Бүгін біз 3- топқа бөліну арқылы,табиғатқа көмектесуіміз керек.
-Балалар,бүгін математика сабағымыз ерекше қызық болып өтпек.Экологиялық ертегі сабағын өтеміз.Сендер ертегіні жақсы көресіңдерме?
Экология дегеніміз- табиғаттың көркеюіне ат салысатын ғылым.
-Ертегіде өздерің білесіңдер жануарлар да,құстар да, ағаштар да,айналадағы қоршаған табиғаттың бәрі де сөйлеп кетеді.Ертегі кейіпкерлерімен бүгін біз де сөйлейміз,бір-бірімізге, құстарға көмектесеміз.Олай болса ертегімізді бастайық.Бұл ертегі емен ағашы туралы.Ал.ертегіні тыңдайық.
-Үнтаспадан тыңдалады.
- Ерте. ерте,ертеде,жапан далада жалғыз емен өмір сүріпті.20 жасында ер жетіп, 30-ында бұғанасы бекіп,40 жасында жайқалып өсіпті.50-ден асқан соң қартая бастапты.Кейбір бұтақтары сынып,қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті.Құрт көбейіп оның әр жерін тесіпті.Тұла бойы қақсап ауырыпты.
-Ух,жаным-ай,жаным-ай!Енді не қыламын?Құрт ауруына шалдықтым.Өн бойымды тесіп жеп барады, жапырақтарым сыздап,түсіп жатыр,көмектесе көріңдер- деп емен күні-түні зарлай береді.Оның дауысын естіп бір күні ақ көгершін ұшып келеді.
Көгершін: -Емен ата,ауруыңыз жаман екен.Мен дәрігердің кім екенін білмеймін,дегенмен іздеп көрейін,-ұша жөнелді.
-Балалар,көгершінге, еменнің ауруын емдейтін дәрігер іздеуге көмектесейік.Ол үшін мына тапсырманы орындайық.
1-тапсырма. Кім тапқыр? (№1. Сандарды цифрмен жаз.)
Эталон бойынша оқушылар өздерін өздері тексеріп бағалайды.
Эталон
1-топ 2-топ 3-топ
8 005 007 21 175 821 034
5003 018 5 006 9 000 045
Өте жақсы, балалар!Бұл тапсырманы тез орындап,көгершінге жолға шығуға көмектестіңдер.Көгершін ұшып келе жатып бір төбенің басында отырған сауысқанды көреді де.оған келіп,болған жайды баяндайды. «Еменге жақсылық жасай көр» деп өтінеді.
Сонда сауысқан: -Әркімнің өз жұмысы бар ғой, менің көмектесуге уақытым жоқ,көмектесе алмаймын.-дейді.
- Балалар,сауысқанның уақтысы жоқ болса, онда дәрігер іздеуге біз көмектесейік.Ол үшін жаңа сабақты мұқият тыңдап түсініп алысақ, тапсырманы оңай орындай аласыңдар.
Жаңа сабақ.
203 2003 20003
х 6 х 6 х 6
______ ______ _______
1218 12018 120018
2- тапсырма. (№2 ә) Жазбаша есептеу.)
1-топ 2-топ 3-топ
2 008 х 6 = 12 048 10 507 х 5 = 52 535 42 073 х 8 = 96 584
22 005х 3= 66 015 7 006 х 6 = 42 036 13 006 х 8 = 104 048
Тексеріп,бағалау.
-Көгершін одан әрі тоғайға жақындағанда құйқылжыта салған бұлбұлдың әнін естиді.Ол бұлбұлдан еменді емдеуге көмектесші деп сұрады.
Бұлбұл : Кешір,көгершін!Маған ренжіме,менің өз кәсібім бар ғой.Менің әнімді ормандағы аңдар,құстар түгел естиді,жақсы көреді.Мен үшін сен адамдардан көмек сұра, - дейді.
1-топ. а) 144 т картоп -3 жүк вагон 144:3 = 48 (т)
240 т картоп -? Вагон 240:48 = 5 (в)
480 т - ? 480:48 = 10 (в)
Жауабы: 5, 10 вагон керек.
2-топ. №3 ә) (ауызша)
15м матадан -5 (к)
60 м матадан - ? (к)
15:5 = 3
60:3 = 20 Жауабы: 20 көйлек
-Көгершін ілгері қарай ұшып келеді.Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген аққуға келеді.Оған да еменді емдей көр деп,- өтініш айтады.
Сонда аққу: - Мен қасиетті құспын ғой.Мен бұл жерден кете алмаймын. Маған көп құстар келеді,ақыл-кеңес сұрайды,мен саған да ақыл айтамын,ол үшін сен әуелі менің тапсырмамды орында,-дейді.
-Балалар, көгершінге көмектескілерің келе ме? Олай болса аққудың 2 тапсырмасын орындауға көмектесейік.
4- тапсырма. «Кім жылдам?» (№4 Кестені толтырту)
В
С
(В+С)х3
23 054
4 896
83 850
(В – С) +452
70 089
65 259
5 282
В х2 - С
4 008
5 497
2 519
5-тапсырма. «Кім шапшаң?» (№5 Теңдеу шешу)
1-топ 2-топ 3-топ
305х3 – х =809 10 000 – a = 4 008x2 10 007 x2-d =10 000
-Cонымен балалар, сендер аққудың тапсырмасын орындадыңдар.Көгершін сендерге рахмет айтып, тапсырмаларды жинап алып,аққуға келді.Аққу оған былай деп ақыл айтады:
- Сен осы тоғайда үйсіз-күйсіз,жұмыссыз жүрген құстар бар, солардың бірін тап та өтініп көр.Мүмкін солардың бірі саған ілесіп, еменді емдер,- дейді.
- Ал, балалар сол құсты табуға көмектесейік.
6- тапсырма. «Жүйрік болсаң, тез ойла» (№ 6 Салыстыру.Ауызша)
1- топ 2- топ 3- топ
32 624 9 316 300 ц 3 т 997 9 000
823 958 823 985 2 700 кг 27 ц 10 004 10 045
5 609 906 5 609 609 270 см 270 дм 86 000 85 099
Көгершін аққудың ақылын тыңдап, ормандағы бір құсқа кез болады.Ол құс көгершіннің тілегін орындап, онымен еменге келіп,құрт ауруын жазып, емдеген екен.Ол емші құстың аты қалай аталатынын білу үшін келесі тапсырманы орындайық.
7- тапсырма. (№8 )
34 кг -18 кг =16кг
16х2= 32 кг
34кг-32кг = 2 кг (Бос бөшенің салмағы)
Тапсырманы дұрыс орындадық. Бұл құстың аты- тоқылдақ. Ертегіміздің аты «Тоқылдақ – орман дәрігері» деп аталады. Барлығыңа да рахмет! Еменді құтқару үшін барлығың көмектестіңдер,-деп, оқушыларды бағалау.