Балалар?а ?лестірмелі материал таратып беріп. Берілген суреттерде ?айысысы к?п, ?айысысы аз екенін салыстырып бері?дер. ?андай та?балармен салыстырамыз.
Мысы?: мяу,мяу тапсырмамды орындап бергендеріне рахмет балалар, содан кейін барып Ма?та?ыз мысы?ты? ??йры?ын ?айтарып береді.
Енді мысы? осылай жасамауга у?де беріп,?уанып балалар?а к?п – к?п рахмет айтады.
Балалар сендерге к?п-к?п рахмет
?орытындылау: Балалар сендерге ертегі ?надыма?
Ертегіде сендерге ?андай кейіпкер ?нады?
?андай тапсырмалар орындады?дар?
Балалар б?гінгі о?у – іс ірекетіне б?рін белсене ?атысты?дар, сендерге рахмет. Барлы?тарына ж?лдызша беремін.
К?тілетін н?тиже: ?ткен материалды бекіту.
Білу керек: Таным саласы туралы, ертегіні? мазм?нын біліп,сахналай білу.
Т?сінігі: Ал?ан білімнен ке?ейеді.
К?рсете білу: Тапсырмаларды орындау барысында.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«20 саныны? ??рылуы «Ма?та ?ыз бен мысы?»»
Білім беру саласы: Таным, Қатнас
Білім саласын кіріктіру: Математика, Көркем әдебиет, Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: 20 санының құрылуы «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісімен
Сабақтың мақсаты: Балалардың қарапайм математикалық түсініктерін кеңейту. Балаларға ертегіні жақсы қабылдай білуге үйрету. Ойының шартын сақтап ойнауға, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Балалардың тілін, сөздік қорын, танымын дамыту.
Сабақ түрі: Ашық сабақ
Әдіс тәсілдер:Сұрақ – жауап, ой қозғау, дидактикалық ойындар, тапсырмалар.
Балалар бүгін бізде ерекше күн, қонақ апайлар келіп отыр екен.
Қане бәріміз амандасайық.
Енді бәріміз шеңберге тұрып, бір – бірімізге жылу сыйлайық.
Күннің көзі ашылып
Көкке шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенмен
Тәрбиенің басығой
Ал, кәнекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме?
Балалар біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше болады.
Балалар сендер ертегілер жақсы көресіндерме?
Өте жақсы.
Олай болса балалар бүгінгі сабағымызды Мақта қыз бен мысық ертегісі бойынша өткіземіз.
Баяғыда Мақта қыз болыпты. Ол үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді.
Қыз: Мысық, мысық бері келші.
Келмесен келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болғансоң мысық келіп:
Неге шақырдың? – деп сұрайды.
Мақтақыз үндемей қояды.
Ендеше қатығынды төгем! – дейді мысық.
Мақтақыз: - Мен құйрығынды кесіп аламын дейді.
Онда мен қатығынды төгемін – деп қатықты төгеді.
Мақтақыз, Мақтақыз менің құйрығымды берші! – дейді мысық.
Мақтақыз:Менің қатығымды төле және мына тапсырмаларымды орында, содан кейін құйрығыңды беремін деп мысықтың құйрыгын бермей қояды.
Мысық: - Сиыр, маған қатық берші! –дейді .
Сиыр:- Менің қарным ашып тұр . Маған жапырақ әкеліп бер және мына тапсырмаларымды орында!
Мысық: - Ағаш, ағаш жапырағынды берші! – дейді.
Ағаш: - Мен шөлдеп тұрмын. Маған су әкеліп бер және менің тапсырмамды орында сосын жапырақ берем дейді.
Осы кезде су әкеле жатқан қыздарды көреді.
Қыздар, қыздар , маған су беріңіздерші!
Қыздар оған: - Бізге сағыз әкеліп бер және мына тапсырмаларды орындасаң су береміз.
Әй, дүкенші, маған сағыз берші!
Дүкенші:Маған жұмыртқа әкеліп бер және мына тапсырмамды орындасаң сағыз беремін дейді.
Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші!
Тауық: Бізге дән әкеліп бер және біздің тапсырмамызды орындасаң саған жұмыртқа береміз дейді.
Мысық тапсырмаларды орындай алмай енді не қыламын? – деп келе жатқанда, ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанға бас салады.
Жаныңның барында айт! Үйінде не бар?
Тышқан қорыққаннан: - Үйімде бір табақ тарым бар дейді
Мысық: - маган әкеліп бер дейді
Тышқан үйіне барып бір уыс тарыны әкеліп береді.
Осыдан кейін мысық балалардан көмек сурайды.
Мысық: Балалар маған көмектесіңдерші, мен құйрығымды алуға және мына тапсырмаларды орындауға
Тәрбиеші: Балалар бәріміз бірігіп мысыққа көмек берейік.
Мысық тарыны апарып тауыққа береді де, тауықтын тапсырмасы:
Логикалық есептер.
1) Жанып тұрған 8 шамның
Сөніп қалды 2 еуі
Қалды енді нешеуі?
2)Табақта 10 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Балада неше алма?
Мысық: мяу,мяу тапсырманы орындап бергендеріне рахмет. Тарыны тауыққа беріп, жұмыртқаны алып дүкеншіге келеді. Дүкеншінің тапсырмасы:
Мәтінді есеп шығар.
1)Дәулеттің 15 ойыншығы бар еді, анасы дүкеннен 5 ойыншық сатып әкеліп берді. Барлығы Дәулетте неше ойыншық болды?
Балаларға үлестірмелі материал таратып беріп. Берілген суреттерде қайысысы көп, қайысысы аз екенін салыстырып беріңдер. Қандай таңбалармен салыстырамыз.
Мысық: мяу,мяу тапсырмамды орындап бергендеріне рахмет балалар, содан кейін барып Мақтақыз мысықтың құйрығын қайтарып береді.
Енді мысық осылай жасамауга уәде беріп,қуанып балаларға көп – көп рахмет айтады.
Балалар сендерге көп-көп рахмет
Қорытындылау: Балалар сендерге ертегі ұнадыма?
Ертегіде сендерге қандай кейіпкер ұнады?
Қандай тапсырмалар орындадыңдар?
Балалар бүгінгі оұу – іс ірекетіне бәрін белсене қатыстыңдар, сендерге рахмет. Барлықтарына жұлдызша беремін.
Күтілетін нәтиже: Өткен материалды бекіту.
Білу керек: Таным саласы туралы, ертегінің мазмұнын біліп,сахналай білу.