«?аза? тарихы- жыл?ы тарихы да, жыл?ы тарихы-?аза? тарихы»
?ажытай Ілияс?лы
“Жыл?ы – малды? патшасы, т?йе – малды? ?ас?асы” деген ма?ал бар. Мереке-?уанышта, ?ай?ы-?асіретте, бас?а т?скен не ауыр к?ндерде жыл?ы адамны? жан серігі, айырылмас досы бол?ан.
Жыл?ы-?аза? даласыны? екінші есімі. ?аза? ??ымында ?аза?, дала ж?не жыл?ы деген с?здер бір-біріне етене жа?ын тамырлас та та?дырлас айтылады.
Е? ал?аш?ы жыл?ы осыдан 50 млн. жыл б?рын ?мір с?рген ж?не оны? дене т?р?ы мысы?тай ?ана бол?ан. Оны зоогипус деп ата?ан. Жыл?ы-?аза? даласыны? екінші есімі. ?аза? ??ымында ?аза?, дала ж?не жыл?ы деген с?здер бір-біріне етене жа?ын тамырлас та та?дырлас айтылады. Жыл?ыны е? ал?аш ?ол?а ?йреткен шы?ыс елдері. Мон?олия, ?аза?станда жыл?ыны? 16 т?рі ?сіріледі. ?аза? хал?ы ?сіретін жыл?ыларды 3 топ?а б?леді.
1.К?шті, еті ты?ыз аттар.
2)Ж?рдек аттар
3) Ж?йрік аттар.
Жыл?ы - та? т?я?тылар отрядыны? бір т??ымдасы. ?азба ?алды?тары бізді? заманымыздан б?рын?ы жеті мы? жылдан б?рын-а? Азия мен Еуропада ?ол?а ?йретілгендігін д?лелдейді. Жыл?ы т??ымдасы есек, ??лан, зебр, ?азіргі жыл?ы болып 4 туыс?а б?лінеді.
Жасына ?арай жыл?ы атаулары: ??лын, 6 айдан ас?анда жаба?ы,2-3 жас –??нан, 3-4 жас- д?нен, 4-5 жас- бесті,ай?ыр, ат, бие. Ал оны? ж?йріктігіне, та?ы да бас?а ?асиеттеріне ?арай ?сіресе батырлар жырларында жор?а, су жор?а, ж?йрік, т?лпар, ?азанат, с?йг?лік, д?лд?л, ар?ыма? деп аталады. «Жыл?ыны? с?ті-шекер, еті-бал, иісі-ж?пар,терісі –киім, мінсе? –т?лпар»-деген екен Досбол би. «Ана с?ті мен жыл?ы с?ті- бізді? тарихымызды? басы» деген
?.?айырбеков. Жыл?ы еті де , с?ті де ,майы да пайдалы. ?ымыз – ?аза? хал?ыны? ?лтты? та?амдарыны? ішіндегі е? ??рметті дастар?ан д?міні? бірі. ?аза?ты? ертедегі к?шпелі ?мірінде ауру?а ем болып, сау?а ?уат берген осы ?ымыз. Бие с?тінде ?ант к?бірек болады, оны жа?а сау?ан с?тті? д?мін татып білуге болады. ?ымызды? ??рамына кіретін т?рлі заттарды? б?рі де адамны? бойына жа?сы сі?еді. Бие с?тінде “ С” витамині мол болады. Сонды?тан оны? емдік ?асиеттері, ?сіресе туберкулез ауруынан емдеу ?шін айры?ша жо?ары. ?азысыны? майы адамны? с?йегін
бал?ытыды. Сыны?шылар адамны? ?исы? біткен с?йегін осы майды пайдаланып ?айта салады.Еті бауыр ауруларына, ас?азан астында?ы ?й?ы бездеріні?, ас?азан-ішек жолдарын емдеуге пайдалы. Жыл?ы майыны? ет айда?ыш ?асиеті бар ж?не бой?а ?те сі?імді. Жыл?ы еті ?те ба?алы, жо?ары сапалы тама?, ал ?азысыны? та?амды? та, емдік ?асиеті к?п. ?азы, ш?жы?,?арта, жал, жая сия?ты жыл?ы етінен істелген та?амны? д?мділігі тіл ?йіреді. ?ымыз — к?пті? с?йсініп ішетін сусыны болып келеді. ?аза?тар жыл маусымына ?арай ?ымызды уыз ?ымыз, жаз?ы ?ымыз, к?згі, ?ыс?ы ?ымыз деп ата?ан Жыл?ы терісіні? де пайдасы мол. Одан ?р т?рлі б?йымдар, ат ?бзелдері,ыдыстар жасалады.?мілдірік, айыл, ??йыс?ан,тізгін, но?та, ?амшы,шылбыр, ж?ген ?реміз. Торсы? пен саба ?ымыз ??ятын ыдыстар болып табылады.
Торсы? дегеніміз- жыл?ыны? терісінен шелін алып, ыстап жасал?ан,сиымдылы?ы 10-30 литр тері ?ап.
Саба - т?рт б?рышты т?бі ж?не ?зын мойыны бар.
?ымыз ыдыстарыны? ендігі бір негізгі т?рі – к?бі. К?біні? ауыз жа?ы тарлау, т?п жа?ы ке?ірек болып келеді. К?бінесе еменнен жасалады. Аса шеберлер арша, шырша а?аштарынан да жасайды. Бала т?рбиесіне, денсаулы?ына, мы?ты болуына ерекше м?н берген ата-бабаларымыз балаларын к?біне ат ?стінде шыны?тыр?ан.
Бас?а малдан г?рі жыл?ыны ба?у ?иын. Жыл?ыда ?т жо?.Ол к?йіс ?айтармайды. К?ндіз-т?ні бірдей жайылымда, далада ж?реді.Суы??а да шыдамды.?ыс айларында суы?та,т?нде ба?у о?ай емес. Жыл?ы ш?пті? ш?йгінін жеп, суды? т?ны?ын ?ана ішеді.Сонды?тан жайылымды д?рыс та?дау керек. Апталап ?й бетін к?рмей жыл?ы ба?атын к?ндер де болады.
Жыл?ыны? ?аза? тарихында алатын орны ерекше. Шетсіз –шексіз далада адам жаяу ?за? ж?ре алмайды, ал астында аты бар адам ?аш?анда ??тылып,?уса жетіп тіршілік етеді. Сол себепті ?аза?ты? «Жыл?ы –ер ?анаты» деген с?зі жыл?ыны? адам ?міріндегі орнын к?рсетеді.
Жыл?ы малын аса жо?ары ба?ала?ан ?аза?тар ?лкен ас-тойларда жарыс?а салып, бас б?йгесіне мол д?ние
беретін бол?ан. Ер-азаматтар?а жасалатын сыйды? да ?лкені ат мінгізіп, шапан жабу бол?ан. ?аза?ты? ат ?стіндегі ойындары: б?йге, те?ге алу,аударыспа?, к?кпар, ?ыз ?уу. ?азір жыл?ыны? к?зге т?сер жері спортты? жарыстар болып отыр. Ат спорты? жарыстарында бізді? спортшыларымыз ірі же?істерге ие болуда.
«Аман болсын мал басы» -дегендей жыл?ыны асырап, пайдасын к?ргеннен кейін оны д?рыс к?тіп, ба?а да білу керек. Сонды?тан оны? ?андай аурулармен ауыратынын, оны ?алай емдеуін білу де арты? болмас. Ол туралы мал д?рігеріне с?з берейік. Жыл?ы ауруларына-?ырша??ы, тыш?ан, о?ала, ма??а жатады. ?ырша??ы-е? алдымен жал, ??йры?ы т?седі. Содан ?асын?анда ?ызыл ша?а ?отыр болады. Е? ?ауіпті ауру-тыш?ан. Ол ая? астынан ?стайды. Тама?ыны? астынан бір тамыр ?ысылады. Соны ?иып жіберсе жазылады. О?ала-к?з ауруы. К?зінен жас а?а береді. О?ан ?ант себу керек.
Ма??а- ж??палы ауру, жазылмайды.
?аза? баласы жыл?ы т?лігін т?ресіндей к?ретіні соншалы?- «?аза? жыл?ы мінезді» деп ?зіні? мінез-??лы?, бітім –болмыс, жан д?ниесіні? ай?ындаушысына айналдырып ал?ан. Б?лай ?зіні? жаратылысына жыл?ыдан ??састы? іздеу – тек ?аза??а ?ана т?н ?асиет ?рі б?л ?аза?ты? осы т?лікке деген аса жо?ары ??рметіні? белгісі.
