Тақырып | Ауаның маңызы |
Негізгі мақсат | Ауа және оның маңызы туралы түсінік беру |
Міндеттері | Шығармашылық жұмыс атқару қабілеттерін арттыру. Тіл байлығын, сөйлеу, ойлау, тәжірибе жасап көру қабілеттерін дамыту. Еркін ойлауға және өзінің ойын жеткізе білуге үйрету. Бірлесіп топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.. табиғатты сүюге, тазалықты сақтау, денсаулықты күтуге тәрбиелеу. |
Оқып-үйренудің нәтижесі | Ауа және оның қасиеті, маңызы туралы түсінік алады. Еркін өз ойын айтуға үйренеді. Бірлесіп жүмыс істеуге тәрбиеленеді. |
Қолданылатын тәсілдер | Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, тәжірибе көрсету, топпен жұмыс |
Көрнекілік | Тақырыпқа сай суреттер, слайдтар, ақ парақ, түрлі бояулар, карточкалар, тәжірибиге керекті заттар т.б. |
Сабаққа керекті модульдар | Сыний тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту және оқытудағы жаңа тәсілдер Өзін-өзі бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқытуда АКТ қолдану |
| Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Кіру 3 мин | Сыныпта психологиялық жағдай орнату Топтарға бөлу /Ауа. Күн. Су/ Бағалау | Күндей нұрланып Айдай ажарланып Жұлдыздай жарқырап Судай таза көңілмен Бүгінгі сабақты бастаймыз |
Білу 2 мин | Ауа деген не? Адам ауасыз неше уақыт шыдайды? Ауаның қасиеті Ауаны сезінуге бола ма? | Топпен келісе, сигнал карточкаларымен жауап береді |
Түсіну 5 мин | Тәжірибе жасап көрейік Қандай да затта ауа бар Ауа қысылады Шаммен түрлі жағдайда от жағып көру | Әрбір топ әртүрлі тәжірибе жасап көрсетеді |
Сабақтың тақырыбын ашу 10 мин | Ауа тіршілік – көзі /слайд/ | |
Сергіту 3 мин Қолдану /постер қорғау/ 5 мин | ТЕРЕК ЗАВОД ҚЫС | Ауамен байланысты сурет салып, топпен қорғайды |
Талдау 5 мин | Ролик «Балхаш» Дәптермен жұмыс Ауаның маңызы | Балалар көреді, өз пікірлерін жазады |
Өзіммен өзім 3 мин | Мұғалімнің тақырыпқа сай «Салқын орман» саяхатын оқиды | Балалар көзін жұмған халде саяхатқа барып келеді |
Ойын «Миллионер» АКТ 3 мин | Теңгедегі сұрақтарға жауап | Балалар топпен келісе жауап береді |
Бекіту 3 мин | Сұрақтар қойылады | Балалар жауап береді |
Бағалау 3 мин | Сабақ барысында берілген көбелектер саналады. Бағалау парағынан қорытынды шығарылады. Баға қойылады. | Топ басшылары бағалау парақтарындағы бағаларын оқиды. |
Рефлексия | Не білдім? Не ұнады? Нені білгім келеді? | Смайлікпен көрсетеді |
Орындау үшін тапсырмалар | 38-40 беттерді оқу, | Балалар күнделіктеріне жазады |
| | |