kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

16-шы Желто?сан Т?уелсіздік к?ні.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты; 1-О?ушыны М.Хакімжанованы? «Отан»,»Отан» ?ле?імен  таныстыру.

2- С?зді т?тастай, сауатты о?у?а  машы?тандыру. 16- желто?сан- Т?уелсіздік к?ні  мерекесі екенін  т?сіндіру.

3- Отанын с?юге, елін, жеріні?  тарихын  ??рметтеуге  т?рбиелеу.

?олданатын  к?рнекіліктер; ?ріптер, Астана ?аласыны? суреттері, Зайсан ?аласыны? фото суреттері.

Саба?ты? т?рі; саяхат саба?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«16-шы Желто?сан Т?уелсіздік к?ні. »

Сауат ашу.

Тақырыбы; 16-шы Желтоқсан Тәуелсіздік күні.

Мақсаты; 1-Оқушыны М.Хакімжанованың «Отан»,»Отан» өлеңімен таныстыру.

2- Сөзді тұтастай, сауатты оқуға машықтандыру. 16- желтоқсан- Тәуелсіздік күні мерекесі екенін түсіндіру.

3- Отанын сүюге, елін, жерінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекіліктер; Әріптер, Астана қаласының суреттері, Зайсан қаласының фото суреттері.

Сабақтың түрі; саяхат сабақ.



  1. Ұйымдастыру кезеңі; Сабаққа дайындау, мақсат қою.1-2-3.

-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз саяхат сабақ болады.»Зайсан-Астана» маршрурты бойынша саяхатқа шығамыз. Себебі 16-желтоқсан- Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналады.Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына биыл 23 жыл болады. Тәуелсіз елдің тірегі , болашағы- білімді, бәсекеге қабілетті жастар, яғни ол сендерсіңдер!

Саяхатқа автобуспен шығамыз. Ол үшін біз автобусқа билет алуымыз керек. Ал, билет алу үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.

Үй тапсырмасын тексеру; 1-тапсырма; Әліппедегі 42 әріпті оқыдық.Әр қатарға тапсырма, дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс ажырату.

1-ші қатардың оқушылары,;Дауысты дыбысты қызыл үйге кіргізу.

2-ші қатардың оқушылары; Дауыссыз дыбыстарды көк үйге кіргізу.

3-ші қатардың оқушылары;дауыссыз дыбыстарды көк үйге кіргізу.

Әріптерді дұрыс ажыратқан соң, касса ашылып Астана қаласына билет аламыз.2-ші тапсырма; Әрбір оқушыға билет ретінде карточка таратылады.Бір сөйлемнен оқу. Соңын қортындылау. Біз автобусқа билет алдық, енді жолға шығамыз.

Сергіту сәті;Автобусқа отырып ән айту;»Ақ көгершін»әнін айту.

-Көгершін қандай құс ?

Қыстап қалатын құс.

-Көгершін туралы тағы не білеміз?

Көгершінді бейбітшіліктің белгісі деп санайды.Олай болса біз көгершіндерге жемсауыт жасап, жем шашып, қамқорлық жасауымыз керек. Көгершіндерді орнына қондырайық.

Сонымен, біз «Семей» қаласына келдік.Бұл Ұлы ақын Абай атамыздың топырағы жаралған жер. Ары қарай кету үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.

-Балалар, желтоқсанда қандай мерекелер бар?

1-ші желтоқсан Президент күні.

16-шы желтоқсан Тәуелсіздік күні

Жаңа сабақ түсіндіру;.

Олай ,болса біз бүгін»16-шы желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Б.Ысқақовтың «Отан», М.Хакімжанованың «Отан» өлеңімен танысамыз.

Кіріспе сөз;Қазақстан Тәуелсіздік алуы үшін, көп жылдар бойы ата-бабаларымыз елімізді, жерімізді қорғап, күресті. Бізге осындай бақытты өмір сыйлады.Ол туралы әлі де көп оқып танысамыз.Еліміз Тәуелсіздік алған соң өзінің елтаңбасы, шырқата салған әнұраны,биікте желбірейтін көкбайрағы, яғни туы теңгесі болды.Бұл Егеменді Қазақстанның тәуелсіз егеменді ел екенін білдіретін рәміздер.Біздің Отанымыз-Қазақстан.Қазақстан-жері байтақ,елі дархан, көп ұлтты, бейбіт егеменді мемлекет

Қазақтың белгілі ақыны,Мемлекеттік Сыйлықтың Лауреаты М.Хакімжанованың»Отан» өлеңін оқып берейін.Б Ысқақовтың «Отан» өлеңін оқып беру және мазмұнын түсіндіру

.Кітаппен жұмыс; а) «Отан» өлеңін оқушылармен бірге хормен оқу.

Б)»Отан» өлеңін оқушылар іштей оқу;

В) «Отан»өлеңін бір шумақтан тізбектей оқу.

Дәптермен жұмыс; «Отан-Ана, Отан-қуат, Отбасы- шуақ» сөздерін диктант ретінде жазу.Келесі аялдамаға бет алдық. Келесі тоқтайтын қаламыз-«Павлодар» қаласы.Жылдам жету үшін, мына тапсырмаларды орындауымыз керек. Біз 1-ші желтоқсан Президент күні мерекесіне қандай тақпақтар жаттап едік? Есімізге түсіріп айтып көрейік!Президент туралы тақпақтарын айту;1-Айқын, Аяулым, Нұрай, Азамат, Жаннель.

Слайдпен жұмыс; -Мына суреттер өлеңнің қай шумағына сәйкес келеді?

Бізге тағы 2 көгершін ұшып келіпті. Олардың қандай тапсырмасы бар екен? Хормен оқиық.»Отан» өлеңін оқу.

Сонымен біз» Астанаға да жеттік. Қазақстанның атанасы –«Астана « қаласы күннен күнге гүлденіп, құлпырып келеді. Астананың әдемі ғимараттары өте көп. Соның бірі-«Бәйтерек» .

Бәйтерекке шығып көргендерің бар ма?

Бәйтерекке шығып, өз арманының орындалуынан үміт күтетіндер өте көп. Міне ,біз де «Бәйтерекке» келіп жеттік. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы,Қазақстанның көк байрағын желбірететін, әнұранымызды асқақтата шырқайтын болашақ жас ұландар –ол сендерсіңдер. Сондықтан, барлық еңбегімізді, өнерімізді Қазақстанның гүлденуімен, өркендеуіне қосар үлесіміз, ол сапалы білім,саналы тәрбиелі өнерлі болуымыз керек.

16-ШЫ ЖЕЛТОҚСАН ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Үйге тапсырма беру; М.Хакімжанованың «Отан» өлеңін жаттау, Б.Ысқақовтың»Отан» өлеңін мәнерлеп оқу.

Бағалау; Сабаққа қатысу деңгейіне байланысты бағалау, мадақтау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
16-шы Желто?сан Т?уелсіздік к?ні.

Автор: Халидуллина Сауле Ибшаевна

Дата: 14.02.2015

Номер свидетельства: 172876


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства