kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1 сынып ?зынды?ты ?лшеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?зынды?ты ?лшеу. 

Бекітемін: 20.04.16
Саба?ты? ма?саты: 
1.О?ушыларды? ?зынды? бірлігі километрмен таныстыру ж?не оны? ?зынды?ты? бас?а бірліктерімен ?атынасын ме?герту.К?нделікті т?рмыста ?зынды?ты? ?р т?рлі бірліктеріні? ?олданылуын т?сіндіру. 
2.Екі та?балы сандарды о?уды,жазуды салыстыруды бекіту,логикалы? тапсырмаларды орындата отырып ойлау ?абілеттерін дамыту. 
3. Ал?ырлы??а, шапша?ды??а, ??ыптылы??а т?рбиелеу. 
Саба?ты? т?рі:Жа?а саба?ты т?сіндіру. 
Саба?ты? ?дісі:с?ра?-жауап,т?сіндіру,талдау.т.б. 
Саба?ты? к?рнекілігі: ойындар,карточкалар
Саба?ты? барысы: 
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1 сынып ?зынды?ты ?лшеу»

Сабақтың тақырыбы: Ұзындықты өлшеу. Бекітемін: 20.04.16
Сабақтың мақсаты: 
1.Оқушылардың ұзындық бірлігі километрмен таныстыру және оның ұзындықтың басқа бірліктерімен қатынасын меңгерту.Күнделікті тұрмыста ұзындықтың әр түрлі бірліктерінің қолданылуын түсіндіру. 
2.Екі таңбалы сандарды оқуды,жазуды салыстыруды бекіту,логикалық тапсырмаларды орындата отырып ойлау қабілеттерін дамыту. 
3. Алғырлыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі:Жаңа сабақты түсіндіру. 
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау.т.б. 
Сабақтың көрнекілігі: ойындар,карточкалар
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ.Тірек-білімді еске түсіру. 
1)«Көңілді санамақ» ойыны
Тақтаға жазылған сандарды атаңдар. Сандарды кему ретімен орналастырыңдар. 
2) Шапшаңдығыңды тексер.Жауабын ғана айт.
-Бұл тапсырмаларда түрлі өлшем бірліктер кездесті.Ал қазір сіздер берілген заттардың ұзындығын өлшем бірліктермен сәйкестендірулеріңіз керек. 
3)
Қаламның ұзындығы 14 ... 
Үйдіңі ұзындығы 10 ... 
Партаның ұзындығы 1 … 
Тақтаның ұзындығы 2 … 
Оқушының бойы 130 … 
-Оқушының бойын басқа өлшем бірлікпен алмастыруға бола ма? 
-Қалалардың ара қашықтығы 120 …(см, дм, м) 
-Бұл өлшем бірліктер сәйкес келе ме? (Жоқ) 
-Неліктен? (Олар кішкентай) 
-Бұл жағдайды қалай шешуге болады? (Бізге жаңа ұзындықтың өлшем бірлігі керек). 
-Жаңа ұзындықтың өлшем бірлігі метрден үлкен бола ма, кіші бола ма? (Үлкен болады). 
-Метрден үлкен ұзындықтың өлшем бірлігін білетіндеріңіз бар ма? (Километр) 
-Сонымен сөйлемді қалай аяқтаймыз? (-Қалалардың ара қашықтығы 120 км). 
-Олай болса,үлкен қашықтықтарды ұзындықтардың бірліктері-метрмен және километрмен өлшеу керек. 
Қорытынды: Жаттап ал
1 см = 10 мм 
1 дм= 10 см 
1 м = 10 дм 
1 м = 100 см 
1 км =1000 м 

ІІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 

ІҮ.Жаңа сабақ. 
1.Оқулықпен жұмыс. 
Мына суреттегі заттарды қандай өлшем бірліктерді қолдана отырып өлшейміз? 
Үлкен қашықтықты қандай өлшем бірлігімен өлшейді? 
«Метр» - деген сөз француз тілінен аударғанда «өлшем» - деген ұғымды білдіреді. 
«Кило» - сөзі «мың» - деген мағынаны білдіреді. 
1 км = 1000 метр. 
№ 2 
Жиектің ұзындығы – 5 мм 
Тақтаның ұзындығы – 3м 
Дәптердің ұзындығы – 20 см 

2.Сергіту сәті. 

3. Сен білесің бе?
Қазақтың байырғы өлшем бірліктері 
Тұтам – бес саусақты жұмғандағы көлденең ұзындық. Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы ара-лық. Сынық сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі. Қарыс – бас бармақ пен ортан саусақты кергендегі аралық. Кере қарыс – бас бармақ пен ортан саусақты керіңкіреп созғандағы аралық. Аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық. Құлаш – иық деңгейінде созылған екі қол ұшының аралығы. Кере құлаш – иық деңгейіңде кере созылған екі қол ұшының аралығы. Сала (көш) құлаш – үш құлаш. Адым, қадам - жай жүргендегі екі аяқ арасының алшақтығы. Аттам – адымның созылыңқы шегі. Ұзындыққа есік пен төр аралығы, қамшы сабы, арқан, желі бойлары, бір көйлектік (мата) өлшемдері де алынған. 

Табан балық – 8 см 
Аққайран - ? 2 см ұзын 
Ш: 8+2 = 10 
Ж: ұзындығы 10 см 
Ү.Рефлексия.
Ұзындықтың бірліктері және олардың қатынасы туралы оқушылардың алған білімі нақтыланады. 
1 дм=_ см 10 см=_дм 
1 м = _ см 100 см =_ м 
10 дм = _ м 1 м = _ дм 
ҮІ. Қорытынды. 
- Бүгінгі сабақта нені үйрендік? 
ҮІІ.Үйге тапсырма. №6 «заттармен практикалық әрекеттер орындау),№7 Бағалау.

Бекітемін: 20.04.16

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Қаздарым.
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлемдегі сөздердің байланысы тақырыбын қайталата отырып, Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қоя білуге жаттықтыру.
ә) Балалардың сөздік қорын байыту. ой - өрісін дамыту.
б) Ойлай білуге, ойын толық жеткізе алуға үйрету, адамгершілік қағидаларын ұстана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау жинақтау сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: плакаттағы сөздер, карточкалар, сюжеттік ойындар
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математика
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту:
А) Шаттық шеңбері
II. Үй тапсырмасын сұрау:
- Мамыр өлеңін жатқа сұрау
- Мамыр туралы өз тілдерімен әңгімелету
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
Күн ашылды. Самал жел соқты. Балалар асыр салып ойнады.
Сөйлемдегі сөздер байланысын анықтаңдар.
IV. Мақсат қою кезеңі: Сандар сөйлейді.
Қ -----7+3
з -----8 - 2
а -----10 - 5 
р -----7+2
д -----4+3 
а ---- 7 - 2
м -----9 - 6 
ы-----10-2

V. Мағынаны тану: Қаздарым
- Автор туралы мәлімет: Құрманбай Толыбаев Игілікұлы
1926 жылы 14 наурызда Алматы облысы, Шелек ауданында дүниеге келген. Балалар жазушысы. Мұғалім редактор қызметін атқарған. Балаларға арналған өлеңдері көп.
- Соның ішінде біз Қаздарым өлеңімен танысамыз.
Қаз бұл не? Ол қандай?
Қаз суда да, құрлықта да өмір сүре алады. Жабайы және асыранды түрі бар. Салмағы ірі, мойны ұзын, тұмсығы жалпақ, мықты, аяғы қысқа, қауырсыны қалың құс. Суда 40 метр тереңге сүңгиді, суыққа төзімді, маңғазданып, кербез теңселіп жүреді. Жеміс жапырағымен қоректенеді. Ұясын үй маңына, таяз су бетіне салады. 5 - 20 жұмыртқаны 20 - 40 күнде басып шығарады. Кейбірі 80 жасқа дейін өмір сүреді. Балапаны – мамыр. Майы күйікке пайдалы.
Мәтінмен жұмыс:
- Қаздарым өлеңін мәнерлеп оқу
- Оқушыларға рөлге бөліп оқыту
Сөздік жұмыс.
Сайда –
Көл - қопаң –
Өлеңді рөлге бөліп оқыту.
Не үйрендік, не білдік?
v ------ Жабайы және асыранды
+------ 80 жасқа дейін өмір сүреді. Балапаны мамыр деп аталуы.
- ------ Қаз майының күйікке пайдасын
? ----- Су тереңдігіне сүңгу себебін білгім келеді?
- Балалар қарлығаш қандай құс? (Қарлығаш)
Дәптермен жұмыс:
- Қарлығаш туралы оқулықта берілген 163 жаттығуды орындайық.
Сөйлемді көшіріп жазу. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің байланысын табыңдар.
Айдар балапанды ұяға салды.
Сергіту сәті
IV. Ой толғаныс:
№1Қаз қандай сипаттама бер
№2Қаздың тіршілігі туралы не айтуға болады?
№3 Қаз ұяларын қайда салады?
№4Ол немен қоректенеді?
Топтастыру:
Қаз

Жабайы және асыранды
Салмағы ірі, мойны ұзын, тұмсығы мықты, жалпақ аяғы қысқа
Балапаны Мамыр
Суда және құрлықта
Сұраққа жауап:
1. Қандай өлеңмен таныстық?
2. Өлеңнің авторы кім?
3. Өлең не туралы?
4. Қазды сипаттап бер
5. Өлеңде сөйлемнің қандай түрлері бар?
6. Сөйлемдегі сөздер байланысын анықта:
Дыбыстық талдау:
Бағалау;
Үйге тапсырма:«Қаздарым»өлеңін мәнерлеп оқу, жаттау.




Ана тілі. 1 сынып Бекітемін: 20.04.16
С/тақырыбы: Ғарышқа ұшу.
С/мақсаты:
а) білімділік: Мәтін мазмұнын ұғындыру. Өз сөзімен әңгімелеп айтып беруге үйрету, сұрақтарға жауап бере білуге дағдыландыру.
ә) дамытушылық: Дұрыс оқу дағдыларын, сөздік қорын молайту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) тарбиелік: Білімге шақыру. Адамгершілікке, саналылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
С/көрн: Ғарыш әлемінің суреті, «Ғарыш кемесі», «Ұшатын тарелка», «Сиқырлы кілем», суреттері, табиғат құбылыстарының суреттері,.
С/барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
- Ал, балалар онда «ғарыш» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?

I. Үй тапсырмасы. «Геолог» өлеңін мәнерлеп оқып беру.
II. –Өткен сабақты еске түсіру.
1 - заттың санын білдіретін сөзді табу және ережені айту.
2 - Заттың сынын білдіретін сөздерді табу, ережесін айту.
3 - топқа: Заттың сынын білдіретін сөзді табу, ережесін айту.
III. –Жаңа сабақ. «Ғарышқа ұшу» 203 - 204 жаттығу.
1. Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
2. Мазмұндауы.
3. Оқушылардың оқуы.
4. Сұрақ - жауап:
1 - топқа: Адамдар қайда ұшуды армандайды?
2 - топқа: Тұңғыш рет ғарышқа кім және қашан ұшты?
3 - топқа: Қазақтан ғарышқа кім ұшты?
1. Кім маған осы мәтіннің мазмұнын айтып береді?
2. - Ю. Гагарин мен Т. Әубәкіров туралы не білдіңдер?
Екеуі де ғарышкер
Ю. Гагарин - 1961ж 12 сәуір тұң. ғар. орыс
Т. Әубәкіров - 1992 ж. 2 қазан қаз. тұң. ғарышкер
V. Сергіту кезеңі:
Қарлығашқа ұқсайық,
Кәне қанат жаяйық.
Қалығаш боп ұшайық,
Ұшып - ұшып алайық.
VI. Балалар, енді 203 - жаттығуды орындайық.
203 - жаттығу. Өлеңді оқып шығып, көшіріп жазыңдар.
Байқоңыр.
Ғарышкерлер мекені -
Қазақ жері Байқоңыр.
Қай соған жетеді,
Ғажап жерім Байқоңыр!
VII. С/қорытындылау.
1. –«Мен болашақ ғарышкермін» деген тақырыпта әңгіме құрастырыңдар дейді.
3. Балаларды бағалау.
4. Үйге: 1. «Ғарышқа ұшу» мәт. оқу. мазм.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
1 сынып ?зынды?ты ?лшеу

Автор: ?уелбаева Лаура Жеткіншек?ызы

Дата: 22.05.2016

Номер свидетельства: 329293


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства