Просмотр содержимого документа
«1.Т?йме -шаша? дайындау.»
Cабақтың тақырыбы: Түйме -шашақ дайындау.
Сабақтың мақсаты: мата туралы түсінік қалыптастыру, олардың алыну жолдарын түсіндіру, жасанды және табиғи талшықтардың қасиеттері туралы мағлұмат беру, жіптен түйме-шашақ дайындауды үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: қатты қағаз, тоқыма жіп, қайшы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, дайын бұйымдар.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдістері: суретті-түсіндірмелі (әңгіме, көрсету), өз бетімен жұмыс.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Қауіпсіздік ережесін қайталау.
ІІІ. Ой сергітуге арналған акробатика.
1-жаттығу. Әрқайсысын нөмірлей отырып, 10 ұлдардың есімдерін атап шығу керек. (неғұрлым тезірек айту керек)
2- жаттығу. Жоғарыдағы үлгі бойынша қыз балалардың есімдерін атап шығу.
3- жаттығу. Жоғары үлгі бойынша еңбек пәніне қатысты сөздерді атап шығу. (еңбек құралдары т.б)
ІҮ.Сөзжұмбақ шешу:
1. Матаны, қағазды қиюға арналған құрал. (қайшы)
2. Ақ құман жүр жүзіп,
су бетін сүзіп. (аққу)
3. Жаңа жылдық мерекенің сәні қандай ағаш? (шырша)
4. Қыста киімін тастайды,
көктемде киіне бастайды. (ағаш)
5. Жыл мезгілі. (қыс)
Ш
А
Ш
А
Қ
Ү. Жаңа материалды түсіндіру.
Мата туралы мағлұмат.
Маталар табиғи және жасанды талшықтардан жасалады.
Табиғи маталар жүннен, мақтадан, зығырдан және т.б дайындалады.
Синтетикалық маталар химиялық жолмен алынады. Қазір мұндай маталар көп. Олар: ашық түсті, әдемі, қыртысталмайды. Оларды жуу да оңай.
Барлық маталар тоқыма фабрикаларында және комбинаттарда өндіріледі.
Маталар бір-бірінен түсі, өрнегі. Қалыңдығы және төзімділігі жағынан өзгешеленеді. Маталар бір түсті, түрлі түсті, тықыр, түкті, тығыз және босаң болады. Асбест тастарынан алынатын маталар да болады. Бұл мата отқа жанбайды. Асбест талшықты маталардан өрт сөндірушілерге арналған киім тігеді.
Жіп – қолөнерге қолайлы материал. Одан киім, кілем немесе гобелен секілді бұйымдарды тоқуға немесе тігуге болады. Жіпті мақтадан иіреді. Мақта- жылуды сүйетін өсімдік. Сондықтан ол еліміздің Оңтүстік Қазақстан облысының алқаптарында өседі. Мақта пісіп жетілген кезде қауашағы ашылып, үлпілдек ақ мақта көрінеді. Мақтаны қолмен де, мақта теретін машинамен де жинайды. Мұны бірнеше рет қайталайды, өйткені қауашақтары бір мезгілде пісіп жетілмейді.
Бұл-әлі өңделмеген мақта. Оны кептіріп, теңдеп буады. Жиналған мақтаны иіру фабрикасына жөнелтеді. Онда мақтаны иіріп, иірілген жіптен мата тоқылады. Ал мақтаның тұқымынан май айырады.
Иірілген жүннен шұлық, қолғап, бөрік пен кеудешелерді ілмекпен, бізбен тоқиды.
Сарамандық бөлім.
Түйме-шашақ жасауды үйрену.
Оқушылардың құралдарын тексеріп шығу. Интерактивті тақтадағы түйме-шашақ жасау жолын қолдана отырып жұмысқа кірісу. Оқушылардың жұмыс істеу барысын қадағалау,бағыттау.