Просмотр содержимого документа
«1001 ма?ал, 101 ж?мба?»
«Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Тақырыбы:
«1001 мақал, 101 жұмбақ»
Сыныбы: 4 «Ә»
Өткізген: Д.Қ. Берікболова
2015-2016 оқу жылы
Күні: 22.01.2016
Пәні: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ»
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Оқушылардың білімін оан әрі дамыту, тереңдету, ізденушілігін арттыра отырып, ой - өрісін кеңейту.
Дамытушылық: Тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетінің, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиетін дарыту, отанға, туған жерге, тілге деген сүйіспеншілігін сезімін ояту. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сайыс түрінде.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттарға жазылған нақыл сөздер.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Негізгі бөлім.
III. Қорытынды.
- Сәлеметсіздер ме? Құрметті оқушылар! Құрметті ұстаздар!
- Асыл сөз көп халықта,
Іздеп жүрер құлаққа.
Ідеген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа.
- Мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата - бабаларымыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны тереңдей, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Ендеше, «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысын ашық деп жариялаймын.
Тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді.
Сайыс 6 - айналымнан тұрады.
1 - топ: Алғырлар
2 - топ: Білгіштер
3 - топ: Тапқырлар
1-айналым: Мақал - мәтелді аяқтау.
Отансыз адам - .....
Туған жердей жер болмас .....
Оқу білім бұлағы - ....
Өнер алды бірлік, .....
Еңбек түбі береке, ....
Көлдің көркі құрақ, .....
Жолдасы көптің ....
2 – айналым.
Әр топ қарсыластарына тірек сөздер беру арқылы мақал - мәтел құрастыру.
3 – айналым.
Аралас сөзерден мақал құрастыру.
Тік, туың, жерге, туған.
Ыстық, оттан да, Отан.
Аш, көрсен, бұлақ, көзін.
Қазғандай, құдық, оқу-, инемен.
4 – айналым.
Балалар, қазақша ай аттарын білеміз бе? Қане, енді «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» ойынын ойнаймыз. Қате жазылған жазуларды дұрыс жазып шығу. (Алдарына ақ бетпен қалам тарату)
1 - топқа: пақна, мазыт, деліш, суірә.
2 - топқа: таңқар, зыруан,мысума, зақан.
3 - топқа: арқаша, кейүкрық, мырам, тоқсанжел.
5 - айналым.
Сурет бойынша мақал - мәтел құрастыру.
Сабақта, спорт біздің досымыз, үлкенге құрмет.
6 -айналым.
Жұмбақтарды шешу.
1. Терезені өрнектеп, Әдемі сурет салыпты. Кім екенін табайық, Көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз)
2. Екі басты айдаһар, Бәрін қырып жояды. Екі аяқпен жер тіреп, Қағазды жеп қояды. (Қайшы)
3. Үстіне тігіп көк шатыр, Астында қызыл дәу жатыр (Қызылша)