Достар бері келіңдер, Қолдарыңды беріңдер. Шаттық толы шеңберге, Қуанышпен еніңдер. Балалар бүгін бізді «Сандар ханшайымы» 1-10 сандар ауылына Ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесіне байланысты сайыс өткізбекші, соған бізді шарлармен безендіру үшін көмекке шақырып жатыр. Оған тез жету үшін біз «Бәйге» жарысын ұйымдастырамыз, ол үшін біз атқа мініп жолға шығамыз. Ұлттық ойындар ойнаймыз. Күйтабақтан күй ойналады. Д.О «Қыз қуу» тура және кері санау. Бұл ойында қыздар санайды, ұлдар жалғастырады. Д.О «Ат жарысы» Қамшының сабында жазылған сандардың таңбасын айту керек және оған бір санын қосу керек. Есептер шығару (кітаппен жұмыс) Логикалық ойын: «Теңге алу» Әрбір теңгенің құрамын анықтау, жазу. Ақша санаймыз. 1-10 сандарды тура және кері санау. «Баспалдақ» ойыны Басқыштағы жазылмаған сандарды жаз. Сергіту сәті Кубизм әдісі арқылы сұрақтар қойылады. 1. адамда қанша саусақ бар? (10) 2. бағдаршамда неше көз бар? (3) 3. бір аптада неше күн бар? (7) 4. адамда қанша көз бар? (2) 5. жұлдыздың неше бұрышы бар? (5) 6. аспанда неше күн бар? (1) Салыстыру қайсысы артық, кем. Топпен жұмыс. 3топқа тасырма беріледі, әр топ өз тапсырмаларын орындап, бірін-бірі бағалайды. Қорытынды. Тақтадағы жеңіс күніне арналған суретті шарлармен безендіреді. Балаларды мадақтап, жақсы қатысқаны үшін сыйлықтарын таратамын. | Балалар сабақты көтеріңкі көңіл күймен бастайды. Балалар жарысқа баруға дайын екендігін білдіреді. Балалар сұрақ тардың жауабын табады. Есептерді шығарады. Балалар ойынды қызыға ойнайды. Балалар суретті шарлармен безендіреді |