Білім беру ж?йесінде мемлекеттік тілді дамыту ба?ытында сан-салалы ж?мыстар ат?арылуда. Жалпы ?аза?стан Республикасыны? «Тілдер» туралы За?ы ?абылданып, «Тілдерді ?олдану мен дамытуды? мемлекеттік ба?дарламасы туралы» жарлы? жары? к?рді.
Мектеп боса?асын жа?а атта?ан жас жеткіншектерді? тілін дамыту, с?здік ?орын молайтып, ауызекі ж?не жазбаша тілдерін дамытуда ж?мысыны? ма?ызы зор.
Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдай ме?герту-о?ушылар білімін тере?детіп, берілген білімні? ?за? уа?ыт естерінде са?талатынды?ын к?рсетеді.
Ба?дарламаны? к?здеген ма?сатыны? бірі – тілді? рухы. Тілді? рухы деген ?те бір ??дыретті ??ым. Ол бізді? салт-санамыз, д?ст?ріміз, ?лтты? психологиямыз, д?ние танымымыз.
Олай болса, «Тіл дамыту» дегеніміз - о?ушыларды? с?з байлы?ын арттырып, ?р с?зді орынды ?олдануы, ойын ж?йелі т?рде жеткізуі.
Тіл дамыту ж?мыстары о?ушыларды? жалпы ойын дамыту?а ба?ыттал?ан.
О?ушылар тіл за?дылы?тарын ?олдана білуге, ауызекі с?йлеу, ойын жазбаша бере білу біліктерін, каллиграфикалы? да?дыларын тиімді ме?геруге ?йренеді.
Курс мазм?ны бойынша т?л?аны? тілін дамыту- т?рлі ойындар ж?йелі т?рде ?йымдастырылады. Ол т?рбиеленушілерді? білімге деген ынта-ы?ыласын оятып, танымдылы? белсенділігін арттыру?а жол ашады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ж?мыс ба?дарламасы "Тіл дамыту"»
Павлодар облысы Лебяжі ауданы
Лебяжі жалпы орта білім беру мектебі
Жұмыс бағдарламасы
«Тіл дамыту» курсы
3-сынып
Оқыту түрі: күндізгі
Дәріс 34сағат
БАРЛЫҒЫ: 34сағат
Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі
Калиева Гүлжанат Қаратайқызы
Аққу ауылы
Түсінік хат
Білім беру жүйесінде мемлекеттік тілді дамыту бағытында сан-салалы жұмыстар атқарылуда. Жалпы Қазақстан Республикасының «Тілдер» туралы Заңы қабылданып, «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлық жарық көрді.
Мектеп босағасын жаңа аттаған жас жеткіншектердің тілін дамыту, сөздік қорын молайтып, ауызекі және жазбаша тілдерін дамытуда жұмысының маңызы зор.
Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдай меңгерту-оқушылар білімін тереңдетіп, берілген білімнің ұзақ уақыт естерінде сақталатындығын көрсетеді.
Бағдарламаның көздеген мақсатының бірі – тілдің рухы. Тілдің рухы деген өте бір құдыретті ұғым. Ол біздің салт-санамыз, дәстүріміз, ұлттық психологиямыз, дүние танымымыз.
«Тіл дамыту» мәселесі – күрделі әрі ұзақ түрде жүргізілетін процесс.
Олай болса, «Тіл дамыту» дегеніміз - оқушылардың сөз байлығын арттырып, әр сөзді орынды қолдануы, ойын жүйелі түрде жеткізуі.
Тіл дамыту жұмыстары оқушылардың жалпы ойын дамытуға бағытталған.
Оқушылар тіл заңдылықтарын қолдана білуге, ауызекі сөйлеу, ойын жазбаша бере білу біліктерін, каллиграфикалық дағдыларын тиімді меңгеруге үйренеді.
Курс мазмұны бойынша тұлғаның тілін дамыту- түрлі ойындар жүйелі түрде ұйымдастырылады. Ол тәрбиеленушілердің білімге деген ынта-ықыласын оятып, танымдылық белсенділігін арттыруға жол ашады.
Курстың мақсаты:
- оқушының сөздік қорын молайтуға дамыту;
- өз ойларын емін-еркін айта білуге үйрету;
- көркем мәтіндерді мәнерлеп, сазына келтіріп оқуға баулу;
- шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Курстың міндеті:
- ой қабілеттерін шынықтыру;
- сөйлеу өнерін игерту;
- ауызекі және жазбаша тілдерін дамыту.
- өз бетімен іздене білуге үйрету.
- қосымша материалдармен сауатты жұмыс істей білу.
- шығармашылық қасиеттерін дамыту.
Оқушылардың дайындық деңгейіне
қойылатын талаптар.
Оқушылар білуі керек:
-тіл заңдылықтарын қолдануын;
- ауызекі сөйлеуін;
- өз ойын анық айта білу;
- ойын жазбаша бере білуін;
- каллиграфиялық дағдыларын меңгере білуі керек.
Оқушылар игеру керек.
- Өзіне берілген тапсырманы тиянақты орындауды;
- білік пен дағдыларын ойын арқылы ұштастыруын:
- грамматикалық ұғымдарды;
- өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуін.
Міндетті деңгейге қойылатын талаптар:
өз беттерімен мәтіндер, әңгімелер құрастыра білу;
талдау, пікір айта білу;
Шағын мақала, өлең, ертегілерді ойдан шығарту, талдау жасауға икемдеу.
Мүмкіндік деңгейге қойылатын талаптар:
қазақ тілінің сөз байлығын, әр сөздің мағыналық ерекшелігін жете танып, өмірде таңдап, талғап қолдана білу.
Ауызекі сөйлеу барысында, түрлі жазба жұмыстарын орындау барысында сауатты сөйлеп, сауатты жазу машығын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
өздігінен шешім қабылдап, өз шешімінің нәтижесін бағалай алады;
сөздерді мақсатқа, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады;
сөздік қорын өз бетінше толықтырады;
оқу материалдары бойынша (диалог, сұхбат, әңгіме, пікір алмасу) т.б. қажетті дағдыларды меңгереді
3 сыныпқа арналған
«Тіл дамыту» курсы бойынша бағдарлама
1-бөлім. Кіріспе.
«Тіл дамыту» курсы туралы түсініктерін кеңейту.
2-бөлім.
Дидактикалық ойын.
Мақсаты: Оқушылар арқылы байқампаздыққа, ізденімпаздыққа,
продуктивті ойлау қабілеттерін дамыту.
3-бөлім.
Танымдық ойын.
Мақсаты: Оқушыларды ойлай білуге, өз бетімен жұмыс жасауға, тапқырлыққа үйрету.
4-бөлім.
Рөльдік ойын.
Мақсаты: Тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіру.
5-бөлім.
Шығармашылық ойын.
Мақсаты: Берілген тапсырманы ынтамен, зейінін салып, ықыласпен
орындауға үйрету.
6-бөлім.
Алгоритмді ойын.
Мақсаты: Тапқырлыққа дұрыс жауап беруге дағдыландыру.
7-бөлім.
Интеллектуалды ойын.
Мақсаты: Зейінін жинақтап, сабақты көңіл қоя тыңдатып, берілген
білім мен дағдыны меңгерту.
«Тіл дамыту» курсы бойынша
күнтізбелік жоспары.
1-сынып
ІІ-жарты жылдық
Р.с
Сабақтың тақырыбы
Сағ.саны
Мерзімі
1
Кіріспе. Тіл дамыту туралы түсінік
1
2
Ертегі оқиық
1
3
«Шар үрлейік»
1
4
«Баспалдақтан түсу»
1
5
«Буын ұйқасын тап»
1
6
Жаңылтпаш жаттайық
1
7
«Мақалды дұрыс қолдан»
1
8
«Дұрыс тап»
1
9
«Кім тапқыр»
1
10
«Кім тез ойлайды?»
1
11
«Қай сөзді жоғалттым»
1
12
«Мақал-мәтел жаттайық»
1
13
«Жұмбақ шешейік»
1
14
«Мәтінді әрі қарай жалғастыр»
1
15
«Өзің ұйқасын тап»
1
16
«Ойлан, тап!»
1
17
«Жүзден жүйрік»
1
«Тіл дамыту» курсы бойынша
күнтізбелік жоспары.
2-сынып
Р/с
Сабақтың тақырыбы
Сағ.саны
Мерзімі
1
Тіл дамыту туралы түсініктерін кеңейту
1
2
Сурет бойынша әңгіме құрастырайық
1
3
Жұмбақ шешу
1
4
Берекелі күз мезгілі
1
5
Күз мезгілінің құбылыстары
1
6
Күз туралы өлеңдер жаттайық
1
7
Деңгейлік тапсырма
1
8
Менің күзгі демалысым
1
9
Нақыл сөз жаттайық
1
10
Ребус шешу
1
11
Шығармашылық жұмыстар
1
12
Қаһарлы қыс мезгілі
1
13
Қыс мезгілінің құбылыстары
1
14
Сурет бойынша әңгіме
1
15
«Мәтінді әрі қарай жалғастыр»
1
16
«Буын ұйқасын тап» ойыны
1
17
Ертегі оқиық
1
18
Өтірік өлең үйренейік
1
19
«Кім шапшаң» ойыны
1
20
«Қай сөзді жоғалттым»
1
21
«Мақал-мәтел жаттайық»
1
22
Шырайлы көктем мезгілі
1
23
Көктемдегі ауа райы
1
24
Көктем айлары
1
25
Құстарды қарсы алайық
1
26
«Мақал-мәтел жаттайық»
1
27
Сурет салайық
1
28
Жаз мезгілі
1
29
Жаз мезгілінің құбылыстары
1
30
Өтірік өлең құрастырайық
1
31
Әңгіме құрастырайық
1
32
Мәтін құрастырайық
1
33
Шығарма жазайық
1
34
Қорытынды сабақ
1
«Тіл дамыту» курсы бойынша
күнтізбелік жоспары.
3-сынып
Р.с
Тақырыбы
Сағ.
саны
Мерзімі
1
Тіл дамыту туралы түсініктерін кеңейту
1
2
Суретке қарап шағын әңгіме жазу
1
3
«Қажетті сөздерді тап» ойыны
1
4
Нақыл сөздер жаттайық
1
5
«Менің отбасым» тақырыбына әңгіме
1
6
Өтірік өлең құрастырайық
1
7
Шығармашылық жұмыс
1
8
Сөздерден сөйлем құрайық
1
9
Хат жазып үйренейік
1
10
Мақал-мәтел сайысы
1
11
Ертегілер әлеміне саяхат
1
12
Ойын «Кім жылдам?»
1
13
Ребус шешіп үйренейік
1
14
«Туған жер -алтын бесік» тақырыбына өлеңдер
1
15
«Мәтінді әрі қарай жалғастыр»
1
16
«Буын ұйқасын тап» ойыны
1
17
Мәтін құрастырайық
1
18
Шығарма жазайық
1
19
«Қай сөзді жоғалттым»
1
20
«Менің Отаным –Қазақстан» тақырыбына әңгіме
1
21
«Ойлан, тап?» ойыны
1
22
«Баспалдақ» ойыны
1
23
Әңгіме құрастырайық
1
24
Мәтін құрастырайық
1
25
Сурет салайық
1
26
«Менің алтын ұя мектебім» тақырыбына мәтін құрастыру
1
27
Ребус ойлап табайық
1
28
Ертегілер елінде
1
29
Тірек сөздер арқылы мәтін жазайық
1
30
Мақал-мәтеледерді кім көп біледі?
1
31
Мәтін құрастырайық
1
32
Шығарма жазайық
1
33
Шығармашылық жұмыстар
1
34
Қорытынды сабақ
1
Пайдаланған әдебиеттер.
1. Әдебиеттік оқу оқулығы
2. Өтірік өлеңдер. Б. Кірісбаев
3. Жұмбақтар. Қ. Қайым
4. Жаңылтпаштар С. Қапшықпайұлы
5. Бала тілі бал Ж. Нұсқабайұлы
6. Ғажайып ойындар. А. Амангелді
7. Әңгімелер, ертегілер
8. Бастауыш мектеп
9. Газет-журналдар
10. «Шың» № 4 2006 , № 1 2006 , № 4 2003 ж. баспа кітабы.
11. «Жаңылтпаштар» Т. Дәуітұлы, Алматы 2004 ж.
