kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

16 желто?сан-Т?уелсіздік к?ні. Отан.Астанам.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саттары: Білімділік: О?ушылар?а т?уелсіздік туралы т?сінік беру,т?уелсіздікті? ?андай жолмен келгенін т?сіндіру.Отан,Астана туралы ма?л?мат бере отырып,?ле?ні? мазм?нын т?сіндіру.Б?гінгі ?аза?станны? жар?ын болаша?ы жайлы ??гімелей отырып,о?ушыларды м?нерлеп с?йлеуге,шы?армашылы? ж?мыстар?а ба?ыттау. Дамытушылы?:?аза?стан Республикасы туралы ойларын бекіту,болаша?ты? ?аласы-Астана жайлы о?ушыларды? білім-білік да?дыларын ?алыптастыру.Бізді? ке? байта? еліміз,Отан туралы білімдерін ке?ейте отырып,о?ушыларды? ой-?рістерін,д?рыс с?йлеу да?дыларын,?абілеттерін дамыту.о?ушыларды? еркін,байланыстырып с?йлеуін,м?нерлеп о?у,к?ркем жазу да?дысын,?з ойларын аны? жеткізу,шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту. Т?рбиелік:?аза?стан еліні? жерін,р?міздерін ?ор?ау?а,Отанды с?юге,я?ни Отанс?йгіштікке,ту?ан хал?ыны? тарихын ?адірлеуге,?лтжандылы??а т?рбиелеу.О?ушыларды? ту?ан елге деген с?йіспеншілігін тудыру.?з хал?ына,Отанына деген ма?таныш сезімін ояту,Отанын ?ор?ау?а дайын болу?а ?ндеу.Елін,жерін с?йетін,жаны таза,адамгершілігі мол азамат т?рбиелеу. Т?рі:Жа?а саба?ты ме?герту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«16 желто?сан-Т?уелсіздік к?ні. Отан.Астанам. »

Әліппе.1-сынып.

Тақырыбы: 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні. Отан.Астанам.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға тәуелсіздік туралы түсінік беру,тәуелсіздіктің қандай жолмен келгенін түсіндіру.Отан,Астана туралы мағлұмат бере отырып ,өлеңнің мазмұнын түсіндіру.Бүгінгі Қазақстанның жарқын болашағы жайлы әңгімелей отырып ,оқушыларды мәнерлеп сөйлеуге,шығармашылық жұмыстарға бағыттау.

Дамытушылық:Қазақстан Республикасы туралы ойларын бекіту,болашақтың қаласы-Астана жайлы оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру.Біздің кең байтақ еліміз,Отан туралы білімдерін кеңейте отырып ,оқушылардың ой-өрістерін ,дұрыс сөйлеу дағдыларын ,қабілеттерін дамыту.оқушылардың еркін ,байланыстырып сөйлеуін,мәнерлеп оқу,көркем жазу дағдысын,өз ойларын анық жеткізу,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Қазақстан елінің жерін,рәміздерін қорғауға,Отанды сүюге,яғни Отансүйгіштікке,туған халқының тарихын қадірлеуге,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін тудыру.Өз халқына ,Отанына деген мақтаныш сезімін ояту,Отанын қорғауға дайын болуға үндеу.Елін,жерін сүйетін,жаны таза,адамгершілігі мол азамат тәрбиелеу.

Түрі:Жаңа сабақты меңгерту.

Әдісі:көрнекілік,әңгімелеу,сұрақ-жауап,ой-толғаныс,суреттеу,топтастыру

Көрнекілік:Астана,Менің елім-Қазақстан суреттері,слайдтар,бәйтерек,гүлдер,оқушылардың суреттері.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа әзірлігі.

Оқу құралдарының толықтығы.

Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету.

Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау.

Келісім шарт:

1.Бір-бірімізді тыңдау.

2.Сұраққа толық жауап беру.

3.Сабақтың қызықты өтуіне атсалысу.

4.Ойымызды ашық,толық айту.

II.Психологиялық дайындық.

Сабағымыздың басын бір-бірімізге деген жылы лебізбен ,бүгінгі сабақта бәрімізге күш-қуат беретін сөздермен бастасақ деп отырмын,тақтада берілген әріптерден басталатын сөздер айтуымыз қажет.Бұл бізге алдын –ала ой-қозғау,шабыт берер сөз десек те болады.

С Ә Т Т І Л І К

С-сенімді,Ә-әдепті,Т-тапқыр,Т-төзімді,І-іскер,Л-лайықты,І-ізетті,К-кеңпейіл,күшті болайық.Ендеше бүгінгі сабақта мен де сендерге сәттілік тілеймін,сендер бүгін ерекше әдемі боп отырсыңдар,барлықтарың ақылды,білімдісіңдер,мен сендер сияқты оқушыларым барын мақтан етемін,қуанамын.

III.Ой-қозғау. Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақты бастамас бұрын ,үй тапсырмасына тоқталайық.Үйге қандай тапсырма берілді?

-Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау,алфавитті жаттау.Біз әліппе кезеңін аяқтадық,бүгін біз әліппеден кейінгі кезеңнің бірінші сағатын бастаймыз.

Біз қазақ тіліндегі барлық әріптерді өттік,әріптен буын,буыннан сөз ,сөзден сөйлем құралатынын ұғындық.Ендеше сол өткен сабақтарды еске түсіру үшін, «Гүл теру» ойынын ойнаймыз.

Балалар алдағы аптада,сыныптағы бір оқушының туған күні .Ол кім екені әзірге құпия,ол оқушының кім екенін табу үшін «Гүл теру» ойыны арқылы табамыз.Тақтадағы гүлдің арт ында өткен сабақ бойынша сұрақтар жазылған,сол сұрақты шешсек құпия оқушының аты әр тапсырманы орындағаннан кейін ашылып отырады.

1. «ГҮЛ теру» ойыны.

-Әліппеден не үйрендік?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Алфавитте екінші,үшінші қай әріптер тұр?

-Дыбыс деген не? (дыбысты ауызбен айтамыз,құлақпен естиміз)

-Әріп деген не?(әріпті көреміз, естіген дыбысты жазамыз)

Сонымен бізде кімнің туған күні екен.Дұрыс алдағы аптада Айдостың туған күні.Айдосты алда келе жатқан туған күнімен құттықтаймыз.Сабақты жақсы оқып,ата-анасының үмітін ақтасын деп,әдемі гүл тарту етейік.

2.«Буыннан сөз құра» ойыны.

ҚА-қала,қара,қарақат,қалақай.

ДА-дана,дара,дала

БА-бала,балапан,балалар,баға.

СА-сара,сағат,сары,санамақ.

3. «Сөйлемді аяқта.......» ойыны.

-Сөзден не құралады?

Ендеше берілген сөйлемдерді аяқтаймыз.

Аружан сабақты .......... ............... ......................... .

Балалар аулада ..................... ............ ................ .

Жылқының сүті ........... ............ ............. .

Мен өскенде ............ .............. ............... .

Біз бірінші сыныпта ............ .................... ................ .

4.Мына сөздерді алфавит ретімен оқы.

Қала, ауыл, мұғалім,оқушы,жапырақ,тау,емен.

Ауыл,емен,жапырақ,қала,мұғалім,оқушы,тау.

5. «Алфавит сыры» өлеңін оқу.

IY. Жаңа сабақ. Мағынаны тану.

1.Қызығушылықты ояту кезеңі.

Бүгінгі сабақ тақырыбын анықтау үшін мына сұрақтарға жауап берейік.Сендер мұқият тыңдап отырыңдар?

-Онсыз адамдардың күні жоқ.Сен сол жерде дүниеге келесің,өсесің,білім аласың.Алыс кетсеңдер оны сағынасыңдар.Сендер кейін өскенде сол үшін қызмет етесіңдер.Оны мәңгілік сүю және қорғау әрбір адамның міндеті.

-Мен не туралы айттым балалар?

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Біз қандай елміз?

-Біздің елімізді кім басқарады?

Елбасы сендерге алғаш әліппені қолға алғанда қандай арнау сөз айтып еді ?Есімізге түсірейікші?

-Еліміздің қандай мемлекеттік рәміздерін білесіңдер?

Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу керек.

-Алда қандай мереке келе жатыр? Желтоқсан оқиғасы туралы айта кету.

-Биыл тәуелсіздігімізге неше жылболды?

Тәуелсіздік дегеніміз-еліміздің өз шекарасы,өз жері,рәмізіміз ,өз астанамыз бар.

Біздің бір ғана Отанымыз бар –ол Тәуелсіз Қазақстан.Біздің тәуелсіз елдің тілегі-бейбітшілік,тыныштық.Ал тәуелсіз елдің келешегі-сендерсіңдер. (тақтадағы суретті ашу)

Енді екінші сұрақты тыңдайық.

-Ол жер өте көрікті ,биік-биік үйлер,әдемі де әсем жерлері өте көп.Онда біздің еліміздің президенті отырып басқаратын Ақорда бар.Ол біздің Отанымыздың жүрегі.Мен қандай қала туралы айттым?

–Дұрыс ,Астана қаласы. Астананы білеміз бе,ол қандай қала?Қандай көрікті жерлер бар?

Астана қаласына барып көргендерің бар ма? Астана қаласының бұрынғы атауы Ақмола деп аталған.Ақмола қаласы елбасының жарлығымен 1997 жылы Астана болып жарияланды.1998 жылы Ақмола Астана қаласы болып өзгертілді.(Тақтаға ілінген Астана қаласының суреттерін көрсету)

-Ендеше біздің бүгіні жаңа сабағымыз Отан және Астанам туралы ақын өлеңдерін оқу,өлеңдермен танысу.Біздің еліміздің болашағы жарқын болсын десек,Отанымызды қорғайтын азамат болғымыз келсе, жаңа сабаққа жақсы қатысып отырайық,сабаққа қатысып ,сұрақтарға жауап бергендерге мен мерекелік шашу ретінде гүл тарту етіп отырам.Әрбір гүлді алған сайын ,бұл менің Отан қорғауға қосқан үлесім деп отырасыңдар Сабақ аяғында гүлдерді санап,қонақтарға тарту етеміз.Сабаққа жақсы,көңілді қатысайық.

3.Мағынаны тану кезеңі.

Оқулықпен жұмыс. Өлеңдердің авторларымен таныстыру. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.(музыка қосу)

Сұрақ –жауап.

1.Отан туралы өлеңді оқу.Өлең бойынша сұрақтар қою.

Өлеңде не туралы айтылған? Ақын Отанды неге теңейді?

Топтастыру стратегиясы бойынша «Отан»-деген сөзді естігенде көз алдарыңа не елестейді,соны жазып,топтастырып жіберейікші.

Отан-отбасың,ауылың,достарың,ұстаз,мектеп.

-Отан туралы қандай мақал-мәтел ,өлеңдер білесіңдер?

2. «Астанам» өлеңін оқу.

Сұрақ –жауап.Бұл өлеңде не туралы айтылған?

-Астана қандай қала екен?

Ал, Астана дегенде көз алдарыңа не елестейді.Оны да топтастырайық.

Астана-бәйтерек,биік үйлер,Ақорда,демалыс орындары т.б.

Компьютерден Астана қаласының көрікті жерлерін көрсету.

Біздің озаттарымыз. Астанаға барған оқушылардың фоталарын көрсету.Сендер де сабақты жақсы оқысаңдар ,Астанаға барасыңдар.

3.Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.

4.Сергіту сәті.

Сөзжұмбақ шешу.

Қойда бар,лақта жоқ.Бұл қандай әріп?( О) О

Ел рәміздерінің бірі? (Ту) Ту

Ең жақын адам? Ана Ана

Қасиетті тағам. Нан Нан

5. Дәптермен жұмыс. 1.Жазу дәптеріндегі тапсырманы орындату.(Жазу жазғанда арқамызды тік ұстап,дұрыс отыру керек)

2.Орындаған тапсырманы оқу.

V.Ой толғаныс.

1.Суреттеу стратегиясы.

Мен сендерге үйден туған жер,Отанымыздың қандай болғанын қалар едіңдер,сол туралы ойлап сурет салып келуге тапсырғам.Салып келген суреттерімізді қорғайық.

2.Ой-толғаныс.

«Менің Отаным-Қазақстан»

«Астана-әдемі қала» тақырыптарында өз ойларын айту.

YI.Сабақты бекіту.

1.Сұрақ-жауап арқылы бекіту.

М Е Р Е К Е Ң І З Б Е Н деген сөз шығады.

Біз қай елде тұрамыз?

Елбасымыз кім?

Қ Р рәміздері.

Әліппе оқулығының алғашқы бетінде кімнің сөзі жазылған?

Қ Р туының түсі қандай?

Алда қандай мереке?

Біз қандай елміз?

Отанды қорғау үшін не істеу керек?

Ауылымыз қалай аталады?

Бейбітшілік құсы қандай құс?

Қ Р астанасы қай қала?

Астанада қандай көрікті жерлер бар?

2.Қалықтасын ,ақ қанатты көгершін!

Ақ көгершін –бейбітшілік құсы дедік.Ендеше алдымыздағы көгершіндерге өз атымызды жазып,бір-бірімізге ,елімізге тілек айтып,көк аспанда әрқайсымыздың атымызбен аталатын бейбіт құсы самғасын ,Отанымыз аман ,еліміз тыныш болсын деп ақ көгершінімізді ұшырайық.

3. «Көк тудың желбірегені» -әнін айтқызу.

Сабақты қорытындылау.

Гүлдерін санау,Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
16 желто?сан-Т?уелсіздік к?ні. Отан.Астанам.

Автор: Каблахатова Зауре Мухышбековна

Дата: 16.04.2015

Номер свидетельства: 201959


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства