-Олай болса, б?гінгі бізді? саба?ымыз 8 санына байланысты болма?, я?ни
“8 санын ?осу ж?не азайту”
Ма?саты: О?ушылар?а 8 саныны? ??рамын ескере отырып, 8 санын ?осу ж?не азайту т?сілдерін т?сіндіру, есептеу да?дысымен шы?армашылы?ын шындау, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын ояту, математикалы? т?сінігін ?алыптастыру.
Б?гінгі саба?та 8 санына байланысты ?з білетіндерімізді айта кетейік. 8саныны? ??рамын еске т?сірейік.
8 саны ?андай сан?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«1 - сыныпта 8 санын ?осу ж?не азайтуды ?йрету »
Сабақтын тақырыбы: 8 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға 8 санының құрамын ескере отырып, 8 санын қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру.
2.Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, оқығанын есте сақтауын іс жүзінде қолдана білуге үйрету. Бір таңбалы санды ауызша қосып,азайтуға дағдыландыра отырып, ойын есептер арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Білімділікке ,тапқырлықа,сауаттылыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, цифрлар, сөзжұмбақ , логикалық есептер.
-Балалар, бүгін өте ерекше күн. Себебі, біздің сабағымызға қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса,қонақтармен амандасып алайық.
Психологиялық дайындық.
Қане біздер ойлайық,
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.
-Балалар, бізге қазір қандай сабақ?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгіліне қандай айлар жатады?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
№5. Өрнектерді салыстыру
10 – 6*3+5 8-7*4+4 4+5*7-7
1+7*9-2 2+7*6-1 8-3*7+0
Қызығушылығын ояту
1.1-ден 10-ға дейін санау.
2. 10-ға дейінгі сандарды кері санау
3.Санды немен белгілейміз?
4.Кесіндіні немен өлшейміз ?
5.Қосу амалының компонентін ата
6.Азайту амалының компонентін ата
7.Жұп сандарды ата
8.Тақ сандарды ата
Жұмбақ
Төрт балапан тұр,
Төрт балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансақ,
Тура тауып атасақ.
Тұрғаны бар отырған
Барлығы қанша балапан? (8 балапан )
ІІІ. Жаңа сабақ
-Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыз 8 санына байланысты болмақ, яғни
“8 санын қосу және азайту”
Мақсаты: Оқушыларға 8 санының құрамын ескере отырып, 8 санын қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру, есептеу дағдысымен шығармашылығын шындау, пәнге деген қызығушылығын ояту, математикалық түсінігін қалыптастыру.
Бүгінгі сабақта 8 санына байланысты өз білетіндерімізді айта кетейік. 8санының құрамын еске түсірейік.
8 саны қандай сан?
ІV. Дәптермен жұмыс
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
Жалқаулықты біз тастап,
Жақсы бала боламыз.
№1.тапсырма: Қосылғыштарының бірі 8 болатын қосындылар құр және мәндерін тап.
8+1=9
8+2=10
8+0=8
Азайтқышы 8 болатын айырмалар құр және мәндерін тап
9-8=1
10-8=2
8-8=0
№2. тапсырма: Жасыл және қызыл кесінділер ұзындықтарының айырмасын, қызыл және көк кесінділер ұзындықтарының қосындысымен салыстыр.
10 см
3см 2см
Кесінділерді өлшеп, қосындыларын және айырмаларын табамыз.
-Балалар жасыл кесіндіні өлшейміз ,10см. Қызыл кесінді 3см. Екеуінің айырмасы нешеге тең? 10-3=7-ге .
-Енді қызыл кесінді мен көк кесінділердің ұзындықтарының қосындысымен салыстырамыз. Ал, қызыл кесінді 3см. Көк кесінді 2см. Екеуінің қосындысы нешеге тең? 10см-3см=7см 3см+2см=5см 7см5см Енді кесінділер тұйықталған сызық екенін біз білдік.
V.Сергіту сәті
№3.Есеп.
Анам дүкеннен 9 үлкен кесе және 7 кіші кесе сатып әкеледі. Кіші кесенің үлкен кеседен нешеуі кем?