kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1-сынып жаратылыстану пәнінен "Қалай дұрыс тамақтану керек?" ҚМЖ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңартылған білім мазмұнын  тәжірибеге енгізу мақсатында өткізілген ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1-сынып жаратылыстану пәнінен "Қалай дұрыс тамақтану керек?" ҚМЖ»

Пән: жаратылыстану

Мектеп: Астана қаласы

63 мектеп-гимназиясы

Мұғалім: бастауыш сынып мұғалімі

Асанова Жанат Нұртайқызы

Сабақ тақырыбы:

Қалай дұрыс тамақтану керек?

СЫНЫП: 1 «А» сынып

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:адамның өсуі және дамуы үшін керек қажет­ тіліктерді анықтау;


Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсіндіру;

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

тамақтану пирамидасы салынған плакат;

“бос” тамақтану пирамидасы бар парақтар;

оқушылардың алдын ала дайындаған азық-түлік тізімі (бір күн бойы жеген тағамдары).

Топпен жұмысқа арналған тапсырмалар жинағы, маркерлер, түсті дөңгелектер, жеке үлестірме-карточкалар.

Интернет-ресурстар:

Қазақтың ұлттық тағамы туралы бейнефильм: http://www.youtube.com/ watch?v=nZH30H-gq-I.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

қандай азық-түліктің денсаулыққа пайдалы екенін және олардан қандай тамақ әзірлеуге болатынын түсінеді;

дұрыс тамақтану ережесімен танысады;

қазақтың ұлттық тағамдарының атауларын біледі.

Сабақтың мақсаты:

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Тамақтану пирамидасы— дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаларының сызбалық көрінісі. Ол Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінде америкалық диетолог Уолтер Виллеттаның жетекшілігімен құрастырылған.


Пирамиданың төменгі жағында тамаққа жиі қолданылатын азық-түліктер, ал төбесінде шектеулі­ мөлшерде қолдануға тиісті азық-түліктер орналастырылған. Кейіннен Азия, Жерорта теңізі мемле­ кеттері мен ет тағамдарын жемейтіндерге арнап тамақтану пирамидасын жасады.


Шұбаттың құрамында кальций және фосфор микроэлементтері, А, В, С дәрумендері бар. Құрамында жоғарыда аталған пайдалы заттары бар құртты жылдап сақтауға болады. Ерекше құрамға ие

қымыз өкпе ауруларын және кейбір асқазан ауруларын емдеуге көмектеседі.



Таңғы асқа балаға жұмыртқа, картоп, макарон, ботқа тағамдарын дайындаған дұрыс. Оған қоса жеміс, көгөністің де пайдаcы зор. Сусыннан — шырын, шай, сүт қосылған какао пайдалы. Бутерброд дайындауға болады, бірақ шұжықтың орнына піскен етті пайдаланыңыз.

Түскі ас бірінші және екінші ыстық тағамнан тұруы қажет.

Ас қабылдау арасындағы үзіліс тым ұзақ болмауы керек, сондықтан бесіндікке жеміс, ірімшік, йогурт, тоқаш жеп, шай, сүт ішуі керек.

Кешкі асқа жұмыртқа, сүзбе, көгөніс, балық тағамдарын, шай, шырын немесе сүт өнімдерін пайдаланған абзал. Қарабидайдан жасалған нанды жеген дұрыс. Ұннан жасалған және тәтті тағам­-дарды (тәтті тоқаш, торт, халуа, шоколад және т.б.) баланың күнделікті мәзіріне қосуға болмайды. Оларды жеуге болады, бірақ сирек пайдаланған дұрыс. Фастфуд — тез дайындалатын және тез тамақтану өнімдері. Әдетте оларды көп мөлшер­ дегі майда және әртүрлі тағам қоспаларын, дәм күшейткіштерін қосып дайындайды. Бұндай тағам­ дардың құрамында трансмайлар көп болады.

Оқушыларға алдын-ала бір күнгі ас мәзірін жасап келу тапсырылды.

Психологиялық дайындық.

Сәлемдесу:

-Үлкенге де – «Сіз»,

Кішіге де - «Сіз»,

Сәлемдесіп құрметпен

Бас иеміз біз!

  • Бір-біріне сәттілік тілеу.


Кіріспе тапсырма:

- Адамның өмірге келген сәттен бастап оның өсу кезеңдерін есімізге түсірейік, ол үшін топпен ақылдасып, мына суреттерге ретін дұрыстап қойып шығыңдар:

-Адам дүниеге келген сәттен бастап оның өсуі үшін не қажет деп ойлайсыңдар, балалар?

- Әрине су, жылу, баспана, таза ауа, киім, тамақ.


Дастарқан. Оқушылардың назарын суретке аударып, “Тағамдарға назар аудар. Олардың ішінде қайсысы саған таныс? Қандай азық-түліктерден дайындалған? Тағы қандай қазақтың ұлттық тағамдарын білесің?” — деген сұрақтар қойылады. Қазақтың ұлттық тағамдары туралы бейнефильм көрсету.. Олардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өту. Оқушылардың негізгі тағамдардың атауларын білуі маңызды: ет асу, бауырсақ, қазы, шұжық, қымыз.



Қалай дұрыс тамақтану қажет? Күніне неше рет тамақтану керек?

Мөлшері қандай болу керек?

Қай уақытта тамақтанған дұрыс?

Қай тағамды таңертең, ал қайсысын кешке жеген дұрыс?

Топпен талдап, ой-пікірлерін білдірулерін ұсынылады.

Жауабы:

Дастарқанда шұжық, қазы, бауырсақтар, шелпектер, жаңғақтар, жеміс-жидектер.

Күніне төрт рет (немесе бес рет) тамақтану қажет. Мөлшері көп болмауы керек. Үнемі бір мезгілде тамақтанған дұрыс, мысалы:

7.00 — таңғы ас, (11.00 — жеміс-жидек немесе шырын), 13.00 — түскі ас, 16.00 — бесіндік, 19.00 — кешкі ас. Таңғы ас нәрлі болу үшін ботқа және жеміс-жидек жеген дұрыс. Ал кешке жұмыртқа, көгөніс, балықтан жасалған тағамдарды жеген пайдалы.



Пайдалы тағам.

Тамақтану пирамидасын көрсету. Суретте көрсетілген барлық топтарды және жеке азық-түліктерді атап шығуларын сұраңыз. Олардың қайсыларын көп және жиі қабылдау керектігін ой­ лануларын ұсыныңыз. (Дәнді дақылдар, макарон өнімдері, ботқалар.) Олар пирамиданың қай жерінде орналасқан? Жоғарыда не орналасқан? (Май.) Оны жеуге бола ма? (Иә, бірақ көп мөлшерде емес.) Оқушылар пирамидада “күнделікті тағамға пайдалануға қажет азық-түлік топтары көрсетілген” деген қорытындыға келулері тиіс. Пирамиданың төбесіне жақын орналасқан азық-түліктерді аз мөл­ шерде пайдаланукерек.

Шеңбердегі азық-түлік. Оқушылар неліктен шеңбердің ішінде бейнеленген азық-түліктерді­ көп мөлшерде қолдануға тыйым салынғандығы туралы ойлансын. Барлық нұсқаларды тыңдап шығу.Газдалған тәтті сусындармен шөлді басуға болмайтынын, себебі олардың құрамында көп мөлшерде қант болатынын айтылады. Тез дайындалатын азық-түліктердің де зиянды екенін айтылады. Олар туралы сабаққа арналған арнайы материалдарды слайд арқылы қолдана отырып айтып беру.

Дастарқан

Суреттегі барлық тағам түрлерін ата. Сен олар туралы не білесің? Қалай дұрыс тамақтану керек?


  • Келесі кезекте әр оқушы алдындағы бос тамақтану пирамидасына өзінің ас мәзірін зерттеп, не артық екеін табуы қажет. Ол не себепті артық?

Пәнаралықбайланыс


Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Отбасындағыдәстүрлер.


Оқушылардан басқа ұлттардың тағамдары туралы не білетіндерін сұрап көру.

Аспаз болып көр. Оқушылар үш күнге арналған таңғы ас мәзірін құрастырады. Олар таңғы астың бірінші күніне қажет азық-түліктерді — көк түспен, екінші күндікін — жасыл түспен, ал үшінші күндікін — қызыл түспен қоршап сызады.

Бұл тапсырма шығармашылықпен орындалады және оның әр түрлі жауаптары болуы мүмкін. Тағам дайындау үшін оқушының қандай азық-түлік түрлерін таңдағанын бақылау.

Жауабы:

Берілген азық-түліктерден: күріш ботқасын, қара­ құмық ботқасын, сүзбе қосылған нан, уыздық, омлет, жеміс-жидек салаты, сарымай жағылған бутерброд дайындауға болады. Сусын: шырын, сүт, сүт қосылған­ какао. Қант ботқа мен какаоға қосу үшін қажет.

Бағалау



Оқушылар қандай азық-түліктен жасалған та­

ғамдар пайдалы болатынын түсінеді.

Жұппен жұмыс.

«Әжеңе көмектес» Оқушылар тек пайдалы азық-түліктерден дайындалған тағамдарды бояйды. Тағамдарды дұрыс бояған оқушыларды анықтау. Егер оқушылар неліктен дәл осы тағамды таңдағанын түсіндірсе, жақсы болады. Осы тапсырманы орындай алмаған оқушыларға көмектесу.

Жауабы:

Жеміс, көгөніс, піскен ет, қымыз, шырынды бояу керек.

Топпен жұмыс.

Бұл тапсырманы орындауда зиянды және пайдалы тағамдарады ажыратып, суреттерін екі бағана бөліп жабыстыру қажет. Әр уретке тоқталып, себебін түсіндіруді өтіну. Хатқалтада жемістер, көкеністер, құрт, гамбургер, тәтті чупа-чупс кәмпиттер суреттері салынған.

Жеке жұмыс.

Үлестірме әрқайсысына таратылады. Тапсырма:

-Адамға пайдалы тағамдардың тұсына «+»белгісін, ал зиянды тағамдардың тұсына«-» белгісін қойыңыз.


Осы тапсырманы орындату арқылы әрбір оқушының пайдалы және зиянды тамақтар туралы нақты түсініктері байқалады.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2.Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2. Рефлексия. Бұл кезеңде бағдаршам әдісі қолданылды: жасыл түс - түсіндім, сары - сұрақтарым бар, қызыл –түсінбедім.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
1-сынып жаратылыстану пәнінен "Қалай дұрыс тамақтану керек?" ҚМЖ

Автор: Асанова Жанат Нуртаевна

Дата: 09.12.2016

Номер свидетельства: 367803


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства