"Зерттеушілік білік - да?дыларын ?алыптастыру бойынша дарынды балалармен ж?мыс ж?йесі"
"Зерттеушілік білік - да?дыларын ?алыптастыру бойынша дарынды балалармен ж?мыс ж?йесі"
Я, Ещанова Гульнара Калбаевна работаю в Дамдинской средней школе ,преподаватель общеобразовательных дисциплин(учитель начальног класса) Строю свою работу с ориентацией на воспитание личности с активной жизненной позицией.Учитель строит обучение осознанно и разнообразно, последовательно и эффективно реализуя большинство принципов и методов развития критического мышление в процессе обучения.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Зерттеушілік білік - да?дыларын ?алыптастыру бойынша дарынды балалармен ж?мыс ж?йесі"»
Тақырып: Зерттеушілік білік- дағдыларын
қалыптасыру бойынша
дарынды балалармен жұмыс жүйесі
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі- білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу маңызды. Қазақстан Республикасының білім туралы заңында ең алғаш рет әр баланың интеллектуалды дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту мәселелері сөз болады.
Қабілет -іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім жүйесі икемдік пен дағды болуы тиіс.
Іс-әрекеттің шығармашылықпен орындалу мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің жоғарғы түрін дарындылық деп атайды.
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін әр мұғалімнің көкейінде мынандай сұрақтар туындайды . «Дарындылық, данышпандық, қабілеттілік дегеніміз не? Оқушы дарындылығын, оның әлеуетті қабілетін қалай анықтауға болады?
Мектебімізде «Білім және еңбек» атты оқушылардың ғылыми қоғамы жұмыс істейді.
Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудегі мектебіміздің мақсаты:
Оқу пәндеріне деген қызығушылықтарын дамыту;
Ой еңбегінде жоғары нәтижеге жетуге қабілетті дарынды балаларды анықтау;
Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстарды жандандыру;
Оқушыларға мектеп аясынан тыс жерлерде өз білімі мен біліктілігін сынап көру мүмкіндіктерін ұсыну;
Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудегі міндеттер:
Оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін жетілдіру;
Оқушының щығармашылық жеке дарындылығын дамыту;
Оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру
Әрбір оқушының рухани дамуына ықпал жасайтын психологиялық- педагогикалық жағдайды ұйымдастыру жөнінде нақтылы шаралар өткізу.
Мектебімізде дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері :
сабақтардағы оқу істері;
сыныптан тыс жұмыстар (олимпиадаға дайындық мектебі)
оқушылардың ғылыми қоғамы
олимпиадалар, конкурстар , жарыстар;
қосымша білім беру жүйесі (факультативтер, үйірмелер)
Дарындылықты айқындап, дамыту жұмыстарының бір түрі-ОДМ. ОДМ-нің негізгі функциясы оқушылардың әртүрлі зерделік конкурстарға , олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға қатысуы үшін оларды теориялық, практикалық, психологиялық даярлау жөніндегі жүйелі жұмыстар ұйымдастыру.
Әрбір мұғалім шығармашыл жұмыс жасаған жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндігі бар. Шығармашылық іздену-мұғалімнің еңбегіне, біліміне, ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді. Бүгінде мұғалімнің басты міндеті- педагогикалық технологиялар арқылы оқушының интеллектуалдық, шығармашылық деңгейін жоғарылатып, жекелігін, тұлғалығын, дарындылығын қалыптастыру. Осы мақсатта төмендегідей сұрақтар туындайды.
Оқушыны өз ойын еркін және түсінікті жеткізуге қалай үйрету керек?
Оқушылардың ізденіс, зерттеу, шығармашылық жұмыстарға деген қызығушылықтарын дамытуда қандай амалдар қолдануға болады?
Талапты оқушыдан дарынды оқушыны қалыптастыру жолдары қандай?
Оқушының жоғары зерттеу мәдениетіне қалай қол жеткізуге болады?
Шығармашыл тұлғаның бойында өзіне тән ерекшелігі, қиялының ұшқырлығы, танымдық қызығушылығы, шабыты басым болады. Бала осы қасиеттерімен ерекшеленеді. Шығармашыл, дарынды тұлға бойында бір ғана қасиет болмайды, оның бойында ақындық, жазушылық, әншілік, суретшілік сынды қасиеттер қатар жүруі мүмкін.
Ал осы қасиеттерге баулу, әрі қарай дамыту, баланы ізденіс, зерттеу, шығармашылыққа үйрету мұғалімнің шеберлігіне, жоспарлы, мақсатты жұмыс істеуіне байланысты болмақ.
Мұғалім өз шәкіртіне қайтпас қайрат, қажымас қанат, ұшқыр қиял сыйлауы қажет. Еңбек жолымды бастағаннан бері «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасы бойынша жұмыс жүргіземін. Аталған жобамен үшінші жыл жұмыс жасаймын. Осы жоба бойынша өз тәжірибемдегі шығармашыл дарынды тұлға қалыптастыру жолдарын төмендегі сызба түрінде ұсынғым келеді.
Мұғалім алдында отырған әр оқушы «ақ парақ» деп есептесек, сол парақтардың толтырылуы мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Мен алдымда отырған баланы оқуға, білімді өз бетімен алуға, шығармашылыққа, алған білімді практика жүзінде қолдана білуге үйретуім керек. Мұғалім ең алдымен оқушының даралық қасиетін ашуы керек. Ол үшін мен жоба бойынша оқушыларыма төмендегідей тапсырмалар беремін.
Өз есіміңнің немесе әр түрлі сөздердің шығу тарихына, мағынасына үңілу, зерттеу;
Мақал-мәтел, жаңылпаштар жаттау және соларға ұйқастырып ойдан мақал-мәтелдер, жаңылпаштар құрастыру;
Дайын ұйқасқа өлең шығару;
Аяқталмаған ертегі, әңгімелерді өзіндік шығармашылықпен аяқтау;
Оқушылардың бір –біріне немесе шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беруі;
Түрлі заттар атынан ой-толғаулар жазу.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында алғашқы сабағымды балалардың есімдерін таныстырумен бастадым. Мысалы: «Менің атымды Қарлығаш қойған. Ата-анам «Қарлығаш қанатымен су сепкендей...» айналасына көмегін беріп, қайырымды болсын деген. Ал сендердің аттарыңның қойылу себебі жайлы шағын ой толғау жазып көрейік» деген тапсырма беремін.
Жолдасова Диана, 5-сынып оқушысының жауабы. «Адам баласы өмірге келгенде өзіне лайықты ат қойылады. Балаға ат қоярда тарихта белгілі адамның атын ырымдап қояды. Я болмаса, құсқа, аңға, жануарға немесе табиғат құбылысына байланысты ырымдап түрлі есімдер қояды.
Ал енді өзіме келсек, менің есімімнің айтылуы ұнайды. Бірақ мен оның мағынасын түсінбеймін. Диана деп әпкем қойған. Өсе келе оның мағынасын түсінуге тырысамын.
Бұл тапсырмаларды берудегі мақсатым әр оқушы сөз құдіретін ұғынуына ықпал ету, өмірдегі әрбір қолданыстағы сөздердің өзіндік шығу тарихы бар екеніне көз жеткізу, түсіндіру.
Менің ойымша , осындай оқушылардың даралық қасиеттерін ашу, ойлауын дамыту бағытында жүргізілген жұмыстардан кейін шығармашыл қасиеті бар балада белсенділік басым болады, дарынды бала өзінен өзі айқындала бастайды. .
Ойымды жинақтай келе , бала дарындылығын ашудың жолдары ұшан –теңіз. Оқушы үшін ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері зор. Кітаптағы білім мен компьютерді пайдалануды ұштастыра білсек бұдан да жоғары нәтижелерге жетеміз. Қазір оқушыларда пәнге деген қызығушылық артты, ой-өрісі кеңейді.
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 7 орта мектебі» ММ
Тақырып: 12- жылдық білім беруге көшу жағдайында филолог – мұғалімнің шығармашылық әлеуетін арттыру.
Ташетова Жанар Хамитқызы.
Қостанай қаласы
2008-2009 оқу жылы
1. Кіріспе.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы жылдын 28 ақпаны күнгі «Жаңа әлемдегі жана Қазақстан» атты жолдауында да Қазақстандағы білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі мәселелерге тоқталып өтті. Жолдаудың біздің алдымызға қойып отырған басты міндеті – еліміздегі білім берудің ұлттық үлгісін әлемдік стандарттарға сәйкестендіре отырып, білім сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған білім беру ісін дамыту тұжырымдамасында отандық білім беруді жетілдіру мен оның әлемдік білім беру аясына ықпалдасуының басты бағыттары белгіленген.Соған байланысты алған білімі мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермей өмірді еркін бағдарлай алатын , өзін-өзі дамытып , өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылды.
2. 12 жылдық жалпы орта білім беру туралы.
12 жылдық білім беру жүйесінің құрылымдық өзгеруіне терең бойлап, оның әдіснамалық тұрғыда күнделікті тәжірибеде көрінуін талдау - білім беру саясатының маңызды бағытына айналуда.
12 – жылдық жалпы орта бiлiм берудiң мақсаты:Қоғам мақсатымен өз мақсатын ұштастырып байланыстыра алатын, шығармашыл, қоршаған ортадағы жағдайға бейiмделгiш, өз бетiмен шешiм қабылдай алатын, iскер, ой- өрiсi дамыған интелектуалды, зиялы, мәдениеттi, парасатты, елжанды, жеке тұлғалы азаматты тәрбиелеп шығару.
3. Бейінді білім берудің мазмұны. Қазақстанда 2006-2007 оқу жылында 10-11 сыныптарда бейіндік(профильн ) оқытуды енгізу жағдайында жоғары сынып оқушыларына білім берудің мазмұнын таңдап , мектептей білім беру ісін ұйымдастыруды басқару, оқушылардың қол жеткізген табыстарын бағалау және басқа да педагокилық жүйе компоненттеріндегі жаңа тәсілдерді даярлау ісі алға қойылды. Вариативтi бiлiмдi жүзеге асыру жағдайында қазiргi педагогикалық теория бейiндi оқытуды қарастырады.
Бейiндi оқытудың ғылыми – теориялық негiзi саралапоқытумен байланысты. Бейіндік курстар.
Білімнің әр нақты бағытының мазмұнын анықтайтын жалпы білім беру пәндері. Осы білім бағытындағы оқушылардың жалпы білімге дайындығын кеңейтуге және тереңдетуге арналған.
Қолданбалы курс.
Бiлiм беру бағдарламасын жүзеге асыруды ұйымдастыру
түрi, бейiндiк пәндер бойынша берiлетiн бiлiмдi жалғастыруға және тереңдетуге, сонымен қоса оқушының тәжiрибелiк дайындығын жүргiзуге мүмкiндiк туғызады.
Таңдау курсы
Бiлiм беру бағдарламасын жүзеге асыруды ұйымдастыру түрi,бейiндiк пәндердiң нақты салалары бойынша немесе басқа бағыттар бойынша бiлiм бередi және оқушылардың бiлiмдiк қызығушылығын қанағаттандырады.
Бейіндік оқыту білім беру процесін ұйымдастыратын нормативтік құжаттардын бірі – оқу ісінің жұмыс жоспары болып табылды.
Мен биылғы оқу жылында қоғамдық гуманитарлық бағыттағы 11 Б сыныбында таңдау курсты өткіздім. Бұл курстың тақырыбы : «Қазақ тілінің практикумы». Бұл тақырыпты алған себебім 2007-2008 оқу жылында орыс тілді мектеп түлектері қазақ тілінен бірінші рет ҰБТ тапсыратын болды сондықтан ҰБТ- ны сапалы нәтижелі болу үшін оқушыларды жан- жақты дайындық жұмыстарын жүргізу болды. Алдыма қойған мақсатым оқушыларды деңгейінде ауызша және оқу арқылы, практикалық материалдар үстінде қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. Қазақ тілінде сөйлеу білік дағдыларын қалыптастыру , тілдік білім жүйесін танып білу , қазақ тілі грамматикасы саласынан білімдерін жүйелеу, білім сапасын арттыру.
Оқу әрекеттері:
сөйлеу(оқу, жазу, айту, тыңдау)
коммуникативтік (қарым-қатынас тілін меңгеру) іздеу, анықтау, жаттау, талдау.
Оқыту технологиялары:
-ойындық, саралап-деңгейлік, жеке дара оқыту, коммуникативтік, сатылай комплексті талдаудың элементтері.
Бұл бағдарлама 4 бөлімнен тұратын грамматика саласынан алынған материалдар.
1. Тіл білімінің саласы- Фонетика.
2. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары.
3. Морфология саласы.
4. Синтаксис.
Бұл курстың нәтижесінде оқушылар қазақ тілі мен тіл дамыту сабақтарында алған білімдерін еркін қолданыла алады. Бұл курста мен 1-ші сабақта лекция түрінде берсем, келесі сабақта соны практикада қолданып, тақырыпты бекітемін. Мысалы Фонетикадан олар тек қана дыбыстарға талдау жасаса, курста мен оларға үндестік заңы бойынша және сатылай комплексті талдау түрінде үйретуге тырыстым. Сонымен қатар тек қана талдау жұмыстары ғана жүргізілмейді, сабақты ойын түрлерімен, тест тапсырмаларымен бекіту. Мысалы «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» ойынында топқа бөліп, қызықты, тақырыпқа сай сұрақтар берілді.
Етістіктің шақтарын, етіс категорияларын өткенде тек жіктемейді, сонымен толық морфологиялық талдау жасайды.
Бұл курстың қазақ тілінен грамматика бойынша білім сапасын көтеруде септігі бар деп ойлаймын. Оған дәлел курста алған білімдерін, өткен тақырыптарын сабақта қолдана отырып сынама тестілеуде жақсы нәтиже көрсете білді.
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 7 орта мектебі» ММ
Тақырып: Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қазақ тілі мен
әдебиетін оқытудағы тұрақты мотивацияларды қалыптастыру.
Байдилдина Асель Кенжеахметқызы.
Қостанай қаласы
2008-2009 оқу жылы
Қазіргі заманда қоғамның барлық салалары ақпараттандырулыда.Ал білімнің ақпараттандырлуы –білім ордаларында компьютер орнату және оларды Интернетке қосу ғана емес, бұл болашақта ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүретін және жұмыс жасайтын оқушылардың білім алуының мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру формаларын өзгертетін ұзақ та күрделі үрдіс.
Білім ордаларында оқу-тәрбие үрдісін басқару мәселелерін ақпараттық қамтамасыз ету – үлкен жұмыс. Мұндай жағдайда мынандай мүмкіндітер туады.
1.Мәлімет алмасу үшін тиімді кеіңстік қалыптасады.
2.Мекеме және оқу-тәрбие жұмысының барысы туралы оқу үрдісіне қатысушылардың бәріне-оқушыларға, ата-аналарға, психологтерге,әлеуметтік және медициналық қызметкерлерге , оқу орны басшыларына. Қажетті ақпаратты керек уақытында , қажет көлемінде алуға болады.
3.Экономикалық тиімді.
4.Қағаздық нұсқаумен жұмысты тоқтатады.
5.Аттестациялық қорытынды бағаны, есепті автоматты түрде компьютер өзі шығарады, ал бұл оқушының білім алудағы жауапкершілігін арттырады.
6.Бұл мәліметтер қорына бөтен адам ене алмайды, өйткені , ол парольмен сақталады, сондықтан тек шектеулі адамдар ғана онымен жұмыс істей алады.
Л.Луцевич « оқытудың ақпараттық технологиясы-бұл ақпаратты өңдеудің, тасымалдаудың, таратудың машиналық технологиясы, информатиканың есептеу және бағдарламалық орталары» деген анықтама берген.
Оқутышылардың оқытуда қолданылатын ақпараттық технологиялардың техникалық және технологиялық жабдықталуы қатарында келесі құралдарды атауға болады
дербес компьютерлер
Интернет
Интерактивтік тақта
Электрондық тақталар
Мультимедиялық сабақтар
Бағдарлама-әдістемелік кешендер
Оқу мақсатына арналып жасалған ақпараттық жүйелер,
Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану-оқу үрдісін белсендіраге,оқытуды жекешелендіруге,оқушының өзін-өзі бақылауға мүмкіндік тұғызады. Сонымен қатар, бұл кезде оқытудың мынандай психологиясының аспектісінің маңызы зор екендігін қажет—
оқушылар бірден өзінің әрекеттерінің нәтижелерін сәйкес талдаулармен және ұсыныстармен бірге көреді,
компьютермен жұмыс істеу оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, жалпы мәдениетінің деңгейі ме,н ықыласын көтереді.
Ақпараттық оқыту технологиясы мынандай төрт мақсатты көздейді
-білім деңгейін тексеру бағытында қолдану
-оқытушылық мақсатта пайдалану
-компьютерді мультимедиялық мүмкіндіктер арқылы көрнекі құрал ретінде пайдалану
-электрондық оқулықтар, интернетті пайдалану.
Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану оқушының оқу материалдарының мазмұн мағынасын толық түсінуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, оқу үрдісіндегі есептеуіш техника құралдарының рөлі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқушылар мен еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – белем беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.
Білім беруді ақпараттандыру қоғамды ақпараттандыру үрдістерінің қарқынды дамуын, адамды толық мәнді өмірге даярлауды ақпараттық қоғамның қажеттіліктерінің негізгі шарттары ретінде жан-жақты және осыған байланысты қажетті материалдық-техникалық базаны дамытуды, педагогикалық еңбектің жаңа мәдениетінің қалыптасуын, озық ғылыми-әдістемелік қызметтерді құруды талап етеді.
Ақпараттық технология қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасау кекрек және ол оқушының іс-әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс.
Осы айтылғандарды жасайтын болсақ, оқытушы қолына оқытудың жаңа қуатты құрылымын беріп қана қоймай, білімнің тереңіне бойлай аламыз әрі оқытудың бүкіл мазмұнының өзгеруіне мүмкіндік береміз. Бұл оқу пәнін оқытудың әдістемесіне де әсер етпей қоймайды. Ең бастысы, ақпараттық технологияларды жаратылыстану және математика пәндерінде қолданудың оқыту әдістемесін әлі де дамыта түсуіміз керек-ақ.
Компьютерлік +
Білім беруде кеңінен қолданыла бастағанда «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары» термині пайда болды. Бұл технологиялар бағдарламалап оқыту идеясын дамыта отырып, қазіргі компьютерлер мен телекоммуникацияның дамуымен байланысты оқытудың жаңа, әлі толық зерттелмеген әдіс-тәсілдерін ашады. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары – ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі болып саналады.
Алдымен жаңа ақпараттыө технологияларға көшпей тұрып, оқу-тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептеуіш техника құралдарының оқу үрдісіндегі рөлі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жеңілдету, оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі екені белгілі.
Оқытудағы жаңа ақпаратты технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға негізделген. Жаңа ақпараттық технологияның білім санасына енуі педагогтерге оқытудың мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру түрлерін сапалы түрде өзгертугі мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдаланудың педагогикалық сәйкестігін ескеріп оқыту әдістерінің өзгеруіне әкеледі. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар келесі үш нұсқа түрінде жүзеге асырылуы мүмкін:
«тереңдетілген» технология ретінде «компьютерлік оқытуды жекеленген тақырып немесе тарау бойынша қолдану);
негізгі технология ретінде (белгелі бір бөлімді оқытқанда қолданатын технологиялардың ең маңыздысы ретінде қолдану);
монотехнология ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни, диагностика, мониторинг компьютерді қолдануға негізделсе).
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді;
ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, коммуникативтік қабілетін дамыту;
«ақпараттық қоғамның» жеке тұлғасын жайындау;
берілетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;
зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру.
Қонцептуалды ұстанымдар төмендегідей:
оқыту – бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы;
компьютердің баланың жеке ерекшеліктеріне икемделе алуы;
оқытудың диалог түрінде болуы;
басқарылуы: мұғалімнің кез келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алуы;
оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субъект-объект, субъект-субъект, объект-субъект.
Жеке және топпен жұмыстарын үйлесуі;
Оқушының компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуаның демеу.
Компьютер оқу материалан беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті, графиканы, мультимедияны, бейнетехниканыңы барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыға ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді.
Компьютермен жұмыс жасай отырып, оқушы кеө келген тапсырманы аяғына дейін орындау мүмкіндігіне ие болады. Себебі, оған қажетті көмек көрселіп отырады. Егер тиімді оқытатын жүйелер пайдаланылса, оған тапсыарманың шешімі де түсіндіріліп, тиімді және тиімсіз жүрістер талқыналады. Қарастырылып отырған мәселенің тәжірибелік маңызын аша отырып, өзінің ақыл-ойын пайдалануға, кез келген сұрақ қойып, кез келген шешім жолын айтып, нашар баға алудан қорықпауға мүмкіндік беретін компьютер оқуға деген дұрыс көзқарас қалыптастырады.
Оқушылар белсенді түрде оқу үрдісіне тартылады. Дәстүрлі оқыту жүйесінің жетіспейтін жағы – барлық оқушыларды оқу үрдісіне белсенділік танытуын қамтамасыз етпеуі. Мысалы, жаңа материалды түсіндіру кезінде көптеген оқушылар барлық күш-жігерін жұмсап жұмыс жасамайды. Себебі, біреулерінежаңа материал түсініксіз, екіншісіне бұл мәселе бұрыннан таныс, үшіншілері бұл кезде басқа нәрсе ойлап отырады, т.б.
Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды енгізу. Өйткені, бүгін таңдағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқу материалдарын ұтымды игеруде электрондық оқулықтардың атқаратын рөлі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдар графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлға тәселдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.
Электрондық оқулықтар – ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың тұжырымдық негізі модулдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Электрондық оқулықтармен эұмыс істеу әрбір оқушының өзқ мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады.
Электрондық оқулық – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияларға негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электрондық оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді;
гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Ең бастысы, электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген зандылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындаула мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:
белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;
электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосыша материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест, материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын, яғни, берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру;
белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.
«Бәрі өтеді, бәрі өзгереді». Қоғам, оның бағалықтары өзгереді, адам мен оның қажеттіліктері, сондай-ақ адамға деген талаптар да өзгереді. Өткен ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де қазіргі қоғам мүшесі үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Ендеше қазіргі кезде үлкен ақпарат ағынын басқаруда мәліметтер қорын құрудың маңызы зор.