Просмотр содержимого документа
«Жылкынын минез-кулкы »
Жылқының мінез-құлқы
Қызылорда қаласы №7 орта мектеп
Агинов Нұрсұлтан
«Қазақ тарихы- жылқы тарихы да, жылқы тарихы-қазақ тарихы»
Қажытай Ілиясұлы
“Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы” деген мақал бар. Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен не ауыр күндерде жылқы адамның жан серігі, айырылмас досы болған.
Жылқы-қазақ даласының екінші есімі. Қазақ ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір-біріне етене жақын тамырлас та тағдырлас айтылады.
Ең алғашқы жылқы осыдан 50 млн. жыл бұрын өмір сүрген және оның дене тұрқы мысықтай ғана болған. Оны зоогипус деп атаған. Жылқы-қазақ даласының екінші есімі. Қазақ ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір-біріне етене жақын тамырлас та тағдырлас айтылады. Жылқыны ең алғаш қолға үйреткен шығыс елдері. Монғолия, Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі. қазақ халқы өсіретін жылқыларды 3 топқа бөледі.
1.Күшті, еті тығыз аттар.
2)Жүрдек аттар
3) Жүйрік аттар.
Жылқы - тақ тұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Қазба қалдықтары біздің заманымыздан бұрынғы жеті мың жылдан бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, қазіргі жылқы болып 4 туысқа бөлінеді.
Жасына қарай жылқы атаулары: құлын, 6 айдан асқанда жабағы,2-3 жас –құнан, 3-4 жас- дөнен, 4-5 жас- бесті,айғыр, ат, бие. Ал оның жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында жорға, су жорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл, арғымақ деп аталады. «Жылқының сүті-шекер, еті-бал, иісі-жұпар,терісі –киім, мінсең –тұлпар»-деген екен Досбол би. «Ана сүті мен жылқы сүті- біздің тарихымыздың басы» деген
Ғ.Қайырбеков. Жылқы еті де , сүті де ,майы да пайдалы. Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы қымыз. Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып білуге болады. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде “ С” витамині мол болады. Сондықтан оның емдік қасиеттері, әсіресе туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. Қазысының майы адамның сүйегін
балқытыды. Сынықшылар адамның қисық біткен сүйегін осы майды пайдаланып қайта салады.Еті бауыр ауруларына, асқазан астындағы ұйқы бездерінің, асқазан-ішек жолдарын емдеуге пайдалы. Жылқы майының ет айдағыш қасиеті бар және бойға өте сіңімді. Жылқы еті өте бағалы, жоғары сапалы тамақ, ал қазысының тағамдық та, емдік қасиеті көп. Қазы, шұжық,қарта, жал, жая сияқты жылқы етінен істелген тағамның дәмділігі тіл үйіреді. Қымыз — көптің сүйсініп ішетін сусыны болып келеді. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған Жылқы терісінің де пайдасы мол. Одан әр түрлі бұйымдар, ат әбзелдері,ыдыстар жасалады.Өмілдірік, айыл, құйысқан,тізгін, ноқта, қамшы,шылбыр, жүген өреміз. Торсық пен саба қымыз құятын ыдыстар болып табылады.
Торсық дегеніміз- жылқының терісінен шелін алып, ыстап жасалған,сиымдылығы 10-30 литр тері қап.
Саба - төрт бұрышты түбі және ұзын мойыны бар. Қымыз ыдыстарының ендігі бір негізгі түрі – күбі. Күбінің ауыз жағы тарлау, түп жағы кеңірек болып келеді. Көбінесе еменнен жасалады. Аса шеберлер арша, шырша ағаштарынан да жасайды. Бала тәрбиесіне, денсаулығына, мықты болуына ерекше мән берген ата-бабаларымыз балаларын көбіне ат үстінде шынықтырған.
Басқа малдан гөрі жылқыны бағу қиын. Жылқыда өт жоқ.Ол күйіс қайтармайды. Күндіз-түні бірдей жайылымда, далада жүреді.Суыққа да шыдамды.Қыс айларында суықта,түнде бағу оңай емес. Жылқы шөптің шүйгінін жеп, судың тұнығын ғана ішеді.Сондықтан жайылымды дұрыс таңдау керек. Апталап үй бетін көрмей жылқы бағатын күндер де болады.
Жылқының қазақ тарихында алатын орны ерекше. Шетсіз –шексіз далада адам жаяу ұзақ жүре алмайды, ал астында аты бар адам қашқанда құтылып,қуса жетіп тіршілік етеді. Сол себепті қазақтың «Жылқы –ер қанаты» деген сөзі жылқының адам өміріндегі орнын көрсетеді.
Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние
беретін болған. Ер-азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған. Қазақтың ат үстіндегі ойындары: бәйге, теңге алу,аударыспақ, көкпар, қыз қуу. Қазір жылқының көзге түсер жері спорттық жарыстар болып отыр. Ат спортық жарыстарында біздің спортшыларымыз ірі жеңістерге ие болуда.
«Аман болсын мал басы»-дегендей жылқыны асырап, пайдасын көргеннен кейін оны дұрыс күтіп, баға да білу керек. Сондықтан оның қандай аурулармен ауыратынын, оны қалай емдеуін білу де артық болмас. Ол туралы мал дәрігеріне сөз берейік. Жылқы ауруларына-қыршаңқы, тышқан, оғала, маңқа жатады. Қыршаңқы-ең алдымен жал, құйрығы түседі. Содан қасынғанда қызыл шақа қотыр болады. Ең қауіпті ауру-тышқан. Ол аяқ астынан ұстайды. Тамағының астынан бір тамыр қысылады. Соны қиып жіберсе жазылады. Оғала-көз ауруы. Көзінен жас аға береді. Оған қант себу керек.
Маңқа- жұқпалы ауру, жазылмайды.
Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні соншалық- «қазақ жылқы мінезді» деп өзінің мінез-құлық, бітім –болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет әрі бұл қазақтың осы түлікке деген аса жоғары құрметінің белгісі.
Қорытынды: Қазақ жақсы көрген баласын «Құлыным» дейді.Бата бергенде «Атың арымасын, тоның тозбасын» дейді. Адам есімдерін Жылқыбай, Құлыншақ, Торытай, Қаратай, Ақтай, Тайшық,Құнанбай, Дөнентай Т.б жылқымен байланыстырып қойған.
Керiқұлан деген хайуан бар. Ол қазiр хайуанаттар бағында тұр. Жылқының екiншi түрi – тарпы. Жылқының осы екi түрi оның арғы тегi болып саналады. Ол екеуi де қазақ даласының топырағында пайда болған. Мәселен, тарпының ең соңғы тұяғы 1865 жылы Украинаның даласында оққа ұшып өлген. Қазiр бүкiл әлемнен бiр тарпы таппайсыз. Бiрақ қазақ жылқыларының iшiнде тарпының ұрпақтары анда-санда кездесiп қалады. Бiрiнен-бiрi ауысып жүр ғой. Ал негiзi қазақтың жылқысы керiқұлан. Бұл екеуiнiң сүйегiнде, жал-құйрығында, мiнез-құлқында, жаратылысында айырма бар. Керiқұланның жабайы түрi 1926 жылы Жоңғар ойпатын мекендеген. Немiс халқы керiқұланның ұрпағын елiмiзден кезiнде алып кеткен екен. Қазiр бүкiл әлем бойынша тек Германияда ғана осы керiқұланды өсiрiп отыр. Кейiн олар барлық елге сатып, керiқұланды сауда тауарына айналдырып жiбердi. Соған орай, қазiр керiқұлан көптеген елдерде бар. Құланның екi түрi бар: бiрiншiсi – керiқұлан, екiшiсi – есек құлан. Бұл есек құланның жай есектен айырмашылығы – тек түсiнде ғана. Бұқар жырауда мынадай сөз бар: «Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер, аяғы жоқ түгi жоқ, жылан қайтып күн көрер». Сонда Бұхар жыраудың уақытында керiқұлан болмаған. Жаңағы айтылған құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан есек құлан болып шығады. Қазiрде керiқұланды керiқұлан демейдi. Оны Пржевальскии жылқысы деп атайды.
– Бабаларымыз жылқыны ақылды жануарлар тобына жатқызған. Мұның сыры неде болғаны? – Рас, қазақ жылқысы ақылды хайуанға жатады. Әлемде дельфин, маймыл, ит, одан кейiн жылқы ақылды жануар болып есептеледi. Халқымыз адамды жылқы мiнездi дейдi. Бiз ирандықтарды «қызыл бас» деп атаймыз. Осы қызыл баспен қыпшақтың әскерi жекпе-жекке шығып, кыпшақтың әскерi аттан жығылғанда, Иранның әскерi атынан түсiп, оған қылышын сала бергенде, қыпшақтың аты оны қос аяқпен теуiп өлтiрген екен. Бұл тарихта болған оқиға. Осыдан-ақ жылқының ақылдылығын бағамдай беруге болмай ма?
Жылқының тісіне байланысты атаулар Қазақтар жылқыны тісіне қарап, жасын, кәрісін, асыл-жасықтарын, жүйріктігін айырады. Оны төменгі атаулардан көруге болады. Сүт тіс. Жаңа туған құлынның еміп жүргендегі шыққан тістері. Күрек тіс. Жылқының аузындағы астыңғы және үстіңгі жақтарындағы екі-екіден шыққан күрек сияқты тістері. Жұлқар (от) тіс. Шөпті жұлатын және оңды-солды қиятын тістерді айтады. Қасқа тіс. Жылқының алдыңғы тісі Шет тіс. Күрек тістен кейінгі тістерді айтады. Тұрақты тіс. Жылқының тістері түскеннен кейінгі екіден бес жасқа дейінгі шыққан тістері. Үкпе тіс. Азу тістер. Ұры тіс. Азу тіске қосарланып шығатын ұзын тіс. Ол шыққанда жылқы оттауынан қалып, қатты жүдейді. Қырқылған тіс. Тіс бедерлерінің мұқалып тегістеле бастағаны. Тісеу. Сүт тістері түсіп, орнына жаңа тіс шығып келе жатқаны. Қос тіс. Негізгі сүт тістері мен тұрақты тістерінің жанынан (қабаттаса) шыққан тіс. Мөр (бедер). Тісінің үстіңгі бедерлеріндегі шұңқыры. Сопақ мөр. Бес жастан он жасқа дейінгі жылқының тіс бедерінің (шұңқырларының) мұқалмаған көздері. Дөңгелек мөр. Он екі жастан он сегіз жасқа дейін тістің шұңқырлығы сопақ түрінен өзгеріп, дөңгелек түрге айналғаны. Үш бұрыш мөр. Он сегізден жиырма үш жасқа дейінгі тіс шұңқырларының өзгеріп тозуынан дөңгелек мөрлеріиің үш бұрыштанғаны. Қыр. Тістерінің үстіндегі шұңқырларының жиектері. Қазақтар осы күнге дейін жылқы асығын тастамай «ақсүйек» ойынына пайдаланды және әртүрлі бояуға бояп дорбаға салып балалардың ойыншығы ретінде қолданған (бұл салт Моңғолия қазақтарында бар А.Т.). Әртүрлі ою-өрнектер салған жылқы асықтары-сомпайлар (қидасып -депте атайды А.Т.) Ботай қазбасынан шықты.
3. Қазбада ғұрыптық салтты білдіретін жеке арнайы қойылған жылқының бас сүйектері кездеседі, қазақта жылқының бас сүйегін бұзбай асып, артынан басына қою рәсімі әлі күнге дейін бар. Жақсы аттардың басын кебіндеу, жерге тастамай ағаш басына ілу, жартас басына қою жылқыны тәу етуден туындайды. Археологиялық деректерді екшелей келгенде Ботайлықтардың жылқы бағу әдісіне келсек біздің ойымызша қазақтың қоспен отарлап бағу түріне ұқсас сияқты. Қазба кезіндегі үй жайлардың қора-қопсылардың, дүние мүліктердің қалдықтарына қарай отырып қоныс тұрғындары әлеуметтік жағынан бір деңгейлес тұрған деуге болады. Әрбір отбасының тұрғылықты үй-жайы, қора-қопсысы болды. Әрбір үйде бір айғыр-үйір 20-25 бас жылқы болды деп есептесек 200-300 отбасында барлығы 5-6 мың жылқы болғанға ұқсайды. Жылқы сүйектерінің ерепайсыз көп болғандығына қарағанда, әр үйде кемінде 2-3 үйір жылқы ұстаған сияқты, оған тұрғындардың үнемі жабайы жылқыларды аулап қолға үйретіп, бие саууын қоссақ жылқы шаруашылығы кең көлемде дамыды деп айта аламыз. Бір қос жылқы 200-300 бас деп есептесек 20-25 қос (5-6 мың бас) жылқыны радиусы 150-200 км жерде айналдыра қысы-жазы отарлап баққан болуы керек. «Жылқы аяқты мал»- дейді қазақ, жылқы саны неғұрлым көп болса солғұрлым алыс жайылымда игерген. Ал ботайлықтар жайылымнан таршылық көрмеген, ең бастысы баққандары бірақ түлік болды. Сондықтан жылқыны отарлап бағу кезеңде 500-600 км дейін баруы әбден мүмкін.
Қазіргі таңда ғылымда Ботай әзірше өз-өзінен еш талассыз жылқыны қолға үйреткен «жерұйық мекен» ретінде даралана танылып тұр. Бұл жаңа дәйектердің өзі де жылқыны тұңғыш бас білдірушілер индоеуропалықтар дейтін таптаурын пікірлердің қате екенін көрсетеді. Сөйтіп Ботай мәдениетінде жылқыны қолға үйрету процессі толық аяқталып жылқымен мал бағу дәуірінің алғышарттары толық жасалып бітеді. Б.з.д. ІІІ-ІІ мың жылдықтардың арасын қамтыған Еуразия атты малшыларының қалыптасу процессі, яғни бақташылдық номадизм (пастушеский номадизм) кезеңі басталады. 1 мың жылға созылған бұл кезеңде бес түлік малдың арқасында Еуразия малшылары Еуразия құлығын түгел игеріп қоймай, «Беринг көпірі» арқылы Америка құрлығына өтеді. Мал басының орасан көбейуі соңғы қола мен ертеректегі темір дәуірлерінің тоғысында еуразияның далалық белдеуінде, іс жүзінде барлық жерде тарих аренасына жаңа әлеуметтік-мәдени стандарттың-көшпенділердің шығуының алғышарты жасалып болған еді. Салт атты жауынгердің пайда болуын осының жүзеге асқаны ретінде есептеуге болады, себебі содан кейін далада атпен мал бағу дәуірі (бақташылдық номадизм) бітеді (б.з.д. ІІІ-ІІ) де, салтаттылар дәуірі басталады. Оны ертеректегі темір дәуірінің көшпелі индоевропалықтары бастап, тарих аренасында сақтар-скифтер, үйсіндер, ғұндар, көне түркілер, оғыздар, қыпшақтар, бірін-бірі ауыстырып, ХІІІ ғасырда моңғолдармен бітеді.
Жылқы бағудың қиында,жауапты кезі қыс және құлындайтын уақыты көктем «Жазда жылқыны сері бағады, қыста ердің ері бағады», «Жылқыны жылқының тұяғынанда қатты адам бағады» - дейді халық мақалы. Сол себепті қазақ қоғамында жылқышының әлеуметтік дәрежесі де жоғары болды. Атақты жылқышылар сұлтанның, байдың оң тізесінен орын алатын. Жылқысын жаудан айырып, жұттан аман алып қалған жылқышыларға байлар қалыңсыз қызын ұзатқаны жайында қазақ арасында әңгімелер көп. Жылқышыға қарағанда қойшы, әсіресе сиыршыларды байлар адам ғұрлы көрмейтін. Тамақтың қалдығын жеп, киімнің ең жұпынысын солар киетін. Жылқышының ішер тамағы киім кешегі, шалма, бұғалық, бос мойын шоқпар, сабаутіс, зырылдауық тәрізді құралдар, айғыр-үйір жасау, қос, отарлап бағу, желі байлау, бие сауымы т.б. жылқы шаруашылығының компоненттері мен ерекшеліктері зерттелген. Жылқы жайылатын шөптердің ішінде тарлау ерекше жұғымды, асыл оны халық «ат құтыртқан»-депте атаған. Жырларда айтылатын «жылқыны мыңнан өсірген, Арқаның тарлау бозы екен», немесе «Аттың кердең өспесі, Алтайдың шалғай нуы екен. Жігіттің кердең өспегі. Бақ дәулеттің буы екен» А. Загряжский «Шу жазығы мен Сырдария көшпенділерінің тұрмысы» деген еңбегінде ботаник маман ретінде бір қазақтың аузынан 31 түрлі жылқы жейтін, 65 түрлі қой, 9 ірі қара, 17 түрлі түйе жейтін шөптердің атын таңдана отырып жазып алады [19, 30 - б.]. Ғасырлар бойы жылқының санын көбейтіп қана қоймай асылдандырып, жаңа тұқымдар алып, әскерді жорық аттарымен, елді ат майымен, соғыммен, мейрамдарды азық-түлікпен қамтамасыз еткен байлардың ролі ерекше. Көшпенділер қоғамында бай тек қана есепсіз байлықтың иесі емес. «Бай» терминінің мәнін дұрыс көрсете білген Л.П. Потапов: «бай» сөзін этнографтар «богатый» деп аударып жүр... бұл қанағаттанарлық балама емес, «бай» әлеуметтік ұғымнан жоғары құдіреттілік мағынада»,-деген [20,236- б.]. Қазақ қоғамының негізгі тірегі ру десек, ру болу үшін елді ұстайтын биі, жерін қорғайтын батыры, елін бағатын байы болу керек. Байдың атқаратын міндетінің өзі елді басқаратын биден, елді,жерді қорғайтын батырдан кем болмаған. Себебі, ол кезде мемлекеттік зейнетақы қоры жоқ, рудың кедей-кепшігін, кемтар-кембағалын бай баққан, бәрі байдың қолына қараған. ХІХ ғ. аяғында қазақ байларының жылқы бағу әдісін орыстың пысық, өсімқор, шаруақор адамдарыда қолданып жылқылы бай атанғандары бар. Табынды жылқы шаруашылығының тиімділігін жете білген жайық орыс-казагі П. Овчинников балаларымен бірлесіп, құлындарын есептемегенде жылқы санын 2500 басқа жеткізген, 6 табынға, 90 айғыр - үйірге бөлген. П. Овчинниковтың жылқы бағудың сырына қаныққаны соншалық, қазақ байларындай әр табынды түске бөліп бақтырған Зайсан - Тарбағатай аймағының орыс көпесі Е.Сорокиннің 12 мың жылқысы болған. Осындай толық емес мәліметтердің өзі халықтың жылқы бағу әдісінің өміршеңдігін және қазақтың жылқы бағу этномәдени үрдісінің басқа халықтарға әсерін көрсетеді. Көптеген статистикалық мәліметтерді архив құжаттарын тексергенде Қазақстанда 4,5 мың жылқы оған Моңғолия мен Қазақстандағы қазақтардың жылқысын қосқанда 7 млн-ға дейін жылқы болған деп айтуға негіз бар. Қазақтың дәстүрлі ежелден көрші елдермен саудасы-төрт түлік мал, оның ішінде жылқымен сауда басты кәсібі еді. Әсіресе көршілеріміз Ресей мен Қытай мемлекеттері қазақтың екі нәрсесіне асық болды, бірі - ұлан-байтақ жеріміз, екіншісі - есепсіз жылқымыз. Қытай ілкіден өзінің жүз мыңдаған әскерін дала жылқысы есебінен қамтамасыз етсе, Ресей ХІХ ғасырда қазақ жерін тұтас басып алып, шекарада айырбас керуен-сарайларын ашып жылқы саудасын қарқындатты. Азды көпті орыс-қытай мәліметтерін саралай отырып ХVІІІ ғасырдың ортасынан бастап 1917 жылға дейін қазақ жерінен 150 жылда 15 млн жылқы әкетілген деп топшылаймыз. «Ер-тұрманның пайда болуы, даму кезеңдері, мүшелері мен жабдықтары» атты үшінші тарауда қазақ ер-тұрмандарының шығу тегі, Еуразия көлеміндегі көшпелі тайпалардың ер жабдықтарын ойлап тауып Қытайға Еуропаға қалай таратқаны археологиялық және жазба деректерді салыстырыла отырып зерттелінді. Қазақтың ер-тоқымын жеке алып қарастыру, өзін ғана сипаттап жазу тар өрісшілдікке, сыңаржақтылыққа алып келер еді. Сондықтан сақ-скифтердің бір айылмен тартылған жұмсақ тоқымы, ғұндардың б.з. І ғасырларындағы ағаш қаңқалы ері, түркілердің ұлы жаңалығы-темір үзеңгілі ер-тоқымы, моңғолдардың Х-ХІІ ғасырлардағы ер-тұрманы, соңында қазақтың ХІХ-ХХ ғасырлардағы ат-анжамдары тарихи кезеңдерге сәйкес даму жолдары, ерекшеліктері, технологиясы көрсетілді. Атты басқару үшін аттың құрал-жабдықтарының, ер-тұрман бөлшектерінің қаншалықты маңызды екенін қазақтың мына мақал-өлеңінен көруге болады. ...Екі тізгін жоқ болса, Ат басын адам бұра алмас. Екі тартпа жоқ болса, Ат үстінде тұра алмас. Екі үзеңгі жоқ болса, Атқа адам міне алмас. Бәрі бірдей сай болса, Шайтан түгіл жын алмас... Зерттеушілер үзеңгінің пайда болу кезеңін VI ғасырда Шығыс Еуропа елдеріне тараған көне түрік мәдениетімен байланыстырады. Ол: «...VI ғасырдың екінші жартысынан бастап Еуропаның кең-байтақ далаларында үзеңгі жиі кездесе бастады. Қытай археологы Лю Хань және басқа да ғалымдар жылқы үзеңгісімен қоса басқа да жабдықтары Қытайға солтүстіктегі көшпелі түріктерден (түрік қағанаты) тараған», - деп жазады [21, 63–65-бб.]. VI–VII ғасырлар аясында көшпелі түркілер әлемінде ер-тоқым қатты, қасы тігінен жасалып, ол негізінен жаугершілікте қолданылатын болған. Осылайша, үзеңгілі қатты ер-тоқым өз дамуында екі кезеңді бастан өткерді. Олар: 1. IV–VI ғасырлардағы қарапайым нұсқалар; 2. VII–VIII ғасырлардағы дамыған және кең тараған нұсқалары: Бұл кезеңдерде көшпелілердің ер-тұрман жабдықтарын жасауды жақсы игергені сонша, осыған сай ат үстіндегі айқас тәсілдері де өзгеріске түсіп дамыды. С.И. Вайнштейн бұл туралы: «...Үзеңгілерді тұңғыш рет кең көлемде Алтай түркілерінің қолданғанына барлық негіз бар.Олар өмірінің көпшілігін ат үстінде өткізген көшпенді жылқышылар ғана емес, сонымен қатар темір қорыту мен өңдеу ісін өте жоғары шеберлікпен атқара білді. Орталық Азияның көшпенділері ортасында оларды «темір балқытушылар», «теміршілер» деген атпен белгілі болғаны тегін емес...» [21, 66-б.]. Үзеңгі ат үстіндегі адамның шаршағанын бірнеше есе азайтты, тепе-теңдігін сақтады, адамның құйрығы, саны, жіліншігі қажалмайтын болды. Үзеңгілі қатты ер-тұрманның жасалуы материалдық мәдениет тарихында өте үлкен жаңалық болды. Салт атты адам енді аз уақыт ішінде алыс қашықтықтарды бағындырды. Көшпенділердің атты әскерінің қуатын күшейтті. Бірінші мың жылдықтардың 2-ші жартысынан бастап Еуразия далаларындағы көшпенділердің «тасқын судай селдеткен» жылдамдығын арттырды. Қазақтың ер-тұрман жабдықтары сақ, ғұн, көне түркі тайпаларының жасап-пайдаланған ер-тоқымдарының тікелей жалғасы. Қазақ халқының XX ғасырдың басына дейін пайдаланып келген ерлерінің ұлгі-нұсқаларының саны 20-дан асады екен. Ұлттық мәдениетіміздің үлкен бір саласы ерлердің жасалу жолдары, технологиясы, ер-тұрмандардың аймақтық ерекшеліктері тіпті қарапайым «ер-тоқым», «ер-тұрман», «төрт-тұрман», «бес тұрман», «ат-анжам» қатарлы сөз тіркестері және ол нені білдіреді, тұрмандардың атаулары мен қолданылуы қатарлы мәселелер кешенді түрле қарастырылған емес. Қазақ ерінің ең көп тараған түрі негізінде бес бөлек етіп, көбіне қайың ағашынан жасалады.
Бес тұрманға жататындарды әр мүшенің маңызы жағынан орналастыратын болсақ: 1. Ер. 2. Жүген. 3. Өмілдірік. 4. Құйысқан. 5. Пыстан болып шығады. Шернияздың Исатай батырды «төрт тұрманы түгел сайлы» деуі батыс қазақтарында пыстан көп қолданылмайды.
Ат жабдықтары тұрман-жасау әдісіне қарай: былғары, өрмелі,түймелі, ызбалы болып бөлінеді. Ер-тұрмандардың Қазақстан мұражайларындағы, Қытай мен Моңғолия қазақтарының ер-тұрман үлгілерін жинастыра отырып жан-жақты жүйелі кесте-классификациясы жасалды. Ер жабдықтарын зерттеудің үлкен маңызы бар. Көне қазақ ерінің үлгілері Қазақстанда кәзір музейлерде болмаса мүлдем аз кездеседі.
Қамшы – ер жабдықтарының ішіндегі ажырамас бөлігі және көнеден келе жатқан құралдардың бірі. Адамзат жылқыны қолға үйретіп мінісімен аттың өзін жүргізу және алдындағы малды айдау үшін қандайда бір құрал қажет болған.