12. «Жыл он екі ай» журналы № 3 , № 4 2000
13. «Ақылдың көзі» Алматы, «Жазушы» 1990ж
14. Қазақ тілі, «Атамұра» А, 2006 ж
15. С. Мәуленов, «Жазушы» А, 1982ж
16. Қ. Мырзалиев «Күміс қоңырау»
«Атамұра», А, 1989ж
17. М. Әлімбаев, «Атамұра», А, 2006ж
18. Е. Өтетілеуов «Жазушы», А, 1972ж
19. Г. Айтмағанбетова, «Сапар»,
«Жазушы», 1975ж
20. Ә. Мұсаханов, «Жазушы», А, 1968ж
21. Ж. Сәтібеков, «Таңсәрі», «Жазушы», А, 1965ж
Оқушыларға грамматикалық ойындар үлгісі
«КІМ ЖҮЙРІК?» ойыны
Көңілді шумақтар
1-БІР
Же1 екен 1қазан:
Ке1 жемді 1қазан
1-ақ сәтте қойды жеп,
Кү1 етті:
«Тойдым»,-деп.
Естіп 1 кез дү1ді,
Жағадағы тү1ді
Паналауға жүгірді.
2-ЕКІ
Баласына ж2ріп,
Ұрсып жатыр К2лік:
-2леніп с2ріп,
Алып қапсың «2лік».
2ншілей «2ңді»
Көрсетпе!-деп ж2ді.
К2рейіп баласы,
2ленбей таласып,
«Жоймасам ба 2мді!»
Деп б2нген с2л
3-ҮШ
3 тентек баласы
3інші кластаың
Доп 3ін таласып,
К3терін сынасты.
Бір допты кішкене
3еуі ап құшаққа,
Барынша к3ене,
Тартысты 3 жаққа...
3 досқа
Үйшікте
Жатқан кеп к3ікте,
Тұмсығын 3кілдеу
Көтеріп, т3кірді.
«Жағдай м3кілдеу»,-
Дегендей, 3 үрді-
Өзінше 3 досты
Басқансып «3кірді».
5-БЕС
«Тебесің,-деп,-қойларды»,
5ті айғырды қораның
Тө5іне лақтырдым.
5 аспап батырмын.
Сен5ең, сұрағын:
5іктегі бөпемнен,
5 жастағы көкемнен.
6-АЛТЫ
6 бала ел с6н баққан
Тепті ұзақ күн 6бақан.
Бөсті бізге 6ш тым:
-Тұрмаушы едім қ6тырап,
Б6қта көп м6дым:
Жауырыным ж6рап,
Көрінбейтін б6рым.
10-ОН
10 бала қоршады
10ыншы вагонды,
Т10 әкеп қарсы алды
Ағайды пог10ды.
Құрметті бұл қ10ақ
Ауылға ж10дағы,
С10арда ол болмақ
Аңшымен с10дағ
АДАСҚАН АТАУЛАР
Қолына алып қаЗықты
Ашқарақ асқа асықты
Жарасқа бәрі күліпті.
Жазда еСік киіп жүріпті
Көпен қатты ысқырды,
КепСерлерді ұшырды.
Балық аулай барғанмын мен,
Шортан ілдім Бармағыммен.
Қол бұлғайды балалар,
Келеді ұшып тырМалар
Атам шАпан байырғы
Қойын кері қайырды
Түні бойы бҰқалар
«Бақ-бақ»-десіп жақ талар
Татты да сорпаны,
Мұз салды ол тағы
ЕЛекті ерттеп алады,
Базарға атам барады.
Інім менің мүскентай
Қолқанатқа жарады-
Қалтасымен кішкентай
Күнде отын жарады
.
Айман апай айналды
Бәрін жиып қасына:
Бір-бір бантик байлады
Бес қАзының шашына.
Ойны қанбас Тілектің,
Күнімен асық атады.
Сыбанып ап білекті,
Бақасын баптап жатады.
КЕРІ ОҚЫП КӨР
«УА!»-десіп отырар
Кейде үлкендер білсендер
«УА!»-дан тағы сөз туар,
Кері оқып көрсеңдер.
«АУ!» болады ол сөзін
Екі әріптен тұрады-
Көріп жүрген күнде өзің
Балықшының құралы.
«СҮТ»-сүйікті тамағың,
Теріс оқып қарағын:
Кейде ұйқыда көретін
«ТҮС» боп шығар жаңағын.
Көп қой ыдыс түрлері,
«КЕСЕ»деген және бар.
Көп жүк артып жүреді,
«ЕСЕК»-күшті жануар.
Оңға қарай оқысаң,
ҚАМЫТ-әбзел бұйымы.
Солға қарай оқысаң,
ТЫМАҚ –қысқы киімін.
Кері оқуға келетін
Тең мағына беретін.
Қызық сөздер тағы бар,
Оны өздерің табыңдар!
ӘРІП ҚЫСҚАРСА
Қызық болар лезде,
Түсіп қалса сөзде әріп.
Мағына да сол кезде
Шыға келер өзгеріп.
Палау,
Алау,
Лау,
Ау,
У.
Ебелектер,
Лектер,
Тер,
Ер.
Қанар,
Анар,
Нар,
Ар.
Жолақ,
Олақ,
Лақ,
Ақ.
Қауыз,
Ауыз,
Уыз,
Ыз.
Барыс,
Арыс,
Ыс.
ҚАЙСЫСЫ ДҰРЫС, ҚАЙСЫСЫ БҰРЫС?
Мынау- қалпақ,
Мынау-қармақ,
Мынау-қаңбақ,
Мынау-қаймақ.
Аттары ғой бұл әлі,
Ал осылар туралы
Былай десем дұрыс па,
Әлде мұным бұрыс па?
Көлге салам қалпақты,
Басқа кием қармақты,
Күнде жеймін қаңбақты,
Жонда қуам қаймақты.
Бұрыс болса, ұрыспа,
Әлде былай дұрыс па?
Жонда қуам қалпақты,
Күнде жеймін қармақты,
Басқа кием қаңбақты,
Көлге салам қаймақты.
Бұрыс болса, ұрыспа,
Әлде былай дұрыс па?
Күнде жеймін қалпақты,
Жонда қуам қармақты.
Көлге салам қаңбақты,
Басқа кием қаймақты.
Бұным-дағы бұрыс па,
Әлде былай дұрыс па?
Басқа кием қалпақты,
Көлге салам қармақты,
Жонда қуам қаңбақты,
Күнде жеймін қаймақты.
ТАСЫМАЛ
«Тасымалды» өттік біз,
Жаздық мысал көп-көп біз.
Деген сөзді: «темір»
Бөлдім былай: т-
емір,
Оған алдым
Мен бір.
Деген сөзді: «түлкімен»
Бөлдім былай:тү-
лкімен .
оған алдым
2 мен.
Деген сөзді: «іргелес»
Бөлдім былай:ірге-
лес .
Бұған алам
Енді 5!
ШАРАДАЛАР
Бас буынмын-батырмын,
Зат есіммен келесі
Талай асқа батырдың.
Біріктіріп екеуін,
Елімде ағып жатырмын.
(Ер-тіс)
Бастайтыным -сан
Неше?
Қостайтыным-бір мүшең.
Енді келер жалғасын
Асқа күнде саласың.
Бәрін қоссаң,
Табасың
Қазақстан қаласын.
(Екі-бас-тұз)
Бір бөлігі-сын есім,
Екіншісі-топырақ.
Біріккенде,
Білесің
Атын үлкен атырап.
(Қызыл-құм)
Басың тәтті дер едім,
Бұйрық райда-ал соңы
Тұтас-
Атын береді
Таныс көлдің,
Тап соны.
(Бал-қаш)
АНАГРАММАЛАР
Жылқышының қолында-
«Ұ» әрпімен,
Ондық саны тобында-
«Ы» әрпімен.
(Құрық-қырық)
«С»-мен айтсаң,
Тағам ішем онымен.
«З»-мен айтсаң,
Қағам жерге оны мен.
(Қасық-қазық)
«Ж»-дан бастасаң,
Жыл мезгілі болады.
«Қ»-дан бастасаң,
Құсқа айнала алады.
(Жаз-қаз)
«Қ»-мен егер бітірсең,
Ыдыс-аяқ ол бірі.
«Н»-мен егер бітірсең,
Балықтың ол бір түрі.
(табақ-табан)
ЖАҢЫЛТПАШТАР
ЖАЛҒЫЗ ЖОЛ ЖАҢЫЛТПАШ
Жаңылтпаштарымнан
Жаңылысыңқырағандарың
жаңылысыңқырамағандарыңды
Жаңылыстырмасаңдарсайшы!
ЖЕТІ ЖОЛ ЖАҢЫЛТПАШ
Бүлдіршіндерді
Күлдіргендер
Бүлдіргендер екен десек,
Бүлдіргендерді
Бүлдіргендер-
Сөйтіп бәрін күлдіргендер
Бүлдіршіндер екен, білсек.
(Е.Өтетілеуов)
Талқы
(Жалғауларын қойып оқы)
Қып-қызыл күнделігі
Көр қыз...Моншақ атты.
Ол жайлы мен де бүгін
Айтамын сонша қатты.
Ойынға үйір неме
Сабақ... оқымайды.
Келмейді үйірмеге,
Кестеде тоқымайды.
Теңеді халық оны
Түз... жел, құйынына.
Сынадық салып оны
Ұландар жиынына.
Сын оған бір... өтті
Садақтың жебесіндей.
Моншағым терлеп кетті
Монша... төбесіндей
«МАҒЫНАСЫН ТАП» ойыны
Н-ЖАТТЫҒУ
Төбе деген жарық,
Түсті одан жарық.
Жауып еді бұршақ,
Сынды содан бұршақ.
Жоғалса да атың,
Жоғалмасын атың.
Ұйқасқан көп сөздің,
Айтшы несін сездің?
ҰЙҚАСЫН ТАП
Мына тұрған арғымақ,
Мінем оған...
Тістемейді, теппейді,
Бос қойсам да...
Мына тұрған тайлағым,
Келмейді оны...
Сирақ, мойын көрік деп,
Жүр жирафқа...
Мына тұрған торайым,
Танауына...
Шалшыққа кеп аунайды,
Нас баладан...
«ЖАЛҒАСЫН ТАП» ойыны
1.Ұяда...
Ұшқанда...
2. Көп...
Терең...
3. Ата көрген...
Ана көрген...
4. Істі...
Икемді...
5. Туған жер...
Туған ел...
6. Жақсы бала...
Жаман бала...
«КІМ БІЛГІР?» ойыны
Тақтадан заттардың, жан-жануарлар суреттері көрсетіледі. Суретке байланысты айтылған мақал-мәтелдерді кім біледі?
(көп айтқан оқушы жеңімпаз болады)
«КІМ ТАПҚЫР?» ойыны
Ішінде антоним сөздері бар мақал-мәтелдерді тауып жазыңдар.
Ашу-...,
Ақыл-...
Ақылдан... жоқ.
Ашудан... жоқ.
... тауып айтады,
... қауып айтады.
Дос...
Дұшпан...
... жарқырап жүреді,
.... қалтырап жүреді.
... дос жанынды сақтайды,
... дос малыңды сақтайды
ӘЗІЛ ЖҰМБАҚ- ОЙЫНЫ
Бірі айтылады да естіледі,
Екіншісі жазылады көрінеді.
Өз құрамында 3 буын, 7 әріп,
Жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан алты есе көп.
Бір ағашта 36 алма,
оны алып жемек болсаң
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтеді,
Қалғандары қақтығып барып өтеді.
БҰЛ ҚАЙ СӨЗДЕР?
А
А
А
Ы
Ы
Ы
Ы
А
А
А
А
А
Т
Т
Т
СӨЗЖҰМБАҚ ОЙЫНЫ
Егер Ж –дан басталса, жыл мезгілі,
Қ-дан басталса, онда ол құс белгілі.
Ол қай сөздер?
К-ден басталсам,
Маған қарап сабақ айтады.
П-дан басталсам,
Маған балалар жүгін артады.
Басы-ашық, аяғы-қысаң,
Екі-ақ дыбыс, есеп қылсаң.
Саған да ол керек болар,
Өзен-көлге жақын тұрсаң.
Қалай қарай оқыса да, бірдей мағына беретін басқы және саңғы дыбыстары бірдей сөздерді кім тауып жаза алады?
Е-е н-н
Қ-қ с-с
К-к а-а
М-м ы-ы
ФОНЕТИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР
Дыбыс емес, таңба
Оқылмайды, жазылады.
Бірақ сөзден табылады
Ол қай әріп еді?
Ойлап көрші, есіңде бар ма?
Бір дыбыстан құралған қандай сөздерді білесіңдер?
Әрі дауысты, әрі дауыссыз, әрі жуан, әрі жіңішке дыбыстар қатарында қолданылатын қай дыбыс? Кім мысалмен дәлелдеп бере алады?
Бес дыбыспен айтылып, алты әріппен жазылатын қай сөз, ол кімнің аты?
Мына сөздерде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыстар бар?