| 2-сынып | 4-сынып |
Сабақтың тақырыбы | Сын есім | Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары |
Мақсаты | Сын есім туралы алған білімдерін қорытындылап, ортаға салады | Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары септік жалғаулы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша мән үстеп тұратындығын және алдындағы сөздердің септік жалғауда тұратыны қажет ететінін түсінеді |
Күтілетін нәтиже | Сын есімдерді дұрыс қолданады, сұрақтарын қояды | Үшін, туралы, шейін шылауларын дұрыс қолданады |
Көрнекіліктер | ИТ, кестелер, кәмпит, кеспе қағаздар, |
| 2-сынып | 4-сынып |
Ұйымдастыру | Психологиялық ахуал туғызу |
Үй жұмысын тексеру | Сын есімдерді оқып шығу | Өзара тексеру |
Қызығушылықты ояту | Жалаушадағы сұрақтар мен тапсырмалар: - Әдемі, қалың, қызыл, күшті. Бұл қандай сөздер? - Сын есімнің сұрақтарын ата. - Сын есім нені білдіреді? - Ақ, кішкентай, ұзын сөздеріне қарсы мәндес сын есімдерді ата. | Жалаушадағы сұрақтар мен тапсырмалар: - Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар? - Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды? - Сұраулық мағына үстеп тұратын шылауларды атаңдар. - Өзі тіркескен сөзге сұраулық мағына үстеп тұратын шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар. |
Дәптермен жұмыс | Жалауша артындағы әріптерден ШАШУ сөзі құрылады. - Балалар, шашу деген не? - Балалар бүгін мен сендерге шашу табағын алып келдім. Бұл табақтағы теңгелер сабаққа жақсы қатысқан балаларға беріледі. Ал, осы шашу табағынан дәм татуға ат салысайық, әрі өзіміздің білімімізді көрсетейік. Көркем жазу Шашу тойда шашылады |
Жаңа тақырыпты еңгізу | 1-жаттығу. Өлеңді түсініп оқу. Сын есімді зіне қатысты зат есіммен бірге теріп жазыңдар. Дарқан дала, қарлы шың, ақ дастарқан 3-жаттығу. Заттарды салыстырып, айырмашылығын жазыңдар. Заттың сынын білдіретін сөздерге сұрақ қою, астын сызу. Үлкен кітап – кішкентай кітап, ашы пияз – тәтті сәбіз, суық ай – ыстық күн. | 1. Атам маған Қамбар батыр ... жыр айтып берді. 2. Ана баласы ... түн ұйқысын төрт бөледі. 3. Әлі тау басына ... біраз жер бар. Оқушылар мынадай тапсырмаларды орындайды: - Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, сөйлемдерді оқиды - Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Дәптермен жұмыс 1,2,3-жаттығулар топтарда орындалады. 4-жаттығу жеке жұмыс |
Сергіту сәті | | |
| 4-жаттығу. Өздік жұмыс. Өзара тексеру. | Үшін, туралы, дейін (шейін) шылауларының өзіндік белгілері қарастырылады: • Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары өзінің алдындағы сөздерінің белгілі бір септікте тұруын қажет етеді; • Үшін, туралы шылаулары атау септіктегі, дейін, шейін шылаулары барыс септіктегі сөздермен тіркеседі; • Бұл шылаулар белгілі септік жалғаулы сөздермен тіркесіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, т.б.) мән үстейді. • Өздері тіркескен сөздерден бөлек жазылады. |
Қорытындылау | Ойын «Наурыз көже» - Наурыз көже қай кезде жасалады? Қандай нәрселер қосылады? - Ендеше біздің бүгінгі наурыз көжеге қандай нәрселер қосамыз, оны ойын барысында анықтаймыз. |
Тапсырмалар: Наурыз көжеге қосылатын нәрселерге сын есімді қойып жазыңдар. Піскен ет, ақ сүт, ашы құрт, таза бидай, мөлдір су, ақ тұз, ұсақ тары. | Сұрақтар мен тапсырмалар: 1.Үшін, туралы шылаулары қай септіктегі сөздермен тіркеседі? (ет) 2.Дейін, (шейін) шылаулары ше? (сүт) 3.Үшін, дейін шылауларын қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңдар.(құрт) 4. Шылау сөйлем мүшесі бола ?(бидай) 5. Мен, бен, пен шылаулары не үшін қолданылады? (су) 6. Шылаулар қалай жазылады? (тұз) 7. Өтірік айтпа. Ол сабаған оқып па? Екі сөйлемді салыстыр. (тары) |
Үйге тапсырма беру | 175-бет 5жаттығу | 89-бет 5-жаттығу |
Көңіл-күй рефлексиясы | Смайликтер | Бағдаршам |