Просмотр содержимого документа
««Жол атасы ба?даршам» »
«Жол атасы бағдаршам»
Мақсаты:Балаларға жолда жүру ережелерімен, бағдаршам туралы білу дағдысын қалыптастыру, іс жүзінде қолдануға қызығушылығын тудыру, қоршаған ортаға бейімделуін дамытып,зейіндерін арттыру.
Сабақтың барысы:
Жарқын, жарқын үніміз
Болашақтың күніміз
Балалық шақ үйінің
Жайнап тұрған гүліміз.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар.
Ұйымдастыру.Балалар жарты шеңбер болып тұрады.
Тәрбиеші:Балалар, бүгін біз «Жол атасы бағдаршам» тақырыбында ашық тәрбие сабағын өтеміз.(осы кезде есік ашылып пошташы хат әкеледі)
Тәрбиеші:Хатты ашып оқиды. «Жол белгілері елінің тұрғындарымыз. Біздің жол белгілерін мыстан кемпір сиқырлап тастады. Енді біздің елімізде жол апаттары болып жатыр. Бізге көмектесіңдер! Сәлеммен жол белгілері елінің тұрғындары»
Тәрбиеші: Балалар, біз қандай көлік түріне мінеміз?
Балалар: Автобусқа, себебі біз көппіз.
Тәрбиеші:Қәне онда жолда жүру ережелерін есімізге түсіріп көрейік?
Автобусқа қай есігінен мінеміз?
Автобуста үлкен адамдар болса не істейміз?
Автобуста өзін қалай ұстау керек?
(Автобусқа отырады. Екі үлкен адам келеді, балалар орын береді)музыка ойналады.
Автобустан келген кезде алдынан бір бала жылап шығады.
Бала:Мен жол белгісімен менің достарымды сиқырлап тастады. Мына жұмбақты шешсең менің сиқырым кетеді.
Сұңқар.
Машинаға «тоқта» деген белгі береді. Жол үстінде ақ қарамен сызылған жолақтар «өтіңдер» деп белге береді.
Балалар: Жаяулар өтпесі.
Балақай қалған достарыңа барайық, оларға көмектесейік!
(үйдің артынан бала шығады)
2.Берекет.
Бір ғажабы бұл жерде.
Бір нәрсені ел күтеді
Отырады біреуі
Тік тұрады біреуі
Неғылған жер бұл өзі Айтыңдар кім біледі?.
Балалар: Аялдама.
3.Әйгерім.
Жол астында бір ін бар
Не екенін кім табар.
Неге онымен адамдар
Ары бері ағылар
Балалар: Жол асты жаяу өтпесі
4.Алия:
Үлкендер де, кішілер де
Жол белгісіне қарады.
Мысықтар да, күшіктер де
Батыл жүріп барады.
Бірақ бұл жер, жиек жол емес
Құпиясын кім табады?
Балалар: Жаяулар өтпесі.
4.Армат
Жолдағы жол белгісі
Темір жолдың белгісі
Белгіде бір жұмбақ бар
Өткелденде қауіпті
Бұл не нәрсе? Тауып көр.
Балалар: Шлагбауымсыз темір жол.
6.Дамир.
Іші ауырады баланың
Сірә үйіне жете алмас
Қандай белгі таба аласың
Мұндай кезде қиналмас.
Балалар: Емхана.
Жол белгсінің балалары:Рахмет, балалар сиқырымды шештіңдер.
(осы кезде Алдар көсе мен Шығайбай келеді. Амандасады)
Шығайбай:Әй Алдар көсе мынау неғып жатқан домалақ қоңыздар.
Алдар көсе:Әй байеке бұлар қоңыз емес, дамыған замандағы жарысқан машиналар ғой, әй байқаңыз таптап кетіп жүрмесін.
Шығайбай.Енді не істедік, қалқиып тұрғанда біреуі басып кетіп жүрмесін.
Алдар көсе:Жоқ сен қорықпа бұл жерден өту үшін бағдаршамның көзіне қарауымыз керек.
Шығайбай:Бағдаршам деген не? Өзі қайда тұр?
Тәрбиеші:Шығайбай қазір бәрін балалар айтып береді.
Ғани: Алма кезек үш көзін
Айтты деп ұқ сөзін
Тоқта.Сақтан. Жол ашық
Жүрме жолға таласып
Нұрай: Қызыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқан ба
Жансая: Сары көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Нұржан: Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба.
Шығайбай:
Түсіндім, түсіндім
Жасыл жанғанда өтеміз
Қызыл жанғанда тоқтаймын
Сары жанғанда сабыр сақтап тұрамын.
Алдар көсе мен Шығайбай бағдаршам көзіне қарап өтеді.
Ойын. «Бағдаршам»
Шарты:Жасыл жанғанда жолдан өтеді
Сары жанғанда қолын шапалақтайды
Қызыл жанғанда орындарында тұрады.
Тәрбиеші:Балалар жолда бағдаршамнан бөлек көліктердің жүрісін реттеп тұратын бір адам бар.
Милиционер: Мен көшеге сақшымын
Болсын жұртқа жақсы күн
Жолы болар әрқашан
Тәрбиесі жақсының
Ойын: «Жол тәртібі»
Екі-үш бала шығарып милиционер белгі берген кезде өту керек, бірақ балалар жол тәртібін бұзады.
Милиционер: Жол тәртібі бұзылды. Алдымен оңға, сонан соң солға қарап көлік болмаған кезде өтеміз.
Ойын: «Дыбысынан таны»
Шарты: Қандай машинаның дыбысы екенін тану.
Тәрбиеші:Рахмет милиционер біздің балалар сіздің айтқандарыңызды есінде сақтап жүреді.
Ойын: «Жол жинау»
Шарты: Қиылған жолақтарды бір-біріне құрастыру.
Қортынды.
Тәрбиеші:Балалар, біз бүгін қандай игі істер істедік. Жол белгілерін сиқырдан құтқардық, Шығайбайға бағдаршамды таныстырдық, сендер бүгін өте жақсы қатыстыңдар.