1001 ма?ал, 101 ж?мба?. Сыныптан тыс ж?мыс. 3 сынып
1001 ма?ал, 101 ж?мба?. Сыныптан тыс ж?мыс. 3 сынып
Та?ырыбы: «1000 МА?АЛ, 101 Ж?МБА?» АТТЫ ОЙЫН-САЙЫСЫ.
Ма?саты: о?ушыларды? білімін одан ?рі дамыту, тере?дету, ізденушілігін арттыра отырып, ой - ?рісін ке?ейт, тіл байлы?ын молайту, ауызша ж?не жазбаша с?йлеу м?дениетіні? сауаттылы?ын арттыру, шы?армашылы? ?абілетін дамыту. О?ушыларды? бойына адамгершілік ?асиет дарыту, отан?а, ту?ан жерге, тілге деген с?йіспеншілік сезімін ояту, бірлесіп ж?мыс жасау?а т?рбиелеу.
К?рнекіліктер: презентация, ребус, карточкалар. Ойынны? барысы: Ж?ргізуші:
Армысыздар о?ушылар мен жанк?йерлер!
Біле бер, ?анша білсе? та?ы тіле,
Жетерсі? ма?саты?а біле-біле,-дей келе б?гінгі 3 «А, ?, Б» сыныптары арасында ?тетін «1001 ма?ал, 101 ж?мба?» атты ойын-сайысымызы бастаймыз. Ойынымыз жарыс т?рінде ?тетіндіктен, оны? шарты мен ?атысушылары болады. Б?л ойын?а 3 сыныптан т?рт о?ушыдан шы?ады. Ендігі кезек ойын шарттарымен таныстыру. Ойын 7айналымнан т?рады. Ендеше барша ?атысушылар?а с?ттілік тілеп, ойынымызды бастайы?.
І-айналым «Тап?ыр болса?, тауып к?р» деп аталады. Мен сендерге ма?ал-м?телді? басын бастап беремін, ал сендер оны? жал?асын тауып к?рі?дер.?р жауап?а 5 ?пай беріледі. Б?л айналымда кімні? ?пайы к?п болса, сол ойыншы же?імпаз аталады.
Тіл- буынсыз, ой..
С?з тап?ан?а.. жо?.
Жылататын да, ж?бататын да -.
Тіл ?ылыштан да.
Тіл тас жарады, тас жармаса.
Жа?сы с?з-жарым.
Ойнап с?йлесе? де, ойлап.
?нер алды ?ызыл-.
Б?рекелді, енді келесі айналым?а к?шейік.
ІІ-айналымда« Ойлы болса?, озып к?р» деп аталады. Мен сендерге ж?мба? жасырамын. Ал сендер оны? д?рыс жауабын аны?тап, ?ш тілде айты?дар.
Кім к?п ж?мба? шешсе сол же?імпаз атанады.
ІІІ-айналым «Ж?йрік болса?, шауып к?р» деп аталады. М?нда о?ушылар «?аза? тілі» с?зішы?атындай ребус ??растырады.
ІV «Кім тап?ыр?» деп аталады. М?нда о?ушылар ма?алдарды антонимдерментолы?тырады.
? ) Ашу...., а?ыл....
а).. с?з - к?мір,.... с?з - алтын.
б ).. е?бектен -..... нан.
в )К?з..., ?ол.....
V айналым «Кім шапша? ?» деп аталады. Б?л айналымда 1, 3, 5, 7 санына байланысты ма?ал –м?телдер айтады. ?ай топ к?бірек ма?ал айтса, сол топ же?імпаз атанады.
Просмотр содержимого документа
«1001 ма?ал, 101 ж?мба?. Сыныптан тыс ж?мыс. 3 сынып»
Тақырыбы: «1000 МАҚАЛ, 101 ЖҰМБАҚ» АТТЫ ОЙЫН-САЙЫСЫ.
Мақсаты: оқушылардың білімін одан әрі дамыту, тереңдету, ізденушілігін арттыра отырып, ой - өрісін кеңейт, тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетінің сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушылардың бойына адамгершілік қасиет дарыту, отанға, туған жерге, тілге деген сүйіспеншілік сезімін ояту, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: презентация, ребус, карточкалар. Ойынның барысы: Жүргізуші: Армысыздар оқушылар мен жанкүйерлер! Біле бер, қанша білсең тағы тіле, Жетерсің мақсатыңа біле-біле,-дей келе бүгінгі 3 «А, Ә, Б» сыныптары арасында өтетін «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты ойын-сайысымызы бастаймыз. Ойынымыз жарыс түрінде өтетіндіктен, оның шарты мен қатысушылары болады. Бұл ойынға 3 сыныптан төрт оқушыдан шығады. Ендігі кезек ойын шарттарымен таныстыру. Ойын 7айналымнан тұрады. Ендеше барша қатысушыларға сәттілік тілеп, ойынымызды бастайық. І-айналым «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады. Мен сендерге мақал-мәтелдің басын бастап беремін, ал сендер оның жалғасын тауып көріңдер.Әр жауапқа 5 ұпай беріледі. Бұл айналымда кімнің ұпайы көп болса, сол ойыншы жеңімпаз аталады.
Тіл- буынсыз, ой .....
Сөз тапқанға ..... жоқ.
Жылататын да, жұбататын да - ...
Тіл қылыштан да ...
Тіл тас жарады, тас жармаса ...
Жақсы сөз-жарым ...
Ойнап сөйлесең де, ойлап ...
Өнер алды қызыл- ...
Бәрекелді, енді келесі айналымға көшейік. ІІ-айналымда« Ойлы болсаң, озып көр» деп аталады. Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал сендер оның дұрыс жауабын анықтап, үш тілде айтыңдар.
Білімнен мол сый –асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп, школа, school )
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (ұстаз, учитель,teacher )
Ұшымен қазық
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып. (Дәптер, тетрадь,notebook)
Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. (қоңырау,bell )
Бөлінгенді табыстырып,
Біріктірсе жабыстырып.
Жымдастырған жігін де,
Байқамайсың түгін де. (желім, клей,stick)
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш, линейка, ruler)
Оқуыма төреші,
Тоқуыма төреші, Парақтасам байқалар,
Білімімнің өресі,
Онда және жазылған ,
Кестем де бар келесі. (күнделік, дневник, diary)
Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулiм көктей шынары.
Биiгiне бойлаған,
Қанбайды адам құмары. (Бiлiм, знание,)
Оқу-бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы. (Портфель,bag)
Қырық екi жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бұлдiршiндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады. (әліпби,Алфавит,alfabet)Iлулi тұр кең алаң,
Керегiмдi мен одан.
Жазып алам көшiрiп,
Сүртем сосын өшiрiп. (Тақта,board)
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтiн,
Ол қазына өлмейтiн. (Кiтап, книга, book)
Кім көп жұмбақ шешсе сол жеңімпаз атанады. ІІІ-айналым «Жүйрік болсаң, шауып көр» деп аталады. Мұнда оқушылар «Қазақ тілі» сөзішығатындай ребус құрастырады. ІV «Кім тапқыр?» деп аталады. Мұнда оқушылар мақалдарды антонимдерментолықтырады.
ә ) Ашу...................., ақыл................... а)............ сөз - көмір,.................... сөз - алтын. б )............ еңбектен -....................... нан. в )Көз ............... , қол.........................
V айналым «Кім шапшаң ?» деп аталады. Бұл айналымда 1, 3, 5, 7 санына байланысты мақал –мәтелдер айтады. Қай топ көбірек мақал айтса, сол топ жеңімпаз атанады.
VІІ айналым «Ұйқасын тап» деп аталады. Мұнда оқушылар ұйқасын табады.
І топ
ІІ топ
1.Екі көзін қысып Пеш үстінде отыр... (мысық)
2.Қысқа ғана құлақты, Шақырамын ...... (лақты)
3.Желбіреген тұлымды, Шақырамын ...(құлынды)
4.Білмейтұғын тұсауды Шақырамын....(бұзауды)
5.Қонды барып талға, Ала қанат .......(қарға)
1.Жұмыртқасын тауып, Қыт-қыттайд...(тауық)
2.Таппай тағат Тықылдайды......(сағат)
3.Үсті толы түрпі Домалайды..... (кірпі)
4.Айбат шеккен алыстан, Аң патшасы .....(арыстан)
5.Құйрығы он қарыс, Бұл айбатты .....(жолбарыс)
Жүргізуші: Міне енді соңғы айналым да аяқталды. Жарыс түрінде болғасын, оның міндетті түрде жеңімпазы болады. (әділқазы қорытынды сөзін айтып, «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойынының жеңімпазын атайды). Бүгінгі ойынға қатысқан ойыншыларға, көзайым болған жанкүйерлер мен әділқазы мүшелерімізге шексіз алғысымызды білдіріп, жарқын күндерде кездескенше демекпін. Ойын-сайысымыз аяқталды деп, сіздермен қоштасамыз. Сау болыңыздар