kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Д?ниетану п?нінен тест

Нажмите, чтобы узнать подробности

~~Ма?саты: О?ушыларды? 1-сыныпта ал?ан білімдерін тексеру,?ада?алау.
               Міндеті:    О?ушыларды? бойында ?орша?ан ортаны ??раушыларды?
                  бірт?тасты?ы мен ?зара байланыстылы?ы туралы ?арапайым
                                  т?сініктерін ?алыптастыру.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Д?ниетану п?нінен тест »

Мичурин орта жалпы білім беру мектебі

Дүниетану пәні бойынша олимпиадалық сұрақтар

2 «а» сынып 2012-13оқу жылы

Тест

Дүниетану.

Тақырыбы: Айналадағы дүние.

Мақсаты: Табиғат объектілерінің алуан түрлілігі жайлы түсініктерін тексеру.

Міндеті: 1. Айналадағы заттар мен құбылыстарды жіктеуге және топттауға жаттықтыру.

2.Тірі және өлі табиғат объектілерін ажырата алу.

3. Табиғат сырын білудің адам үшін маңызыдылығын білу.

1. Табиғат түрлерін ата.

А) тірі және өлі табиғат

Ә) тірі табиғат

Б) өлі табиғат

2. Табиғаттың тірі денелері.

А) өсімдік, жұлдыз, аспан

Ә) адам, жануар, өсімдік

Б) тас, тау, адам

3. Табиғаттағы өлі денелер.

А) аспан, ай

Ә) тау, адам

Б) өсімдік, аң

4. Табиғат құбылыстарын айт.

А) жаңбыр, ағаш

Ә) жел, күннің көзі

Б) боран, қар, жаңбыр

5. Адам қолымен жасалған заттар.

А) кітап, глобус, киім

Ә) құс, үй

Б) тау, ай

6. Жасанды құбылыстар.

А) от жағу, электр шамы, машинаның қозғалуы

Ә) жаңбыр, қар, судың тасуы

Б)бұршақ, от жағу

7. Күн мен түннің айырмашылығы.

А) күннен жер бетіне жылу тарайды

Ә) түнде жарық болады

Б)күндіз қараңғы болады

8. Диқан еңбегінің пайдасы.

А) жарық береді

Ә) оқуға үйретеді

Б) нан береді

9. Айналадағы дүние деген не?

А) қар, ай

Ә) табиғат, адам, еңбек заттары

Б ) жұлдыз, жарық

10.Біз табиғаттан нені үйрендік?

А) өзіне қажетті техниканы жасауды үйрендік.

Ә) табиғатты бақылау

Б) табиғатты қорғау






Тест № 1

Дүниетану

Кілт.

  1. А) тірі және өлі табиғат

  2. Ә) адам, жануар , өсімдік

  3. А) аспан, ай

  4. Б) боран, қар жаңбыр

  5. А) кітап, глобус, киім

  6. А) от жағу, электр шамы, машинаның қозғалуы

  7. А) күннен жер бетіне жылу тарайды

  8. Б) нан береді

  9. Ә) табиғат, адам, еңбек заттары

  10. А) өзіне қажетті техниканы жасауды үйрендік.




































1 сынып

Тест №2

Дүниетану.

Тақырыбы: Өсімдіктер.

Мақсаты: Өсімдік түрлерін ажырата алу.

Міндетті: 1. Өсімдіктің негізгі мүшелері және тіршілігі туралы білу.

2. Өсімдіктердің адам өмірінде алатын орнын білу.

3. Өсімдіктердің өсу, көбею жолдарын білу.

  1. Өсімдіктер тобы.

А) ағаш, бұта, гүл, алма

Ә) бұта алмұрт

Б)бұта, ағаш , шөп

2. Ағаш түрлері.

А) қылқан жапырақты, жапырақты ағаштар

Ә) биік ағаштар

Б)бұта, жапырақ

3. Өсімдік мүшелері

А) тамыр, дің

Ә) тамыр, сабақ, жапырақ, гүлі, жемісі

Б) жеміс, сабақ

4. Өсімдік неден көбейеді?

А) жемістен көбейеді

Ә) сабақтан кобейеді

Б) тұқымнан, түйнек, мұртшалар, тамырсабақ

5.Өсімдіктер өсу үшін қандай топырақ керек?

А) қоңыр топырақ

Ә)құнарлы топырақ

Б)қара топырақ

6. Өсімдікке не қажет?

А) қорек, ауа, жарық, су, жылу

Ә)су, жел

Б)жылу , топырақ

7.Көкөніс түрлерін ата.

А) шие,сәбіз

Ә)қызылша, алма

Б)пияз, картоп, қияр

8. Жеміс түрлерін ата.

А)жаңғақ,бидай, пияз

Ә)өрік, алмұрт, жүзім

Б)жидек, кияр, дән

9. Ағаштарды ата.

А)қайын, қарағай, емен

Ә)жусан, итмұрын, емен

Б)селеу, қызғалдақ, өгей шөп

10.Өскін деген не?

А) тамыр

Ә) жапырағы бар сабақ

Б) сабақ





Тест № 2

Дүниетану

Кілт.


  1. Б) ағаш, бұта, шөп

  2. А) қылқан жапырақты, жапырақты ағаштар

3.Ә) тамыр, сабақ, жапырақ, гүлі жемісі

4.Б) тұқымнан, түйнек, мұртшалар, тамыр сабақ

5.Ә) құнарлы топырақ

6.А) қорек, ауа, жарық, су, жылу

7.Б) пияз, картоп, қияр.

8. Ә) өрік, алмұрт, жүзім

9.А) қайын, қарағай, емен

10 Ә) жапырағы бар сабақ































1 сынып

Тест

Дүниетану.

Тақырыбы: Жануарлар.

Мақсаты: Жануарларды топқа бөле білу.

Міндетті: 1. Жануар тірі табиғаттың негізгі бөлігі, алуан түрі бар екенін білу.

2. Жануарлардың адам өміріндегі маңызын білу.

3. Жабайы және үй құстарын ажырату.

1. Жануарлар тобы.

А)жорғалаушылар,сүтқоректілер,балықтар,құстар,қосмекенділер,бунақденелі

Ә)балық, шағала

Б)аю, көбелек, құстар

2. Сүтқоректі жануарларды ата.

А)түлкі, қасқыр, үй жануарлары

Ә)қоян, кірпі

Б)балық, бақа

3.Жабайы аңдарды ата.

А)қасқыр, түлкі, қоян

Ә)әтеш, қоян

Б)ит, мысық

4.Үй жануарларын ата.

А)жылқы, бұғы

Ә)қасқыр, балық

Б)сиыр, қой, ешкі

5. Жабайы құстарды ата.

А)бірқазан, шіл, шағала

Ә)тырна, аққу, жылқы

Б)қырғауыл, тауық

6.Үй құстарын ата.

А)қоян, аққу

Ә)тауық, әтеш, қаз

Б)дуадақ, тоқылдақ

7.Балықтар қайда тіршілік етеді?

А)құрлықта,

Ә)суда

Б)інде

8.Қосмекенділерді ата.

А)жылан

Ә)бақа

Б)балық

9.Жорғалаушыларды ата.

А)бақа

Ә)кесіртке,жылан

Б) балық

10. Бунақденелілерді ата.

А)жылан, кесіртке

Ә)балық, шыбын

Б)көбелек, қоңыз, ара.



Тест № 3

Дүниетану

Кілт.


1.А)жорғалаушылар,сүтқоректілер,балықтар,құстар,қосмекенділер,бунақденелілер.

2.А) түлкі, қасқыр, үй жануарлары

3. А)қасқыр, түлкі, қоян

4. Б)сиыр, қой, ешкі

5. А)бірқазан, шіл, шағала

6. Ә)тауық, әтеш, қаз

7. Ә)суда

8. Ә)бақа

9. Ә)кесіртке,жылан

10. Б)көбелек, қоңыз, ара.































Мичурин орта жалпы білім беру мектебі

Дүниетану пәні бойынша олимпиадалық сұрақтар

2 «а» сынып 2012-13оқу жылы

Тест

Дүниетану.

Тақырыбы: Адам дегеніміз -мен және басқа.

Мақсаты: Адамның тірі ағза ретіндегі ерекшілігін білу.

Міндеті: Адамның сезім мүшелерінің айналадағы дүниені танудағы маңызын білу.2. Адам табиғат перзентті, адам еңбегі туралы білу.

1. Адамның сезім мүшелерін ата.

А\ мұрын, бет, құлақ.

Ә\ көз, құлақ, тіл, мұрын, тері.

Б\ қол, шаш, көз.

2. Адам еңбегінің жан – жануарлардан айырмашылығы неде?

А\ табақ дайындау, ұя салу.

Ә\ еңбегі, сұлулығы, шашы.

Б\ ой еңбегі, саналылығы.

3.Шопан еңбегінің пайдасы.

А\ ет, сүт, тағамдарын дайындайды.

Ә\ даңқылдар өсіреді.

Б\ аспан әлемі зерттейді.

4.Адамды неліктен табиғат перзентті дейді?

А\ қозғалады.

Ә\ өседі, тыныс алады.

Б\тірі ағза.

5.Адамға ең басты қажеттілік.

А\ киім.

Ә\ ауа.

Б\тағам.

6.Есту мүшесі.

А\ құлақ.

Ә\ көз.

Б\ тері.

7.Иіс сезу мүшесі.

А\ тіл.

Ә\ мұрын.

Б\ құлақ.

8.Тері арқылы нені сеземіз.

А\ суықты, ыстықты.

Ә\ дәмді, суықты.
Б\ суық, ыстық, жұмсақ, қаттыны.

9. Қазақ ғарышкерлерін ата.

А\ В. Терешкова.

Ә\ Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев

Б\ Ю. Гагарин

10. Үш рет ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері.

А\ Т. Мұсабаев

Ә\ Ю. Гагарин

Б\ Т. Әубәкіров.










Тест № 4

Дүниетану.

Кілт.


1. Ә\ көз, құлақ, тіл, мұрын, тері.

2. Б\ ой еңбегі, саналылығы.

3. А\ ет, сүт, тағамдарын дайындайды.

4. Б\тірі ағза.

5. Ә\ ауа.

6. А\ құлақ.

7. Ә\ мұрын.

8. Б\ суық, ыстық, жұмсақ, қаттыны.

9. Ә\ Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев

10. А\ Т. Мұсабаев



































Тест № 5

Дүниетану.

Тақырыбы: Қоғам.

Мақсаты: Отбасы мүшелері және басқа адамдармен қарым –қатынастарын

білу.

Міндеті: 1.Қоғамдағы адам құқығы мен міндеті.

2.Отбасының адам өміріндегі орны,туыстық қатынасты білу, ажырату.

3. Адам өмірінде қауіп туғызатын жағдайлар.

1. Отбасына кімдер жатады?

А) әке – шеше, ұл-қыз, ата -әже

Ә) аға, іні, әпке.

Б) туыстар.

2. Әдептілік деген не?

А) өтірік айту

Ә) мақтаншақтық

Б) үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық

3. «Туыс» деп кімдерді айтады?

А) ата -әже, аға – іні

Ә) дос

Б) жолдас

4. Анаңның туыстары саған кім болып келеді?

А) аға-іні

Ә) нағашы

Б) қарындас-сіңлі

5. Мектепті кім басқарады?

А) директор

Ә) мұғалім

Б) сынып жетекшісі

6. « Үнемді бол» дегенді қалай түсінесің?

А) шамды сөндірмеу

Ә) су шүмегін жаппау

Б) су шүмегін жауып, шамды сөндіріп қою.

7. «От тілсіз жау » дегенді қалай түсінесің?

А) от өрт

Ә) от жарық

Б) от жылу

8. Жол түрлерін ата.

А) кең жол

Ә) көше, көше қиылысы

Б) соқпақ жол

9. Баланың қандай құқықтыры бар?

А) өмір сүруге, білім алуға

Ә) дем алуға, қыдыруға, өтірік айтуға

Б) әдемі киінуге

10. Отан деген не?

А) табиғат

Ә) әркімнің туып-өскен жері

Б) ауыл.









Тест № 5

Дүниетану.

Кілт.


1. А) әке – шеше, ұл-қыз, ата -әже

2. Б) үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық

3. А) ата -әже, аға – іні

4. Ә) нағашы

5. А) директор

6. Б) су шүмегін жауып, шамды сөндіріп қою.

7. А) от өрт

8. Ә) көше, көше қиылысы

9. А) өмір сүруге, білім алуға

10. Ә) әркімнің туып-өскен жері.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Д?ниетану п?нінен тест

Автор: Жакупова Гульмира Маратовна

Дата: 28.10.2014

Номер свидетельства: 123462


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства