kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

2 сынып әдебиеттік оқу пәнінен "Алатау" тақырыбына арналған қысқа мерзімді жоспар

Нажмите, чтобы узнать подробности

 2 сынып әдебиеттік оқу пәнінен  "Алатау" тақырыбына арналған қысқа мерзімді жоспар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«2 сынып әдебиеттік оқу пәнінен "Алатау" тақырыбына арналған қысқа мерзімді жоспар»

Абай атындағы №2 қазақ орта мектебі.




«АЛАТАУ»











Дайындап өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі Г.А.Сыздыкова

2016 жыл



Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары»

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Степняк қаласы Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сыздыкова Гульнар Ануарбековна


Күні

28/ 11 2016

Уақыты 14.50-15.35

Сабақтың тақырыбы


«Алатау »

Пән аралық байланыс

Дүниетану,Бейнелеу өнері,музыка пәндерімен байланыс.

Көрнекілігі


Менің Отаным тақырыбына байланысты Астана,Алматы қалалары және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған бейнетүсірілімдер.

Сабаққа қажетті ресурстар

Оқулық және әдістемелігі,Отан жайлы мақалдар мен өлеңдер жинағы,слайд, қима суреттер,Алатау тауы жайында мағлұмат т.б.

Мақсаты


Барлық оқушылар: Оқушылар Алатау тауы және Қазақстанның бас және жас қалалары туралы мәлімет алады.

Көптеген оқушылар :Өлеңнің негізгі идеясын ұғады.

Кейбір оқушылар: Сыни ойлауы дамиды. Шығармашылықпен жұмыс орындайды.

Міндеттері

1. Оқушылардың қызығушылығын ояту.

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру.

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.

Оқу үшін маңызды

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу.

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру.

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. СТО арқылы проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу.

Күтілетін нәтиже

Топтық жұмыстар негізінде оқушылар Алатау тауы жайында пікір алысады.

Өз білімдерін дәлелдейді.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары:

Мұғалім немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Ұйымдастыру кезеңі ( 2 мин)

Мұғалімінің іс әрекеті

Оқушының іс­әрекеті

Психологиялық тренинг.

Мұғалім оқушылардың назарын сабаққа аударады.






Автобусқа мініп ап,

Сапар шегіп қалаға

Қонақтарды күтіп ап

Жайғастырып орнына

Сабақты біз бастаймыз

Жалқаулықты тастаймыз.


Қызығушылықты ояту ( 3 мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

(Автобуспен Астана қаласына видео арқылы келе жатамыз)Астана бейнетүсірілім бойынша оқушыларды сабаққа жетелейді.

1.Балалар қазір біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?

2.Үй тапсырмасына не берілді?

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Ендеше Отан,Туған жер,Атамекен жайында біз қандай мақалдар білеміз?

Ей,Астана өлеңін бірнеше бала оқып береді.

Өздігінен қосымша Мөлдір оқып береді.

Миға шабуыл ( 5 мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалар кім Алматы қаласында болды?


Оқушының іс-әрекеті

Ойларын білгендерінше ортаға салады.

Мағынаны тану (5 мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті

1.Мұғалім жаңа тақырыпты хабарлайды.

2.Өлең авторымен таныстырады.

3. Алматы қаласы туралы видео көрсетеді.

  

Оқушының іс әрекеті

Оқушылар барлық ақпаратты қабылдап тақырыпты меңгереді.


Оқулықпен жұмыс (10мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

.Бағыттайды,бақылайды.


Алматы қаласы және Алатау тауы туралы қосымша деректі оқылым арқылы меңгертеді.

61 бетте «Алатау» өлеңін INSERT1 түртіп алу әдісі арқылы оқиды.

Өздері үшін жаңалық табады,өздеріне таныс емес сөздердің мағынасын түсініп алады.


Сергіту сәті (1 мин)

Мұғалім немен айналысады

Оқушы немен айналысады

«АЛАТАУ» әнін караоке арқылы хормен орындайды..


Топпен жұмыс (10 мин)

Мұғалім немен айналысады

Оқушы немен айналысады.

Бағыттайды,бақылайды.

1 топ Астана қаласы жайында постер құрайды

2 топ Алматы туралы құрайды

3 топ Степняк туралы құрайды.

4 топ Алатау сөзіне бес жолды өлең құрастырады.


Пысықтау (5 мин)

Мұғалім немен айналысады

Оқушы немен айналысады

Кубизм стратегиясын қолданады.

1. Алматы қаласы қай жерде орналасқан?

2.Алатау тауы неліктен алатау деп аталады?

3.Алатауды қандай жануарлар мен құстар мекендейді?

4. Алтын адам қай жерден табылды?

5.Медеу мұз айдынында не өтеді?

6.Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қашан тойланады?



Бағалау (2мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақ барысында жинақталған жұлдызшалар бойынша жиынтық баға шығарады.

Бақылайды, бағалайды.

Мақтайды,мадақтайды.

Ескертулер жасайды.

Тақтадағы алма ағашына жасыл,сары,қызыл алмаларды жапсырады.


Үйге тапсырма ( 2 мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Өлеңді мәнерлеп оқу.

РЕФЛЕКСИЯ

1.Сабақ жоспары дұрыс құрылған ба?

2.Мен сабақтың мақсатына жете алдым ба?

3.Балалар білім ала алды ма?

4.Мен не үшін сабақ жоспарын осылай құрдым?

5.Не өзгерте аламын?

6.Келесі сабақта не нәрсеге назар аударғаным дұрыс.





























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
2 сынып әдебиеттік оқу пәнінен "Алатау" тақырыбына арналған қысқа мерзімді жоспар

Автор: Сыздыкова Гүлнар Ануарбековна

Дата: 03.02.2017

Номер свидетельства: 387180


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства