Цель исследовательской работы: знакомство с разными видами одного из красивейших цветов петуний, наблюдение за их ростом.
Задачи исследовательской работы: знакомство с исследованиями, учебниками, литературой, относящейся к петуниям, углубление знаний о видах и особенностях петуний, наблюдения за почвой, на которой лучше растут петуньи.
Новизна исследовательской работы: впервые в селе Знаменка был проведен опыт с петуниями. Актуальность исследовательской работы: благодаря наблюдениям за особенностями роста и цветения петуний был внесен вклад в озеленение моей школы, села.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
І.Кіріспе-------------------------------------------------------------------------- 3 бет
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Шырайгүл түрлері, оған сипаттама ------------------------------------- 4 бет
2.2.Зерттеу материалдары мен әдістері--------------------------------------7 бет
III.Ғылыми-тәжірибелік бөлім.
3.1.Зерттеу нәтижелері және талдау --------------------------------------- 8-12- бет
Қорытынды ------------------------------------------------------------------- 13 бет
Пайдаланылған әдебиеттер --------------------------------------------------- 14 бет
Кіріспе
Мен қазір 8 жастамын. Біз отбасымызбен Знаменка ауылында тұрамыз. Ауылымыз қаладан 60 шақырым жерде орналасқан елді мекен. Жер бедері қоңыр-сарғыш түсті,топырағы құнарсыз. Ауылымда өсімдіктердің көп түрі өсе бермейді. Анаммен қалаға барған сайын көшелерде өсіп тұрған әсемгүлдерге қызыға қарап, шіркін осындай әдемі гүлдер менің ауылымда да өссе ғой деп армандадым. Әсіресе,көздің жауын алатын түрлі түсті әсем гүлдер туралы білгім келді. Анам бұл гүлдердің аты «Петуния» және оны өсіру үшін көп күтім керек деді. Сол себепті, мен шырайгүл (петуния) туралы көп білгім келіп, ізденіс жүргіздім.
Шырайгүл өсімдігін тұрмыста да, мектеп алдын гүлдендіруде оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады.
Мақсаты:
Әсем гүлдердің бірі шырайгүл өсімдігің түрлерімен танысу және өсіп-өнуіне бақылау жасау.
Міндеттері:
• Шырайгүл өсімдігіне қатысты кітаптармен, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;
• Шырайгүлдің түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету;
• Шырайгүл өсімдігінің қандай топырақта жақсы өсетіндігіне бақылау жасау.
Нысаны: Шырайгүл
Өзектілігі: Шырайгүл өсімдігінің өсіп өнуінің ерекшеліктерін анықтау арқылы мектеп алдын гүлдендіруге ат салысу. Мектебіммен,ауылымның әдемі көрінуіне үлес қосу.
1.1.Шырайгүл түрлері, оған сипаттама.
Осы ғылыми жұмысымды зерттеу барысында оқулықтарыды, деректерді пайдалана отырып, ізденушіліктің арқасында шырайгүл туралы көп мағлұмат алдым.
Гүлдер-тірі организм, олардың сан алуан түрлері түрлі ортада тіршілік етеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша жербетінде тек гүлді өсімдіктердің ғана 300 мыңға жуық түрі өседі.
Кейінгі кездері мектеп, балабақша, салтанат сарайында, әсем ғимарат орындарында гүл өсіру мәселесіне аса мән берілетінін көріп жүрміз. Түрлері де көп. Ендеше гүлді тек жердің көркі деп түсінбей, үй жайларда өсіріп, шұғылданумен айналыссақ еш артықтық етпейді. Оларды аялап,күтсең оның да саған деген пайдасы болмақ.
Петуния (шырайгүл, лат. Petunia) – биіктігі 10 см-ден 1 метрге жуықтайтын көпжылдық өсімдіктердің бірі. Петуния атауы португал тілінен аударғанда «темекі, шылым» дегенді білдіреді. Оңтүстік Американың тропикалық аймақтарынан тарқаған шырайгүлдің табиғи түрлері Бразилия, Боливия, Аргентине және Уругвайда өседі. Бағбандардың өмірінде петуния үлкен рөл атқарады. Қазақстанда үлкен, түрлі-түсті әдемі гүлшанағы бар шырайгүлді қала көшелерін, саябақтарды, үйдің ауласы мен қылтималарды безендіру мақсатында отырғызады.
Алқа тұқымдастардың ғаламшарымызда 2900-ге жуық түрі бар. Бұлардың көпшілігі мәдени өсімдіктер. Алқа тұқымдастардың жабайы түрлері де көп. Ауа райы ыстық елдерде бұталы және сабақтары шырмалып өсетін де түрлері бар. Әсіресе Оңтүстік Америкада алқа тұқымдастардың жабайы өсетін түрлері көп. Қазақстанда 23 түрі кездеседі, көпшілігі қолдан өсіріледі. Бұлар - күлтелері тұтасқан, жапырақтары кезектесіп орналасатын шөптекті өсімдіктер. Гүлдері гүлшоғырда немесе жеке-дара орналасады. Гүлі кіріккен 5 тостағанша жапырақшалар, кіріккен 5 күлте жапырақшадан тұрады. Сондықтан бұл өсімдіктер кіріккенкүлтелілер деп аталады. Күлте жапырақшалардың түп жағы қысқа түтікшеге бірігіп, қоңырау тәрізді болады. Оның ортасында 5 аталық, екі жемісжапырақшалы аналық орналасады. Бұлар - жоғары жатынды өсімдіктер. Бірнеше симметрияга бөлетін сызықтар жүргізуге болатындықтан, алқа тұқымдастар дұрыс гүлді (*) өсімдіктер болып есептеледі. Гүл формуласы: *Т(5)К(5)А5Ж(2). Жемісі – жидек немесе қауашақ.
Петуния Petunia(П. садоваяP. hubrida) ,биіктігі 2050 см, Жапырағының пішіні сопақша, бүтін жиекті, қою жасыл түсті. Гүлінің мөлшері, түсі ірі, ақ, қызғылт, көкшіл. Гүлдеууақыты VI суық түскенге дейін. Ылғал, жарық сүйгіш, суыққа төзімді сабағы тік өседі. Жапырағы тегіс жиекті, сопақша, қою жасыл түсті. Гүлдерінің түсі ақ, қызғылт, көкшіл болып келеді, жай гүлшоғыр. Жемісі екі жақтаулы қорапша. Тұқымы өте ұсақ әрі көп. Маусым айынан күн суытқанға дейін гүлдейді.
Шырайгүлдің мынадай түрлері болады:
• бұталы;
• ампельді;
• көпгүлді;
• аласа бойлы шырайгүлдер
Бұта тәрізді шырайгүлдер: гүлдері ірі, диаметрі 12см. Гүлі екі түрлі түстен тұрады. Көп күтімді қажет етеді.
Ампельді петуния жатаған сабақты болады. Бұл гүлдің түрі төмен қарай өседі, көбінесе, балкондарда гүлдендіру уақытында пайдаланады.
.
Көпгүлді Шырайгүл- гүлдері өте көп. Аласа бойлы болып келеді.
Аласа бойлы немесе (карлик)шырайгүлдер бойлары аласа болғандықтан аталады. Гүлдері өте әдемі көрінеді. Жарықты жақсы көреді. Ылғалды жақсы көрмейді. Шырайгүлді сәндік мақсатта пайдалануға болады. Шырайгүлдің тұқымы өте ұсақ болады. Шырайгүлді қантар айында егіледі.
2.1.Зерттеу материалдары мен әдістері.
2016-2017 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысы, Жаңа Семей ауданының Знаменка ауылында Шырайгүл өсімдігінің өсіп өнуіне байланысты тәжірибе жұмысы орындалды.
Ғылыми жобада обьекті ретінде шырайгүл өсімдігі зерттеуге алынды.
Зерттеудің алған қойған мақсаты мен міндеттеріне сай бұл жұмысты жүргізу үшін Знаменка ауылындағы өсетін гүлдердің түрлерімен таныстым.
Зерттеу материалы ретінде пластикалық ыдыс, су құйғыш, ыдыс, қарындаш және шырайгүл өсімдігінің мираж БЛУ , супрекаскадный Уайт, Суперкаскадная РЕД, Дадди шуга, дримс ред пикоти, атты сорттары, шымтезек таблеткалары, фертика кристалон және радуга тыңайтқыштары.
Әр пластикалық ыдысқа шырайгүлдің әр түрі жеке жеке отырғызылып, сыртына сорт атаулары жазылды.
Шырайгүлдің өсіп дамуын зерттеу әдістері ретінде екі әдіс қолданылды:
1.Фенологиялық зерттеу әдісі. Бұл әдіс шырайгүлдің даму сатыларын (топырақ бетіне шығуы,гүлдеуі, т.б.) негіз ете отырып, қай пластикалық ыдыста даму кезеңдері жылдам жүретіндігін анықтау.
2.Шырайгүл гүлінің гүлдеуін бақылау әдісі. Бұл әдіс шырайгүлдің гүлдеуін анықтауда пайдаланылды.
III.Ғылыми-тәжірибелік бөлім.
3.1.Зерттеу нәтижелері және талдау.
Топырақ – бұл құрамында әртүрлі элементтердің қосындылары бар, әрі өзара байланыстылыққа болатын, өсімдіктің өсуіне жағдай жасайтын, өнім бере алатын жер қыртысының жоғарғы жұмсақ бөлімі.
Топырақтағы қоректік заттарды қабылдау, игеру тек тамыр жүйесінің әрекеттеріне ғана емес, бүкіл өсімдік организмінің тіршілік әрекетіне, яғни зат алмасу процесстеріне тікелей байланысты құбылыс. Бұл құбылыстың қалыпты жүруі, яғни өсімдіктің дұрыс өсіп дамуы,оның өнімділігі топырақтағы минералды элементтердің мөлшеріне және өзіне қабылдап алу мүмкіншілігіне тікелей байланысты.
2016-2017 оқу жылында Жаңасемей ауданының Знаменка ауылында Шырайгүлдің өсіп дамуын зерттеу үшін 10 пластикалық ыдысқа тәжірибе қойылды. (Фото№) Оның ішінде 5 пластикалық ыдысқа шырайгүлдің түрлері шымтезек таблеткаларына егілді. Шырайгүлдің түрлері салынған әр қорапшада ішінде 10 тұқымы бар капсула болды. Қалған 5 пластикалық ыдысқа топырақ құрамында көң және шайдың самасын қосып ектік.
Пластикалық ыдысты алғаннан кейін, оның ішінде Шымтезек таблеткаларына таблеткаларын орналастырып, ыстық су құйылды. Суға жартылай батып,көлемі ұлғайды. Келесі кезекте, 5-10 минут тосып, шырайгүлдің қорабын ашып, тұқымдарын ыдысқа салып дайындалды.
Тұқымы өте ұсақ болғандықтан қарындаштың көмегін пайдаландық. Тұқымдарды егіп болған соң пластикалық ыдыстың қақпағын жауып қойылды. Ыдыс буланып, ылғалды жағдайда болды. Терзелердің алдына қойылып, түнгі уақытта жасанды жарықтандырылды. 10-15 күн аралығында суғарылмады, тұқым өздігінен өнді.
Өскіндері,яғни жапырағы екеу болған уақытта пластикалық стақандарға ауыстырылды,сонымен қоса топырағы да ауыстырылды.
Тыңайытқыштарды шамадан тыс пайдалануға болмайды, олар көп мөлшерде болғанда өсімдіктерді күйдіріп жібереді. Осыған байланысты тыңайытқыштарды қолдануға байланысты оқу құралдарын пайдаландық.
Шырайгүлдің дамуы 4 кезеңнен тұрады:
Шығуы: топырақ бетіне алғашқы өскіндерінің пайда болуы
Бутонизация: Негізгі сабақтың ұшында гүлшоғырының пайда болуы.
Шырайгүл өсімдігінің дамуына шымтезек таблеткаларының тигізген әсері
Кесте № 1
Даму кезеңдері
Шымтезек таблеткаларыныңәсері
Тәжірибе нәтижесі
№1
№2
№3
№4
№5
Отырғызылған күні:
19.02.
19.02
19.02
19.02
19.02
1.Пластикалық ыдыстарда гүлдің өскінінің шығуы уақытынан ерте басталды.
2. Өсімдіктің гүлдеуі органикалық тыңайытқыштары бар пластикалық ыдыстарға қарағанда ерте гүлдеді.
3. Жаппай гүлдеуі маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін гүлдеуде.
1.Шығуы: топырақ бетіне алғашқы өскіндерінің пайда болуы
04.03
05.03
04.03
05.03
04.03
2.БутонизацияНегізгі сабақтың ұшында гүлшоғырының пайда болуы.
15.05
14.05
10.05
11.05
12.05
3.Жаппай гүлдеуі.
02.06
28.05
03.06
05.06
07.06
Шырайгүл егілген пластикалық ыдыстардың орналасуы
(органикалық тыңайытқыш салынған)
Шырайгүл өсімдігінің дамуына органикалық тыңайытқыштың тигізген әсері
Кесте № 2
Даму кезеңдері
Шымтезек таблеткаларыныңәсері
Тәжірибе нәтижесі
№1
№2
№3
№4
№5
Отырғызылған күні:
19.02
19.02
19.02
19.02
19.02
1.Пластикалық ыдыстарда гүлдің өскінінің шығуы уақытынан кеш басталды.
2. Өсімдіктің гүлдеуі шымезек таблеткалары бар пластикалық ыдыстағыларға қарағанда жай гүлдеді.
3. Жаппай гүлдеуі шымтезек таблеткалары бар ыдыстарға қарағанда 1,5 ай кеш жүрді.
1.Шығуы: топырақ бетіне алғашқы өскіндерінің пайда болуы
02.04
03.04
30.03
31.03
31.03
2.БутонизацияНегізгі сабақтың ұшында гүлшоғырының пайда болуы.
03.06
06.06
04.06
08.06
07.06
3.Жаппай гүлдеуі.
16.06
20.06
17.06
21.06
23.06
ҚОРЫТЫНДЫ
1. 2016-2017 оқу жылында «Шығыс Қазақстан облысы, Жаңа Семей ауданының Знаменка ауылында шырайгүл өсімдігінің өсіп-өнуін әсерін зерттеуге байланысты ғылыми-тәжірибелік жұмыс орындалды.
2. Үй жағдайында 10 пластикалық ыдысқа шырайгүл өсімдігі отырғызылды..
3. Шымтезек таблеткалары бар пластикалық ыдыстарда гүлдің өскінінің шығуы уақытынан ерте басталды және органикалық тыңайытқышы бар ыдыстарға қарағанда ерте жаппай гүлдеді.
4.Органикалық тыңайытқышы бар пластикалық ыдыстардағы шырайгүлдің гүлінің өскінінің шығуы уақытынан кеш басталды және жаппай гүлдеуі шымтезек таблеткалары бар ыдыстарға қарағанда 1,5 ай кеш жүрді.
5. Бұл ғылыми жұмысты орындау ғылыми еңбектермен танысу, оны талдау және мен үшін қызықты болды, іскерлікті қалыптастыруға бағыт берді.
6. Бұл ғылыми жобаның практикалық маңызы, оқу тәжірибе үлескісінде үй жаңдайында және мектеп бөлмесінде шырайгүл өсімдігін өсіруде, жалпы ауылды және мектеп алдын гүлдендіру үшін тәжірибелер жасау өажет екендігін көрсетті.
7. Өттіңіз бе гүлді жанап?
Тағзым жасап, иіліңіз.
Гүлден нәзік,әрі ғажап,
Еш нәрсе жоқ,біліңіз.
Гүлдің адам үшін жасаған алуан түстері, таңқылдырарлық өрнегі, әсемдігі неткен тамаша! Осының бәрі адам үшін жаралған. Сол үшін де осы ғылыми жобамды әсем гүлдердің бірі-шырайгүлге арнадым.
Пайдаланылған әдебиет:
1.Арыстанғалиев С.А., Рамазанов Е.Р. Қазақстан өсімдіктері. – Алматы: Санат, 1977. – 294 б. 2. Әметов Ә.Ә., Мырзақұлов П.М. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 374 б. 3. Денисова Г.А. Таңғажайып жасыл әлем. – Алматы: Мектеп, 1985.
4. Иллюстративный определитель растений Казахстана. – Алматы, 1972. – 408 с.
5. Қалиев Б. Өсімдік атаулары.
Аннотация
Зерттеу жұмысының мақсаты: Әсем гүлдердің бірі шырайгүл өсімдігің түрлерімен танысу және өсіп-өнуіне бақылау жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:Шырайгүл өсімдігіне қатысты кітаптармен, оқулықтармен, зерттеулермен танысу; шырайгүлдің түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету; шырайгүл өсімдігінің қандай топырақта жақсы өсетіндігіне бақылау жасау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы; Алғаш рет Знаменка ауылында шырайгүл өсімдігіне тәжірибе жасалды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Шырайгүл өсімдігінің өсіп өнуінің ерекшеліктерін анықтау арқылы мектеп алдын гүлдендіруге ат салысу. Мектебіммен,ауылымның әдемі көрінуіне үлес қосу.
Аннотация
Цель исследовательской работы: знакомство с разными видами одного из красивейших цветов петуний, наблюдение за их ростом.
Задачи исследовательской работы: знакомство с исследованиями, учебниками, литературой, относящейся к петуниям, углубление знаний о видах и особенностях петуний, наблюдения за почвой, на которой лучше растут петуньи.
Новизна исследовательской работы: впервые в селе Знаменка был проведен опыт с петуниями . Актуальность исследовательской работы: благодаря наблюдениям за особенностями роста и цветения петуний был внесен вклад в озеленение моей школы, села.