kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жол т?ртібін білейік!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты. Балаларды жолда ж?ру ережесімен таныстыру, еске са?тау?а ?йрету, жол ?ауіпсіздігін, ?з ?мірлерін са?тай білуге т?рбиелеу. Жол белгілерін айыра білу да?дыдарын ?алыптастыру, жол ережісін білуді? ма?ызды екенін т?сіндіру.
К?рнекілік:
Жол ережесі туралы суреттер, сызыл?ан жол, ба?даршам, жол белгілеріні? макеттері.
?тілу барысы:

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

1. ?йымдастыру кезе?і
Шатты? ше?бері
??рметті балалар, біз б?гін жолда ж?ру ережесін ?аншалы?ты білеміз, жол белгілерін айыра аламыз ба, ?з ?мірімізді? ?ауіпсіздігін са?тай аламыз ба осы та?ырыпта ой б?лісеміз.
Ж?ргізуші:
Жал?айтын достастырып бар елменен
Жолдардан т?рады ?ой ?лем деген
Б?гінгі бізге келген ?она?тармен
Ойынымыз басталсын с?лемменен
Т?рбиеші.
Б?гінгі «Жол т?ртібін білейік, аман - есен ж?рейік» атты ойын - сауы?ымыз?а автоинспектор келіп отыр. С?з кезегін берейік.
- С?леметсі?дер ме, балаларІ
Мен сендерге ж?мба? жасырайын
«?ш к?зі бар ?аз - ?атар
Кезек - кезек ашады
?шеуінен бай?асам
?ш т?сті н?р шашады.»
Т?рбиеші
- БІЗДІ? БАЛАЛАР к?ліктер туралы к?п ма?л?мат біледі.
Велосипед, самокат, машинасы бар балалар келеді.
- Ей, неге жолда иіріліп т?рсы?дар, ?а?ып кетсек ?айтсі?дер?
Автоинспектор:
- ?р т?рлі к?ліктері? бол?аны жа?сы екен, біра? жол ережесін сендер де білулері? керек. К?не таныс болайы?. Балалармен танысу.
Зуылбек.
- Мені? атым, Зуылбек. Велосипедпен ?немі зуылдап ж?ремін. Ал мына белгілер к?шеде ?аптап т?р. Мен оларды ?айтем, мен оларсыз - а? зуылдатам.
?ызыл жола?пен к?мкерілген д??гелек белгідегі велосипедті к?реді.
- ?й, мынау ?андай белгі, мынау мені? велосипедім емес пе? Мен ?шін жасал?ан белгі ме?
- Ия, сен ?шін, б?л белгіні? аты -«Велосипед ж?рмейді»
- Ж?рмейді, тап?ан екенсі?дер, мен ж?рмейтін жер жо?, білді?дер ме, мен ?шін к?ше де саяжай да, ары?, аула б?рі ашы?. Сендерше айт?анда, ?алай еді?. Зеленный свет
/Са?тандыру белгі ?ста?ан бала?а келеді/
- М?ны да белгі дейді - ау, к?шеге п?терді? жылу батареясы белгісі не ?шін керек?
- Зуылбек - ау б?л да са?ан керек белгі. Айталы? сен велосипедпен зуылдап келесі? дейік, ?арсы алды?нан осы белгі кездесті, ендеше алды?да темір жол бар деген с?з. ??ты? ба?
- А. аа Б?л белгіні? де ?ажеті бола ?оймас, салдырлап - г?лдірлеп поезд жеткенше ?тіп ?лгерем.
/ Адам с?лбасы салын?ан к?к н?с?ау белгісі жанына келеді/
- Ал, мына белгі не ?шін керек?
- ?ара, б?л адамдар ?теді.
- Велигім т?р?анда м?ны ?айтем? Автоинспектор басын шай?ап.
Балалар, ж олда ж?ру ережесін, белгілерді Зуылбекті ?йретейік. «Са?танса? са?таймын» деген с?з бар.
 

- Мынау ?андай белгі?
Айналасы ?ызыл жола?пен к?мкерілген, ?шб?рыш.
- Ескерту белгісі Н?кеш
?ып - ?ызыл ?шб?рыш
Ескерту белгісі мен болам
«?ауіптен са? бол»- деп с?т - сапар жолда?ам
Аман - сау ж?реді жаяу да к?лік те
Мен берген белгіні Са?та?ы?, ?олдан?ын
*
Тиым салу белгісі - ?ызыл жола?пен к?мкерілген д??гелек
?ызылмен боял?ан, ше?берлі аума?ты С?лу
Тиымшыл белгімін, ?аталмын, салма?ты
Мен т?р?ан жерлерде ?а?ы? жо? ж?руге
?ауіп бар ба?дарла, к?з салып жан - жа??а.
*
Н?с?ау белгісі - к?к т?сті т?ртб?рыш
Баратын жері?ні? ба?ытын, т?ра?ын Мерей
?н - т?нсіз ж?н айтып, жол н?с?ап т?рамын
К?ндіз де т?нде де от болып жанады
К?к т?ске боял?ан т?ртб?рыш шыра?ым.
Зуылбек:
- Балалар сендерге к?п рахмет, мен зуылдайын. Сау болы?дар. Сау болы?ыз, а?а автоинспектор.
- Балалар сендер б?л белгілерді біліп ж?рі?дер. Ал, енді ?ауіпсіздік ережелерін есімізге са?тайы?
1. Жолдан жаяу ж?ргіншілерге арнал?ан жерден ?т
2. Жолдан ?терде алдымен сол?а ал б?лгіш жола?тан кейін о??а ?ара
3. Жолдан ба?даршамны? жасыл т?сі жан?анда ?ана ?т
4. Егер, жаяу ж?ргіншілрге арнал?ан жол болмаса жаяу ж?ргінші жолды? шетімен ?оз?алыс?а ?арсы жолмен ж?руге тиісті.
5. Жолды? машина ж?ретін б?лігінде ойнау?а болмайды.
6. Келе жат?ан машина алдынан жолды кесіп ж?гірме.
7. Машинадан т?скенде артынан айналып ?ту керек.
- Ал, балалар ба?даршамны? ?ш к?зі туралы айтып бері?дерші
- Бір к?зім «кідір» дейді, Мадияр
- Бір к?зім «ж?гір» дейді,
- Бір к?зім «абайла» дейді,
Карап ал ма?ай?а дейді.
Ба?даршам:
?ызыл к?зін аш?анда, Ч. Каусар
Сыны? с?йем баспа ал?а.
Сары к?зін аш?анда, А?бота
?арап ?алма аспан?а.
Жасыл к?зін аш?анда, Айс?лу
Ж?ре бергін жас?анба.
Ал ?азір «Жолдан д?рыс ?т» ойынын ойнайы?. Балалармен бірге жолдан ?теді.
Жарайсы?дар, балалар! Б?рі? де жолдан д?рыс ?тті?дер! Жолда ?немі осы ж?ргіншілерге арнал?ан жол ар?ылы ж?ріп, жол ережесін есте ?ста?дар.
Ендеше біз ойынымызды ?нмен ая?тайы?.
«К?шеде са? бол!»
К?шеде біз са? болайы?, Жібек
?ай?ырмасын ата - ана.
Жолда сен бол лайы?ты,
Балалар атына.
Жолда ж?ру ережесін, Дарын
Білгені? бес сауса?тай.
Сонда ?ана ж?ре аласы?,
Сен ?зі?ді сау са?тап.
Рахмет, жарайсы?дар, балалар! Сендер ?шін ?уаныштымын. К?ше т?ртібін ?арау ?шін ?ызметіме кеттім. Сау болы?дар, балалар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жол т?ртібін білейік!»

"Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік" Орта топтағы шара.
Мақсаты. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру.
Көрнекілік:
Жол ережесі туралы суреттер, сызылған жол, бағдаршам, жол белгілерінің макеттері.
Өтілу барысы:

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Құрметті балалар, біз бүгін жолда жүру ережесін қаншалықты білеміз, жол белгілерін айыра аламыз ба, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба осы тақырыпта ой бөлісеміз.
Жүргізуші:
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтармен
Ойынымыз басталсын сәлемменен
Тәрбиеші.
Бүгінгі «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» атты ойын - сауығымызға автоинспектор келіп отыр. Сөз кезегін берейік.
- Сәлеметсіңдер ме, балаларІ
Мен сендерге жұмбақ жасырайын
«Үш көзі бар қаз - қатар
Кезек - кезек ашады
Үшеуінен байқасам
Үш түсті нұр шашады.»
Тәрбиеші
- БІЗДІҢ БАЛАЛАР көліктер туралы көп мағлұмат біледі.
Велосипед, самокат, машинасы бар балалар келеді.
- Ей, неге жолда иіріліп тұрсыңдар, қағып кетсек қайтсіңдер?
Автоинспектор:
- Әр түрлі көліктерің болғаны жақсы екен, бірақ жол ережесін сендер де білулерің керек. Кәне таныс болайық. Балалармен танысу.
Зуылбек.
- Менің атым, Зуылбек. Велосипедпен үнемі зуылдап жүремін. Ал мына белгілер көшеде қаптап тұр. Мен оларды қайтем, мен оларсыз - ақ зуылдатам.
Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгідегі велосипедті көреді.
- Әй, мынау қандай белгі, мынау менің велосипедім емес пе? Мен үшін жасалған белгі ме?
- Ия, сен үшін, бұл белгінің аты -«Велосипед жүрмейді»
- Жүрмейді, тапқан екенсіңдер, мен жүрмейтін жер жоқ, білдіңдер ме, мен үшін көше де саяжай да, арық, аула бәрі ашық. Сендерше айтқанда, қалай еді?... Зеленный свет
/Сақтандыру белгі ұстаған балаға келеді/
- Мұны да белгі дейді - ау, көшеге пәтердің жылу батареясы белгісі не үшін керек?
- Зуылбек - ау бұл да саған керек белгі. Айталық сен велосипедпен зуылдап келесің дейік, қарсы алдыңнан осы белгі кездесті, ендеше алдыңда темір жол бар деген сөз. Ұқтың ба?
- А.. аа Бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап - гүлдірлеп поезд жеткенше өтіп үлгерем.
/ Адам сұлбасы салынған көк нұсқау белгісі жанына келеді/
- Ал, мына белгі не үшін керек?
- Қара, бұл адамдар өтеді.
- Велигім тұрғанда мұны қайтем? Автоинспектор басын шайқап.
Балалар, ж олда жүру ережесін, белгілерді Зуылбекті үйретейік. «Сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар.


- Мынау қандай белгі?
Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген, үшбұрыш.
- Ескерту белгісі Нүкеш
Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
«Қауіптен сақ бол»- деп сәт - сапар жолдағам
Аман - сау жүреді жаяу да көлік те
Мен берген белгіні Сақтағың, қолданғын
*****
Тиым салу белгісі - Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек
Қызылмен боялған, шеңберлі аумақты Сұлу
Тиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты
Мен тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан - жаққа.
**
Нұсқау белгісі - көк түсті төртбұрыш
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын Мерей
Үн - түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Зуылбек:
- Балалар сендерге көп рахмет, мен зуылдайын. Сау болыңдар. Сау болыңыз, аға автоинспектор.
- Балалар сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін есімізге сақтайық
1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт
2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара
3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.
5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.
7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.
- Ал, балалар бағдаршамның үш көзі туралы айтып беріңдерші
- Бір көзім «кідір» дейді, Мадияр
- Бір көзім «жүгір» дейді,
- Бір көзім «абайла» дейді,
Карап ал маңайға дейді.
Бағдаршам:
Қызыл көзін ашқанда, Ч. Каусар
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда, Ақбота
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда, Айсұлу
Жүре бергін жасқанба.
Ал қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. Балалармен бірге жолдан өтеді.
Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар.
Ендеше біз ойынымызды әнмен аяқтайық.
«Көшеде сақ бол!»
Көшеде біз сақ болайық, Жібек
Қайғырмасын ата - ана.
Жолда сен бол лайықты,
Балалар атына.
Жолда жүру ережесін, Дарын
Білгенің бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.
Рахмет, жарайсыңдар, балалар! Сендер үшін қуаныштымын. Көше тәртібін қарау үшін қызметіме кеттім. Сау болыңдар, балалар.















































































Сабақтың  тақырыбы: «Жол тәртібін сақтайық»

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
              2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.
 3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

·         Көрнекілігі: Жол ережесіне арналған суретттер. қатырма қағаздан  бағдаршам макеті, жас автоинспектордың жол тәртібіне арналып жазылған ұрандар «Жол тәртібін жадыңда ұста!» «Бәріміз бағдаршамға бағынайық». «Көшеде сақ бол!»-деген сөздер

Сабақтың барысы.1. Кріспе әңгіме.

Бүкіл әлемдегі жолдарда, қала көшелерінде жүйткіген автомобильдер, троллейбустер, трамвайлар,  мотоциклдер. Жүргізушілер жол апатына ұшырамау үшін, жол ережелерін бұзбайды. Жол қозғалысын көшеде реттейтін, сенің көшеден өтуіңе көмектесетін сиқырлы үш көзді бағдаршам. Ол машиналарға қызыл көзімен қараса: «Тұр! Жүруге рұқсат жоқ!»-дегені. Саған жасыл көзімен қараса: «Жүруге рұқсат, жол ашық! » -дегені.                                         

Армандарға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Басталсын жолда жүру ертеңгілік.

 

І.Оқушыларды жол белгілерімен таныстыру.

1.     Жаяу жүргіншілерге арналған жол. 

2.      Велосипед жүруге болатын жол

3.      Балалар жүр деген ескертпе

4.     Велосипедпен жүруге болмайды деген ескертпе

5.      Жаяу жүргіншілердің  қазғалысына тиым салынады

ІІ. «Жол белгілері» ойынын ойнату. (Мозаика)

ІІІ. Жұмбақтар шешу.

Көзін ашып жұмады.

Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)

Ала таяқ ұстаған,

 Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.(Автоинспекция қызметкері)

 Арқаным тым ұзын.

Ала алмайсың бір үзім. (Жол)

   Сөйлеуді  білмейді

   Бірақ «Тоқта,жүр»-дейді.

                                                                 (Бағдаршам)

ІY. Сергіту сәті:

Балалар, қазір бағдаршам ойынын ойнаймыз.

Қызыл жанса – тыныш тұрамыз.

Сары жанса –оң аяғымызды көтеріп, дайындаламыз.

Жасыл жанса –топ-топ басып жүреміз.

 

Томирис: Жол жүрудің тәртібін

                 Ережесін білеміз.

                Сақтағанда қатерден

                Сау саламат жүреміз.

Ү. Сұрақ- жауап:

-Көшеде өтіп бара  жатқан автобус,  трамвайдың артынан жабысуға, қыста жабысып сырғанауға бола ма?

-Балалар,  жаяу қай жолмен  жүруге болмайды?

-Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуар немесе жол жиегі мен ғана жүр.

 -Көшеде жүру тәртібін не басқарады?

 

-Бағдаршамның- өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу  баршамыздың міндетіміз.

 Бағдаршам жол элементтерінің  ішінде ең ерте пайда бола бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Әрі оның кескіні- келбеті  де, құрылысы да әлденеше рет өзгерді, жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.

 

ҮІ. Бағдаршам көздерін түстерін қарай бояу.

 

ҮІІ.Диас. Бағдаршам: Көрегенмін, қырағымын.

                                  Үш көзім бар, үш сыншым.

                                  Сақтап халық өмірін

                                  Тәртіпті мен орнаттым.

                                 Ортаға үш көмекшім, үш сыншымды шақырамын,

                                 Қайдасыңдар достарым?

 

 Ақбота. Қызыл көз: Мен көзімді ашқанда,

                                      Ешқашанда баспа алға.

                                     Орнында тұр қозғалма,

                                      Ереже бұл «Сен тоқта!»

 

  Аққу. Сары көзі: Мен көзімді ашқанда,

                                 Қарап қалма аспанға.

                                 Жүруге әлі болмайды,

                                Дайындықты сақтайды.

 

Диас. Жасыл көзі: Мен көзімді ашқанда,

                                  Көліктер саған тоқтайды.

                                   Ережені білгендер,

                                  Өтуге еш қорықпайды.

Үш сыншы бірге: Жолды кесіп өтерде,

                                   Сол жағына қарайла.

                                 Жарты ортаға келгенде,

                                 Оң жағына қарайла.

                                  Білгенінді басқаға

                                  Үйрете жүр, жарай ма?

ҮІІІ. Сурет бойынша тапсырма : Мына суреттегі жағдайларда  қалай ойлайсыңдар қай нөмірге телефон соғамыз

«101»- өрт сөндіруші көлігіне;

«102»- полиция көлігіне;

«103» - жедел жәрдем көлігіне.

ІХ. Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

 ХХ. «Көшеде біз сақ болайық» Ойынын ойнату

 «Жас көлік жүргізушісі», «Ең озық көлік жүргізушісі» дипломдарымен марапаттау.

    Міне, қалада, ауылда, бағдаршам тұсынан өткенде, көздеріңе қарап жүруге дағдыланыңдар, сонда бәріміз аман боламыз.   

 















Тақырыбы: Абайлаңдар, балалар!

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті киім киген оқушылар – «Қызылдар», сары түстілер- «Сарылар», жасыл түстілер – «Жасылдар».

Жүру барысы

Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Абайлаңдар, балалар!» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер.

Оқушы: Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген,

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Кешіміз басталсын сәлемменен!

Мұғалім: Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар», жасыл түсті белгісі бар топ «Жасылдар» және сары түстілер – «Сарылар» тобы.Әр топ өздерін таныстырады:

«Қызылдар» тобы:Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға.

«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін, жасқанба!

Жүргізуші: Қызыл жанды, тоқтағын,

Көрдің жұрттың тосқанын.

Сары жанды – дайындал

Айналаңа қарап ал.

Жасыл жанды – тыңдағын

Жолың ашық, тұрмағын.

Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы – Бағдаршамды ортаға шақырамыз. Ортаға Бағдаршам болып киінген оқушы шығады.

Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім. Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге бол.

Бағдаршам: Мен сендерге қояр сұрағым бар. Сендерді тексерейін. Жауабын кім айтар екен?

Көше ортасын айналдырып футбол тебер алаңға,

Көрдіңдер ғой ұмытқаны ережені, далаңдап.

Ал, кәнеки, үйренейік бәріміз де жүру тәртібін.

Ережені жақсы білер, жатқа білер кім мұны,

Кім айтады жол белгісі неше топтан тұрады?

Оқушылар жауап береді.


Бағдаршам: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын мұдіріп, ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Жүргізуші: Жарайсың, Бағдаршам! Ал енді сұрақ қойып топ мүшелерін тексеріп көрейік.

Викториналық сұрақтар:

1. Қоғамдық транспорттан шыққаннан кейін көшеден қалай өту керек?

2. Жол таңбасы қандай екі түрге бөлінеді?

3. Жаяулар өтпесі қалай белгіленеді?

4. Бағдаршамдв сигналдар қалай орналасқан?

5. Жол белгілері қандай топқа бөлінеді?

6. Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады?

7. Оқушылардың велосипедпен көшеде және жолда қай жастан жүруіне рұқсат етіледі?

8. Велосипедпен жолға шығарда нені тексеру қажет?

9. Көшеден, жолдан қай жерде өтуге болады?

10. Габариттік оттар қай кезде жанады? (фарлар)

11. Жүргізушілер сыртқы жарық приборларын не үшін қосады?

12. «Тротуар» деген сөз нені білдіреді?


Дұрыс жауап берген топқа өздеріне сәйкес келетін түстен жетондар беріледі.

Жүргізуші: Жарайсыңдар. Жол ережесіне қатысты сұрақтарға ең көп жауап айтқан …. топ мүшелері. Құттықтаймыз! Ал енді ір топтың үй тапсырмасын тексерейік. Бағдаршам туралы деректер дайындау керек болатын, ендеше, тыңдалық.

«Қызылдар» тобы: Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі-түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өнінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады.


«Сарылар » тобы: Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.


«Жасылдар» тобы: Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Үй тапсырмасына өте жақсы дайындалып келіпсіңдер. Ал енді кезекті жол белгілеріне береміз. Әр топ өзінің түсіне қарай белгілерді таңдап, сол белгілер туралы айтып шығады.

Тақтада қызыл түспен «Ескерту белгілері», жасыл түспен «Тыйым салу белгілері» және сары түспен «Міндеттеу белгісі» деп жазылған сөздер ілінеді.

1-топ: Ескерту белгілері . Қолына айналасы қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті тең қабырғалы үшбұрыш ұстаған топ басшысы:

Қып-қызыл үшбұрыш,

Ескерту белгісі мен болам.

Қауіптен сақ бол деп,

Сәт сапар жолдаған.

Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те,

Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.

Үшбұрышты қызыл бояу – мен көрінсем абайла! Жол бойында қауіпті түс алдан шығар дегенді айтар ескерту белгісі.

Қалған топ мүшелері басқа ескерту белгілерін көрсетіп таныстырады.


2-топ: Тыйым салу белгісі. Қолына қызыл жолақпен көмкерілген сары түске боялған дөңгелек қалқаны бар топ басшысы:

Қызылмен боялған, шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты.

Дөп-дөңгелек қызыл шеңбер, мен көрінсем «Тоқта қане» деп жар салар тыйым салу белгісі. Топ мүшелері тыйым салу белгілері туралы айтады, таныстырады.


3-топ: Міндеттеу белгісі. Қолында көк түсті дөңгелек қалқаны бар топ басшысы:

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын айшықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол, тартуымды міндетті орында!

Қалған топ мүшелері басқа белгілерді таныстырады.

Мұғалім: Рахмет, балалар. Сендер бүгін көп мәлімет бердіңдер. Алдағы уақытта осы жол ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп жүріңдер.

Бағдаршам: Мен сендерге ризамын. Бүгінгі жол ережесіне арналған шараға өте жақсы үлкен жауапкершілікпен дайындалғандарың көрініп тұр. Рахмет сендерге. Барлық белгілермен мына отырған балаларды таныстырып шықтыңдар. Енді бұл сынып оқушылары көшеде жол ережесін бұзбайды деп ойлаймын. Мен енді сендермен қоштасамын. Әлі талай сендерге қонаққа келіп тұрамын.Сау болыңдар, балалар!

Мұғалім: Сау бол, Бағдаршам. Ал, балалар, бізге де қоштасатын уақыт келді. Әр топ басшылары қорытынды сөздерін айтсын.

Оқушы:

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Оқушы:

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол бәрімізге ортақ тәртіп.

Оқушы:

Жолда жүру әліппесін Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың

Сен өзіңді аман сақтап. Б

арлығы: Жол тәртібін білейік Аман есен жүрейік!

Мұғалім: Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер.Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді. Ал енді «Тоқта!», «Дайындал!» және «Жол ашық!» деген сөздерді байланыстырып әр топ өз жұмысын қорытындыласын.

«Қызылдар» тобы: Тоқта! Сен жолда жүру ережесін білесің бе? Бұл ережені білмесең, өміріңе қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан да үнемі есіңде сақтап жүр, жас дос!

«Сарылар» тобы: Жол ережесін білмейтін кішкене інілерің мен қарындастарыңа ақыл-кеңес беріп, оларға жол ережесін үйретуге дайындал. Бұл сенің міндетің.

«Жасылдар» тобы: Өміріңнің қай кезеңінде де жолдарың ашық болсын!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Жол т?ртібін білейік!

Автор: Жалгасова Нурсулу Мураткалиевна

Дата: 16.05.2016

Номер свидетельства: 327021

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "?дептілік  - т?рбие бастауы "
    ["seo_title"] => string(25) "dieptilik-t-rbiie-bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "141055"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1418052516"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства