1. Білімділігі: балалар?а ата к?сіп туралы, оларды? ?мір салты ж?нінде ??ым бере отырып, хал?ымызды? таби?ат?а, жан-жануар?а деген ?арым-?атынасыны? т?рбиелік жа?ына к??іл б?лу.
2. Дамытушылы?ы: т?рт т?лік туралы ?ле?-жыр, ма?ал-м?телдер, таным с?здер ар?ылы, ойындар ар?ылы танымын, ойын дамыту.
1. Білімділігі: балаларға ата кәсіп туралы, олардың өмір салты жөнінде ұғым бере отырып, халқымыздың табиғатқа, жан-жануарға деген қарым-қатынасының тәрбиелік жағына көңіл бөлу.
2. Дамытушылығы: төрт түлік туралы өлең-жыр, мақал-мәтелдер, таным сөздер арқылы, ойындар арқылы танымын, ойын дамыту.
3.Тәрбиелігі: еңбекқорлыққа, әдет-ғұрыпқа, іскерлікке, төрт түлікті қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: төлт түлік малдар, төлдер суреті, қималар, АКТ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың түрі: дамытушылық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.
Әдепті елдің баласы,
Иіліп сәлем береді.
Айдай арайлап,
Күндей жайнап,
Жұлдыздай жарқырап,
Бүгінгі күнді қарсы алайық.
Сәлем саған, Жер ана!
Сәлем саған, нұрлы күн!
Аман-есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!
ә) Психологиялық көңіл-күйлерін орнықтыру.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қандай айлар, ата?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-Үйге қандай тапсырма берілді?
ІІІ. Жаңа тақырып
1. -Балалар, сендерді аналарың, әжелерің қалай еркелетеді?
-Сендерді не үшін төлдерге теңейді?
-Кім бізге төрт түлік малды атап береді?
-Балалар, енді кім төлдерін атап береді?
2. -Балалар, бүгін біз төрт түлікке байланысты Ескен Елубаевтың «Төрт түлік» атты өлеңімен танысамыз.
3. Кіріспе сөз.
4. Оқулықпен жұмыс. (Музыка) «Төрт түлік».
Ұстап жүрсе жүгенді,
Жылқышы деп біл оны,
Қолда жүрсе көгені,
Мен қойшымын дегені.
Ұстағанды бұйданы,
Сиыршы деп біл дағы.
Ұстағанды ноқтаны,
Түйеші ғой деп таны.
Жылқышыға келесің,
Ұзын құрық көресің.
Түйешіге келесің,
Түйе жүн шекпен көресің.
Жылқышының қымызын,
Іш сусын қып күнұзын.
Түйешіден шұбатты,
Сімір, ол ас қуатты.
Сиыршының айранын,
Жұт кілегей, қаймағын.
Қойшы берер құлақты,
Құйрық, бауыр, сирақты.
Ел құты-төрт түлік мал,
Баққандарды біліп ал.
Ескен Елубаев.
-Жүген, көген, ноқта, бұйданың иесі қандай малдар?