Мен Ахметбаева Алмаг?л № 27 орта мектепті? бастауыш сынып м??алімімін. Е?бек ?тілімім жеті жыл. ?азіргі та?да бірінші сыныпты? сынып жетекшісімін. О?ушыларыма к?нделікті саба?тан б?лек сыныптан тыс саба?тар ?темін. М?ндай саба?тар о?ушыларды досты??а, ?йымшылды??а т?рбиелейді.О?ушыларымды болаша?та ?з еліне ?ызымет жасайтын белгілі азамат болып биіктен к?рсем деп армандаймын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«1001 ма?ал , 101 ж?мба?»
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы
№27 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ахметбаева Алмагүл
Қасымқызы
Еңбек өтілі 7 жыл
Күні:27.11.2015
Сыныбы: 1
Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ» (сайыс сабақ)
Мақсаты:
Оқушылардың интеллектуалдық ой – өрісін, білім деңгейін көтеру. оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру. Туған тілді қадірлеуге баулу, ана тілі пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру, мерекелерді қастерлеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Кел, балалар, сайысайық, ойнайық,
Ойнайық та, жауаптарды ойлайық.
Қонақтардың көңіл-күйін көтеріп,
Білімді біз ортаға салайық! -дегендей «101 мақал, 1001 жұмбақ» ойынымызды бастайық.
Жүргізуші: Ортаға командаларды шақырайық. І-команда «Тапқырлар»
ІІ-команда «Алғырлар»
Ойынымыздың барысы мынадай:
Мақалды дұрыс жалғастыр.
Бәйге.
Сөз баспалдағы
Сандық сөзжұмбақ
Жұмбақ шешу.
Сөзжұмбақ
жүргізуші: Ойынның аты ойын, мұнда жеңген де , жеңілген де болуы тиіс. Бүгінгі ойында жеңіске жеткен команданы анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Бастарсың істі кемелі,
Үміттің отын лаулатып- деп бастайық.
І-бөлім «Мақалды дұрыс жалғастыр» деп аталады.
Жүргізуші: «Тапқырлар» тобына
Отан оттан да ... (ыстық)
Өнер алды ... (қызыл тіл)
Күш білімде, ... (білім кітапта)
Ашу дұшпан- ... (ақыл дос)
Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ)
Бала тәрбиесі ... (бесікте)
«Алғырлар» тобына
Отансыз адам ... (ормансыз бұлбұл)
Білім ер азығы...
(Ер – ел азығы)
Ақыл тозбайтын тон...
(Білім- таусылмайтын кен)
Қына тасқа бітеді...
(Білім басқа бітеді)
Ұстаздан ... (шәкірт озар)
Ақыл көпке жеткізер ...
(Өнер көкке жеткізер)
Жүргізуші: Асқарға қолың соз, оқушы,
Бәйгеге түс те, бақ сына.
Намысқа тиер озбаған,
Қол соғар жұртың жақсыға, - деп ІІ-бөлімді бастайық.
ІІ- бөлім «Бәйге»
Әр топ 1 минутта мақал-мәтелдерді жатқа айтуы тиіс, қай топ ең көп мақал айтса, сол топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Кісілігіңді кемел қып,
Бола алсаң бол зиялы ұл,
Жақсылық күтер сенен жұрт,
Жақсының нұрын құя біл.
ІІІ-бөлім - «Сөз баспалдағы» деп аталады.
Алфавиттің 1-ші әрпі
Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді (су)
Жайған жастық сөгілді,аппақ мамық төгілді (қар)
Сылдырдан қорқады, шошынып жортады (қоян)
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол (аспаз)
Орманда сайрайды, Сайраудан талмайды (бұлбұл)
Өрнектеп сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп
Кім көйлек тігетін? (тігінші)
Кішкене ақ шыныда екі түрлі су (жұмыртқа)
Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр (бағдаршам)
Сымға асылып,
Жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүреді (троллейбус)
Жүргізуші: Қанатың, балам, талмасың,
Сен шығар шыңдар әлі алда.
Жарқырай жүре аласың
Тәуелсіз біздің қоғамда.
ІV – бөлім «Сандық сөзжұмбақ»
Жүргізуші: Мысалы: Дер+5 дербес
Тү+1 К+2+л К+3+ік Б+6+р
7+стік 9+құмалақ С+10+мен Жел+90
6+бақан 1+лік 3+кір С+2+р
Жүргізуші: Іздеңдің күні-түнімен,
Кеңіді білім арнасы.
Бітпейді оқу мұнымен,
Өмірде жатыр жалғасы.
V – бөлім «Жұмбақ шешу»
1. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен. (Кітап)
2. Бұдан кір қорқады,
Судан бұл қорқады. (Сабын)
3. Күннен көзін алмайды,
Мойыны бірақ талмайды. (Күнбағыс)
4. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. ( Пияз)
5. Аяғы бар, басы бар
Арқалаған тасы бар. (Тасбақа)
6. Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен таңауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны. (Аққала)
7. Аласа ғана бойы бар,
Айналдарып киген тоны бар. (Қой)
8. Алдыңа келерсің,
Өзіңді көресің. (Айна)
9. Суға батпайды, отқа жанбайды. (Мұз)
10. Қысы-жазы шешпейтін көйлегі бар жасылдан,
Өзгертпейді еш кейпін жаралғандай асылдан. (Шырша)
11.Шыр-шыр етеді, құлағыңнан өтеді,
Ұстай алсаң, сөйлеп кетеді. (Телефон)
12.Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп. (Қалам)
Жүргізуші: Егемен елдің ұлысың,
Талапты ерге жол даңғыл.
Үміт ақтаған бірісің,
Намысты бермей қолдан бір.
Қара үзіп жеттің бәйгеден,
Сүрінбей өттің сыңдардан – деп әділ-қазылар алқасына сөз берейік.
Жүргізуші: Ойынымыз осымен аяқталды, келесі кездескенше аман-сау болыңыздар.