kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1 класс. Сауат ашу. Дыбыс. ?ріп. ?ыс. Айнала к?міс ?ар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 клас?а арнал?ан саба? жоспары. Дыбыс. ?ріп. ?ыс. Айнала к?міс ?ар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1 класс. Сауат ашу. Дыбыс. ?ріп. ?ыс. Айнала к?міс ?ар.»

Қазақстан, Ақтөбе қаласы

Благодар орта мектебі

Еспамбетова Айгуль Бартаевна


1 класс. Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс. Әріп. Қыс. Айнала күміс қар.

Сабақтың мақсаты:

а) Дыбыс пен әріп туралы түсініктерін қалыптастыру. Өлеңдегі жыл мезгілін суреттей

отырып білімдерін қалыптастыру.

ә) Сөздік қорын , логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.

б) Дыбыс пен әріптің ерекшелігімен айырамшылығын ажырата білуге үйрету.

Табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қыс », Ж.Аймауытовтың, Абай Құнанбаев портреті.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,


Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Қысқы дайындық туралы кім, не айтады?

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

-Мәтіндегі кейіпкерлердің іс әрекеті туралы кім не айтады?

-Балалар, сөз неден құралады?

-Дыбыстар мен әрпітердің ережесін кім айтады?

IV. Мақсат қою кезеңі:

-Балалар, қысқы табиғатты кім сипаттап береді?

-Қыста табиғат қандай болады?

-Ең қызығы не?

-Біздер қыста қандай ойындар ойнаймыз?

V. Жаңа сабақ:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Ендеше оқулықпен жұмыс

Оқулықпен жұмыс. 9-жаттығуға

Тапсырма бойынша сөз алдына әріп қыс жазамыз

Өзі,есті, ұрды.

Үлгі: өзі-сөзі, көзі.

Есті-кесті, тесті, ұрды-құрды, тұрды, бұрды.

Өзің қосқан әріптің астын сыз.

Дыбыс саны өзгерсе сөздің мағынасы да өзгеретінін біліп ал.

Өлең

Айнала күміс қар,

Енді не тұрыс бар?

Ал кеттік , балалар,

Бітпеген жұмыс бар.

Айнала ақ айдын,

Бәрі аппақ маңайдың.

Тазартып тастайық

Ауласын ағайдың

Өлеңді тізбектей отырып оқу


Сергіту сәті:

Көкке қарай шығамыз
Шанамызбен
Төмен қарай құлдилап,
Біз сырғанақ тебеміз.


- Балалар, біз шананы қай жыл мезгілінде тебеміз?

- Қыста

Балалар, қандай жыл мезгілдерін білеміз?

жыл мезгіліне байланысты қандай ақындар өлең жазған?

- Абай Құнанбаев, Жүсіпбек Аймауытов.

Қыз мезгілін қандай белгілері арқылы білеміз? Қыс та не болады?

- Қар, боран, жел, ая. суық болады.


Абай. Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.


Өлеңді мәнерлеп оқымас бұрын Ж.Аймауытовқа өмірбаянына тоқталу

Ж.Аймауытов «Қыс»

Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар,

Тон киіндік, тоңды мал.

Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар,

Боран жоқта тұман бар...

Қылаулатқан қырау бар.

Қиы қатқан бұзау бар...

Қыздар қылған шұжық бар,

Қонақ айтар қызық бар.

Ай, балалар, балалар!

Күнде оқуға жүрелік,

Үйренелік , білелік.

VI. Жаңа материалды пысықтау:

- Мына өлеңді тізбектеп оқып шығайық.

Ж.Аймауытов туралы түсінгендерін пысықтау

- Ал енді дыбыс пен әріптуарлы ережені кім пысықтап береді?


ВЕНН диаграммасы

Абай Құнанбаев пен Ж.Аймауытовтың өлеңдерін салыстыру, айырмашылығы мен ұқсастығын табу.


VII. Бекіту кезеңі:

10 жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу.

Қара әріппен жазылған сөздердің жазылуын біліп алумына сұрақтарға жауап беру

1.Дыбыс дегенді қалай түсінесің?

2.Әріп дегеніміз не?

Түсінгендеріңді мысал ретінде келтіріп айту.


Жұмбақтар шешу.

Қар тоң еріп,
Су көбейіп,
Сай - салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады. /Көктем/

Өрік, алма,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз,
Қияр, сәбіз.
Дүкендерге түседі. /Жаз/

Бұлттар төніп,
Жерге төгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады. /Күз/

Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды. /Қыс/


Қыста ғана болады,
ұстасаң қолың тоңады. (қар)

Тісі жоқ тістеп алады,
Қолы жоқ сурет салады. (аяз)


Жаңылтпаш жаттау.

Қыста құлағым үсіп кетті, 

Үсіп, ісіп кетті.


VIII. Үйге тапсырма, бағалау: Айнала күміс қар өлеңін жаттау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
1 класс. Сауат ашу. Дыбыс. ?ріп. ?ыс. Айнала к?міс ?ар.

Автор: Еспамбетова Айгуль Бартаевна

Дата: 09.05.2016

Номер свидетельства: 325043


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства