Мотивациялық қозғаушы Іздену- ұйымдастыру Рефлексивті коррекциялау | Шаттық шеңбері Біз әдепті баламыз, Біз ерекше баламыз. Қонақтарды көргенде Сәлеметсіздер ме?-деп, Амандасып аламыз. Көктемгі күн жерді қыздырып, табиғаттағы бар тіршілік иелері тәтті ұйқысынан оянып, гүлдер Жер-Анадан күш алып, жапырақтарын жайып, күнге қолын созады. Көктемде жаңбыр себелеп жауып, күн жан-жануарға шуағын шашады. «Ой қозғау» Бұлтты айдап , желдеткен, Нөсерлеткен , селдеткен. Шалшық кешіп ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың? Дұрыс, көктем мезгілі Балалар,сендер көктем мезгілінде алғаш шыққан гүлдерді білесіңдер ме? Көктемде қар астынан шығатын гүлдерді «бәйшешек» деп атаймыз. Балалар мен сендерге әртүрлі суреттер көрсетемін. Мына суреттерді көрсеткен себебім :бұл жәндіктер көктем мезгілінде тіршілігін жалғастырып , күн жылынғанына қуанады екен. Үйдегі өзіміздің күнде көріп жүрген үй жануарлары да көктемде төлдейді. Сергіту сәті Екі қоңыз би – биеп, Тамаша бір күй күйлеп. Оң аяқпен топ –топ, Сол аяқпен топ – топ, Көтер қолды жоғары, Өрле биік көкке. Сәйкестендіру ойыны Шарты: Тақтаға жануарлардың анасын іліп қоямын , ал сендер олардың төлін тауып , дауысын саласыңдар. Шарты: Мен сендерге көптеген, жыл мезгіліне байланысты суреттер көрсетемін. Сендер соның ішінен көктем мезгіліне қатысы жоқ артық суреттерді табасыңдар! Шарты: Мен сендерге жемістерді көрсетемін.Сендер көздеріңді жауып , қандай жеміс екендігін табасыңдар. Венн диаграммасы Мен тақтаға суреттерді ілемін, осының ішінен көктем мезгілінің суреттерін тауып , бір көрінісін жасап шығыңдаршы! көктем жаз «Кім зейінді» құрастыру ойыны Мен сендерге көктем мезгіліне байланысты суреттерді көрсетемін , сендер өз ойларыңмен суреттерді дұрыс жапсырып шығасыңдар! Қорытынды ой Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қай жыл мезгілі туралы әңгімеледік? Бүгін орындаған тапсырмалар ұнады ма? Не білдік! Не үйренгіміз келеді! Белсене қатысқан оқушыларды жұлдызшамен бағалаймын. Балаларды мадақтап, бағалау | Шаттық шеңберіне тұрып өлеңді орындайды. көктем Наурыз,сәуір, мамыр Балалар өз ойларын айтады. Сөз сөйлеу Көктемде күн жылынып, байшешек шығады Бәйшешек нәзік, әдемі гүл Балалар суреттерге мұқият қарап , мұғалімді тыңдайды. Ойын ойнайды. Анасын төлімен қосып, даусын салады. Суреттерден артық суретті табуға тырысады. Балалар көздерін жұмып , жемісті табады. Балалар суреттерді екі бөлікке бөледі. Балалар педагогты мұқият тыңдап, берілген тапсырманы орындайды. Балалар сұрақтарға жауап береді. |