып орынға ие болды. 1-мамырда өткен ұлттар достығына өткізілген мектепшілік іс-шара мен жәрмеңкеге оқушылар белсене қатысты. 9-мамыр Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған мектепішілік іс-шарада 4-сынып оқушылары соғыстың бір күнінен үзінді көрсетіп, өз үлестерін қосты.
2014-2015 оқу жылының жас түлектері «Бастауышым шамшырақ – балғын бөбек балбұлақ!» атты бастауыш сыныппен қоштасу ашық есік күнін өткіздім. Іс-шара
өз дәрежесінде өтті.
1-мамыр Ұлттар достастығы күні
9-мамыр Ұлы жеңіске 70 жыл
9
4-сыныптар арасында өткізілген эстафеталық жарыс
Бастауышым шамшырақ – балғын бөбек балбұлақ!»
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі.
4 «Ә» сыныбының 1-ші жарты жылдық
бойынша ата-анамен жұмыс, оқушымен жұмыс жөніндегі мониторингі
2015 оқу жылы.
4 «Ә» сыныбы бойынша оқушылар арасындағы «Оқушылардың ұжымдағы өзара қарым қатынасын анықтау» барысында оқушылардан сауалнама алынды. Сауалнама қортындысы бойынша оқушылардың 75% ұжымдағы өзара қарым -
қатынасты жақсы сақтай алады.
Оқушылардың оқу барысындағы ұжымдық әрекетін баулуда -40% орташа көрсеткіш, орташа көрсету себебі оқушының сабаққа аз келуі.
Сауалнама «Балаңыздың күн тәртібін білесіз бе??» ата-аналардан сауалнама алынды барлық ата-аналар қатысты.
Ата-аналардан алынған сауалнама қортындысы -85%
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі. 4«Ә» сыныбының жылдық
бойынша ата-анамен жұмыс, оқушымен жұмыс жөніндегі сынып,
сыныптан тыс тәрбие жұмыстар және мектепішілік іс- шараларға мониторинг, 2014-2015 оқу жылы.
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі. 4«Ә» сыныбының
жылдық бойынша құқықтық жұмыс жөніндегі сауалнама мониторинг,
2014-2015 оқу жылы.
Сауалнама нәтижесі:
Оқушылардың 50 – пайызы өз құқықтарын біледі
47- пайызы Қ.Р-ның конституциясын жақсы біледі
48- пайызы оқушы өзінің қандай оқушы екенін ,өз міндеттерін біледі
Түйіндеме:
2-жарты жылдықта оқушылардан алынған сауалнама қортындысы-95 пайыз,
5-пайызға өсті.
Ата-аналардан алынған сауалнамалар қортындысы-85 пайыз, 5-пайызға өсті.