kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1 сынып ?аза?стан байра?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

пппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппп

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1 сынып ?аза?стан байра?ы»

1 сынып 
Ана тілі пәнінен сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан байрағы. Буын.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың буын туралы білімдерін кеңейту. Сөз ішінде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады деген ұғымды терең түсінуін және өлеңді мәнерлеп оқуын жетілдіру. Ел рәміздері туралы мағлұмат беру
Дамытушылық: сөздік қорын байыта түсу. Тудың бетіндегі белгілерді қалай түсінетіндігін айта білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілік: ел рәміздерін тануды, оны құрметтеуге, өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Ұқыптылық пен шыдамдылық қасиеттерін шыңдау.
Сабақтың көрнекілігі мен жабдығы: буындар, жалаушалар, магнитті тақта, сюжетті суреттер, оқулық пен №1 ана тіліне арналған жұмыс дәптері.
Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың барысы:

• Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оқушылар бір-біріне сәттілік тілеу.
Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

«Отан» өлеңін кезектесіп мәнерлеп оқулары.Бір-бірінің оқығандарын қошеметтеп отыру.
Ескендір Ибрагимовтың орындауында « Көк тудың желбірегені» әнін тыңдату арқылы жаңа сабақты ашу.
• Жаңа сабақ.

-Бүгінгі сабағымыз ту туралы болмақ.

Көрнекілікті қолдану, яғни оқушыларға Қазақстанның жалаушасын көрсету, авторымен таныстыру (Ш.Ниязбековтың суретін көрсету).

1.Ой қозғау.
Оқушыларға Қазақстанның жалауын (жалауша) көрсете отырып, « жалау» деген сөзді тағы да қалай айтуға болатындығын сұрау.
- Ту және байрақ.
- Қазақстан байрағын сипаттап бер

Қазақстан байрағы → аспан түстес, көк

2.Оқулықпен жұмыс.
1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
2. Әр шумақты мазмұндау
3. Өлең авторымен танысу(Автордың суретін теледидардан көрсету)
4. Оқушылардың тізбекпен (шумақтап) оқуы.
5. Қазақстан байрағында нелер бейнеленген?
6. Қазақстан рәміздеріне тағы да нелер жатады?


3. Мына сөздерді буынға бөл: Қазақстан, отан, ел, аспан, қыран, алтын, өрнек.
• Сөздердегі буындар санын қалай білдің?


4.• Сергіту минуты (Мен қазақпын әнімен)
Жоғары қарап ай көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылдым,
Егеменді ел көрдім

5. Дәптермен жұмыс. №1 ана тілі жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

6. Қате буынды тап. Түзет.(әр оқушы жеке орындайды)
Бал - а, бай - рақ, жал - ау, асп - ан, алақ - ай, ба - ты - р, қоя - н, те - ле - фо - н.


7. Сөздерді дұрыс орналастыр және буындардан сөз құра.(тақтаға орындату)
Жалауша, ұстады, көк, бала.
Сөз құра: бай бүр қы кіт рақ ран. (байрақ, бүркіт, қыран)


8.Сабақты қорытындылау.
Нені үйрендік, нені білдік?
Сөзді неге бөлеміз? (буынға)
Дауысты дыбыс қанша болса, сонша не болады? (буын)
Рефлексия.(Балық аулау ойыны)
Үй тапсырмасы: 73 - жаттығу, «Қазақстан байрағы» өлеңін мәнерлеп оқу, 75 - жаттығуды орындау.
Сабақты аяқтау

Лебяжі ауданы Ямышев жалпы орта білім беретін мектеп.











Ана тілі 1 «А» сынып

(ашық сабақ)

Тақырыбы: «Қазақстан байрағы»











Мұғалімі:М.К.Жуманбаева







2015-2016 оқу жылы.











































Ана тілі 1-сынып (ашық сабақ)
Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. 
Үш би Н.Оразалин.
Сабақтың мақсаты:
А) Оқушыларға заттың санын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту, оларға қазақ халқының үш биі туралы мәлімет беру.
Ә)Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру.Сөйлеу мәдинетін дамыту,сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.Мәнерлеп оқуға, таза, қатесіз жазуға үйрету.
Б)Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үш би суреті, дидактикалық материалдар
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Жарқырап күн ашылды,
Күн нұры түгел шашылды.
Қайырлы күн ұстаздар,
Біз әдепті баламыз.
Қайырлы күн ұстазым,
Біз көңілді баламыз.
Үй тапсырмасын тексеру. «Домалақ ана» Т.Молдағалиев.
«Гүл » құрастыру ойыны
1.»Домалақ ананы» неліктен «әулие», «қасиетті» дейміз?
(көріпкел,ақылды, адал, таза адам)
2.Жақсы адам қандай болады деп ойлайсыздар?
( ақылды, адамгершілігі мол, парасатты, әдепті, алғыр, тілалғыш)
3.Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
(Қанша? Неше? Нешінші?)
4.Т.Молдағалиев кім?( ақын, жазушы)
5.Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
(Қандай? Қай?)
Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту.
Суретпен жұмыс
Балалар мынау ненің суреті?
-Аңдардың
-Қандай аңдар?
-Қоян, аю,қасқыр.
-Аңдар нешеу?
-Үшеу.
Ендеше ,біз бүгін заттың санын білдіретін сөздер екінші сабағын өтеміз.
-Аңдардың бізге тапсырмасы бар екен.
-Оларды орындаймыз ба?
-Иә.
-Бірінші қандай аңның тапсырмасын орындаймыз?
Қоян 136- жаттығу.
Берілген сандарды сөзбен жазыңдар.
Он бір, он екі, он үш, он төрт.
Екі таңбалы сан атауларының бөлек жазылатынын естеріңе сақтаңдар.
Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы бар екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Аю: 137-жаттығу. 
Сұрақтарға жауап жазыңдар.Неше? Нешінші? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
1.Атың кім? Менің атым-Мәншүк
2.Неше жастасың? Жеті жастамын. 
3.Қай сыныпта оқисың? Бірінші сыныпта оқимын.
Қасқыр: Суретпен жұмыс
Қазақтың үш биі туралы мәлімет беру.
Төле би Әлібекұлы 1663-1756жж өмір сүрген.Ұлы жүздің төбе биі.Ел аузында Төле би туралы көптеген аңыздар сақталған.Оның айтқан нақыл сөздері, мақал-мәтелдері ел арасында көп тараған.
Әйтеке би Байбекұлы Кіші жүздің төбе биі.Ел аузында Әйтеке би айтқан шешендік сөздер, баталар көп сақталған.
Қазыбек би Келдібекұлы 1667-1764жж өмір сүрген. Орта жүзден шыққан, от ауызды, орақ тілді шешен.
Автор туралы мағұлмат:
Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин 13-маусымда 1947 жылы Алматы облысы , Ұйғыр ауданы,Диқан ауылында дүниеге келген.
Ол- ақын, драматург, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі қоғам қайраткері.»Беймаза көңіл», «Көктем кеші», «Азаматқа аманат», « Ғасырлармен қоштасу», т.б кітаптары бар.
Оқулықпен жұмыс
А) Өлеңді мәнерлі оқу,түсіндіру
Оқушыларға тізбектей оқыту.
Сөздік жұмыс
Би- билік айтатын әділқазы
Баба- арғы ата.
Мақал (мағынасын түсіндіру)
Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
Сабақты бекіту:
Біз нені үйрендік?
-Қазақтың үш биі туралы. Н.Оразалиннің өмірімен таныстық.
«Кім көп біледі?» ойыны
1.Қазақтың үш биін ата?
2.Н.Оразалин кім?
3.Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
4».Үш би» өлеңін кім жазды?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Үш би өлеңін мәнерлеп оқу. 136-жаттығу.



































Сабақтың  тақырыбы: Қазақстан  байрағы. Буын.

Сабақтың  мақсаты:

        Білімділік: оқушылардың   буын  туралы  білімдерін  кеңейту. Сөз  ішінде қанша дауысты  дыбыс  болса  сонша буын  болады  деген ұғымды  терең  түсінуін  және  өлеңді  мәнерлеп  оқуын  жетілдіру. Ел рәміздері  туралы мағлұмат  беру

       Дамытушылық: сөздік  қорын байыта  түсу. Ел  рәмізіндегі  белгілерді  қалай  түсінетіндігін айта  білу  дағдыларын  дамыту.

      Тәрбиелілік: ел рәміздерін  тануды, оны құрметтеуге, өз Отанын  сүюге тәрбиелеу. Ұқыптылық  пен шыдамдылық  қасиеттерін  шыңдау.

Сабақтың  көрнекілігі  мен  жабдығы: кеспе  әріптер, буындар, жалаушалар, магнитті  тақта, сюжетті  суреттер, оқулық пен №1 ана  тіліне  арналған  жұмыс  дәптері.

Сабақтың   әдісі:көрсету, түсіндіру

Сабақтың  барысы:

  • Ұйымдастыру  кезеңі

Оқушылармен  сәлемдесу, қатынасты  бақылау.

Үйге  берілген тапсырманың  орындалуын  тексеру.

  • Жаңа  сабақ.

1-тапсырма. Сұрақ – жауап  минуты (өткенге шолу).

А) Дыбыс  дегеніміз  не?

Ә) Дыбыстар нешеге  бөлінеді?

Б) Дауысты  дыбыстар  қалай  айтылады? Оларды ата.

Г) Дауыссыз  дыбыстарға  нелер кедергі  келтіреді?  (б, қ, ш)

Ғ) Дауысты   дыбыстардың  қандай  түрлері  бар?

Д) Жуан  айтылатын  сөздерге мысал  келтір   

Е) Жіңішке  дауысты дыбыстар қайсы , олар нешеу?

2-тапсырма. Мына  сөздерді  буынға  бөл: Қазақстан, отан, ел, аспан,  қыран, алтын, өрнек.

  • Сөздердегі  буындар  санын  қалай  білдің?

 (Оқушылар  жауабын   тыңдап, қорытындылай  отырып, төмендегі  ережені  түсіндіру, 51-бет)

3-тапсырма.

Ой  қозғау.

Оқушыларға  Қазақстанның  жалауын (жалауша)  көрсете  отырып, « жалау» деген  сөзді  тағы да қалай  айтуға  болатындығын  сұрау.

  • Ту  және  байрақ.

  • Қазақстан  байрағын  сипаттап  бер

Қазақстан байрағы

аспан түстес, көк  

4-тапсырма. Оқулықпен   жұмыс.

  1. Өлеңді  мәнерлеп  оқып  беру.

  2. Әр шумақты  мазмұндау

  3. Өлең  авторымен  танысу

  4. Оқушылардың  тізбекпен (шумақтап)  оқуы.

  5. Қазақстан  байрағында  нелер бейнеленген?

  6. Қазақстан рәміздеріне тағы да нелер жатады?

  7. Аспан, қыран, бүркіт  сөздері қалай айтылып тұр, буынға бөл.

  • Сергіту  минуты

Жоғары  қарап  ай  көрдім,

Төмен  қарап  жер  көрдім.

Оңға, солға  бұрылдым,

Егеменді  ел  көрдім.

5-тапсырма. Дәптермен  жұмыс. №1 ана  тілі  жұмыс  дәптеріндегі  тапсырмаларды  орындау.

6-тапсырма. Сөздерді  дұрыс  орналастыр  және буындардан  сөз  құра.

Жалауша, ұстады, көк, бала.

бай    бүр    қы   кіт    рақ    ран.

7-тапсырма. Кім тапқыр? ойыны. Қате  буынды  тап. Түзет.

Бал-а, бай-рақ, жал-ау, асп-ан,  алақ-ай, ба-ты-р, қоя-н, те-ле-фо-н.

Сабақты  қорытындылау.

Нені үйрендік, нені білдік?

Сөзді неге  бөлеміз? (буынға)

Дауысты  дыбыс  қанша болса, сонша не  болады? (буын)

Буынды табуға дауыссыз дыбыстардың қатысы бар  ма? (жоқ)

Рефлексия.

Үй тапсырмасы: 73-жаттығу, «Қазақстан байрағы»   өлеңін мәнерлеп  оқу, 75-жаттығуды орындау.

Сабақты  аяқтау.

















Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным 
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу. 
ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. 
б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. 
Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, проэктор, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі. 
Сабақтың түрі: 
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі 
3. Жүргізушілерге сөз беріледі ( сахнада үнтаспадан күй ойналып тұрады)

Жүргізуші I: Тында жолдас,тында дала,тында ел!Сөйлеп 
тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке - 
менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан! 
Жүргізуші II: Жасыл шүйгін,кең жайлау, асау өзен, асқар 
тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға 
сая панамыз – Қазақстан көркем жер! 
Жүргізуші I: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан бір–біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан! 
Жүргізуші II: Қазақстан – бүгін міне,достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, 
бір кісідей мандай терін төккен жер! 
Жүргізуші I: Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке,байлық пенен 
ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы 
менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұғасқан көңіл тым қатты! 
Жүргізуші II: Бүгін міне, өркендеуге өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында! 
Жүргізуші I: Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты сан ғасырлық шерімен! 
Жүргізуші II: Бүгін міне,азаттықтың арайлы таңы шұғыла 
шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды! 
(Аккулиев Әділбек пен Керімқұлова Айжанның орындауында «Менің елім» әні орындалады. Сөзі Н.Назарбаевтікі,әні Б.Тілеухановтікі) 
Жүргізуші I: 1990 жыл ... 
24 сәуірде Қазақ ССР – інің ХII шақырылған Жоғарғы Кеңесінің I- сессиясында Н.Ә. Назарбаев республиканың алғашқы Президенті болып сайланды. 
25 қазан. « Қазақ ССР –інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация заң жүзінде бекітілді. Декларация республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет Қаз ССР – інің егеменділік құқығы жағдайы үшін мемлекеттік - құқықтық нормаларын бекетті.

Жүргізуші II: 1991 жыл ... 
1 желтоқсан республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ ССР-інің алғашқы Президенті 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. 
Оқушы: Елің үшін қуанғын және қайғыр, 
Даңққа бөлен өзің де данадай бір. 
Жаңа қаулай бастаған жапырағымды, 
Аяздарға тоңдырмай аялай біл. 

Тарихтың жадында даусың қалсын, 
Дала өзінді жарылқап, тау шындысын. 
Баста бізді бақытқа, көзіндегі 
Елге деген мейірім таусылмасын! 

Жүргізуші I: 10 желтоқсанда Қазақ ССР Президенті 
Н.Ә.Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып 
жатқан жаңа тарихи кезенде республика азаматтарының 
өркениетті демократиялық қоғамды тандағанын білдірді. 
( Әбілдаева Ақеркенің орындауында «Қазақстан - қасиетті Отаным» әні орындалады.)

Жүргізуші II: 16 желтоқсан ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі 
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық занды қабылдады. Бұл заңды көп күткенді. Енді республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құдіретін заңды тұрғыда рәсімдеді ( отырғандар шапалақ ұрады).


Жүргізуші I: 
Мерейім – нұрлана бер,азат Күнім, 
Көрейін бақытымның азаттығын. 
Тауымды тамылжытқан бостандықтан 
Танылды бар әлемге қазақ бүгін. 
Құттысың тәуелсіздік – киелі күн! 
Құт күшім –егемендік иелігім, 
Уақыттың биігінен шуақ төгіп, 
Бақытым – еркіндік боп үйілер күн. 

( Аяулымның орындауында «Егемен елім-ай». Әні К. Дүйсекеевтікі, сөзі Б.Батырбекқызынікі ) 
Жүргізуші II: 1992 жылдың 4 маусымы. Казақстан 
тарихында ұмытылмас тарихи қүн:Бұл күні Қазақстанның 
Жоғарғы Кенесі өз жұмысын талқылаудан бастады. Ежелден бейбітшілік, біртұтастық, сабырлылық және 
амандықтың белгісі – байрақ үшін көгілдір түс, елтаңба 
үшін мейірімділік, ізгілік белгісі - алтын түс таңдап алынды.

Оқушы I : Мәңгілік азат елдің Сен белгісі, 
Мемлекет мерейінің сенген күші. 
«Жасасын, еркін Қазақ!»-деп шаттанар, 
Шалқалап сол биіктен көрген кісі.

Оқушы II: Шарықта, шарла көкті көк Байрағым, 
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым. 
Мен сенің салтанатты сағатыңа, 
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Оқушы I: Ал самға әлем кезіп, Әнұраным, 
Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.

Оқушы ІІ: Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді, 
Аспандат Атам қазақ Аруағын! 
(Аккулиев Әділбек пен Бөденбаева Меруерттің орындауында «Атамекен»әні. Осы уақытта бейнетаспадан Қазақстанның көрікті жерлері мен қалалары көрсетіледі.)

Жүргізуші I: 1992 жылдың 29 қырқүйегі мен 3 қазаны 
аралығында Алматы қаласында қазақтардың бірінші дүние- жүзілік құрылтайы болып өтті. 
Оған Министрлер Кабинетінің «Қазақтардың бүкіл дүниежүзілік конгресін дайындау және өткізу туралы» қаулысы себеп болды. Құрылтайға Түркия ,Иран, 
Монғолия, АҚШ, Қытай, Германия, Англия сияқты 30-дан 
астам елден барлығы 700-ден аса делегаттар келді. Бұл 
конгресті өткізу қазақ халқының өзіндік санасының дамуы 
үшін маңызы зор, мәдениеті мен дәстүрлерін калпына келтіру және көтеруге ықпал етті. 
Жүргізуші II: 1993 жыл. 28 қаңтарда халық депутаттары «Қазақстан Республикасының алғашқы 
Конституциясы туралы» Заң қабылдады. Алғашқы демократиялық Конституцияның қабылдануы - Қазақстан 
өміріндегі тарихи, кең көлемді жаңалық. Ол біздің ресбупликада жаңа үлгідегі қоғамның орнауына, барлық қазақстандықтардың болып жатқан өзгерістерге және егеменді Қазақстанда жаңаша 
өмір сүру мүмкіндігіне сенімнің нығаюына ықпал етті. 
Жүргізуші I: 15 қарашада Қазақстан Республикасының 
халықаралық ұлттық валютасы - теңге енгізілді. 
(Байымбетов Ернар мен Аманова Гаухардың орындауында ән «Өз елім». Әні П.Тілеңдиевтікі, сөзі Қ.Мырзалиевтікі ) 

Жүргізуші II: 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы ел 
тәуелсіздігінің бес жылдығын салтанатты түрде атап өтті. Мерейім - нұрлана бер азат Күнім! 
Көрейін бақытымның азаттығын, 
Таңымды тамылжытқан бостандықтан, 
Танылды бар әлемге қазақ бүгін. 
Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым, 
Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын. 
Байрағым желбіреп тұр биіктерде, 
Байладым тәуелсіздік - өмір бауын! 
(Әбілдаева Ақеркенің орындауында «Қазақ биі».) 
Жүргізуші I: 1997 жыл ... Жаппай қуғын –сүргін 
құрбандары еске алу жылы! Миллиондардың жанындағы жарақатқа шипа болып, әділетке сенімді күшейті. Озбыр билік пен тоталитарлық саяси жүйенің табиғатын мықтап танытып, демократиялық құндылықтардың маңызын жете түсінуге және қастерлей білуге көмектесті. 
(Ақаев Махамбет. Құрманғазының күйі «Сарыарқа») 
Жүргізуші IІ: 1998 жыл ... Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы!Өткенді еске түсіру көп уақыт көмескіленіп 
келген ұлттық тарихымыздың жай –жапсарына жан– жақты 
көз салғызды.Сол арқылы адамзат дамуының бағыт – бағдырын терең пайымдап,бүгінгі күрделі дүниедегі өз 
орнымызды деп басып,өз аяң – жөніндегі байыпты бағамдай 
білуімізге түрткі болды. Дәл осы жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді. 
Жүргізуші I: Таңғажайып дархан да алып жеріміздің нақ ортасы кіндігі – Астана қаласы! Тәнірден тыныштық сұраған, өмірден ырыс-құт сұраған еліміздің баспанасы, түндігі сенсің, Астана! 
Жүргізуші II: Күйші домбырасының күмбірі, ақын жүрегінің шын жыры сенсің, Астана! Биыл қимылының ырғағы да, әнші көмейінің сыңғыры да сенсің, Астана! 
( Аккулиев Әділбектің орындауында ән «Астана») 
Жүргізуші I: 1999 жыл ...Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы! Өз кезегінде уақытша құбылыстардың ырқымен кетпей, түбегейлі мұраттар жолындағы ортақ күресімізді табандылықпен жалғастырудың бірден бір кепілі – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы екендігіне көзімізді анық жеткізеді. 
Жүргізуші II: Кешегі ұрпақ бүгінгіге, бүгінгі ұрпақ болашаққа үміт артты. Елдің болашағы – тәуелсіздік тұғырының беріктігіне, өміріміздің көріктілігіне байланысты болды. Жаңа жарқ еткен дәуірде ерікті де, еркін дәурен сүру сәті туды. 
Жүргізуші I: Ғасыр мен ғасыр, мыңжылдық пен мыңжылдық тоғысқан –2000 жыл мәдениетті қолдау жылы! 
Жүргізуші ІI: Мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысында біз артта қалған ғасырларға көз жіберіп, алдарына зор мақсат қоя білген, оны іске асырып қаһармандық танытқан, сол жолда тар жол тайғақ кешуден өткен ата-бабаларымыздың іс-қимылына баға беру мәртебесіне ие болдық. 
Жүргізуші I: Тарихи жағымызды қалпына келтіріп, отандық сезімімізді қалыптастыру және әрі дамыту мақсатымен Халықаралық Абылай хан қоры, Қазақстан тарихи және мәдениеті ескеркіштерін қорғау қоғамы һәм «Алтын адам» қоры, Қазақстан тарихи негізінде «Ғасыр саңлағы», «Мыңжылдық саңлағы» атты акция өткізді. 
Оқушы: «Мыңжылдық саңлақтары» 
1. Ахмет Иассауи 
2. Әз Жәнібек хан 
3. Мұхамед Хайдар Дулати 
4. Төле би 
5. Қазыбек би 
6. Әйтеке би 
7. Абылай хан 
8. Құрманғазы 
9. Шоқан Уәлиханов 
10. Абай 
Оқушы: «ХХ ғасыр саңлақтары» 
1. Әлихан Бөкейханов 
2. Ахмет Байтұрсынов 
3. Дина Нұрпейісово 
4. Мұхтар Әуезов 
5. Қаныш Сәтпаев 
6. Бауыржан Мамышұлы 
7. Дінмұхамет Қонаев 
8. Нұрсұлтан Назарбаев 
9. Олжас Сүлейменов 
10. Тоқтар Әубәкіров

Жүргізуші ІI: Даңғыл ... Алыс пен жақынды қосатын, бүгінгі мен болашақты жалғайтын – ұлы даңғыл. Тәуекел қайығына мініп, тәуелсіздік даңғылына түскенімізге–15жыл толды. Басқа халықтар ғасырлар бойы өткен бұл даңғылдан біз он бес жылда өттік.

Жүргізуші II: Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат.Себебі тәуелсіздік ата–баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға қосып, 
әлемдік қауымға ендірді. 
Жүргізуші I: Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, 
барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді. 
Жүргізуші II: Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, 
халқымызды шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп, 
бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім - байтақ Қазақстан» деп маң–маң басатын болды. 
Елміз өркениетті замана ағысына қосылды. 
(Сол кезде сахнаға Елтаңба мен байрақты қөтеріп, екі оқушы шығады. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады. Әні III. Қалдаяқовтікі, сөзі Ж.Нәжімединов және Н.Ә.Назарбаевтікі.) 












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
1 сынып ?аза?стан байра?ы

Автор: Жуманбаева Меруерт Калиоллаевна

Дата: 03.05.2016

Номер свидетельства: 323851


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства