kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

3-сынып. Математика. Та?ырыбы:"7-ге к?бейту ж?не б?лу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы 7-ге к?бейту ж?не б?лу. Саба?ты? ма?саты 1. Білімділік О?ушылар?а 7-ге к?бейту ж?не б?лу т?сілдері туралы білімдерін пысы?тау, к?бейту кестесін ??руда к?бейтуді? ауыстырымдылы? ?асиетін пайдалануды ?йрету. 2. Дамытушылы? Логикалы? ойлау ?абілетін, ой-?рісін, есептеу да?дыларын ?алыптастыру, математикалы? тілін дамыту, п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру. 3. Т?рбиелік Ма?сатына жетуге ?мтылдыру, ??ыптылы??а, тап?ырлы??а, іздемпаздылы??а, ?здігінен ж?мыс істеуге т?рбиелеу. Саба?ты? типі жа?а білім ме?герту. Саба?ты? т?рі жарыс саба?. Саба?ты? ?дісі т?сіндіру, с?ра?-жауап. П?наралы? байланыс д?ниетану, ?аза? тілі, ана тілі Саба?ты? к?рнекілігі суретті плакаттар, кестелер Саба?ты? жоспары І. ?йымдастыру кезе?і ІІ. ?ткен саба?ты ?айталау 1. «К?бейту мен б?лу» ойыны ІІІ. Жа?а саба? 1. Ма?ынаны ашу. Ж?мба? 2. Сергіту с?ті 3. О?улы?пен ж?мыс І?. Жа?а саба?ты бекіту ?. Ба?алау ?І. ?йге тапсырма
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«3-сынып. Математика. Та?ырыбы:"7-ге к?бейту ж?не б?лу" »


Пәні математика

Сыныбы 3

Сабақтың тақырыбы 7-ге көбейту және бөлу.

Сабақтың мақсаты

1. Білімділік

Оқушыларға 7-ге көбейту және бөлу тәсілдері туралы

білімдерін пысықтау, көбейту кестесін құруда көбейтудің

ауыстырымдылық қасиетін пайдалануды үйрету.

2. Дамытушылық

Логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін, есептеу дағдыларын

қалыптастыру, математикалық тілін дамыту, пәнге

қызығушылығын арттыру.

3. Тәрбиелік

Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа,

іздемпаздылыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі жаңа білім меңгерту.

Сабақтың түрі жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс дүниетану, қазақ тілі, ана тілі

Сабақтың көрнекілігі суретті плакаттар, кестелер

Сабақтың жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен сабақты қайталау

1. «Көбейту мен бөлу» ойыны

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. Мағынаны ашу. Жұмбақ

  2. Сергіту сәті

  3. Оқулықпен жұмыс

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

- Оқу құралдарын ретке келтіру

- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

- Сабақты бастау


Психологиялық дайындау

Біз білімді баламыз.

Оқып білім аламыз.

Тапсырманы орындап,

Бестік баға аламыз.





ІІ. Өткен сабақты қайталау

«Көбейту мен бөлу» ойыны

Дөңгелектің бір жағы қызыл, бір жағы жасыл болады. Екі жағында да 6 саны жазылады. Дөңгелектің жасыл жағын көрсетіп, санды айтқанда, балалар бұл санды 6-ға бөліп нәтижесін айтады. Егер қызыл түсі көрсетілсе, айтылған санды 6-ға көбейтіп нәтижесін айтады.


ІІІ Жаңа сабақ

Жұмбақ (қоян)

- Балалар, қоянның әр секіргенінде 7 бірлік бар.

- Қоян 3 рет секірсе неше бірлік болады? (21 бірлік)

- Ал, ендеше 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 рет секіргенде ше?

- Неше бірлік бар екенін сұрай отыра, көбейту кестесін шығарып аламыз.

Көбейту мен бөлу өзара кері амалдар. Кесте бойынша бөлу кестесін түсіндіремін.

- Сонымен қандай санды көбейту, бөлумен таныстық? (7)

- Қазақ 3, 5, 7, 9 сандарын қасиетті сан деп есептеген.

- Ендеше, осы 7 саны туралы не білеміз. (7 ата, 7 күн, 7 қазына, 7 керемет,

7 жұлдыз, 7 жұрт, 7 нота)


Сергіту сәті

Аптаның 7 күніне сергіту сәтін өткізу.

Оқулықпен жұмыс

1. Бос орынға тиісті санды қой.

2. Өрнектердің мәндерін тап: Өрнектер құр және олардың мәндерін тап:

3х7=21

5х7=35

7х8=56

3х7=21

35:7=5


К

6

18

12

24

к:3





к:6





3. Кестені толтыр:

с

5

4

9

3

с*6





с*7










4. Амалдарды орында:956-70х6=536

169+30х7-30=349

200-350/5+25=155

500-63-7=430

28+49/7=35

428+140/7+70=518



5. 1) Қысқы спорттық жарыстарға әрқайсысы 4 адамнан 7 шаңғы командасы және әрқайсысы 8 адамнан 4 биатлон командасы қатысты. Жарысқа барлығы неше адам қатысты? Шаңғышыларға қарағанда биатлоншылардың нешеуі артық қатысты?

4 адамнан – 7 шаңғышы

8 адамнан – 4 биатлоншы ? - ?артық

Шешуі: 4х7+8х4=60 32-28=4

Жауабы: 60 адам, 4 адам артық.


2) Ескі үйдің орнынан әрқайсысында 7 алтын монетасы бар 3 қорап және әрқайсысында 9 күміс монетасы бар 7 қорап табылды. Барлығы неше монета табылды?

Алтын монеталарға қарағанда неше күміс монета артық табылды?



7 алтын монета – 3 қорап

9 күміс монета – 7 қорап ? - ?артық

Шешуі: 7х3+9х7=84 63-21=42

Жауабы: 84 монета, 42 монета артық.






6. Кесте бойынша есептер құрастыр және оларды шығар:

Бағасы

Саны

Құны

100тг

8

?тг

бірдей

?тг

2

?тг

а)





Бір жәшіктің

массасы

Саны

Жалпы

масса

?тг

7

70кг

бірдей

?тг

2

ә)





7. Мынадай ұзындықтардың дәптеріне кесінділер сыз:

а) дециметрдің жартысы;

ә) екі дециметрдің төрттен бір бөлігі;

б) дециметрдің бестен бір бөлігі;

в) дециметрдің оннан бір бөлігі.


10. 7-ге көбейту және бөлу кестелерін пайдаланып, нәтижесін ата:

600х7=4200

7х20=140

7х80=480

630/7=90

7х50=350 490/7=70

7х90=630 350/7=50

420/7=60 40х7=280

210/7=30 7х30=210


ІҮ Жаңа сабақты бекіту

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып. жаңа сабақты бекіту.

«Кім жылдам?»

Өткен сабақтар бойынша сұрақтар қоямын, оқушылар өз жауаптарын қайтарады.

  1. Санды 1-ге көбейту дегеніміз не?

  2. Санды 1-ге бөлу дегеніміз не?

  3. Санды санға бөлу дегеніміз не?

  4. Көбейту мен бөлу өзара қандай амалдар?

5. 1дм - неше см бар?


Ү. Бағалау.

Оқушылардың біліміне қарай бағалау, мадақтау.

ҮІ. Үйге тапсырма

№8, 9. 131 бет


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
3-сынып. Математика. Та?ырыбы:"7-ге к?бейту ж?не б?лу"

Автор: Ма?ышева Г?лб?бі Бекеновна

Дата: 26.01.2015

Номер свидетельства: 161910


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства