kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

12 т?ріндегі екі та?балы сандарды б?лу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1.      Саба?ты? та?ырыбы: 36 :12 т?ріндегі екі та?балы сандарды б?лу.

  2. Саба?ты? ма?саты: екі та?балы санды екі та?балы сан?а та?дап алу ар?ылы б?лу

  3. т?сілімен таныстыру.

  4. Есепті ?рнек т?рінде шы?ару да?дыларын ?алыптастыру; те?деуді?

  5. к?рделірек т?рін шы?ару т?сілдерін бекіту.

  6. ??ыптылы??а, шапша?ды??а баулу.

  7. ?дісі: т?сіндіру, талдау, д?лелдеу.

  8. Т?рі: жа?а саба?

  9. 1. ?йымдастыру кезе?і.

  10. 2. Тірек білім, білік, да?дыларын жетілдіру.

  11. Жа?а материалды ?арастыру?а дайынды? ретінде кестелік б?луге ауызша тапсырмалар кіргізуге болады. «Математикалы? домино», «Математикалы? волейбол», «Баспалда?» ойындары ж?ргізіледі.

  12. 3. Жа?а саба?ты т?сіндіру.

  13. О?ушылармен б?рын?ы саба?тарда таныс?ан кестелік б?луге берілген мысалдарды? жауабын к?бейту кестесіні? к?мегімен іздеу т?сілін еске т?сіру. Алайда екі та?балы санды екі та?балы сан?а б?лу кезінде б?ліндіні? м?нін та?дауда б?лгішті б?ліндіні? м?ні деп сана?ан сан?а к?бейткенде б?лінгіш шы?уы керек.

  14. 36 : 12 ?рнегіні? м?нін табу ?шін12-ге к?бейткенде 36 шы?атындай санды та?дап аламыз.

  15. 2 х 12 = 24, я?ни 2 саны келмейді.

  16. 3 х 12 = 36, демек, ізделінді сан -3.

  17. 36 : 12 = 3, ?йткені 3 х 12 = 36

  18. Мысалдарды? к?рсетілген т?рін шешу ?шін талдау ж?мысы б?рын?ы ж?ргізілген кестелік б?луге берілген мысалдарды? жауабын к?бейту кестесіні? к?мегімен іздеген ж?мысына ??сас ж?ргізіледі. Екі та?балы санды екі та?балы сан?а б?лу т?сілі №1 (а) тапсырманы? негізінде ж?ргізіледі. №1 (?) тапсырманы о?ушылар толы? т?сіндіре отырып шы?арады.

  19. №2 тапсырманы балалар ?здері шы?арып, со?ынан шы?арылу жолын толы? т?сіндіреді.

  20. №3 тапсырманы орындау кезінде м?ндай те?деулерді алдымен же?ілдетіп, жай те?деуге айналдыр?аннан кейін шы?ару керек.

  21. №4 тапсырма кесте бойынша ?рнектер ??растыру. Оларды? м?нін табу.

    1. ?осындыны? м?н

    1. 12х2

    1. 30х20

    1. 810:9

    1. 520

    1. 160

    1. ?осыл?ыш

    1. 310

    1. 45х2

    1. 30:2

    1. 24х4 ?осыл?ыш

      1. 70х5

  22. 5. ?здік ж?мыс ?шін №7 тапсырма ?сынылады

  23. О?ушылар №7 тапсырманы орындау барысында а?и?ат айтылымдар ??руды ?йренеді.

  24. 6.Саба?ты ?орытындылау.

  25. ?йге тапсырма: №6

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«12 т?ріндегі екі та?балы сандарды б?лу. »

Сабақтың тақырыбы:Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың мақсаттары: Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгеру.

Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру. Пән аралық және өмірмен байланысты іске асыру, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру.Ой - өрісін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

Оқушыларды өз ана тілін сүюге, сол арқылы кішіпейілділік, қайырымдылық, кеңпейілдік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, ой қозғау,сәйкестендіру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

2. Үй тапсырмасын анықтау:

5-жаттығу

Сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелерді қосып жаз.

Жаңбыр  басылды. Аспан ашылды. Күн ашылды. Күн жылынды. Су ақты.

Сөйлемдердегі сөйлем мүшелеріне назар аудартылады. Қандай айырмашылық байқағандары айтқызылады.

Интерактивті тақтамен жұмыс 

1-жаттығу. Сөздерді оқы. Қайда? Сұрағына жауап болатын сөздерді теріп жаз: әдемі, аулада, жүгіріп келеді, кеше, жоғарыда, домбыра, артта, ұзын, мектепте, тау басында.

Сәйкестендіру.

қуанды

тақта

Тұрлаулы мүшелер көңілді

он бес

Тұрлаусыз мүшелер парта

жауды

оқушы

 Оқулықпен жұмыс

3-жаттығу. Өлеңді оқы. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қой.

Сергіту:  Мақалдың сыңарын тап:

1.Мұғалім: Оқусыз білім жоқ

Оқушылар: Білімсіз күнің жоқ.

2. Мұғалім: Әдепті бала, арлы бала

Оқушылар: Әдепсіз бала, сорлы бала.

3. Мұғалім: Жақсыдан үйрен,

Оқушылар: Жаманнан жирен.

5. Мұғалім: Жаңбыр жауса жер ырысы,

Оқушылар: Батыр туса-ел ырысы.

Шығармашылық тапсырма. Интерактивті тақтамен жұмыс.

Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз.

  1. Кеше, кино, біз, бар.

  2. Әсет, сыйла, аға, кітап.

  3. Айгүл, жаз, әже, хат.

  4. Машина, келеді, жол, үлкен.

  5. Қоректенеді, аю, өсімдікпен, қоңыр.

  6. Оқиды, кітапты, ағам, көп.

  1. Сөйлем мүшелеріне талда. Бастауыштың астын – бір, баяндауыштың астын – екі рет, ал тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықтармен сызыңдар. 

  2. Сабақты қортындылау.

  3. 1. Тұрлаулы мүшелердің сұрақтары: Қандай? (Кім? Кімдер? Не? Нелер? Не істеді? Не қылды? Қайтті?)

  4. 2. Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары (Қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? Қайда?)

  5. Үйге тапсырма:4-жаттығу .

  6. Сабақтың тақырыбы: Батырдың ұрпағы. А. Жақсыбаев.

  7. Сабақтың мақсаты:

  8. Білімдік: туған жеріміздің өткенінің де, жер-су аттарының аталуының да өзіндік тарихы болғанын, яғни ата-баба өмірімен байланысты екенін түсінуге мүмкіндік жасау.

  9. Дамытушылық: өз бетімен және топта жұмыс жасауға дағдыландыру.

  10. Тәрбиелік: елді, жерді тану арқылы патриоттық сезімдерге тәрбиелену мүмкіндігін іске асыру.

  11. Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, слайдтар

  12. Сабақтың типі: аралас сабақ

  13. Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап, жұптық жұмыс

  14. 1. Қызығушылығын ояту.

  15. «Ойды жинақтау» тапсырмасы.

  16. Оқушыларға әр жолдары ауыстырылып қойылған мақал-мәтелдер жазылған қима қағаздар таратылады. Оқи отырып, сол мақалдарды мағынасы ашылатындай сызбамен сызып шығу керек.

  17. Өз елімнің басы болмасам да, Батырлардың бары игі.

  18. Ел үмітін ел ақтар, Сайының тасы болайын.

  19. Жер жаусыз болмас. Ер атағын ел сақтар.

  20. Ел шетіне жау келсе, Ел даусыз болмас,

  21. Балалар бұл мақалдардың ортақ тақырыбын ашқаннан кейін, осы тақырыппен байланыстыра отырып, мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырады.

  22. 2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  23. Мұғалім мәтінді бөліктерге бөліп оқи отырып түсіндіреді. Әр бөлік тақтада жазылып тұрады.

  24. 1.Олжабай батыр 2.Қалмаққырған 3.Шүршітқырған 4.Музейдегі естелік

  25. Сөздік жұмысы.

  26. Қисса- жыр, дастан. Шүршіт- ерте кезде қытайларды осылай атаған.

  27. Оқушылар мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды. Егер сұрақ қоя алмаса, мұғалім сұрақ қоюды үйрету мақсатында өзі сұрақ қояды. Мысалы,

  28. 1-топқа: Әлкей деген бала туралы бұрын не оқып едіңдер?

  29. 2-топқа: Егер сен де белгілі батырдың ұрпағы болсаң, қандай сезімде болар едің? (Қиялдау).

  30. 3-топқа: Сары ала ту, жылтыр қара тас, қайқы қылыш, жалпақ белдік туралы бір сөйлеммен не айтуға болар еді?

  31. 3. Ой толғау. Берілетін тапсырмалар:

  32. - Сонымен, бүгін біз қандай батырмен таныстық?

  33. - Олжабай батырдың бойындағы өздеріңе ұнаған жақсы қасиеттерін атап жазыңдар.

  34. Бұл тапсырманы орындау үшін топтау сызбасын пайдалануға болады. Тақтаға батыр аты жазылады. Оқушылар қима қағаздарға батырдың қасиеттерін жазып, тақтадағы жазу астына топтастырады.

  35. жауына мейірімсіз

  36. халқын сыйлайды

  37. ақылды

  38. Отанын сүйеді

  39. ержүрек

  40. Дәптермен жұмыс.

  41. 1. Мәтіннен батырлар ерлігіне байланысты аталатын жер-су аттарын жазу.

  42. 2. Музей деген не? (Жауабын жазады)

  43. Музей- ол тарих, мәдениет ошағы.

  44. 4.Бекіту.

  45. Мәтіндегі соңғы екі сөйлемді оқытып, мағынасын ашуға әрекет жасау, сол арқылы сабақ басындағы мақалдармен байланыстыра мәтін мазмұнындағы идеяны шығару.

  46. - Балалар, біздің елімізде батырлардың ерлігін қалай құрметтейді?

  47. - Батырлардың атымен аталатын көшелер, музейлер, мектептер, жоғары оқу орындары, оларға арналған ескерткіштер бар.

  48. Музейлер: Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі. Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейі.

  49. 5.Үй тапсырмасы. Мәтінді түсініп оқып келу. Өз өлкеңдегі батырлар ерлігі туралы үлкендерден сұрап біліп келу. Дәптердегі кестені толтыру.

  50. Сабақтың тақырыбы: Менің өмірім. Ж. Жабаев.

  51. Сабақтың мақсаты:

  52. Білімдік: бала Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасуындағы өскен ортасының, ұлттық салт-дәстүрдің әсерін түсінуге жағдай туғызу.

  53. Дамытушылық: оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.

  54. Тәрбиелік: ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.

  55. Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Араласып кеткен оқиғалар», «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиялары.

  56. Сабақтың көрнекілігі: Жамбыл ақын және Сүйінбай портреті.

  57. Сабақтың барысы:

  58. 1.Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа дайындау.

  59. Үй тапсырмасын тексеру.

  60. «Батырдың ұрпағы» мәтінін әңгімелеу. Өз өлкеміздегі батырлар туралы үлкендерден естігендерін баяндау. Музей туралы пікірлері тыңдалады.

  61. 2. Қызығушылығын ояту.

  62. Иә, балалар, бүгін қайырлы күн, сәтті сабақ болсын! - деп, сабақтың басталатындығын хабарлап, үстел үстіндегі хатқалтаны әр топқа беру. Ескерту: Оқулықтың беті жабық болады.

  63. 3. Мағынаны тану.

  64. Хатқалтада жаңа мәтін абзац бойынша үш бөлікке бөлініп берілген (алдын ала мұғалім мәтінді бөліктерге бөлін, дайындап қояды). Оқушылар мәтінді оқып, мазмұны жүйелі болатындай етіп, әңгімені ретімен қойып орналастырып шығады. Топтағы жұмыс тез, өнімді, сапалы болу үшін балалар бір-біріне көмектеседі, ақылдасады.

  65. Мәтін бөліктері:

    1. Шу өзенінің бойымен жүгіре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жапа бір кезде осы тауларды көшіп-қонып жүрген.

    2. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын. Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып қойылыпты. Бұл 1846 жылдың ақпан айы екен.

    3. Менің әкем Жапа шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды.

    1. Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді...

    2. Менің ағам, әкемнің інісі, белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде, бүкіл жан- жүйем елжірегендей болатын еді.

    3. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда, даусым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім.

    4. Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым.

    5. Үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сияпат көрсете бастады.

    1. Он беске толғанда мен атақты ақын Сүйінбай тұратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап, оның үйіне таяп келдім де, әндете бастадым. Өлеңіме риза болған Сүйінбай мені үйіне шақырып алып:

    2. - Сенің ақындық дарының бар екен, даусың да жақсы, ұнайсың, жігітім, деді.

    3. Қарт ақынның тілегі бойынша мен көптеген әндерді құйқылжыта айтып бердім. Оның біреуін сол үйде отырып шығардым. Сүйінбайдың ақындық шеберлігіне бас иіп, оны аспан әлеміне, нұрға бөлеп, таң шапағына, жарық жұлдызға теңеп, өзімді ақынның інісімін деп атап, көмегін, қолдауын сұрадым. Ол уәде берді.

    4. Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді.

  66. Түртіп алу. Сөздік жұмысы жүргізіледі.

  67. Жарапазан- ораза айында үй аралап жүріп айтатын өлең.

  68. Әуес- әр нірсеге үйір, құштар.

  69. Оқушылардың мәтінді жүйелі орналастыруын бақылау. Дұрыс орналастырып болған соң, оқулықты ашып тексереді. Әрі қарай 1-топ мәтіннің бірінші бөлігін, 2-топ екінші, 3-топ үшінші бөлігін оқып бір-біріне түсіндіреді. Әр бөлікке ат қояды.

  70. 1. Жамбылдың дүниеге келуі.

  71. 2. Балалық шақ.

  72. 3. Сүйінбаймен кездесуі.

  73. Оқушыларға сұрақтар қойылады: :

  74. - Сонымен, Жамбыл ақынның аты туралы не білдік?

  75. «Батырдың ұрпағы» әңгімесіндегі жерге ат қоюға байланысты оқиғаны еске түсіру, салыстыру.

  • Жамбылды балалық шағында жақсы сөзімен адамгершілікке тәрбиелеген кімдер болды?

  1. Бұл жерде Сүйінбай ақын туралы айтып кету керек. Ақынның

  2. «Менің пірім - Сүйінбай,

  3. Сөз сөйлемен сыйынбай»

  4. деген өлең жолдарынан оның өмір жолында нағыз ұстаз болғанын атап өту.

  5. 4. Ойтолғау.

  6. - Бала Жамбылдың кіршіксіз таза ойы, шын сыры қандай жақсы сөздерінен байқалады?

  7. - Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді.

  8. - Осы айтылған жақсы сөзге өз көзқарасыңды білдір.

  9. Бұл пікірлерден бала Жамбылдың азамат болып қалыптасуына жақсы адамдар мен жақсы сөздердің, халқымыздың ежелден келе жатқан баланы жақсы әдет-ғұрыпқа тәрбиелеуінің үлкен мәні болғанын айта келіп, біз де өмірімізде жақсы сөз естіп, жақсы сөз айтып өмір сүрейік деген оймен қорытындылану керек.

  10. 5. Үй тапсырмасы беріледі. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеп келу. Дәптермен жұмыс: кестені толтыру.

  11. Сабақтың тақырыбы: 36 :12 түріндегі екі таңбалы сандарды бөлу.

  12. Сабақтың мақсаты: екі таңбалы санды екі таңбалы санға таңдап алу арқылы бөлу

  13. тәсілімен таныстыру.

  14. Есепті өрнек түрінде шығару дағдыларын қалыптастыру; теңдеудің

  15. күрделірек түрін шығару тәсілдерін бекіту.

  16. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулу.

  17. Әдісі: түсіндіру, талдау, дәлелдеу.

  18. Түрі: жаңа сабақ

  19. 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  20. 2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

  21. Жаңа материалды қарастыруға дайындық ретінде кестелік бөлуге ауызша тапсырмалар кіргізуге болады. «Математикалық домино», «Математикалық волейбол», «Баспалдақ» ойындары жүргізіледі.

  22. 3. Жаңа сабақты түсіндіру.

  23. Оқушылармен бұрынғы сабақтарда танысқан кестелік бөлуге берілген мысалдардың жауабын көбейту кестесінің көмегімен іздеу тәсілін еске түсіру. Алайда екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу кезінде бөліндінің мәнін таңдауда бөлгішті бөліндінің мәні деп санаған санға көбейткенде бөлінгіш шығуы керек.

  24. 36 : 12 өрнегінің мәнін табу үшін12-ге көбейткенде 36 шығатындай санды таңдап аламыз.

  25. 2 х 12 = 24, яғни 2 саны келмейді.

  26. 3 х 12 = 36, демек, ізделінді сан -3.

  27. 36 : 12 = 3, өйткені 3 х 12 = 36

  28. Мысалдардың көрсетілген түрін шешу үшін талдау жұмысы бұрынғы жүргізілген кестелік бөлуге берілген мысалдардың жауабын көбейту кестесінің көмегімен іздеген жұмысына ұқсас жүргізіледі. Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу тәсілі №1 (а) тапсырманың негізінде жүргізіледі. №1 (ә) тапсырманы оқушылар толық түсіндіре отырып шығарады.

  29. 4. Өткен тақырыппен жұмыс.

  30. №2 тапсырманы балалар өздері шығарып, соңынан шығарылу жолын толық түсіндіреді.

  31. №3 тапсырманы орындау кезінде мұндай теңдеулерді алдымен жеңілдетіп, жай теңдеуге айналдырғаннан кейін шығару керек.

  32. №4 тапсырма кесте бойынша өрнектер құрастыру. Олардың мәнін табу.

    1. Қосылғыш

    1. 12х2

    1. 30х20

    1. 810:9

    1. 520

    1. 160

    1. Қосылғыш

    1. 310

    1. 45х2

    1. 30:2

    1. 24х4

    1. 70х5

    1. Қосындының мәні

  33. 5. Өздік жұмыс үшін №7 тапсырма ұсынылады

  34. Оқушылар №7 тапсырманы орындау барысында ақиқат айтылымдар құруды үйренеді.

  35. Кілт 2 – қобдишада екенін дәлелдейді,

  36. 6.Сабақты қорытындылау.

  37. Үйге тапсырма: №6

  38. Тақырыбы: Шаңырағым – шаттығым.
    Мақсаты: Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру. Ата-ананың мектеппен

  39. тығыз байланысын арттыру. Мұғалім мен ата-ананың бірлескен жұмысын

  40. нығайту. Ата-анасын қадірлей білуге, құрметтеуге дағдыландыру.
    Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелердің

  41. айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану

  42. қажет екенін ұғындыру.

  43. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрете отырып,

  44. ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
    Көрнекілігі: слайдтар, үнтаспа, оқушы шығармалары.

  1. Ұйымдастыру.

  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

  1. Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар!
    Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты - балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты - ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса, тәлім - тәрбиедегі жарасымдылық, бірлесіп жұмыс істегенде ғана үйлесімділік табады. Осы айтылған сөздердің бір дәлелі, бүгінгі біздің өткізгелі отырған «Шаңырағым – шаттығым» атты әжелермен кездесу сабағы болмақ.

  1. Бала деген бал екен,
    Бал дегеніміз бала екен.
    Балалардың бойында,
    Бір тәттілік бар екен.
    Туған балаң – жанға сән,
    Демесең де жат бөтен.
    Нағыз балаң ойласаң,
    Немере деген тәтті екен.
    Сұра жезде, ападан,
    Қарсы шығар аз екен.
    Нағыз әке – ата да,
    Нағыз ана – әже екен,

  1. - дегендей, біздің бүгінгі кездесуімізге ұл – қыздарына ұлттық төл тәрбиесін бойына сепкен, тамаша ұл – қыз тәрбиелеп отырған, ата салтын үлгі еткен– әжелеріміз қатысып отыр.

  2. Ендеше, осы әжелерімізді немерелерімен төрімізге шақырайық.

  3. 1 – жүргізуші:

  4. Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар!
    Босқа қарап тұрмаңыздар,
    Әже мен немере тойы басталмақшы,
    Қызықтан тыс қалмаңыздар!

  5. 2-жүргізуші:

  6. Жақсы тәлім көрмеген,
    Әдепсіз деп саналар.
    Жеті атасын білмеген,
    Жетесіз деп танылар, - дей келе сабағымыздың 1-бөлімін «Мен әжемін ұрпағын әлдилеген,

  7. Немеремін әжеме еркелеген» деп әже мен немеренің таныстыруына кезек береміз.

  8. Камила:

  9. Сіздерменен жадырайды өңіміз
    Сіздерменен жарасады сәніміз.
    Аяулы әжем,асыл әжем,дана әжем
    Сіздерге кеп бас иеді бар әлем!

  10. 1 – жүргізуші:

  11. Отбасы- шағын бір мемелекет. Әр отбасының өзгеге ұқсамайтын дәстүрі, ұстанымы болады. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген емес пе? Ендеше келесі бөлімде әжелеріміз «Менің отбасымның салт-дәстүрлері» тақырыбында өз ойларын ортаға салады.

  12. Рысгүл:

  1. Әжемнің саясында ер жеттім мен

  2. Аялы ақ бесікте тербетілген

  3. Әжемдей ақ ниетті абзал жанды

  4. Таппаймын айналсам да жер бетінен

  1. Ербол:

  1. Маған үлгі сөзіңіз
    Өнегесіз өзіңіз
    Жақсылыққа талпынар
    Біздің нағыз кезіміз

  2. Жақсы деген немене
    Жаман деген немене
    Осындайда әжетай
    Айтып берші өнеге

  1. 2-жүргізуші:

  2. Бұрынғы аталарымыз өмірден көрген - түйгендерін жинақтап, бай тәжірибесін бізге сөзбен өрнектеп, мұра қылып қалдырған. Бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер жетерлік. Келесі кезекті «Атадан қалған асыл сөзге» береміз.

  3. Ринат:

  1. Менің әжем, бұл әжем
    Айтқан сөзі дәл әжем.
    Аман болса көреді

  2. Қызығымды әлі әжем.

  1. 1-жүргізуші:

  2. Біздің ата-бабаларымыз сәбиін әнмен жұбатқан, әнмен оятқан десек, сол бесік жыры ауыздан-ауызға тарап, әр баланы жөргегінен-ақ батыр да батыл болуға тәрбиелеген. Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Ендеше біз де әжелеріміздің әлдиіне құлақ түрейік. «Әже әлдиі»

  3. 2-жүргізуші:

  4. Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі - өнер. Мен өз сыныптастарыммен мақтанамын. Олардың келешекте елімізге қызмет ететін азамат болатынына сенімім мол. «Өнерлі өрге жүзеді» деп халқымыз тегін айтпаған болар,ендеше бар өнерімізді ортаға салайық.

  5. 1-жүргізуші:

  6. Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ендігі кезек әжелеріміздің «Қазақы дастарқанына» да келіп жетті.

  7. Салтын сүйген баламыз.
    Жұлдыздардай жанамыз,
    Ұлттың асын ардақтап.
    Үйрену жолын табамыз.

  8. 3. Қорытынды бөлім.

  9. Мұғалім:

  10. Міне, кездесуіміздің аяқталар сәті жетті. Отбасы-Отанның бір бөлшегі. Бүгін біз әжелер өнегесінің ерекшелігін ұғындық. Әжелердің айтқан әр сөзі асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану қажет екенін ұғындық.

  11. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болсын деп тілеймін.

  12. Әжелер «»Алғыс хаттармен» марапатталады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
12 т?ріндегі екі та?балы сандарды б?лу.

Автор: Смагулова Акжунис Абдирахмановна

Дата: 30.04.2015

Номер свидетельства: 207259


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства