Просмотр содержимого документа
«1 сынып Дене шыны?тыру "Ар?ан?а ?рмелеу жатты?улары"»
Дене шынықтыру
Сабақтың тақырыбы:Арқанға өрмелеу жаттығулары.
Сабақтың мақсаты : Оқушылардың аяқ- қол бұлшық еттерінің қатайуына ықпал ету,
қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардын дене мәдинетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.
Міндеті: Оқушылардың ден саулықтарын нығайту,дене бітімдерін жақсарту,ептілікке, икемділікке,ұйымшылдыққа,жылдамдыққа,төзімділікке баулу.
Өткізілетін орын: Спорт алаңы.
Сабақтың мазмұны.
Кіріспе бөлім. 10-15 мин
Оқушыларды сапқа тұрғызу,рапорт беру, сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Орында оңға, солға, айнала бұрыл жатттығулары.
Залда айнала жүру, жүгіру жаттығулары.
Жүру:
1.Екі қол жоғары, аяқтың ұшымен;
2.Екі қол белде өкшемен;
3.Жылдам жүру;
4.Жеңіл жүгіру;
Жүгіру жаттығулары:
1.Тізені алға көтеріп ;
2.Аяқты артқа көтеріп;
3.Екі қол белде аяқты түзеу тастап;
4.Аяқты артқа түзеу тастап;
5.Әрбір адымда секіріп ;
6.Оң жағымен;
7.Сол жағымен;
8.Жеңіл жүгіріске көшу, демін басу;
Жалпы дамыту жаттығулары:
1.Бастапқы қалып (б.қ) аяқтар иық енінде.
2.Басты оңға, солға айналдыру;
1,2 иықты алға, 3,4 артқа айналдыру;
3. Б.қ -қолды жоғары көтеріп 1,2 кезекпен 3,4 артқа қарай жұлқу;
3. Б.қ-екі қолды алға созып 1 отыру 2 тұру;
4. Б.қ – қол белде белді айналдыру;
5. Б.қ –қол құлыпта 1 оң аяққа, 2 екі аяқтың ортасына,3 сол аяққа еңкейу;
6. Б.қ- қолды бүгіп кеуде алдында ұстап:
1,2 қолды түзетіп оң жаққа бұру;
3,4 қолды түзетіп сол жаққа бұру;
Әдістемелік нұсқаулар.
Спорт киімдеріне назар аудару.
Оқушылар бұрылған кезде дұрыс бұрылуын қадағалау.
Дененің тік ұстауын, қолдың дұрыс жұмыс жасауын қадағалау.
Дененің тік ұстап жүгіруін ескерту.
Дұрыс жасалуын қадағалау
Аяқты бүкпеу керек.
Негізгібөлім. 25 мин
Оқушыларға акробатикалық жаттығулар туралы түсінік беріп оның ішіндегі арқанға өрмелеудің әдістерін айта кетіп, оны дайындық жаттығуларын үйрену арқылы орындайтынымызды ескерту.
Арқанға өрмелеудің үш түрлі әдісін айту.
Бірінші әдісі. Арқаннан екі қолмен ұстап жоғары өрмелегенде, екі табанмен арқанды қыса отырып қолға көмек беру.
Екінші әдіс. Жоғары өрмелегенде, екі тіземен арқанды қыса отырып қолға көмек беру.
Үшінші әдіс. Аяқтың көмегінсіз тартылу. Бұл әдісті қолы күшті балалар орындай алатындығын ескерте кетіп,арқанмен өрмелеуді оңай меңгеру үшін алдымен мынадай дайындық жаттығуларын орындап үйрену керектігін айтып,оны орындатып көрсетеміз.
1) Гимнастикалық орындықтың, үлкен немесе кіші гимнастикалық аттың үстінде түрегеп тұрған қалыпта арқаннан ұстап,әрлі-берлі тербелту;
2)арқаннан ұстап салбырап тұрып, тізені бүгіп- жаздыру;
3) орындықта отырып, арқанды табанмен, тіземен қысуға жаттықтыру;
4) арқанда салбырап тұрып, оны аяқпен қыса отырып қолды ауыстырып ұстауға жаттықтыру.
Әдістемелік нұсқаулар.
Жаттығу ержесін түсіндіру, дұрыс орындалуын қадағалау.
Сабақта қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау